ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 716 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.14.05. № 610 Қаулысымен ереже алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.14.05. № 610 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 наурыздағы
№ 270 қаулысымен
бекітілген
Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары өтініш берушіде:
1) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың иерархиясы белгіленген құрылымның графикалық схема немесе мәтіндік сипаттама түріндегі өтініш берушінің ұйымдық құрылымының;
2) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындау үшін өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндірістік ғимараттардың, инженерлік құрылыстардың, машиналардың, механизмдердің, жабдықтардың);
3) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - өтініш беруші бекіткен жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың дәйекті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайын айқындайтын мәлімделген жұмысты орындаудың технологиялық регламентінің;
4) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - персоналдың сәулелену дозасын өлшеу және есепке алу жүйесінің (үй-жайлардың, аспаптар мен құралдардың, өлшеу әдістемесінің, жауапты адамдардың) немесе персоналға жеке дозиметрлік бақылау жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен шарттың;
5) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес ядролық қауіпсіздікті және өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету қызметінің (қызмет туралы бұйрық пен ереженің, нұсқаулықтардың, кестелердің);
6) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - өтініш беруші бекіткен ядролық, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың, ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен техникалық регламенттердің және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы талаптарына сәйкес ықтимал авариялардың алдын алу және оларды жою жөніндегі нұсқаулықтар мен жоспарлардың;
7) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - ядролық материалдарды және иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау (өтініш беруші бекіткен нұсқаулықтар, түгендеу актілері, есепке алу, беру және сақтау журналдары) жүйесінің;
8) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - тиісті білімі мен мәлімделген жұмыс бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар және ядролық әрі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес (өтініш берушінің бұйрығымен) мәлімделген жұмысты жүзеге асыруға жіберілген техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;
9) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;
10) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - өтініш беруші бекіткен техникалық регламенттердің және ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкес радиациялық қауіпті жұмыстарға жіберілген персоналдың жеке қорғану құралдарының;
11) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес өтініш беруші бекіткен және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген ядролық материалдарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету жүйесінің қабылдау актісінің;
12) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың;
13) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың;
14) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.