«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 11 қазандағы № 1017 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі» деген бөлiмде:
«Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөніндегі комитетi» және «Әуе көлiгi» деген кiшi бөлiмдер мынадай редакцияда жазылсын:
| "Әуе көлiгi | |
60 | Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң "Қазаэронавигация" әуе жүрiсiн басқару және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудiң жер үстіндегі құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану жөніндегі шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны | |
Алматы қаласы; |
60 а | Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазаэрожобалау" республикалық мемлекеттік кәсiпорны | |
Алматы қаласы”; |
реттiк нөмiрi 60-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«60-2 | "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң "Ақпараттық-тұсаукесер орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (жедел басқару құқығында) | |
Астана қаласы»; |
2) "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Азаматтық авиация комитетi туралы ережеде:
10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"сертификаттық талаптардан рұқсат етiлген уақытша ауытқуларды бекіту;
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн шетелдiк авиакомпанияларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн аккредиттеу;".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |