Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 1238 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 94-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 21-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың 5-бағанында:
реттік нөмірі 1-жолда:
2) тармақшадағы «дауыстық ақпаратты сақтау және жазу жүйесін кеңейту;» деген сөздерден кейін «үздіксіз қоректендіру көзі; қозғалмалы объектілердің тұрған жерін автоматты түрде анықтау жүйесін кеңейту;» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |