2. 5.1.2-кіші бөлімде жазылған қосымша өлшемдердің негізінде іріктелген және салалық стратегияларға сәйкес келетін перспективалы тауарлар (қызметтер) тізбесін Мемлекеттік комиссия мақұлдайтын болады.
3. Уәкілетті орган әрбір бекітілген тауар (қызмет) бойынша Бағдарламаның операторымен, Сараптама кеңесімен және халықаралық сарапшылармен бірлесіп, мастер-жоспарларды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Мастер-жоспарлар кіріктірілген, өзара байланысты және ілеспе өндірістер мен инфрақұрылымдарды құру үшін жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары түрінде берілетін болады, оған:
өңірлердің мамандануын ескере отырып, өндірістік кешеннің ұсынылатын орналасқан жері;
өндірістерді құру кезеңділігі мен дәйектілігі;
жобалардың қаржы-экономикалық модельдері;
табыстылығының ішкі нормасы (IRR), келтірілген таза құны (NРV), ақтау кезеңі, сондай-ақ жобалар тиімділігінің басқа да көрсеткіштері;
қажетті индустриялық-инновациялық инфрақұрылым (электр энергиясы, көлік инфрақұрылымы, көлік-логистикалық орталықтар, зертханалар) және олардың қазіргі қолда бар инфрақұрылым желілеріне кіріктірілуі;
өнімді өткізудің ықтимал нарықтары мен дистрибуциялар арналары;
мамандану бөлінісінде еңбек ресурстарына қажеттіліктің есебі, сондай-ақ жобаларды білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;
мемлекеттік қолдаудың ықтимал көлемі;
инвестициялық жобаларды іске асырған кезде қажет басқа да факторлар кіреді.
4. Уәкілетті орган мастер-жоспарды Мемлекеттік комиссияның қарауына енгізеді.
5. Бағдарламаның операторы бекітілген мастер-жоспарлар базасында әрбір жоба бойынша ашық конкурстар өткізеді.
6. Өтініш беруші Бағдарламаның операторына түпкілікті техникалық-экономикалық негіздеме мен мастер-жоспарда ерекше көзделген мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары мен көлемдері бойынша ұсыныстар береді.
7. Уәкілетті орган мен Бағдарламаның операторы Сараптама кеңесімен бірлесіп, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне бағалау жүргізеді және мемлекеттік қолдау, оның ішінде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мүмкіндігін бағалайды. Жобаны бағалаудың нәтижелері және мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын деңгейі Сараптама кеңесінің қарауына шығарылады.
8. Уәкілетті орган Бағдарламаның операторымен бірлесіп әрбір жоба бойынша»«жобаның паспортын»«жасайды, оған жобаның негізгі көрсеткіштері мен мемлекеттік қолдаудың сұралатын деңгейі қамтылады.
9. Уәкілетті орган»«жобалар паспорттарының» қосымшасымен бірге жобаларды Мемлекеттік комиссияның қарауына енгізеді.
10. Мемлекеттік комиссия жобалар мен мемлекеттік қолдаудың түпкілікті деңгейін мыналарды ескере отырып, мақұлдайды:
жобаны іске асыруға жеке сектордың үлесі;
бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің дәрежесі;
жобаның табыстылығы мен тиімділігінің басқа да көрсеткіштері;
жобаны іске асыру мерзімі мен құны.
11. Уәкілетті орган Бағдарламаның операторымен және жобаға қатысушымен меморандум жасасады, онда:
тиімділік көрсеткіштерін қоса алғанда, жобаның негізгі сипаттамалары;
жобаны іске асыру мерзімі;
мемлекет пен бизнестің міндеттемелері, оның ішінде әлеуметтік;
тараптардың міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілігі;
жобаны түзету тетігі;
жобадан шығу шарттары;
бірлескен жобаны табысты іске асыру үшін қажетті басқа да жағдайлар көрсетіледі.
Меморандумның нысанын Уәкілетті орган әзірлейді және Мемлекеттік комиссия мақұлдайды. Жобаны түзетуді жүзеге асырудың жалпы тәртібі мен бағдарламаға қатысушының жобадан шығу шарттарын белгілеуді Мемлекеттік комиссия мақұлдайды.
12. Мемлекеттің жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемелері мемлекеттік қолдауды ұсынудың нақты тетіктері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ресімделеді. Осы қаулыда сол сияқты нормативтік құқықтық базаның келісілген өзгерістері мен толықтыруларын барлық экономикалық қызмет субъектілеріне қолдану жөнінде шешім қабылданады.
13. Уәкілетті орган Бағдарлама операторының ұсынысы бойынша жобаны мемлекеттік қолдауға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастырады.
Жоба аяқталған соң және объект пайдалануға тапсырылғаннан кейін мемлекет өзінің жарғылық капиталға қатысу үлесін қор биржаларында сататын болады. Мемлекетке тиесілі акцияларды іске асыруға жобаны Бағдарлама шеңберінде іске асыратын компания корпоративтік көшбасшы өлшеміне қол жеткізгеннен кейін ғана немесе Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша мүмкін болады.
5.3. Мемлекеттік қолдаудың ықтимал шаралары
Мыналар мемлекеттік қолдаудың шаралары болып табылады:
мемлекеттің жобаны қаржыландыруға қатысуы - жобаның жалпы құнының 50%-ынан аспайды;
жобаны іске асыру үшін құрылатын компанияның жарғылық капиталына қатысу - 50%-дан аспайды алу 1 акция, бірақ жобаны қаржыландыруда қатысу үлесінен кем емес;
ұзақ мерзімді қарыздар беру;
мемлекеттік кепілдіктер мен кепілдемелер беру;
қолданыстағы заңнама шеңберінде салықтық және кедендік преференциялар беру;
қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және/немесе мемлекеттік инфрақұрылымдық компаниялардың жобасына қатысу;
экспорттық операцияларды жүзеге асыруға жәрдемдесу, оның ішінде сауда-саттық келісімдері шеңберінде саяси қолдау;
жобаны іске асыру және компанияның одан әрі жұмыс істеуі үшін қажетті көлемде бейінді шикізат кен орындарына жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру не қажетті кен орындарын дайындауды ұйымдастыру және жобаны іске асыру және компанияның одан әрі жұмыс істеуі үшін шикізат беру;
әкімшілік кедергілерді жою (азайту), оның ішінде қызметті жүзеге асыруға лицензиялар мен өзге де рұқсаттар беру, жобаны іске асыруға және өндірістің одан әрі жұмыс істеуіне кедергі келтіретін кедендік рәсімдерден өту және салықтық әкімшілендіру рәсімдерін оңайлату бөлігінде;
білікті еңбек ресурстарымен, оның ішінде білім беру объектілерін дамыту, кадрларды даярлау және қайта даярлау курстарын ұйымдастыру, жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жағдайлар қалыптастыру есебінен қамтамасыз ету;
ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде жобаны іске асыру үшін қажетті ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды бірлесіп қаржыландыру;
мемлекеттік тапсырыстар беру;
лицензиялар мен патенттерді кейіннен Бағдарламаға қатысушының пайдалануына беру мақсатында оларды сатып алу;
жобаны іске асыру үшін қажетті жер учаскелерін бөлу.
Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың жиынтық деңгейі жобаның жалпы құнынан аспауы тиіс, бұл өз кезегінде өзіне көптеген өзара байланысты және ілеспе өндірістерді қамтитын өндірістік кешендердің дамуын ынталандыратын болады.
5.4. Бағдарламаның іске асырылуына тікелей қатысатын органдар
Мемлекеттік комиссия
Мемлекеттік комиссияның қызметі мыналарды білдіреді:
перспективалы салалар мен өнімдердің тізбесін, мастер-жоспарларды және нақты инвестициялық жобаларды мақұлдау;
экономика секторлары бөлінісінде жобаларды іске асыру тиімділігі көрсеткіштерінің нақты шекті маңыздарын мақұлдау;
жобалар бойынша мемлекеттік қолдау деңгейін есептеу әдістемесін мақұлдау;
мемлекеттік қолдаудың түпкілікті деңгейін айқындау;
Бағдарлама операторының жобалардың іске асырылу барысы туралы есептерін қарау;
жобаларды түзету мен тараптардың жобалардан шығуының жалпы тәртібін мақұлдау;
жобалардың мониторинг әдістемесін мақұлдау;
мемлекет пен бизнестің жобаларды іске асыру бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындау барысын бақылау;
осы Бағдарлама ережелерінен туындайтын өзге де шешімдер қабылдау.
Уәкілетті орган
Уәкілетті органның қызметі мыналарды білдіреді:
экономика секторларының бөлінісінде жобалардың іске асырылу тиімділігі көрсеткіштерінің нақты шекті мәндерін әзірлеу:
жобаларды іріктеу бойынша егжей-тегжейлі өлшемдерді әзірлеу және бекіту;
жобаларды алдын ала қарау үшін өтінімдер нысандары мен құжаттар тізбелерін бекіту;
жобаларды түпкілікті бағалау үшін қажетті құжаттардың толық тізбесін бекіту;
мемлекеттік қолдаудың ықтимал деңгейінің есептеу әдістемесін әзірлеу;
Бағдарлама операторы мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өзара іс-қимыл тетігін әзірлеу;
Бағдарлама жобалары мен инфрақұрылымдардың тиісті жобаларын келісілген қаржыландыру тетігін әзірлеу;
жобаларды түзетудің жалпы тәртібі мен тараптардың жобалардан шығуын айқындау;
үлгі меморандумын әзірлеу;
Сараптама кеңесімен жобаларды және олардың мемлекеттік қолдау деңгейін келісу;
Бағдарлама операторымен бірлесіп»жобалардың «паспорттарын» жасау;
жеке сектормен және тәуелсіз сыртқы сарапшылармен бірлесіп, экономиканың басым секторлары мен нақты тауарларды (қызметтерді) айқындауға қатысу;
мастер-жоспарларды әзірлеуді қамтамасыз ету;
Бағдарлама өлшемдеріне сәйкес келетін жобаларды Мемлекеттік комиссияның қарауына енгізу;
мемлекет пен бизнес арасындағы меморандумға мемлекет атынан қол қою;
мемлекеттік қолдауға бюджет өтінімдерін қалыптастыру;
жобалар мониторингі әдістемесін әзірлеу.
Бағдарламаның операторы
Мемлекет пен жеке бизнес арасында диалог құру жөніндегі маңызды рөл Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Бағдарлама операторына берілген. Жобаларды іріктеу және іске асыру шеңберінде»«жалғыз терезе» қағидаты пайдаланылатын болады, мұнда жеке бизнес Бағдарлама операторына өтінім береді және одан әрі барлық іс-әрекет Бағдарлама операторы арқылы жүзеге асырылады, бұл барлық рәсімдердің барынша түсінікті және ашық болуына мүмкіндік береді. Бағдарлама операторының қызметі мыналарды білдіреді:
бизнеске Бағдарламаның негізгі ережелерін түсіндіру;
жобаларды бағалау бойынша егжей-тегжейлі өлшемдер әзірлеу;
жеке сектор өтінімін жинау және бастапқы қарау;
жобаның іске асырылу орындылығын, жобадан алынатын әсерді және мемлекеттік қолдаудың тиімді пакетін талдау;
Уәкілетті органмен бірлесіп «жобалардың паспорттарын» құру;
Уәкілетті органға бюджеттік өтінімді қалыптастыру үшін сұрау салуды беру;
инвестициялық жобаларды іске асыру (жеке сектормен бірлесіп);
жобалардың іске асырылу мониторингін жүзеге асыру және жобалардың іске асырылу барысы туралы тоқсан сайынғы есептерді Уәкілетті орган мен Мемлекеттік комиссияның қарауына ұсыну;
Мемлекеттік комиссияны жобадағы өзгерістер туралы (жобаның құны, іске асыру мерзімдері) олардың себептерін көрсете отырып, жедел хабардар ету;
жобаларды іске асыру кезіндегі проблемалар туралы есепті қалыптастыру.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды Бағдарламаны іске асыру үдерісіне тарту үшін Уәкілетті орган жобаларды іріктеу, іске асыру және олардың мониторингі кезінде Бағдарлама операторы мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өзара іс-қимыл тетігін айқындайтын болады. Бұдан басқа, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өңірлік және өңіраралық маңызы бар құны 100 млн. АҚШ долларынан кем жобаларды іске асыруы үшін Үкімет тиісті бағдарлама бекітетін болады.
Сараптама кеңесі
Мемлекеттік қолдауды бөлудің орындылығы мен әділдігіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында консультативтік-кеңесші орган ретінде Сараптама кеңесі қалыптастырылатын болады, оның құрамына бизнестің, салалық қауымдастықтар мен басқа да мүдделі тараптардың өкілдері кіреді. Осылайша, Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын барлық жобалар Мемлекеттік комиссияның қарауына дейін Сараптама кеңесімен келісілетін болады.
5.5. Бағдарламаның іске асырылу барысының мониторингі
Мониторинг мынадай кезеңдерден тұрады:
пайданың, экспорттық табыстың, салықтық төлемдердің жобаны іске асыру тиімділігінің басқа да көрсеткіштерінің жоспарланған және нақты деңгейі арасындағы алшақтықтарды айқындау;
күнтізбелік жоспар мен жобаның бюджетін іске асырудағы алшақтықтарды айқындау;
осы алшақтықтардың себептерін анықтау;
оларды жою жөнінде шаралар қабылдау.
Жобаларды іске асыру мониторингінің жүйесі тоқсан сайынғы негізде ұйымдастырылатын болады.
Жобалардың мониторингі әдістемесін Уәкілетті орган әзірлейді және Мемлекеттік комиссия мақұлдайды.
Бағдарламаларды іске асыру кезінде мүмкін болатын жүйелі қауіп-қатерлерді ескеру қажет.
Біріншіден, мемлекеттік қолдауды тоқтатқаннан кейін әлемдік және өңірлік нарықтарда бәсекеге қабілетті бола алмайтын тиімсіз жобаларды таңдау және іске асыру ықтималдығы бар.
Екіншіден, қосымша өндірістік, әлеуметтік және зияткерлік инфрақұрылымның құрылысы инвестицияның үлкен көлемін болжайды, бірақ жобаларды сәтсіз іске асырған жағдайда бұл инфрақұрылым өзін-өзі ақтамайтын болады.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламаны іске асыру үшін Бағдарламаға қатысушылардың, отандық және шетелдік инвесторлардың, екінші деңгейдегі банктердің, мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының өз қаражаттары, республикалық және жергілікті бюджет қаражаты тартылатын болады.
Ілеспе инфрақұрылымның құрылысын және жобалардағы мемлекеттің қатысу үлесін қаржыландыру үшін мемлекеттік қолдау шараларының шеңберінде орта мерзімді кезеңге арналған тиісті бюджеттік бағдарламалар қалыптастырылатын болады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай нәтижелер алынады деп күтілуде:
Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің өңірлік және әлемдік нарықтарында бәсекеге қабілетті корпорациялардың қалыптасуы;
ЖІӨ құрылымындағы шикізаттық емес сектор үлесінің ұлғаюы;
шикізат емес экспорт көлемінің өсуі және географиясының кеңеюі;
қазақстандық брендтердің қалыптасуы;
биржа саудасы жүйесінің дамуы, компаниялардың әлемдік қор және тауар биржаларына шығуы;
мемлекеттік жеке меншік әріптестіктің жұмыс істейтін тетігінің құрылуы және дамуы;
шикізат емес секторлардағы еңбек өнімділігінің ұлғаюы және ғылымды қажетсінетін әрі энергиялық тиімді өндірістердің дамуы;
инфрақұрылымдардың халықаралық талаптарға сәйкес дамуы;
аралас салаларға арналған мультипликативтік және синергетикалық әсерге қол жеткізу.
Корпоративтік көшбасшылардың бағалы қағаздарын орналастыру Қазақстандағы қор нарығының дамуына серпін береді: нарыққа қатысушы заңды және жеке тұлғалар белсенділігінің ұлғаюы, қор нарығы көлемінің өсуі. Корпоративтік көшбасшылардың Еуропаның, Американың және Азияның қор нарығына шығуы Қазақстанға инвестицияның қосымша ағынын тартады.
8.«Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы»
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс шаралар | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі | Болжамды шығыстар | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Жобаларды алдын ала қарауға арналған өтінім нысанын және құжаттардың тізбесін әзірлеу | ЭБЖМ бұйрығы | ЭБЖМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ | 2007 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | |
2 | Жобаларды түпкілікті бағалау үшін қажетті құжаттардың тізбесін әзірлеу | ЭБЖМ бұйрығы | ЭБЖМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ | 2007 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | |
3 | Сараптама кеңесін құру | Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің өкімі | ЭБЖМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ | 2007 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | |
4 | Жобаларды іріктеу жөніндегі егжей-тегжейлі елшемдерді әзірлеу | ЭБЖМ бұйрығы | ЭБЖМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ | 2007 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | |
5 | Экономика секторларының бөлінісінде жобаларды іске асыру тиімділігі көрсеткіштерінің нақты шекті мәндерін әзірлеу | МК шешімі | ЭБЖМ, ИСМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ | 2007 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | |
6 | Жобалар бойынша мемлекеттік қолдаудың ықтимал деңгейін есептеу әдістемесін әзірлеу | МК шешімі | ЭБЖМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ | 2007 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | |
7 | Бағдарлама жобалары мен тиісті инфрақұрылым жобаларын келісіп қаржыландыру тетігін әзірлеу | МК шешімі | ЭБЖМ, ИСМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ | 2007 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | |
8 | Уәкілетті орган, Бағдарламаның операторы және жобаға қатысушы арасындағы меморандумның үлгі нысанын әзірлеу | Меморандумның үлгі нысаны | ЭБЖМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ | 2007 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | |
9 | Жобаны түзетуді жүзеге асырудың жалпы тәртібін және Бағдарламаға қатысушының жобадан шығу шарттарын әзірлеу | МК шешімі | ЭБЖМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ | 2007 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | |
10 | Жоба мониторингінің әдістемесін әзірлеу | МК шешімі | ЭБЖМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ | 2007 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | |
11 | Нормативтік құқықтық базаның өзгеруі туралы ақпарат және оны жетілдіру жөніндегі ұсынымдар | Үкіметке есеп | ЭБЖМ, ИСМ, Әділет мині, ККМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ | Тоқсан сайын, 2008-2015 жылдар | Талап етілмейді | |
12 | Бағдарлама операторы мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жобаларды іріктеу, іске асыру және мониторингі кезіндегі өзара іс-қимыл тетігін әзірлеу | ЭБЖМ бұйрығы | ЭБЖМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, ӘКК | 2008 жылғы ақпан | Талап етілмейді | |
13 | Нақты тауарларды (қызметтерді) көрсете отырып, экономиканың шикізат емес экспортқа бағдарланған басым салаларын айқындау | МК шешімі | ЭБЖМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ | 2008 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | |
14 | Мастер-жоспарлар әзірлеу | МК шешімі | ЭБЖМ, ИСМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ | 2009 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | |
Ескертпе:
МК | - Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы; |
ЭБЖМ | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі; |
ИСМ | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі; |
Әділетмині | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі; |
ККМ | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі; |
«Қазына» ОДҚ» АҚ | - «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы; |
ӘКК | - Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация. |
1-қосымша
Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру тетігі
2-қосымша
Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру тетігі