7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. Кіші бағдарлама 100:
1) 1 (біреу) аналитикалық есепнама; 1 (біреу) әдістемелік нұсқау;
2) Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасындағы өтпелі объектілер бойынша мониторингті жүргізу;
3) 1 (біреу) анықтамалық және 4 (төрт) әдістемелік нұсқау; 2008 жылда аяқталатын 1 әдістемелік және 6 нормативтік құжаттарды әзірлейтін жұмыстар басталады;
2. Жер асты сулары мониторингінің сапалы және сандық мәліметтері (көрсеткіштері) (101 кіші бағдарлама):
1) мемлекеттік сетьтің 5000 бақылау пункттарында жер асты суларына мониторинг жүргізу; (ЖСММ);
2) 13 поста жер сілкіну болуын зерттеу жөнінде;
3) 4 полигонда жер асты суларының техногендік ластануы (Елек, Қошқарата, Мырғалымсай-Түркістан және Семей);
4) жер асты суларының техногенді ластану мониторингына Рудный-Қостанай полигонын құруды аяқтау;
5) мемлекеттік су кадастрын (жер асты сулары) жүргізу.
3. Қауіпті геологиялық процестер мониторингінің сапалы және сандық мәліметтері (көрсеткіштері):
1) 42 поста қауіпті геологиялық процестер мониторингі;
2) 2 полигонда (Қаскелең-Талғар және Ертіс);
4. Қауіпті геологиялық процестерге және жер асты суларына мониторинг жүргізуді жолдау (9 объект).
Түпкі нәтиже:
1. Минералдық шикізаттардың қорын табу және өсіру жолымен мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; жер қойнауын пайдаланушыларды кен орындардың қоры жіктемелерін реттейтін жаңа нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамсыз ету.
2. 2008 жылдың 01.01. зерттеу жағдайы бойынша Қазақстан Республикасында тұтынушыларды қауіпті геологиялық процесс және жер асты суларының жағдайы туралы өз уақытында және толық ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
Бір объектісіндегі жұмыс жүргізу орта шығындары (кіші бағдарлама 100) - 5360,9 мың теңге;
Бір объект бойынша жұмыс жүргізудегі орташа шығын (101 кіші бағдарлама):
1) Жер асты суларына мониторинг:
- 1 бақылау пунктында жер асты суларына мониторинг жүргізу - 62000 теңге;
- 1 пунктта жер сілкіну болуын зерттеу бойынша бақылау жүргізу - 3000 теңге;
- 1 полигонда жер асты суларының техногенді ластануына бақылау жүргізу - 8333 теңге;
- жер асты суларының техногенді ластануына Рудный-Қостанай полигонын құра - 30000 теңге;
- мемлекеттік су кадастрын жүргізу (жер асты сулары) - 20000 мың теңге;
2) Қауіпті геологиялық процесс мониторингі:
- пост құру және 1 поста қауіпті геологиялық процеске мониторинг жүргізу - 1250 теңге;
- 1 полигонда қауіпті геологиялық процеске бақылау жүргізу - 19450 теңге;
3) Қауіпті геологиялық процестерге және жер асты суларына мониторинг жүргізуді жолдау: 1 объект - 7130,2 мың теңге.
Уақтылығы:
1. Тиімділікті пайдалану және ұдайы өндіру, бірінші кезектегі объектілерді ұсыну бойынша дәлелдік шешім алу үшін жер қойнауын пайдалану саласына инвестиция өсіру үшін пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің минералдық-шикізат базасының жай-күйі туралы ҚР мемлекеттік басқару органдарын нормативтік-құқықтық, картографиялық және анықтамалық-аналитикалық ақпараттармен тікелей қамтамасыз ету.
2. Жер асты суларының ластануы мен қорлардың жоюлы, қауіпті геологиялық процестердің білінуі мен жер асты суларының жағдайы, оларды жоюға басқармалық шешім қабылдау үшін өз уақытында ақпараттар тапсыру.
Сапасы:
1. Мониторинг және жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша жұмыс жүргізудегі және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көмек (геологиялық-барлау жұмыстар, бағаланған пайдалы қазба, картографиялық және анықтамалық-аналитикалық ақпарат) алушыларды қанағаттандыруы сауда қарым-қатынас жағдайда мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.
2. Қауіпті геологиялық процесс және жер асты сулары жағдайы туралы толық және толымды ақпарат негізінде есеп дайындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
303-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ақпараттық жүйені дамыту»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ редакцияда жазылды
1. Құны: 447860 мың теңге (төрт жүз қырық жеті миллион сегіз жүз алпыс мың теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мұнай туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңының 6-бабы; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 8-бабы; Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысы;»Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1444 қаулысы; «Елдің минералдық шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қойнауы туралы деректердің мемлекеттік банкін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік органдардың жедел шешім қабылдауға арналған сандық геологиялық ақпараттарын қалыптастыру; ішіне бастапқы геологиялық-геофизикалық ақпараттар енгізу, жер қойнауы туралы ақпараттық материалдардың бүтіндігін, жинақталу мүмкіншілігін, стандарттау және рұқсатпен енуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Ақпараттық жүйені дамыту | | | |
2 | | 100 | Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы | 1. Жер қойнауы туралы деректер Банкі шеңберінде геологиялық- геофизикалық материалдардың электрондық архивін ұйымдастыру (II-кезең): 1) республикалық және аумақтық деңгейдегі электронды архивті дамыту. Бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу және біріктіру; 2) Қазақстан Республикасы картографиялық ақпаратының банкін дамыту. 2. Жер қойнауы туралы деректердің аумақтық компьютерлік банктерін ұйымдастыру (І-кезең): 1) аумақтық деңгейдегі деректер банкі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу; 2) аумақтық басқармаларда жер қойнауы туралы деректер банкін ұйымдастыру. 3. «Электрондық үкімет» порталы үшін деректер даярлаудың компьютерлік жүйесін жасау: 1) ақпараттық ресур- старды біріктіру үшін бағдарламалық қамсыз- дандыруды өңдеу; 2) Жер қойнауын пай- далану және зерделеу- дің мемлекеттік ор- ганына Web-портал өңдеу. 4. Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің ситуациялық орталығын құру: 1) ситуациялық орталықтың бағдарламалық және функционалдық бөлігін өңдеу ситуациялық орталықтың техникалық инфрақұрылымын қалыптастыру. 5. Жер қойнауы туралы деректер банкінің негізінде геологиялық мәселелерді шешу жүйесін құру: 1) Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы ақпараттардың Мемлекеттік банкінің негізінде жер қойнауын геологиялық зерделеу мәселелерін шешудің компьютерлік технологияларын өңдеу. 6. Деректер банкін сандық геологиялық ақпаратпен толықтыру. 7. Компьютерлік техниканы және бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Геологиялық-геофизикалық материалдардың электрондық архивін құру; аумақтық компьютерлік орталықтарын құру; «Электрондық үкімет» порталы үшін деректер даярлаудың компьютерлік жүйесін жасау; Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің ситуациялық орталығын құру; жер қойнауы туралы деректер банкінің негізінде геологиялық мәселелерді шешу жүйесін құру; деректер банкін сандық геологиялық ақпаратпен толықтыру.
Түпкі нәтиже: 3000 өңдеуге мүмкіндіктері бар геологиялық есептер мәтіндері; ОДБ-на қосылған 2 аумақтық басқарма.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: геологиялық ақпаратты іздеу шығындарды 20%-ға қысқарту; минералдық-шикізаттық кешеннің инвестициялық тартымдылығын бүтіндей жоғарылату.
Уақыттылығы: жұмыстардың күнтізбелік жоспарға сәйкестілігі.
Сапасы: жасалып жатқан бағдарламалар халықаралық стандарттарға сай, осы заманғы технология мен техникалық база негізінде жасалған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
304-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Өздігінен төгіліп жатқан ұңғымаларды жою және консервациялау»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 692770 мың теңге (алты жүз тоқсан екі миллион жеті жүз жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 48, 56-баптары; «Қазақстан Республикасында қатты пайдалы қазбалар, мұнай, газ, жер асты сулары кен орындарын әзірлеу жер қойнауын қорғаудың бірыңғай ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі № 1019 қаулысы; «Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қойнауын мұнайлық, радионуклидтік және химиялық ластанудың, табиғи су ресурстары ысырабының алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: су басу аймағында мұнай ұңғымаларын жою және тұмшалау, құрамында радионуклидті, жоғары дебитті, төгілетін тұщы сулы өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және тұмшалау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Өздігінен төгіліп жатқан ұңғымаларды жою және консервациялау | 1. Каспий теңізінің су басу аумағында мұнай ұңғымасын жою. 2. Өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғыманы жою және тұмшалау. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республи- касы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1) құрлықта және Каспий теңізінің су басу аймағында 2002-2008 жылдары істелінген жұмыстардан бастап 80 мұнай ұңғымасы, оның ішінде 2008 жылы ұңғыманың жалпы көлемінен 86,9 құрайтын 4 мұнай ұңғымасы жойылды және консервацияланды;
2) 2002-2008 жылдары істелінген жұмыстардан бастап, оның ішінде 2008 жылы ұңғыманың жалпы көлемінен 19,61% құрайтын 433 өздігінен ағатын 73 гидрогеологиялық ұңғыма жойылды және консервацияланды.
Түпкі нәтиже: жер қойнауының мұнайлық, радионуклидтік және химиялық ластану қаупін төмендету, сондай-ақ 243 мың т.м/күн көлемінде табиғи су ресурстарының ысырабын азайту, алаңы 2582,8 мың ш.м астам аумақты құрғату.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- теңізде бір ұңғыманы жоюға арналған орташа шығын 80000 мың теңгені құрайды;
- бір гидрогеологиялық ұңғыманы жоюға арналған орташа шығын 5106,4 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: уәкілетті орган бекітетін объектінің жоспарына сәйкес жұмыс жүргізу.
Сапасы: жұмыстар жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалды және құрамында ТЖМ, ҚОҚМ, санэпидқадағалау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері бар мемлекеттік комиссия қабылдады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
305-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Мұнай операцияларын жүргізуге арналған келісім-шарттарда, сондай-ақ көмірсутегін тасымалдау, қайта өңдеу және
өткізу кезінде мемлекет мүддесін білдіру»
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 300000 мың теңге (үш жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мұнай туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңының 6-бабы, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 8-бабы; «Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мұнай операцияларын жүргізуге келісім-шарттарда, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сату кезінде мемлекеттің мүдделерін сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мұнай операцияларына келісім-шарттардың сақталу мониторингін ұйымдастыру және жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұнай операцияларын жүргізуге жасалған келісім-шарттарды қамтамасыз ету, мұнай-газ жобаларын, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сату бойынша жобаларды іске асырумен байланысты мәселелері жөнінде мемлекеттің мүдделерін білдіру, мұнай операцияларын жүргізу саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, мұнай-газ саласындағы өнімдермен қызметтердің, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сатудың қауіпсіздігі.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Мұнай операция- ларын жүргізуге арналған келісім- шарттар- да, сон- дай-ақ көмірсу- тегін тасымал- дау, қайта өңдеу және өт- кізу кезінде мемлекет мүддесін білдіру | 1. Мұнай операцияларына келісім-шарттар талаптарының орындалу мониторингін консультациялық сүйемелдеу. 2. Мұнай операцияларын жүргізуге келісім-шарттардың, соның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің жобаларын дайындау. 3. Мұнай операцияларын жүргізу саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша консультанттарды тарту, мұнай-газ саласындағы өнімдермен қызметтердің сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сатудың қауіпсіздігі. 4. Даулы мәселелерді шешу, мұнай операцияларын жүргізудің шарттарын мердігерлердің орындауы және мұнай-газ жобаларын іске асыру кезіндегі басқа мәселелер жөнінде консультанттарды тарту. | Ақпан- желтоқ-сан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) мұнай операцияларын жүргізуге арналған кем дегенде 70 келісім-шарттардың мониторинг нәтижелері бойынша есептер;
2) мұнай операцияларын жүргізуге арналған келісім-шарттардың, соның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің жобаларын дайындау кезінде, сондай-ақ саны кем дегенде 6 келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде мемлекеттің мүдделерін білдіру бойынша құзыретті органның қажеттілігін қамтамасыз ету;
3) нормативтік құқықтық актілердің жобалары, мұнай операцияларын жүргізу, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды техникалық реттеу, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, өңдеу және сатуды техникалық реттеу, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, өңдеу және сату саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар (5-тен кем емес);
4) мұнай-газ саласының жобаларын, сондай-ақ консультанттарды тарту жолымен көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сату жөніндегі жобаларды іске асыруға байланысты даулы мәселелер бойынша мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: мұнай-газ салаларының өнімдері мен қызметтерінің қауіпсіздігін мұнай операцияларын жүргізу саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жолымен табиғи ресурстарды пайдаланудың ашық саясатын қамтамасыз ету, мұнай операцияларын жүргізуге, сондай-ақ көмірсутектерін тасымалдау, қайта өңдеу және сату келісім-шарттарды іске асыру кезінде мемлекеттің шығындарының алдын-алу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мұнай-газ саласына тікелей инвестициялар тарту.
Уақтылығы: анықталған шарттар мен техникалық тапсырмалар мерзімдеріне сәйкес.
Сапасы: толық көлемде және белгіленген мерзімде қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
306-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қарағандышахтатарату» РМБК-ке берілген, жабылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген зиянды өтеу»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 117990 мың теңге (бір жүз он жеті миллион тоғыз жүз тоқсан мың теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 47-тарауы (Ерекше бөлім).
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жойылған шахталар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген залалдың өтемінде азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жойылған шахталар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген залалдың өтемін өз уақытында төлеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | «Қарағанды шахталарын тарату» РМБК-ке берілген, жабылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген зиянды өтеу | 1. Жойылған шахталар қызметкерлеріне индексацияны ескере отырып, залалдың орнын толтыру жөніндегі ай сайынғы төлемдері. 2. Сомаларды жеткізу және жіберу шығындары. | Ай сайын | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 663 адам санымен «Қарағандышахтатарату» РМБК-ге берілген, жойылған шахталар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген залалды өтеу төлемдері.
Уақтылығы: ай сайын 25-дейін уақтылы төлем.
Сапасы: жойылған шахталар қызметкерлерінің денсаулығына келтірілген залалды өтеу төлемі - 100%.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
307-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ақтөбе облысының облыстық бюджетіне Мәртөк ауданында жеткізуші газ
құбырын салуға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 988857 мың теңге (тоғыз жүз сексен сегіз миллион сегіз жүз елу жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 маусымдағы № 669 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданының елді мекендерін арзан отын түрімен - ілеспе газбен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ұзындығы 69,8 км. Ақтөбе-Мәртөк газ құбырын жүргізу құрылысы.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 021 | | Ақтөбе облысының облыстық бюджетіне Мәртөк ауданында жеткізуші газ құбырын салуға берілетін нысаналы даму трансферттері | Ақтөбе-Мәртөк газ құбырын салу құрылысының жобасын іске асыру үшін бекітілген ЖСҚ-ге сәйкес («Мемсарапта- ма» РМК-нің 2006 жылғы 24 маусымдағы № 2-313/06 қорытындысы) Ақтөбе облысының облыстық бюджетін дамытуға арналған мақсатты трансферттерді аудару. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Ақтөбе-Мәртөк газ құбырын жүргізу құрылысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі.
Түпкі нәтиже: Мәртөк ауданының елді мекендерінің арзан отынға (ілеспе газға) қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін газ құбырларын пайдалануға қосу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республика үшін экономикалық тиімділік Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының елді мекендерін отынның арзан түрімен - ілеспе газбен қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Ескерту:
*) Жобалық-сметалық белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілген құжаттамаға сәйкес Ақтөбе-Мәртөк газ құбырын жүргізуші жөніндегі жобалар мен іс-шаралардың тізбесі, сондай-ақ күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламаларға сәйкес паспорттардан көрінеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
308-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылу-энергетика
жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 33601251 мың теңге (отыз үш миллиард алты жүз бір миллион екі жүз елу бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының»«2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы; «Астана қаласының 2006-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 маусымдағы № 669 қаулысы; «Астана қаласының 2006-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысы; «Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған (екінші кезең) бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1007 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұрғын үй аймақтары мен қоғамдық ғимараттарды сенімді жылу және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету, елді мекенді пункттерді газдандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жылу желілерінің жабдықтарын кеңейту және жаңғырту үшін жағдайларды қамтамасыз ету; электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру, газ-көлік инфрақұрылымын дамыту.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06 № 581 (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалала- рының бюджеттеріне жылуэнергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері | Облыстық бюджеттеріне, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мақсатты даму трансферттерін "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкес сомалар шегінде белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілген ЖСҚ тәртібіне сәйкес мынадай инвестициялық жобаларды іске асыруға аудару: 1. Астана қаласының 2-ЖЭО, жылу желілері мен электр желілері объектілерін кеңейту және жаңарту (Мемсараптау" РМК-ның 2005 жылғы 10 қазандағы № 2-705/05; 2003 жылғы 4 шілдедегі № 2-239/2003 ЖСҚ бойынша қорытындысы); Астана қаласының № 7, 8 станцияларының қазандық агрегатта- рын, 5, 6 станцияла- рының құбыр агрегат- тарын және су жылыту қазандығын орнатып 2-ЖЭО кеңейту және қайта құру ("Мемсараптау" РМК-ның 2005 жылғы 23 маусымдағы № 2-364/05 ТЭН бойынша қорытындысы және 2006 жылғы 30 маусымдағы № 2-331/06 ЖСҚ қорытындысы), оның ішінде, материалдар мен жабдықтарға тапсырыс үшін оның құнының елу пайызынан көп емес мөлшерде аванс аудару. 3. Астана қаласында "14 Тұрғын үй аймағы (Жаңа жол)" 110/10 кВ ҚС құрылысы ("Мем- сараптау" РМК-ның 2006 жылғы 29 желтоқ- сандағы № 2-735/06 ЖСҚ қорытындысы); 4. Астана қаласының сол жақ жағалау бөлі- гінде жылу магистра- лінің құрылысы, 3-іске қосу ("Мемса- раптау" РМК-ның 2006 жылғы 6 шілдедегі N 2-338/06 ЖСҚ қорытындысы); 5. Астана қаласының қолданыстағы магист- ральды жылу желілерін қалпына келтіру ("Мемсараптау" РМК-ның 2005 жылғы 12 тамыздағы N 2-536/05 ТЭН бойынша қорытындысы); 6. Астана қаласындағы электржелілерін қалпына келтіру ("Мемсараптау" РМК-ның 2005 жылғы 21 қыркүйектегі N 2-666/05 ТЭН бойынша қорытындысы); 7. Астана қаласындағы ЖЭО-1-ді жаңарту ("Мемсараптау" РМК-ның 2006 жылғы 28 наурыздағы N 2-146/06 ЖСҚ қорытындысы); 8. Астана қаласындағы "ПНФ" 110/35/10 ҚС-ын қайта құру ("Мемсараптау" РМК-ның 2006 жылғы 22 шілдедегі N 2-389/06 ЖСҚ қорытындысы); 9. Астана қаласындағы "Восточная" 110/35/10 ҚС-ын қайта құру ("Мемсараптау" РМК-ның 2006 жылғы 23 маусымдағы N 2-310/06 ЖСҚ қорытындысы); 10. Алматы қаласында- ғы "Орбита" аудандық қазандығын қайта жаңарту және кеңейту ("Мемсараптау" РМК-ның 2005 жылғы 19 маусымдағы N 7-53-2/2005 ЖСҚ қорытындысы); 11. Алматы қаласының жылу желілерін қайта жаңғырту (қорытынды). 12. Алматы қаласының сорғы станциясымен жалғастыратын 2-ЖЭО 1-ЖЭО жылу магистра- льдарын салу (қорытынды). 13. Атырау қаласы мен Атырау облысының электрмен қамтамасыз ету объектілерін жаңарту және құрылысы ("Мемсараптау" РМК-ның 2006 жылғы 6 наурыздағы № 2-113/06 ТЭН бойынша қорытындысы). 14. Атырау облысының елді мекендерін газдандыру, оның ішінде: 1) Атырау қаласында Новокирпично-Заводский шағын ауданы мен Теңдік станциясы (объектіге "Мемсараптама" РМК-ның 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 08-170/2008 қорытындысы)»; 2) «Атырау облысы, Атырау қаласындағы Зарослый ауылы, 2-кезек (объектіге "Мемсараптама" РМК-ның 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 08-148/2008 қорытындысы)»; 3) «Атырау қаласының Оңжақ-Төменгі перетаска шағын ауданы Атырау қаласының Курсая кентінен Тасқала-2 кентіне дейін (объектіге «Мемсараптама» РМК-ның 2008 жылғы 26 тамыздағы № 08-148/2008 қорытындысы) 4) Атырау қаласы Сельстрой (3 кезекті) ықшам ауданы ("Мемсараптау" РМК-ның 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 08-41/2006 ЖСҚ қорытындысы); 5) Атырау облысы Махамбет ауданы Еңбекші ауылы ("Мемсараптау" РМК-ның 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 08-23/2004 объекті бойынша қорытындысы); 6) ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) Атырау облысы Махамбет ауданы Ақжайық ауылы ("Мемсараптау" РМК-ның 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 08-258/2004 объекті бойынша қорытындысы) және объектіге Мемсараптау РМК-ның 2008 жылғы 26 мамырдағы № 08-69/2008 түзетілген қорытындысы); 8) Атырау облысы Махамбет ауданы Есбол ауылы ("Мемсараптау" РМК-ның 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 08-08/2005 объекті бойынша қорытындысы); 9) Атырау облысы Махамбет ауданы Ортақшыл ауылы ("Мемсараптау" РМК-ның 2005 жылғы 13 қаңтардағы N 08-03/2005 объекті бойынша қорытындысы); 10) Атырау облысы Индер ауданы Қызылжар ауылы ("Мемсараптау" РМК-ның 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 08-216/2004 объекті бойынша қорытындысы) және объектіге Мемсараптау РМК-ның 2008 жылғы 14 мамырдағы № 08-59/2008 түзетілген қорытындысы); 11) Атырау облысы Индер ауданы Құрылыс ауылы ("Мемсараптау" РМК-ның 2004 жылғы 6 сәуірдегі № 08-58/2004 ЖСҚ қорытындысы); 12) Атырау облысы Индер ауданы Индерборский кенті (Восток және Болашақ шағын аудандары) (объектіге Мемсараптау» РМК-ның 2008 жылғы 15 қыркүйектегі № 08-171/2008 және 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 08-172/2008 қорытындысы); 13) Атырау облысы Исатай ауданы Забуру- нье ауылы ("Мемса- раптау" РМК-ның 2005 жылғы 13 қаңтардағы № 08-02/2005 ЖСҚ қорытындысы); 14) Атырау облысы Исатай ауданы Жаңа- жанбай ауылы ("Мемса- раптау" РМК-ның 2005 жылғы 26 желтоқсанда- ғы № 08-261/2005 ЖСҚ қорытындысы); 15) Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай ауылы ("Мемсараптау" РМК-ның 2005 жылғы 20 желтоқсандағы N 08-252/2005 ЖСҚ қорытындысы); 16) Атырау облысы Исатай ауданы Нарын ауылы (№ 13 разъезі) ("Мемсараптау" РМК-ның 2005 жылғы 20 желтоқсандағы N 08-253/2005 ЖСҚ қорытындысы); 17) Атырау облысы Исатай ауданы (төмен қысымды газ құбыры жүргізілген Комплекс және Нұрман ауылдары) Чапаев ауылы ("Мемса- раптау" РМК-ның 2006 жылғы 24 мамырдағы N 08-59/2006 ЖСҚ қорытындысы); 18) Атырау облысы Исатай ауданы (төмен қысымды газ құбыры жүргізілген 7-ші ауыл) Исатай ауылы ("Мемсараптау" РМК-ның 2006 жылғы 25 мамырдағы N 08-60/2006 ЖСҚ қорытындысы); 19) Атырау облысы Құрманғазы ауданы Дашино ауылы ("Мемса- раптау" РМК-ның 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 08-09/2005 объекті бойынша қорытындысы); 20) Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафоновка ауылы ("Мемсараптау" РМК-ның 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 08-10/2005 объекті бойынша қорытындысы); 21) Атырау облысы Құрманғазы ауданы Богатое ауылы ("Мем- сараптау" РМК-ның 2005 жылғы 20 қаңтар- дағы № 08-05/2005 объекті бойынша қорытындысы); 22) Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылы ("Мемса- раптау" РМК-ның 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 08-156/2004 және 2004 жылғы 31 мамыр- дағы № 08-83/2004 объекті бойынша қорытындысы); 23) Атырау облысы Құрманғазы ауданы Приморье ауылы ("Мем- сараптау" РМК-ның 2004 жылғы 23 сәуір- дегі № 08-68/2004 және 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 08-154/2004 объекті бойынша қорытындысы); 24) Атырау облысы Құрманғазы ауданы ("Аэропорт" ауданы, Самаркино ауданы, үлкен Красиловка, кіші Красиловка, Строительный ықшам ауданы, үлкен Ганюшкино, кіші Ганюшкино) Ганюшкино ауылы ("Мемсараптау" РМК-ның 2004 жылғы 30 наурыздағы N 08-51/2004, N 08-52/2004 объекті бойынша қорытындысы және 2005 жылғы 29 қарашадағы N 08-212/2005, N 08-213/2005 ЖСҚ қорытындысы); 25) Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау ауылы ("Мемса- раптау" РМК-ның 2006 жылғы 26 мамырдағы N 08-56/2006 ЖСҚ қорытындысы); 26) Атырау облысы Құрманғазы ауданы Жұмекен ауылы ("Мем- сараптау" РМК-ның 2005 жылғы 23 желтоқ- сандағы № 08-256/2005 ЖСҚ қорытындысы); 27) Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қадырқа ауылы ("Мем- сараптау" РМК-ның 2005 жылғы 30 қыр- күйектегі N 08-170/2005 ЖСҚ қорытындысы); 28) Атырау облысы Құрманғазы ауданы Дәулеткерей ауылы ("Мемсараптау" РМК-ның 2005 жылғы 20 желтоқсандағы N 08-251/2005 ЖСҚ қорытындысы); 29) Атырау облысы Құрманғазы ауданы Иманова ауылы ("Мемсараптау" РМК-ның 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 08-255/2005 ЖСҚ қорытындысы); 30. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Алға ауылы ("Мемсараптау" РМК-ның 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 08-254/2005 ЖСҚ қорытындысы). 15. Қызылорда қала- сындағы жылыту көз- дері мен жеке сектор- ды ілеспе газға көшіру (екінші саты) ("Мемсараптау" РМК-ның 2006 жылғы 10 ақпандағы 7-63/06 ТЭН бойынша қорытындысы); 16. Қостанай облысы- ның әкімдігі Қостанай облысы Қамысты ауда- ны Қамысты селосын газбен жабдықтау үшін жобаланатын бұрып апаратын газ құбыры мен АГТС-ті "Бұхара- Орал" магистралды газ құбырының бұрып апаратын газ құбырына қосу ("Мемсараптау" РМК-ның 2006 жылғы 4 ақпандағы № 14-19/06 ТЭН бойынша қорытындысы); 17. Қостанай облысын- дағы ГТС мен ОҮ-нен Перелески-Денисовка магистралды бұрып апаратын газ құбырын салу ("Мемсараптау" РМК-ның 2005 жылға 27 қыркүйектегі N 14-216/05 ТЭН бойынша қорытындысы); 18. Қостанай облысын- дағы Қарабалық ауданының Қарабалық кент (ОАА аумағында) газ құбырының желісін салу ("Мемсараптау" РМК-ның 2005 жылғы 26 мамырдағы N 14-52/03 ЖСҚ қорытындысы); 19. Ақтөбе облысында- ғы Байғанин орталық мекеніне магистралды газ құбырын салу ("Мемсараптау" РМК-ның 2006 жылғы 16 ақпандағы N 2-82/06 ТЭН бойынша қорытындысы); 20. Ақтөбе облысында- ғы«"Новоалексеевка" кент (Қобда) жоғары қысымды жалғастыратын газ құбырын салу ("Мемсараптау" РМК-ның 2006 жылғы 16 ақпандағы N 2-83/06 ТЭН бойынша қорытындысы); 21. Ақтөбе облысында- ғы Алға-Тамды-Павлов- ка-Қайнар жүргізіле- тін газ құбырының құрылысы ("Мемсарап- тау" РМК-ның 2007 жылғы 18 шілдедегі N 6-423/07 ТЭН бойынша қорытындысы); 22. Сарыағаш ауданы- ның шекаралас елді мекендерін табиғи газбен жабдықтау: 1) Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қожахан ауылы ("Мемсараптау" РМК-ның 2006 жылғы 17 тамыздағы N 18-397/2006 ТЭН қорытындысы); 2) Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақжол ауылы,»Алпамыс Қауын- шы ауылдық округі ("Мемсараптау" РМК-ның 2006 жылғы 17 тамыздағы N 18-393/2006 ТЭН қорытындысы); 3) Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазақс- танның 20 жылдығы ауылы»Қапланбек ауылдық округі ("Мем- сараптау" РМК-ның 2006 жылғы 17 тамыз- дағы № 18-395/2006 ТЭН қорытындысы); 4) Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жаңа Тұрмыс ауылы»"Жібек жолы" ауылдық округі ("Мемсараптау" РМК-ның 2006 жылғы 17 тамыздағы N 18-394/2006 ТЭН қорытындысы); 5) Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызыл-сарқырама ауылы "Жібек жолы" ауылдық округі ("Мемсараптау" РМК-ның 2006 жылғы 17 тамыздағы N 18-398/2006 ТЭН қорытындысы). 23. Жамбыл облысы Жуалы ауданының Ақбастау, Қарасаз, Зыковка, Дүйсебайұлы, Амансай, Шақпақата, Ынтымақ, Түктібай елді мекендерін газдандыру ("Мемсараптау" РМК-ның 2007 жылғы 24 тамызындағы N 10-264/07 ТЭН қорытындысы); 24. Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы Мұратсай кен- тінде АГРС-пен "Қайрат-Мұратсай" 5,5 МПа газқұбырын салу. 25. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында орталық жылумен жабдықтау схемасында сақталған қазандықтар мен жылу энергия орталықтары- ның жұмыс істеп тұр- ған қуаттарын жаңғыр- ту, қайта жаңарту. 25. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында орталық жылумен жабдықтау схемасында сақталған қазандықтар мен жылу энергия орталықтарының жұмыс істеп тұрған қуаттарын жаңғырту, қайта жаңарту. | Қаңтар-желтоқ-сан | Қазақстан Республи- касы Энергети- ка және минерал- дық ре- сурстар министрлігі, Облыс, Алматы, және Астана қалала- рының әкімдері |