«Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заң жобасын жаңа редакцияда әзірлеу;
оның ішінде 2008 жылы:
олардың негізінде импорттық кедендік баждардың ставкаларын өзгерту жөніндегі жұмыс жүргізілетін ДСҰ-ға кіру кезінде міндеттемелер қабылдау шеңберінде кеден статистикасының деректерін, әлемдік бағаларды есепке ала отырып ерекше және құрамаланған кедендік баждарды және арнайы кедендік баждарды қайта есептеуді жүргізу;
мұнай шикізатына әлемдік бағалар өзгерген жағдайда мұнайдан өндірілген тауарларға әкетілетін кедендік баждардың мөлшерін есептеуді ай сайынғы негізде жүргізу;
тауарлар импорты кезінде қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдану жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында экономиканың өнеркәсіптік секторының және сыртқы сауданың талдауын жүргізу.
Күтілетін нәтижелер:
Сауда саясатын қалыптастыру шеңберінде сауда қызметін реттеу, оның ішінде кедендік-тарифтік реттеу саласында заңнама жетілдірілетін болады, қорғау демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдану жолымен өндірушілердің мүдделерін қорғау жөнінде қабылданатын болады.
3.4.5. 5-шара. Құрылыс және құрылыс индустриясын дамыту
Құрылыс және құрылыс индустриясын дамыту саласында 2008 - 2010 жылдарға арналған басты мақсат жоғары қосылған құны бар бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруды қамтамасыз ететін аса тиімді технологиялық өндірістер енгізу болып табылады.
2008-2010 жылдарға арналған міндеттер:
шыны, цемент, жылуоқшаулағыш және жабын материалдар, қаптағыш кірпіш сияқты құрылыс материалдарын шығаруды ұйымдастыру;
2010 жылы құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібі өнімінің негізгі түрлерін құрылыстың тұтыну көлемінен 60-70%-ға дейін қамтамасыз ету.
2008-2010 жылдарға жоспарланған іс-шаралар:
Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамыту бағдарламасы шеңберінде құрылыс саласының қажеттілігін қамтамасыз ету және осы заманғы сапалы, бәсекеге қабілетті өндірістерді алу бойынша жаңа өндірістерді құру мақсатымен 2010 жылы іске қосылатын мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру көзделуде:
жылына қуаттылығы 52 млн. шартты шаршы метр табақты шыны өндіретін зауыт құрылысын салу;
жалпы қуаттылығы жылына 8,5 млн. шаршы метр керамикалық тақта мен керамомәрмәр өндіру;
жылына қуаттылығы 248 млн. шартты шаршы метр қаптама және керамикалық кірпіш өндірісін ұйымдастыру;
жалпы қуаттылығы жылына 3,2 млн. тонна цемент зауыттарын салу;
құрылыс жаппай жүргізіліп жатқан өңірлер үшін жылына қуаттылығы 300 мың текше метр көбікбетон блоктар өндірісін ұйымдастыру;
жылына 380 мың текше метр жылу оқшаулағыш материалдар шығару.
3.4.6. 6-шара. Техникалық реттеу жүйесін жетілдіру
Мақсаты - өнім мен процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ саудадағы техникалық кедергілерді жою.
Міндеттері:
техникалық реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру;
техникалық регламенттерде ең аз қажетті талаптарды белгілеу жолымен әкімшілік кедергілерді жою;
адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнім туралы ақпаратпен жинау және алмасу жүйесін құру;
мемлекеттік стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру, техникалық регламенттерді әзірлеу үшін айғақтау базасын құру;
аккредиттеу және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды дамыту және жетілдіру үшін жағдай жасау;
сәйкестікті растау жөніндегі отандық органдар мен зертханаларды халықаралық деңгейде тану;
отандық кәсіпорындарды халықаралық менеджмент жүйесінің стандарттарына өту үшін ынталандыру және жағдай жасау;
экономика салаларының қажеттілігін метрологиялық қамтамасыз ету үшін эталон базасын жетілдіру;
техникалық реттеу бойынша жұмыстарды үйлестіру жөніндегі функциялар мен стандарттау және аккредиттеу жөніндегі функциялардың ара жігін ажырату.
Аккредиттелген ұйымдар, оның ішінде интеграциялық бірлестіктер шеңберінде беретін аккредиттеу, сертификаттар мен хаттамалар жүйелерінің баламалығы жөніндегі көп жақты және екі жақты келісімдер жасасу жөнінде (қазақстандық экспортты жылжыту үшін «жасыл дәліз» құру), мемлекеттік органдар сынақ зертханаларын (орталықтарын) құру жөнінде шаралар қабылдауы және жұмыс істеп тұрған сынақ зертханаларының (орталықтарының) жұмысын жетілдіруі қажет.
Техникалық реттеу саласында мемлекеттік саясатты жетілдіру саласында:
қажетті заңнамалық актілерді, техникалық регламенттерді әзірлеу және қабылдау;
техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін ықтимал қауіпті өнімдердің есебін жүргізу;
өнімнің өмірлік кезеңінің барлық сатыларында қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша оны қадағалау жөніндегі функциялардың аражігін ажырату және мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласын қысқарту;
анықталған тәртіп бұзушылықтар үшін жазаның қайтымсыздығы мен шамалас болуын қамтамасыз ету, аумақтық бақылау органдарын, оның ішінде жедел талдаулар жүргізу үшін арнайы жабдықпен қамтамасыз ету;
техникалық регламенттердің талаптарын орындауда айғақтау базасы ретінде қызмет ететін үйлестірілген стандарттар әзірлеу;
республикада стандарттау жөніндегі жаңа техникалық комитеттер құру және олардың халықаралық стандарттау ұйымы (ISO), Халықаралық электротехникалық комиссия (ІЕС) мен Еуропалық стандарттау комитеті (СЕН) халықаралық техникалық комитеттерінің жұмысына қатысуын қамтамасыз ету;
қажетті халықаралық стандарттарды сатып алу және оларды түпнұсқа тілінен, оның ішінде материалдық, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу, телекоммуникация мен инфрақұрылым мәселелеріне байланысты, әсіресе, шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды қазақ және орыс тілдеріне аудару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы кәсіпорны базасында стандарттау жөніндегі ұлттық орган құру;
салалық мемлекеттік органдарда стандарттау қызметтерін құру;
техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты кәсіпорны базасында сәйкестікті растау органдарын аккредиттеу жөніндегі ұлттық орган мен зертханалар құру;
шекара маңы сауда орталықтарын салу шеңберінде, сондай-ақ бейінді емес мемлекеттік активтерді бәсекелі ортаға беру есебінен өнім жөніндегі сынақ зертханаларын құру көзделіп отыр.
Жаңа Техникалық реттеудің моделіне көшу:
ұлттық эталон базасын жетілдіру, оның шетелдік ұқсас желілерге сәйкес келуіне қол жеткізу;
жаңа материалдар, биотехнология, ядролық технологиялар мен жаңартылатын энергия көздері технологиялары, көмірсутегі және тау-кен-металлургия секторларына арналған технологиялар және оларға байланысты сервистік салалар, сондай-ақ ақпараттық және ғарыш технологиялары саласындағы жоғары технологиялы өлшеу, сынау жабдығы құралдары мен эталондарын жаңғырту және олармен жарақтандыру жөнінде талдау жүргізу;
өлшеу құралдарын сынаудың мемлекеттік орталығын құру;
кәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау менеджменті, экологиялық менеджмент жүйелеріне және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйелеріне арналған стандарттарды енгізуді нормативтік және әдістемелік қамтамасыз ету;
өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында менеджмент жүйелерін жедел енгізу үшін халықаралық сарапшыларды тарту;
менеджмент жүйелерін енгізетін және халықаралық стандарттар бойынша өнім шығаратын кәсіпорындарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының және «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсының лауреат кәсіпорындарын ынталандырудың экономикалық және қаржылық тетіктерін әзірлеу;
техникалық регламенттерді, стандарттарды әзірлеу, зертханалар құру, даму институттарының қызметі шеңберінде жаңа өндірістер ашу кезінде менеджмент жүйелерін енгізу;
халықаралық деңгейдегі сарапшы аудиторларды даярлау және біліктілігін арттыру;
бұқаралық ақпарат құралдарында техникалық реттеудің халықаралық моделіне көшу идеясын кеңінен жария ету жолымен қамтамасыз етіледі.
3.5. 5-басымдық. Өңірлердің теңдестірілген дамуы
3.5.1. 1-шара. Экономикалық өсу орталықтары мен «нүктелерінің» дамуы
2008-2010 жылдарға арналған өңірлік дамудың негізгі мақсаты - перспективті және экологиялық қолайлы аудандарда бәсекеге қабілетті мамандануды қалыптастыру мен еңбек және экономикалық ресурстарды қалыптастыру негізінде өңірлердің орнықты дамуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясын (бұдан әрі - Аумақтық даму стратегиясы) және өңірлердің бәсекелестік стратегиясын іске асыру шеңберінде орта мерзімді кезеңде қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін алға мына міндеттерді шешу қажет:
елдің және оның өңірлерінің ұстанымдануының жаңа міндеттеріне сәйкес келетін аумақтарды экономикалық тиімді ұйымдастыруды қалыптастыру;
- экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру, Астана және Алматы қалаларының дамуы.
2010 жылға дейін мынадай іс-шаралар жүргізілетін болады:
Елдің және оның өңірлерінің ұстанымдануының жаңа міндеттеріне сәйкес аумақтарды экономикалық тиімді ұйымдастыруды қалыптастыру саласында:
өңірлік және ұлттық еңбек бөлінісінде ұстанымданудың перспективаларын айқындай отырып, тірек қалалардың даму стратегияларын (бәсекелестік стратегиясы) қабылдау;
облыс аумақтарының қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын бекіту;
халықты таратып қоныстандыру мен өндірістік күштерді орналастыру жүйесін қоса алғанда, оның негізгі ережелерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасын қабылдау;
әкімшілік-аумақтық жайластыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру, Астана және Алматы қалаларының дамуы саласында:
«үдемелі» өсу аймақтарын қалыптастыру жөніндегі өңірлік бастамаларға селективті қолдау көрсету және халықаралық қаржы даму институттарымен бірлесіп, ірі инновациялық жобаларды қаржыландыру мәселелерін пысықтау;
өңірлерде өнеркәсіп кәсіпорындарын, технопарктерді, индустриялық және арнайы экономикалық аймақтарды орналастыру;
құрылысты ұтымды салу және олардың орналасу жиілігі мәселелерін шешу мақсатында ірі мегаполис қалалардың айналасындағы серіктес қалаларды дамыту мәселелерін пысықтау.
Астана қаласын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығымен бекітілген Астана қаласының 2030 жылға дейінгі тұрақты дамуының стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығымен бекітілген Астана қаласының 2006-2010 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасады және:
оң жақ және сол жақ жағалауда оңтүстік-шығыс бағытында екі жаңа орталық;
ұлттық биотехнология орталығын;
әлемдік стандарттардың барлық талаптарына сай келетін осы заманғы медицина кластерін;
осы заманғы университетін салу басталады.
Бұдан басқа, Астана қаласында су ресурстарын зерттеу және қорғау мәселелерін кешенді шешуге арналған Еуразиялық су орталығы құрылады.
Аумақтық даму стратегиясын іске асыру шеңберінде жекелеген рекреациялық аймақтардың туристік әлеуетін дамыту бойынша жұмыстар басталады.
Алматы қаласын ірі өңірлік қаржы және іскерлік белсенділік орталығы ретінде одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1019 Жарлығымен бекітілген Алматы қаласын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, Алматы қаласының 2015 жылға дейінгі даму стратегиясын (бәсекелік стратегиясын), сондай-ақ қабылдау және іске асыру көзделіп отыр.
2008 жылға арналған іс-шаралар
Елдің және оның өңірлерінің ұстанымдануының жаңа міндеттеріне сәйкес аумақтарды экономикалық тиімді ұйымдастыруды қалыптастыру саласында:
өңірлік және ұлттық еңбек бөлінісінде ұстанымданудың перспективаларын айқындай отырып тірек қалалардың даму стратегияларын (бәсекелестік стратегиясы) қабылдау;
халықты таратып қоныстандыру мен өндірістік күштерді орналастыру жүйесін қоса алғанда, оның негізгі ережелерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу жоспарланып отыр;
Экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру, Астана және Алматы қалаларының дамуы саласында:
экономикалық өсу орталықтарының (тірек қалалардың) тізбесін айқындау;
өнеркәсіп кәсіпорындарын орналастыру, индустриялық және арнайы экономикалық аймақтар құру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
оң жақ және сол жақ жағалауда оңтүстік-шығыс бағытында екі жаңа орталық салуды есепке ала отырып, Астана қаласының Бас жоспарына өзгерістер енгізу;
құрылысты ұтымды салу және олардың орналасу жиілігі мәселелерін шешу мақсатында ірі мегаполис Алматы және Астана қалаларының айналасында серіктес қалаларды дамыту мәселелерін пысықтау;
2008-2010 жылдарға арналған күтілетін нәтижелер:
2008-2010 жылдары экономикалық әлеует пен халықты таратып орналастырудың, аумақтарды экономикалық ұйымдастырудың кеңістіктегі тиімді ұйымдастырылуы үшін алғышарттар жасалатын болады.
Нәтижесінде елдің аумақтық-экономикалық ұйымдастырылуының кластерлік дамуға негізделген өзін өзі ұйымдастыруының және ішкі ресурстарды жұмылдыруының, өңірлердің бәсекеге қабілетті мамандандырылуының және жаңа үлгісінің алғышарттары қалыптаса бастайтын болады.
Экономикалық үдерістерге «Самұрық», «Қазына» және «ҚазАгро» мемлекеттік холдингтері, экономикалық субъектілердің кең ауқымы тартылып, олар өңдеу өнеркәсібінің дамуын, кәсіпкерліктің дамуын және еліміздің қоғамдық орнықты дамуының негізі ретінде орта тапты қалыптастыруды ынталандыратын болады.
Астана қаласын дамыту жөніндегі кешенді шараларды іске асыру Астананың осы заманғы әлемдік стандарттарға сай астана ретінде, Еуразиядағы халықаралық өзара іс-қимылдың ірі орталықтарының бірі ретінде орнығуына ықпалын тигізеді.
Астана қаласы өзінің төңірегіндегі іргелес орналасқан аумақтарды тарта отырып, айналасында тораптық «өсу аймағын» қалыптастырып, іргелес аумақтардың дамуына серпін береді және Қарағанды және Ақмола облыстары үшін «өсу локомотивіне» айналады.
Қаржылық және іскерлік белсенділіктің өңірлік орталығы ретінде қалыптасу жолымен Алматы қаласы 2009 жылы іскерлік белсенділіктің ірі халықаралық орталығы ретінде, халықаралық жетекші қаржылық, сақтандыру және басқа да компаниялар үшін тартымды орталық ретінде одан әрі дами түсетін болады; өңірлік қаржы орталығы дамуының мултипликативті әсері еліміздің одан әрі экономикалық дамуына ықпалын тигізетін болады.
Оның ішінде 2008 жылы:
өңірлік және ұлттық еңбек бөлінісінде тірек қалалардың ұстанымдану перспективалары, сондай-ақ облыс аумақтары қала құрылысының кешенді схемалары айқындалатын болады;
халықты таратып қоныстандыру мен өндірістік күштерді орналастыру жүйесін қоса алғанда, оның негізгі ережелерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы әзірленеді;
оң жақ және сол жақ жағалауда оңтүстік-шығыс бағытында екі жаңа орталық салуды есепке ала отырып, Астана қаласының Бас жоспарын іске асыру жүзеге асырылады.
3.5.2. 2-шара. Өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымының дамуы
Мақсат - өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымы объектілерінің желілерін оңтайлы дамыту арқылы мемлекет кепілдік беретін ұсынылатын әлеуметтік қызметтің жалпыға бірдей қол жетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін 2007 жылдың соңына дейін білім және денсаулық ұйымдары желілерінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативтері нақтыланатын болады және олардың негізінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қажеттілікті және әлеуметтік салада басым инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастырудың жаңа әдістемесі әзірленетін болады.
Бұл ретте, мақсатты міндет ретінде қабылданатындар:
елді мекендерде, аудандарда (қалаларда) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қажетті, нормативке сәйкес тиісті желілерінің құрылысын салу;
оларды жаңалау немесе күрделі жөндеу мүмкін болмаған жағдайда және оларды жою қажеттілігі туындағанда санитарлық-пайдалану нормаларына сай келмейтін тозған және апатты жағдайдағы қорды алмастыру;
әлеуметтік иңфрақұрылым объектілерінің жүктемелерінің асып кетуін жою.
Жаңа объектілерді салу басым түрде әр түрлі қуаттағы, табиғи-климаттық нақты жағдайларға бейімделген, олардың осы заманғы жабдықтармен жарақтандырылуы көзделетін үлгі жобалар негізінде жүзеге асырылатын болады.
Тұтастай алғанда, аумақтардың әлеуметтік инфрақұрылымының одан әрі дамуы қалалық агломерацияларды қалыптастырумен ұштастырыла жүзеге асырылатын болады және әзірленуі 2008 жылға жоспарланып отырған облыс аумақтарының қалақұрылысы дамуының кешенді схемаларында және Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасында көрініс табатын болады.
Индустриялық аймақтар және әлеуметтік инфрақұрылымдарымен АЭА-тар орналастырылатын экономикалық өсу орталықтарын толықтыру бойынша мәселелер пысықталатын болады.
Жаңа объектілерді салу және қолданыстағы объектілерді жаңалаудан басқа басым міндеттердің бірі әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін санитарлық-пайдалану нормаларына, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келтіру, сондай-ақ оларды жарақтандыру нормативтеріне сәйкес жарақтандыру болып табылады.
3.5.3. 3-шара. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың дамуы
Мақсат - мемлекеттік және жеке меншік сектордың ықпалдасуы жолымен өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу, кластерлік әдіс негізінде бірыңғай экономикалық нарықты құру.
Міндеттер:
экономикалық үдерістерге экономикалық субъектілердің кең ауқымын қатыстыру, инвестициялар тарту;
өңірдің әлеуметтік дамуына бағытталған жобаларды әзірлеу және қаржыландыру.
2008 жылға арналған іс-шаралар:
Өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар туралы заң жобасы әзірленетін болады.
Күтілетін нәтиже:
Өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар құрудың нәтижесінде бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер жасау, өңірлерде жұмыс орындарын ұлғайту, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өнімділігін арттыру, қосылған құны жоғары экспортқа бағдарланған отандық өнімдерді сату, тиімсіз мемлекеттік кәсіпорындардың санын қысқарту, кәсіпкерлік субъектілері өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру күтіліп отыр.
3.6. 6-басымдық. Кәсіби Үкімет
3.6.1. 1-шара. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
Мақсаты - мемлекеттік қызметтердің сапасын және қолжетімділігін арттыру.
Міндеттері:
халыққа мемлекеттік қызмет ұсынудың регламенттерін кезең-кезеңімен енгізу;
жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерді ұсынуға бағытталған мемлекеттік қызметшілердің және ұйым қызметкерлерінің уәждеме жүйесін құру;
мемлекеттік қызметті ұсыну бойынша әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру;
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметке ISO сапа менеджменті стандарттарын енгізу;
мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпаратты-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану.
«Мемлекеттік қызмет» түсінігі заңды түрде бекітілді, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нормативтік мәнін, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібін және олардың белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік қызметтерді алу құқықтарын белгілейтін Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік регламенті бекітіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімі әзірленді. Халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсынатын мемлекеттік органдар мен ұйымдар, үлгілік регламенттің негізінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттерін әзірлейді. Көрсетілген органдардың қызметіне ISO сапа менеджменті стандарттары енгізілетін болады.
«Бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер санының ұлғаюымен халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамыту бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Мемлекеттік органдар қызметін бағалау мен тиімділігінің аудиты элементтерінің бірі ретінде халыққа қызмет көрсету сапасының ішкі және тәуелсіз сыртқы бағасын енгізу жоспарлануда. Осы мақсатта мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау бойынша халықтың тұрақты әлеуметтік сауалдары енгізіледі. Бағалау нәтижелері жалпыға ортақ бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға тиіс болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және мемлекеттік қызметшілерді оқытудың өңірлік орталықтарында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша оқу бағдарламалары іске асырылады. Сонымен қатар, халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жауапкершілігі күшейтіледі.
Іс-шараларды орындаудың нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артады, халық үшін олардың ашықтығы мен қол жетімділігі, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету қамтамасыз етілетін болады, әкімшілік кедергілер жойылатын болады, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі артатын болады.
3.6.2. 2-шара. Мемлекеттік қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру
Мақсат - қазіргі заманғы экономикалық жағдай мен мемлекеттің ресурстық мүмкіндіктерге сәйкес кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.
Міндеттері:
оқытудың сапасы мен тиімділігін арттыру;
оқыту инфрақұрылымын дамыту;
оқыту жүйесін ресурстық қамтамасыз етуге барабар орнықты тетік жасау;
оқытуды басқарудың тиімді жүйесін жасау;
оқытуды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.
Қойылған міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасы негізінде ұлттық басқару мектебін құру туралы Жарлығының жобасы әзірленеді.
2008-2010 жылдарға арналған, соның ішінде 2008 жыл бойынша күтілетін нәтижелер:
Осы заманғы талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметшілерді оқытудың сапасын арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 тамыздағы
№ 753 қаулысымен
бекітілген
2-бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік реттеуіштер
Әлеуметтік сала дамуының реттеуіштері
Атауы | 2006 ж. есеп | 2007 ж. есеп | Болжам |
2008 ж. | 2009 ж. | 2010 ж. |
Ең төменгі жалақының мөлшері, теңге | 9200,0 | 9752,0 | 10435,0 | 11165,0 | 11947,0 |
Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері, теңге | 3000,0 | 3000,0 | 4050,0 | 4334,0 | 4637,0 |
Ең төменгі зейнетақы мөлшері, теңге | 6700,0 | 7236,0 | 7888,0 | 8598,0 | 9372,0 |
Ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге | 7945,0 | 8861,0 | 10125,0 | 10834,0 | 11592,0 |
Айлық есептік көрсеткіш, теңге | 1030,0 | 1092,0 | 1168,0 | 1250,0 | 1338,0 |
Жұмыс күшінің импортына квота (Қазақстан Республи- касының шекара маңындағы облыста- рында ауыл шаруашылы- ғы жұмыста- рында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын көшіп келген еңбекші- лерді есепке алғанда), %-бен | 0,70 | 0,98 | 1,60 | 2,40 | 3,20 |
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп
көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына)
бағалардың және тарифтердің шекті өсуі
Көрсеткіштер | 2007 ж. желтоқсан 2006 ж. желтоқ- санға, %, бағалау | 2008 ж. желтоқсан 2007 ж. желтоқ- санға, %, бағалау | 2009 ж. желтоқ- сан 2008 ж. желтоқ- санға, %, бағалау | 2010 ж. желтоқ- сан 2009 ж. желтоқ- санға, %, бағалау |
Электр энергиясын өңіраралық деңгейдегі электр желілері арқылы беру | 115,5 | 115,8 | 113,5 | 117,1 |
Электр энергиясын өңірлік және жергілікті деңгейдегі электр желілері арқылы беру | 118,2 | 158,0 | 107,0 | 112,0 |
Электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру | 115,0 | 115,0 | 104,8 | 101,1 |
Табиғи газды тасымалдау: | | | | |
таратушы құбыржолдар арқылы | 110,0 | 110,0 | 108,0 | 104,8 |
магистральды құбыржолдар арқылы | 100,0 | 100,0 | 100,0 | 100,0 |
Мұнайды магистральды құбыржолдар арқылы тасымалдау | 125,0 | 100,0 | 100,0 | 100,0 |
Жылу энергиясымен қамтамасыз ету, соның ішінде өндіру, беру және (немесе) тарату | 130,0 | 168,0 | 107,0 | 108,0 |
Су шаруашылығы жүйесінің қызметтері: | | | | |
магистральды құбыржолдар және (немесе) арналар арқылы | 117,5 | 113,3 | 108,9 | 106,5 |
таратушы құбыржолдар арқылы су беру | 107,4 | 196,0 | 109,0 | 108,0 |
Ағынды суларды ағызу | 112,7 | 176,0 | 108,0 | 108,0 |
Порттардың қызметтері: | | | | |