2006-2008 жылдары аэронавигациялық қызмет көрсету жүйесін жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға 15 754,9 млн. теңге бөлінетін болады. Көрсетілген жұмыстар кешенін орындау "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының әуе кеңістігін пайдаланушыларға аэронавигациялық қызмет көрсетуден түсетін меншікті қаражаты есебінен, кәсіпорын тартатын сыртқы инвестициялар арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.
Барлық кіші жүйелерді одан әрі жаңғыртуды жүргізу қолданыстағы параметрлерді жақсарту мақсатында ғана емес, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу базасын құру есебінде де жүргізілуге тиіс. Бұдан басқа, болашақ аэронавигациялық жүйелерде әуе қозғалысына қызмет көрсетудің жаңа технологияларын - автоматтандырылған тәуелді бақылау мен аймақтық навигация әдістеріне көшуге мүмкіндік беретін негізгі құралдардың рөлін орындайтын кіші жүйелерді дамыту да жоспарлануға тиіс. Ол үшін әзірленіп жатқан көшу жоспарының шеңберіндегі ұзақ мерзімді бағдарламаға сәйкес жаңа технологияларды эволюциялық енгізу мен дәстүрлі аэронавигациялық құралдарды болашақ жүйелерге ауыстырудың стратегиясы іске асырылуға тиіс.
Аэронавигациялық инфрақұрылымды пайдалануды оңтайландыруды жалғастыру неғұрлым озық және перспективалы технологияларды енгізу тәжірибесіне негізделуге тиіс.
Осы мақсатта мыналар талап етіледі:
аэронавигациялық кешендерді дамыту мен жаңғыртуға қаржы қаражатын инвестициялаудың қол жеткізілген көлемін сақтай отырып, Қазақстан Республикасының аэронавигациялық жүйесінің кіші жүйелерінің шоғырлануын қамтамасыз етуге арналған инвестициялық саясаттың стратегиялық бағытын болашақ CNS/ATM жүйесінің баламасы мен оны енгізудің негізі болып табылатын бірыңғай кешенге өзгерту, және де сол негізде қазіргі уақытта салынып жатқан коммуникациялардың корпоративтік аэронавигациялық жүйесінің негізінде салынған бірыңғай цифрлық желіге әуедегі және жердегі авиациялық байланыстың алуан түрін шоғырландыру негізінде диспетчерлік байланыстың жүйелеріне қайта жаңартуды жүргізуді қамтамасыз ету;
ӘҚБ автоматтандырылған жүйесін дамыту, шығарылған радиопозициялардың өңірлік орталықтарға шоғырлануын аяқтау, Астана қаласында ӘҚБ автоматтандырылған жүйесінің бас орталығын құру және өзара резервтеудің орталық аралық режимін қамтамасыз ету;
мүдделі шекаралас елдермен бірлесіп, тік эшелондаудың қысқартылған минимумдарына көше отырып, әуе кеңістігінің құрылымын және әуе қозғалысын ұйымдастыру әдістерін одан әрі жетілдіру;
қазіргі уақытта қолданылатын, екінші буындағы жеткілікті жарақталған трассалық аэронавигациялық кешендер құру негізінде аймақтық навигация әдістерін енгізу;
талап етілетін инфрақұрылымды дайындау, ғарыштық орналасу навигациялық жүйелерінің элементтерін енгізуді және оларды қолдануға негізделген әуе қозғалысын ұйымдастыру технологиялары ADS-ті (автоматтандырылған тәуелді бақылау), CPDLC-ті ("ұшқыш-диспетчер" байланысының цифрлы желілері), D-ATIS-ті (әуеайлақ ауданындағы цифрлы метеохабарлау) және басқаларын пайдалануды бастау.
Көрсетілген жұмыстар кешенін орындау әуе кеңістігін пайдаланушыларға көрсетілетін аэронавигациялық қызметтен түсетін «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның меншік қаражаты, кәсіпорын тартатын сыртқы инвестициялар есебінен де қамтамасыз етілу тиіс.
ӘҚБ кезінде спутниктік технологиялардың жоспарланған пайдаланылуына байланысты және ИКАО стандарттарына сәйкес аэродром ауданында орналасқан барлық аэронавигациялық бағыттардың координаттарын Дүниежүзілік геодезиялық жүйесінің (WGS-84) координаттарына ауыстыруды қамтамасыз ету қажет. Аэронавигациялық объектілерді түсіруді жүргізуге байланысты жұмыстарды қаржыландыру азаматтық авиация ұйымдарының меншікті қаражаты есебінен де, өңірлік әуежайлардың негізгі өндірістік қорларын қайта жаңарту мен жаңғырту жөніндегі бағдарламалардың шеңберінде де жүзеге асырылуға тиіс.
5.6. Әуе кемелері паркін жаңарту
Қазіргі уақытта ішкі тасымалдарда жұмыс істеитін, кеңес уақытында немесе Ресейде шығарылған, соның ішінде Ан-24 пен Як-40 жолаушылар әуе кемелерінің негізгі саны өз ресурсын бітіреді деген болжам бар.
Шығарылатын паркті толықтыру үшін мынадай іс-қимылдар қабылдау жоспарланып отыр.
Операциялық немесе қаржылық лизингке алынған жаңа әуе кемелерін пайдалану тәжірибесін жалғастыру қажет. Бұл ретте әуе кемелерінің саны авиациялық тасымалдарға деген сұраныстың өсуіне балама болуға тиіс, сондай-ақ ұшу және инженерлік-техникалық құрамды қайта даярлау, техникалық қызмет көрсету және қосалқы бөлшектердің ең аз қажетті деңгейін қалыптастыру жөніндегі шығыстарды азайту мақсатында олардың бір үлгілі болуы қамтамасыз етілуге тиіс.
«Эйр Астана» АҚ стратегиялық даму жоспарында 2014 жылға дейін осы авиакомпанияның әуе кемелері паркін 34-35 бірлікке дейін кеңейту көзделген, соның ішінде 2008 жылға дейінгі кезеңде әуе кемелерінің саны 11 бірліктен 22 бірлікке дейін өседі.
«Эйр Астана» акционерлік қоғамына (үлгілер бойынша)
қажетті әуе кемелері санының 2008 жылға дейінгі кезеңге
арналған болжамы
Әуе кемелердің сыйымдылығы | 2005 жыл | 2006 жыл | 2007 жыл | 2008 жыл |
205 орын | | | 1 | 2 |
170 орын | 3 | 4 | 4 | 4 |
114-150 орын | 3 | 8 | 8 | 4 |
50-80 орын | 5 | 5 | 8 | 8 |
Жиыны | 11 | 17 | 21 | 22 |
2006 жылы "Эйр Астана" АҚ операциялық лизинг негізінде Аэрбас - 320/321 (5 бірлік) және Боинг-757-200 (1 бірлік) әуе кемелерін тартуды жоспарлап отыр.
2007 жылдан бастап 150 жергілікті конфигурациялы 3 орта магистральдық ұшақты, сондай-ақ сыйымдылығы 220-250 жолаушы болатын кең фюзеляжды 3 ұшақты сатып алу көзделіп отыр. Осы әуе кемелерін сатып алу қаржылық лизинг негізінде жүзеге асырылады.
Алты әуе кемесін сатып алуға арналған нақты тапсырыстардың жиынтық құны 57 915 млн. теңге мөлшерінде болжанады. Бұл ретте осы соманың 85 %-ы қаржыландыруды халықаралық кредиттік-қаржылық институттар (АҚШ Эксимбанкі және басқалар) ұсынатын кредиттік қаражат түріндегі "Эйр Астана" АҚ ұзақ мерзімді міндеттемелері есебінен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Алты әуе кемесі құнының 15 %-ы төлемдерінің көзi
Төлемдер | Сома(млн. теңге) | Қаржыландыру көзі |
2006 жылғы ақша қаражатының болжамды төлемі | 3 186,0 | Эйр Астана |
2007 жылғы ақша қаражатының болжамды төлемі | 5 501,0 | Акционерлер |
Әуе кемелерін шығарушыларға төлем жасаудың болжамды
кестесi
Төлемдер | Сома (млн. теңге) | Қаржыландыру көзі |
2006 жылы | 3 186,0 | "Эйр Астана" АҚ |
2007 жылы | 28 404,0 | Акционерлер, кредиттік-қаржылық институтттар |
2008 жылы | 20 250,0 | Кредиттік-қаржылық институттар |
2009 жылы | 6 075,0 | Кредиттік-қаржылық институттар |
2006 жылы авиакомпания паркті меншікті қаражат есебінен кеңейтуді жоспарлап отыр, ал 2007 жылы акционерлер тарапынан қосымша сыртқы капитал салу талап етіледі. Қосымша қаражатқа қажеттілік сомасы 2007 жылы 9 180 млн. теңгені құрайды (оның ішінде 5 501 млн. теңге - ӘК шығарушыларға арналған болжамды төлемге, қалған сома - авиакомпанияның айналымдағы капиталын қамтамасыз етуге). Тиісінше "Эйр Астана" АҚ акцияларының 51%-ына ие болып отырған Қазақстан Республикасы 2007 жылға арналған бюджетте авиакомпанияның жарғылық капиталын толықтыруға 4 682 млн. теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатты көздеуі қажет.
Басқа қазақстандық авиакомпаниялардың жақын магистральдық әуе кемелерінің тозған паркін (соның ішінде Ан-24 және Як-40) толықтыру үшін 2008 жылға дейінгі кезеңде 2-3 сыныптағы ұшақтардың шамамен 7 бірлігі қажет.
Сондай-ақ, болжанып отырған жолаушылар ағынының жыл сайынғы өсуіне (15-20 %) байланысты жақын магистральдық әуе кемелерінің қосымша 3-4 бірлігі қажет.
Бұл ретте Қазақстанның климат жағдайына жарамды, жылдамдығы мен ұшу алыстығы, сондай-ақ жолаушы сыйымдылығы есебінен пайдалану тиімділігі Ан-24 және Як-40 үлгісіндегі әуе кемелерін пайдалану тиімділігінен екі есе жоғары жаңа буынның әуе кемелеріне бағытталу қажет.
Мыналар үлгі нұсқалар болуы мүмкін:
турбовинттік - Ил-114, ATR-42, ATR-72, Dash-8, SAAB және басқалары;
турбореактивтік - Ан-148, Ту-334, RRJ, Embraer, RJ, CRJ және басқалары.
Меншікті және тартылған қаражатты пайдалана отырып, әуе кемелерінің қажетті санын сатып алуды қамтамасыз ете алатын басқа да ірі ұлттық авиакомпания әуе кемелерінің паркін толықтыру неғұрлым ыңғайлы нұсқа болып табылады.
Бұдан басқа, бюджеттік және бюджеттен тыс көздерді біріктіру арқылы жаңа ұшақтарды сатып алып, кейіннен оларды қазақстандық авиакомпанияларға "жұмсақ" шартпен лизингке бере алатын "Қазавиализинг" АҚ-ның қызметін жандандыру болжанып отыр. Бұл ретте секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру не мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару сияқты қаржылық тәсілдер қолданылуы мүмкін.
Әуе кемелері паркін жаңарту мақсатында Қазақстан Республикасының авиатасымалдаушыларын экономикалық ынталандыру жөніндегі жағдайларды қазіргі заманғы әуе кемелерін сатып алу кезінде оларға кредиттік жеңілдіктерді беру мүмкіндігін қарастыру қажет.
Батыс өңірінде тікұшақтық техниканы жаңарту көзделген. Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз бұрғылау қондырғыларына ұшу үшін «Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қаражаты есебінен 2006 жылдың басында Eurocopter типті (Францияда шығарылған) 2 жаңа тікұшақ сатып алуды жоспарлады. Каспий теңізінің қазақстандық секторы дамыған және осындай түрдегі тікұшақтарда тұтынушылық өскен сайын осы аумақта орналасқан авиакомпаниялар қажетті тікұшақтарды қосымша сатып алып отырады.
Туризмнің қажеттілігі үшін авиакомпаниялар 2005 жылы 4 жаңа тікұшақ, соның ішінде Eurocopter (1 бірлік) және Robinson (2 бірлік) үлгісіндегі тікұшақтар сатып алды. 2008 жылға қарай осы үлгідігі 10 тікұшақ сатып алу жоспарланып отыр.
5.7. Азаматтық авиация саласын нормативтік құқықтық, оның
iшінде еуропалық авиациялық ережелерді кезең-кезеңімен енгізу
жолымен қамтамасыз етуді жетілдіру
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында Еуропа елдерінде еуропалық бірлескен авиациялық билік орындарының (Joint Aviation Authorities) (бұдан әрі - JАА) шеңберінде қолданылатын еуропалық авиациялық ережелерді енгізу қажет.
Ол үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
1. Ұлттық авиациялық ережелерді JAR талаптарына сәйкестендіру ол үшін:
JAR құжаттарының толық пакетін сатып алу және оны аударуды қамтамасыз ету;
JAR ережелері мен стандарттары жөніндегі консультант-мамандарды тарту қажет.
2. Азаматтық авиация комитетінің мамандарын JAA мойындаған Еуропалық даярлау орталықтарында мынадай бағыттар бойынша оқыту:
ұшуға рұқсаттары бар ұшу инспекторларын даярлау;
әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қамтамасыз ету және авиациялық қауіпсіздік жөніндегі инспекторларды даярлау;
JAR талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының ұйымдары мен оқу орындарын сертификаттау жөнінде мамандар даярлау;
Азаматтық авиация комитетінің мамандарын ағылшын тілін білу деңгейін жоғарылату жөніндегі арнайы орталықтарда оқыту.
3. Қазақстан Республикасында авиациялық техниканы пайдаланудың қолданыстағы ұлттық ережелерін JAR талаптарына бейімдеу.
4. Авиациялық персоналды даярлау мен қайта даярлау орталықтарын JAR талаптарына сәйкестендіру.
5. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөнінде JAR талаптарына сәйкес келетін техникалық орталықтар құру.
6. Әуежайлардың жердегі және ұшуды қамтамасыз ету қызметтерін JAR талаптарына сәйкестендіру.
7. Азаматтық аэродромдардың инфрақұрылымын JAR талаптарына сәйкестендіру.
Азаматтық авиацияның қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді сәйкестендіру үшін қолданыстағы ұлттық авиациялық ережелерді JAR талаптарымен үйлестірілген жай-күйге келтіру қажет, ол үшін 2006 - 2008 жылдарға арналған республикалық бюджетте 478,2 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлуді көздеу қажет.
5.8. Кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру
Қазіргі заманғы аппараттық-бағдарламалық кешендердің негізінде құрылатын аса күрделі аэронавигациялық жүйелерді қолдану ұшу, диспетчерлік және инженерлік-техникалық персоналды даярлау деңгейіне жоғары талаптар қояды. Осыған байланысты, даярланатындардың саны мен даярлау сапасы бойынша соңғы уақытта талаптарды қаңағаттандыратын қолданыстағы жүйе кеңейтуді және қайта ұйымдастыруды талап етеді.
Мамандарды даярлауға қойылатын өсіп келе жатқан талаптарды қанағаттандыру үшін "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
басшылыққа алынатын құжаттардың талаптарына сәйкес тренажерлік дайындық негізінде барлық жұмыс істейтін диспетчерлік құрамның біліктілігін жоғарылатуды қамтамасыз ету;
Орталық Азия елдері аэронавигациялық қызметтерінің диспетчерлік және инженерлік-техникалық құрамын даярлау үшін Алматы қаласындағы өңірлік біліктілікті арттыру орталығын халықаралық стандарттар бойынша сертификаттау жөнінде іс-шаралар өткізу қажет.
Республика авиакомпанияларының әуе паркін батыста жасалған авиациялық техникамен жабдықтау үрдісін ескере отырып:
шетел мемлекеттерінің ұшу мектептерінде ұшқыштар даярлау жөніндегі екі жылдық курстарда кемінде 40 студентті мемлекеттік қаражат, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы есебінен оқытуды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы оқу орындарының негізінде, оның ішінде Азаматтық авиация академиясының базасында батыста жасалған әуе кемелерін пайдалану жөніндегі инженерлік-техникалық және ұшу құрамын даярлау мен қайта даярлау жөніндегі ic-шаралар жоспарын әзірлеу;
еуропалық авиациялық бағдарлама бойынша оқытушыларды қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының оқу орындарын техникалық қайта жабдықтау үшін жағдай жасау;
Қазақстан Республикасы оқу орындары мен ұшу орталықтарында кіші авиация үшін ұшу құрамын даярлауды қамтамасыз ету қажет.
2008 жылдың наурызынан бастап әуе қозғалысына қызмет көрсететін диспетчерлердің және халықаралық ұшуларды орындайтын пилоттардың ағылшын тілін еркін білуіне қатысты ИКАО стандартының қолданысқа енгізілуіне байланысты авиациялық персоналға ағылшын тілін үйрету және тіл меңгерудің талап етілетін деңгейін қолдау жүйесін қамтамасыз ету қажет.
Азаматтық авиация саласында ғылымды дамыту мен ғалым мамандарды даярлауды жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз ету.
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi
Бағдарламаның 2006 - 2008 жылдарға арналған жалпы құны 121471,5 млн. теңгені құрайды, оның ішінде: республикалық бюджеттен - 33782,8 млн. теңгені және де 87688,7 млн. теңге мөлшерінде бюджеттен тыс қаражат тарту жоспарланып отыр.
(млн. теңге)
Республикалық бюджеттен берілетін қаржы қаражатының қажеттілігі | 2006 жыл | 2007 жыл | 2008 жыл |
1 | 2 | 3 | 4 |
Әуежай кешендерін қайта жаңарту | 4926,0 | 12095,7 | 6887,2 |
Азаматтық авиация комитеті қызметкерлеріне еуропалық авиациялық стандарттарын оқыту | 132,2 | 0 | 0 |
Нормативтік құқықтық құжаттар әзірлеу | 1,7 | 0 | 0 |
"Авиациялық қауіпсіздік қызметі" республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру | 0 | 84 | 0 |
Авиабағыттарды субсидиялау | 600 | 800 | 800 |
Ұшқыштардың бастапқы даярлығын қамтамасыз ету | 100 | 0 | 0 |
Әуе кемелерін сатып алу үшін "Эйр Астана" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту | 0 | 4682,0 | 0 |
Арнайы техника үшін "Қазавиализиниг" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту | 0 | 1874,0 | 800 |
Жиыны: | 5759,9 | 19535,7 | 8487,2 |
Бюджеттен тыс қаражат | | | |
"Эйр Астана" акционерлік қоғамына әуе кемелерін сатып алу | 3186 | 25598 | 20250 |
Алматы қаласының әуежайында жаңа ҰҚЖ салу | 2500 | 3500 | 1600 |
Атырау қаласының әуежайында жаңа жолаушылар терминалын салу | 2500 | 3000 | 1400 |
Батыста шығарылған әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөнінде сервистік авиациялық-техгикалық орталық салу | 80 | 4160 | 4160 |
Аэронавигациалық жүйенің өндірістік қуаттарын жаңғырту | 6073,2 | 5359,8 | 4321,7 |
Жиыны: | 14339,2 | 41617,8 | 31731,7 |
Барлығы: | 20099,1 | 61153,5 | 40218,9 |
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бүгінгі күні Қазақстанның макроэкономикалық даму процестерінің басым көпшілігі оң үрдістердің жалғасуы мен жалпы ішкі өнімнің өсуін көрсетіп отыр. Авиациялық тасымалдардың өсу үрдісі тұрғындардың жүріп-тұруы мен жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің тұрғындарға деген деңгейі арасындағы өзара байланыстан, сондай-ақ әуе тасымалдары қауіпсіздігіндегі сенімділікке байланысты әуе тасымалдары тартымдылығын қамтамасыз етуден шығып отыр.
Бағдарламаны іске асыру Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуды қамтамасыз етуге, қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін саланы құруға, сапалы авиациялық қызметтерге тұрғындардың және экономиканың өсіп келе жатқан қажеттілігін қанағаттандыруға, әуе кемелерінің жаңа үлгілерін пайдалану есебінен ұшу қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз етуді, аэронавиагациялық жүйені жаңғыртуды, әуежайлардың негізгі өндірістік қорларын қайта жаңарту мен жаңғыртуды қанағаттандыруды, авиациялық персоналды даярлау және оның біліктілігін жоғарылату жүйесін құруды қамтамасыз етуге қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын дамытуға ықпал етеді.
Күтілетін нәтижелер:
ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру;
2008 жылдан бастап еуропалық авиациялық стандарттарды кезең-кезеңімен енгізу;
Қазақстан Республикасының әуежайлары арқылы жыл сайын жолаушылар ағынын кемінде 10 %-ға өсіру;
жыл сайын жүк ағынының кемінде 4 %-ға өсіру;
әлемдік стандарттарға жауап беретін әуе кемелері паркін жылына орта есеппен 5 бірлікке жаңғырту мен жаңарту арқылы отандық авиакомпаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықаралық ұшуларды көбейту;
еліміздің транзиттік әлеуетін барынша пайдалану үшін әлемдік стандарттарға жауап беретін жылына кемінде 2 әуежайды дамыту және қайта жаңартуды, халықаралық әуежайлар санын сегізге дейін ұлғайту;
кадр резервін қалпына келтіру.
8. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын
дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске
асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындау (іске асыру) үшін жауаптылар | Орындау (іске асыру) мерзімі | Болжамды шығыстар (млн. теңге) | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қамтамасыз ету |
1 | Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйін талдауды жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ | 2006 - 2008 жылдар, 15 ақпанға, 15 тамызға қарай | Талап етілмейді | - |
2 | "Авиациялық қауіпсіздік қызметі" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру | Нормативтік құқықтық кесім | ККМ | 2008 жылғы 15 ақпанға қарай | 2008 жыл - 84* | РБ |
Авиатасымалдар нарығын, соның ішінде облысішілік әуе қатынастарын дамыту және кеңейту |
3 | Әлеуметтік маңызы бар авиабағыттарды, оның ішінде облысішілік әуе қатынастарын субсидиялау жөнінде шаралар қабылдау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ | 2006 - 2008 жылдар, 15 ақпанға, 15 тамызға қарай | 2006 жыл: - 600 2007 жыл: - 600 2007 жыл: - 800* 2008 жыл: - 800* | РБ |
4 | Үш торапты Астана, Алматы, Атырау қалаларының әуежайларынан әуе қатыныстарын кеңейту жөнінде шаралар қабылдау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ | 2007 - 2008 жылдар, 15 ақпанға қарай | Талап етілмейді | |
Жердегі инфрақұрылым объектілерін (ЖҰҚЖ-ны, аэровокзал кешендерін қайта жаңарту, әуежайларды қазіргі заманғы арнайы техникамен жарақтандыру) жаңғыртуды және дамытуды жүзеге асыру |
5 | Ақтөбе, Шымкент, Қостанай, Қызылорда қалаларының әуежайларын қайта жаңартуды жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ | 2007 - 2008 жылдар, 15 ақпанға қарай | 2006 жыл: - 3813,0 2007 жыл: - 12095,7* 2008 жыл: - 6887,2* | РБ |
6 | Алматы қаласының әуежайында жаңа ҰҚЖ салу | ККМ-ге ақпарат | "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ | 2007 - 2008 жылдар, 15 ақпанға қарай | 2006 жыл: - 2500,0** 2007 жыл: - 3500,0** 2008 жыл: - 1600,0** | Бюджеттен тыс қаражат |
7 | Атырау қаласының әуежайында жолаушылар және жүк терминалдарын салу | ККМ-ге ақпарат | "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Атырау халықтар әуежайы" АҚ | 2007 - 2008 жылдар, 15 ақпанға қарай | 2006 жыл: - 2500,0** 2007 жыл: - 3000,0** 2008 жыл: - 1400,0** | Бюджеттен тыс қаражат |
8 | Павлодар қаласы әуежайының ҰҚЖ-на күрделі жөндеу жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ | 2007 жылғы 15 ақпанға қарай | 2006 жыл: - 1113,0 | РБ |
9 | Арнайы техника сатып алу үшін "Қазавиализинг" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ | 2008 жылғы 15 ақпанға қарай | 2006 жыл: - 600 2007 жыл: - 800* 2008 жыл: - 800* | РБ |
10 | Батыста шығарылған әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі сервистік авиациялық-техникалық орталық салу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ | 2007 - 2008 жылдар, 15 ақпанға қарай | 2006 жыл: - 80,0 2007 жыл: - 4160*** 2008 жыл: - 4160*** | Бюджеттен тыс қаражат |
11 | Әуежайлардың акциялар пакетін коммуналдық меншіктен республикалық меншікке кезең-кезеңімен беруді жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ | 2007 - 2008 жылдар, 15 тамызға қарай | Талап етімейді | |
12 | "Жезқазған Эйр авиакомпаниясы" акционерлік қоғамын қайта құруды және Балқаш қаласының әуежайын оның құрамынан шығаруды жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ | 2007 - 2008 жылдар, 15 тамызға қарай | Талап етілмейді | |
Әуе қозғалысын ұйымдамстыру жүйесінің жаңа тұжырымдамасын енгізуге дайындық жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау және ӘҚБ жөніндегі өндірістік қуаттарды жаңғыртуды жалғастыру |
13 | Қазақстан Республикасы аэронавигациялық жүйесінің өндірістік қуаттарын жаңғырту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ (жинақтау), "Қазаэронавигация" РМК | 2007 - 2008 жылдар, 15 ақпанға қарай | 2006 жыл: - 6073,2 2007 жыл: - 5359,8** 2008 жыл: - 4321,7** | |
Әуе кемелері паркін жаңарту |
14 | Әуе кемелерін сатып алу үшін ұлғайту "Эйр Астана" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ | 2008 жылғы 15 ақпанға қарай | 2007 жыл: - 4682,0 | РБ |
15 | "Эйр Астана" АҚ-на жаңа әуе кемелерін сатып алу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ (жинақтау), "Эйр Астана" АҚ | 2007 - 2008 жылдар, 15 ақпанға, 15 тамызға қарай | 2006 жыл: - 3186,0 2007 жыл: - 25598,0** 2008 жыл: - 20250,0** | Бюджеттен тыс қаражат |
Азаматтық авиация саласын нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді, оның ішінде еуропалық авиациялық ережелерді кезең-кезеңімен енгізу жолымен жетілдіру |
16 | Азаматтық авиация комитетінің қызметкерлерін еуропалық авиациялық стандарттарға оқыту | Көлік және коммуникациялар министрлігіне ақпарат | БҒМ | 2007 жылғы 10 ақпанға қарай | 2006 жыл: - 132,2 | РБ |
17 | Азаматтық авиация саласында нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде авиациялық қауіпсіздік саласында техникалық регламенттерді әзірлеу | Нормативтік құқықтық кесімдер | ККМ | 2006 - 2008 жылдар, IV тоқсан | 2006 жыл: - 1,7 2007 жыл* 2008 жыл* | РБ |
Кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру |
18 | Ұшқыштарды бастапқы даярлауды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ККМ | 2007 жылғы 15 ақпанға қарай | 2006 жыл: - 100 | РБ |
Барлығы: | 33782,8 87688,7 | РБ Бюджеттен тыс қаражат |
оның ішінде |
2006 жыл | 5759,9 14339,2 | РБ Бюджеттен тыс қаражат |
2007 жыл | 19535,7 41617,8 | РБ Бюджеттен тыс қаражат |
2008 жыл | 8487,2 31731,7 | РБ Бюджеттен тыс қаражат |
9. Ескертпелер:
* - тиісті жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде жыл сайын нақтыланатын қаржыландыру көлемі;
** - шығыстар сомасы алдын ала есептелген және ол кәсіпорындардың даму жоспарларында нақтыланатын болады;
*** - шығыстар сомасы алдын ала есептелген.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;