Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 1180 Қаулысы
(2014.19.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1 және 3-тармақтарды қоспағанда ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 995 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Экспорттық бақылау және лицензиялау комитеті құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметін реттеу комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті деп қайта аталсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |