Мемлекеттік қызметшiлердiң мүлкiн сенiмдi басқаруға берудiң тәртібі
туралы ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 99 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 25 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 23 тамыздағы № 72 өкімін орындау үшiн Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік қызметшiлердiң мүлкiн сенiмдi басқаруға берудiң тәртібі туралы ереже бекітілсiн.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бiр ай өткен соң күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 20 қаңтардағы
№ 99 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімді басқаруға
берудің тәртібі туралы
Ереже
Осы Ереже мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу және болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне , «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде пайдаланылған ұғымдар:
1) Сенімді басқару - сенімді басқарушының сенімді басқаруға арналған шартпен белгіленген өкілеттіктің шегінде мемлекеттік қызметшінің мүддесінде немесе ол көрсеткен басқа тұлғалардың (пайда табушының) мүддесінде жүзеге асыратын, оның иелігіне, пайдалануына және билік етуіне берілген мемлекеттік қызметшінің мүлкін өз атынан басқару жөніндегі қызметі;
2) сенімді басқару объектілері - осы тұлғаларға заңды түрде тиесілі ақшадан, сондай-ақ мүліктік жалға берілген өзге де мүліктен басқа пайдалану кірістер алуға әкелетін, мемлекеттік қызметшіге меншік құқығымен тиесілі коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы акциялары, қатысу үлестері, сондай-ақ өзге де мүлкі;
3) сенімді басқарушы - тиісті шарттың негізінде мемлекеттік қызметшінің мүлкін сенімді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшінің таңдауы бойынша кез-келген адам.
2. Мемлекеттік қызметшi заңдардың талаптарын ескере отырып, өз қалауы бойынша сенiмдi басқарушыға берiлетiн құқықтық күштiң көлемiн айқындайды.
3. Мемлекеттік қызметшiнiң сенiмдi басқаруға берiлген мүлiктен кiрiс алуға құқығы бар.
2. Мемлекеттік қызметшiнiң мүлкiн сенiмдi
басқаруға берудiң негiздемесi мен тәртібі
4. Мемлекеттік қызметшiнiң мүлкiн сенiмдi басқару:
1) мәмiлелердiң;
2) әкiмшiлiк актiнiң негiзiнде пайда болады (құрылады).
5. Мемлекеттік қызметшi қызметке кiрiскеннен кейiн бiр айдың iшiнде мемлекеттік қызметтi атқару уақытына осы Ереженiң 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген мүлiктi сенiмдi басқаруға беруге мiндеттi.
6. Мемлекеттік қызметшi сенiмдi басқаруға арналған шарттың нотариалдық расталған көшiрмесiн жұмыс iстейтiн жерi бойынша мемлекеттік органның кадр қызметiне беруге мiндеттi.
7. Тараптардың бiреуi сенiмдi басқаруға арналған шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, мемлекеттік қызметшi ол туралы жұмыс орны бойынша кадр қызметiне хабарлауға мiндеттi, ал сенiмдi басқаруға беруге жататын мүлiк шарт бұзылғаннан кейiн бiр ай мерзiмде осы Ережемен белгiленген тәртiппен қайтадан сенiмдi басқаруға берiлуi керек.
8. Сенiмдi басқаруға арналған шарт мерзiмiнiң аяқталуы, оның қолданылуының тоқтатылуы немесе қайта жасасу туралы одан кейiнгi кез-келген ақпарат жұмыс орны бойынша мемлекеттік органның кадр қызметiне ұсынылады.
3. Мүлкiн сенiмдi басқаруға беретiн мемлекеттік қызметшi құқықтарының кепiлдiктерi
ҚР Үкіметінің 2000.27.06. № 958 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді
9. Мемлекеттік қызметшiнiң мүлкiн сенiмдi басқаруға беруiне қатысты мәлiмет жариялауға жатпайды және мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратын құрайды.
10. Осы мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайда болады.
4. Қорытынды ережелер
11. Мемлекеттік қызметшiнiң мүлкiн сенiмдi басқаруға арналған шарттың көшiрмесi оның жеке басының iсiнде сақталады.
12. Мемлекеттік қызметшiнiң жұмыс iстейтiн жерi бойынша мемлекеттік органның кадр қызметi ұсынылған құжаттардың сақталуы мен алынған ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз етедi. Мұндай тұрғыдағы ақпаратқа кiруге мемлекеттік органның басшысы мен оның орынбасарларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртiппен құқық қорғау органдарына рұқсат етiледi.
13. Мүлiктiң сенiмдi басқаруға берiлгенi туралы ақпарат ұсынбау немесе жалған ақпарат ұсыну тәртiптiк жаза қолдану үшiн негiздеме болып табылуы мүмкiн.