Бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы № 1165 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 557 Қаулысымен күші жойылды
«Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 1165 қаулысымен
Бекітілген
Бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы
1. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды көму жөніндегі қызметтер.
2. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларына электр энергиясын «Солтүстік - Оңтүстік» транзиті бойынша бере отырып өндіру және сату.