Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 1209 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 186-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағанында:
«Астана қаласында Есіл өзені арқылы Қабанбай батыр даңғылы мен көпірді қайта жаңарту ( «Рамстор» СО ауданы)» деген сөздерден кейін «, оның ішінде мердігерлік ұйым Тапсырыс берушіге тауарды жеткізбеген, жиынтықсыз жеткізген немесе тиісті сапада жеткізбеген жағдайда аванстық төлемақы мөлшеріне тең сомаға сақтандыру полисі немесе Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі тапсырыс берушінің атына берген банктік кепілдік немесе банкте тапсырыс берушінің тиісті шотында орналастырылатын ақша кепілдігі түрінде аванстың төленген сомасын сөзсіз қайтаруды қамтамасыз ету шартымен материалдар мен жабдыққа тапсырыс беру үшін шарттың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) ақы төлеу» деген сөздермен толықтырылсын;
«(мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 20 қарашадағы № 2-618/06 қорытындысы)» деген сөздерден кейін «, оның ішінде мердігерлік ұйым Тапсырыс берушіге тауарды жеткізбеген, жиынтықсыз жеткізген немесе тиісті сапада жеткізбеген жағдайда аванстық төлемақы мөлшеріне тең сомаға сақтандыру полисі немесе Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі тапсырыс берушінің атына берген банктік кепілдік немесе банкте тапсырыс берушінің тиісті шотында орналастырылатын ақша кепілдігі түрінде аванстың төленген сомасын сөзсіз қайтаруды қамтамасыз ету шартымен материалдар мен жабдыққа тапсырыс беру үшін шарттың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) ақы төлеу» деген сөздермен толықтырылсын;
«Астана қаласында М-3 жаңа көпірін салу (мемлекеттік сараптаманың 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 2-721/04 қорытындысы)» деген сөздерден кейін «, оның ішінде мердігерлік ұйым Тапсырыс берушіге тауарды жеткізбеген, жиынтықсыз жеткізген немесе тиісті сапада жеткізбеген жағдайда аванстық төлемақы мөлшеріне тең сомаға сақтандыру полисі немесе Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі тапсырыс берушінің атына берген банктік кепілдік немесе банкте тапсырыс берушінің тиісті шотында орналастырылатын ақша кепілдігі түрінде аванстың төленген сомасын сөзсіз қайтаруды қамтамасыз ету шартымен материалдар мен жабдыққа тапсырыс беру үшін шарттың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) ақы төлеу» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |