«Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1097 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында экономиканың шикізат емес секторының экспорттық әлеуетінің әр тараптандырылуын және дамуын қамтамасыз ететін өндірістің жаңаларын құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы19 қарашадағы
№ 1097 қаулысымен
Бекітілген
«Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы»
Бағдарламасы
Мазмұн
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Мәселенің қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
5.1. Бағдарламаны іске асыру бағыттары
5.2. Бағдарламаны іске асыру тетіктері
5.3. Мемлекеттік қолдаудың ықтимал шаралары
5.4. Бағдарламаның іске асырылуына тікелей қатысатын органдар
5.5. Бағдарламаның іске асырылу барысының мониторингі
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
8.«Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы»
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1-қосымша Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру тетігі
2-қосымша Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру тетігі
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы | «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы |
Бағдарламаны әзірлеу | «Қазақстан Республикасының экономикасын үшін негізі жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314Жарлығының 3-тармағы |
Бағдарламаны әзірлеуші | Қазақстан Республикасы Экономика жәнебюджеттік жоспарлау министрлігі |
Бағдарламаның мақсаты | Ел экономикасының шикізаттық емессекторының экспорттық әлеуетініңәртараптандырылуын және дамуынқамтамасыз ететін бизнес пенмемлекеттің жаңа өндіріс орындарынқұрудағы және жұмыс істеп тұрғандарынжаңғыртудағы күш-жігерін жұмылдыру |
Бағдарламаның міндеттері | 1. Қазақстанда өңірлік және әлемдікауқымдағы корпоративтік көшбасшылардықалыптастыру жолымен бәсекегеқабілетті, экспортқа бағдарланғансалаларды және өндірістің шикізаттықемес секторын құруға жәрдемдесу 2. Жағымды бизнестік орта менинвестициялық ахуалды қалыптастыру 3. Халықаралық стандарттар менбизнестің барабар талаптарына сәйкескелетін бәсекеге қабілеттіиндустриялық-инновациялықинфрақұрылымдарды дамыту |
Бағдарламаны іске асыру Мерзімдері | 2007 - 2030 жылдар |
Қажетті ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыру көздері | Бағдарламаны іске асыру үшін Бағдарламаға қатысушылардың, отандық және шетелдік инвесторлардың, екінші деңгейдегі банктердің, мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының өз қаражаты, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты тартылатын болады |
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер | Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің өңірлік және әлемдік нарықтарында бәсекеге қабілетті корпорациялардың қалыптасуы; ЖІӨ құрылымындағы шикізат емес секторлар үлесінің ұлғаюы; шикізат емес экспорт көлемінің өсуі және географиясының кеңеюі; қазақстандық брендтердің қалыптасуы; биржа саудасы жүйесінің дамуы, компаниялардың әлемдік қор және тауар биржаларына шығуы; мемлекеттік жеке меншік әріптестіктің жұмыс істейтін тетігінің құрылуы және дамуы; шикізат емес секторлардағы еңбек өнімділігінің ұлғаюы және ғылымды қажетсінетін және энергиялық тиімді өндірістердің дамуы; инфрақұрылымдардың халықаралық талаптарға сәйкес дамуы; аралас салаларға арналған мультипликативтік және синергетикалық тиімділікке қол жеткізу |
2. Кіріспе
«Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына сәйкес әзірленді.
Бағдарлама перспективалы инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимыл схемасын белгілейді. Осы құжатта:
жобаларды дайындау мен іске асыруды мемлекеттік қолдаудың ықтимал шараларының толық тізбесі келтірілген;
жобалардың экономикалық тиімділігін бағалау тетігі белгіленген;
барлық мүдделі тараптардың өзара іс-қимыл схемасы келтірілген;
Бағдарламаны іске асыру мониторингінің тетігі айқындалған;
Бағдарламаға енгізілген жобаларды мемлекеттік қаржыландыру тетігі айқындалған.
Мыналар Бағдарламаның негізгі қағидаттары болып табылады:
транспаренттілік - Бағдарламаға қатысушылардың тізбесі, мастер-жоспарлар, өтінім берушілердің сауалдары, мемлекеттік қолдаудың бекітілген шаралары, мемлекет пен бизнес арасындағы меморандумдар, сондай-ақ құпиялылық сипаты бар тиісті ережелерді қоспағанда, жобалар мониторингінің нәтижелері жариялануы тиіс; Бағдарлама шеңберінде шешімдер қабылдау барлық мүдделі тараптар қатысқан жағдайда алқалы түрде жүзеге асырылады;
әріптестік - Бағдарламаны іске асыру мемлекеттің жеке сектормен өзара іс-қимылының негізінде жүзеге асырылады, онда мемлекет маркетингтік талдау жүргізуге, инфрақұрылымды құруға және дамытуға, қолайлы бизнес-ахуалды қалыптастыруға ден қояды;
тең қол жетімділік - отандық сияқты шетелдік компаниялар да Бағдарламаға қатысушы бола алады;
Қазақстан Республикасында табыс орталығын ұйымдастыру - Бағдарлама шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру үшін құрылған компаниялар Қазақстан Республикасының резиденттері болуы тиіс;
трансферттілік (тарату әсері) - нормативтік құқықтық базаны (бизнес-ортаны жақсарту) жетілдіруге қатысы бар мемлекеттік қолдау шаралары, экономикалық қызметтің барлық субъектілеріне қолданылады;
сабақтастық - мемлекеттік қолдау шаралары, инвестициялық жобаларды іске асыру тетіктері мен Бағдарламада көрсетілген басқа да құралдарды, сондай-ақ өңірлік және өңіраралық маңызы бар жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар да қолданатын болады;
тәуекелдерді бөлу - негізгі инвестициялық тәуекелдерді жеке сектор өзіне алады;
ұзақ мерзімділік - Бағдарламаның іс-әрекеті мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерін іске асыруға бағытталған.
Осы Бағдарламада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Мемлекеттік комиссия | «Қазақстан Республикасының экономикасынжаңғырту жөніндегі шаралар туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығыменбекітілген Қазақстан Республикасыныңэкономикасын жаңғырту мәселелеріжөніндегі мемлекеттік комиссия; |
Уәкілетті орган | Бағдарламада белгіленген міндеттердішешу шеңберінде мемлекеттің мүддесінбілдіретін Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі уәкілеттік берген мемлекеттікорган; |
Бағдарламаның оператор(лар)ы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Бағдарлама бойыншафункцияларды іске асыруға уәкілеттізаңды тұлға; |
Сараптама кеңесі | Консультативтік кеңесші органныңфункцияларын орындайтын, бизнестің, бизнес қауымдастықтардың,институционалдық инвесторлардың жәнемүдделі мемлекеттік органдардыңөкілдерінен қалыптасқан,Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен бекітілгенсарапшылар тобы; |
Корпоративтік көшбасшы | Әлемдік және/немесе өңірлік нарықтардаорнықты ұстаным алатын, экспортыныңүлесі Қазақстан Республикасыныңшикізаттық емес экспортының жалпыкөлемінің кемінде 2%-ын құрайтынБағдарламаға қатысушы; |
Мастер-жоспар | Әрбір жоба бойынша алдын ала техника-экономикалық негіздемені жәнеинвестициялық жобаларды табысты іскеасыру үшін заңнаманы жетілдіружөніндегі ұсынымдарды қамтитынықпалдасқан, өзара байланысты жәнеілеспе өндірістер кешенін жәнеинфрақұрылым (заттай және зияткерлік)құру жөніндегі іс-шаралар жоспары; |
Өтінім беруші | Бағдарлама шеңберінде инвестициялықжобаны іске асыруға мүдделі заңдытұлға; |
Қатысушы | Бағдарлама шеңберінде инвестициялықжобаны іске асыратын заңды тұлға. |
Бағдарламаны ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету үшін мынадай жұмыс жүргізілетін болады:
Бағдарламаны іске асыруды қолдау веб-сайтын ашу, онда инвестициялық жобаларды іріктеудің, мемлекеттік қолдаудың ықтимал деңгейі есептерінің, өтініштер беру тетіктері мен инвестициялық жобаларды іске асырудың негізгі өлшемдері егжей-тегжейлі түсіндірілетін болады;
отандық және шетелдік бизнестің қатысуымен конференциялар мен семинарлар өткізу;
Бағдарламаның негізгі ережелерін жариялау және оны іске асыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарын тарту.
3. Мәселенің қазіргі жай-күйін талдау
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру кезеңінде мемлекеттік даму институттары экономиканың шикізаттық емес салаларындағы жеке меншік инвестициялық жобаларды қолдау жөнінде белгілі бір жұмыс жүргізді. Бұл ретте жобаларды және сауда операцияларын қаржыландыру, лизингтік қызметтер ұсыну, экспорттық операцияларды сақтандыру және тағы басқалары мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдары болды.
Алайда, қазіргі кезде экономиканың шикізат емес секторлары кірістілігі бойынша өндіруші сектормен және құрылыспен бәсекелесе алмайды. Бұдан басқа, өңдеуші секторларда инвестициялық белсенділікке елеулі теріс әсерін тигізетін бірқатар факторлар бар.
Біріншіден, экономиканың шикізат емес секторларындағы жобалардың қайтарымдылығы көп уақыт алуы мүмкін екендігіне, ал өнімдердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін едәуір инвестиция (осы заманғы өндірістік жабдықтар, технологиялар сатып алу, кадрларды оқыту) қажет ететініне байланысты осы секторлардың инвестициялық тартымдылығы айтарлықтай төмендейді.
Екіншіден, өндірістік инфрақұрылымның (темір жол инфрақұрылымы, электр энергетикасы мен электр тарату желілері, телекоммуникация қызметі, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау және тағы басқа инфрақұрылымдар) және логистикалық орталықтардың нашар дамуы өнімдердің бәсекеге қабілеттілігіне теріс ықпалын тигізеді.
Үшіншіден, экспорттық операцияларды мемлекеттік әкімшілендірудің қолданыстағы жүйесі тиімді емес болып табылады және экономиканың шикізат емес экспортқа бағдарланған секторларына инвестициялардың тартымдылығын төмендетеді.
Төртіншіден, өндіруші кәсіпорындардың көпшілігі тұтынушылардың орнықты желісін қалыптастырып үлгергендіктен және ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша міндеттемелермен байланысты болғандықтан, ішкі нарықта шикізат ресурстарының белгілі бір тапшылығы бар.
Бесіншіден, білікті кадрлардың тапшылығы және көптеген әкімшілік кедергілердің болуы өндірісті ұйымдастырған кезде қосымша қиындықтар туындатады.
Сыртқы нарықтарды жеңіп алуда трансұлттық корпорациялар (корпоративтік көшбасшылар) барынша ірі табысқа қол жеткізетіндігін, ал жаһандану және халықаралық қатал бәсекелестік жағдайында экономиканың шикізат емес секторларындағы корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру көп жағдайларда мемлекеттің ынталандыру шараларының көмегінсіз жүргізілмейтіндігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Форбс (Forbes) журналының деректеріне сәйкес 100 ірі корпорацияның ішінен тек 35 компания ғана мұнай емес және қаржылық емес секторларда операциялар жүргізеді. Сонымен қатар әлемнің ірі корпорациялары 15-20 жыл бұрын Батыс Еуропа, Америка Құрама Штаттары және Жапония елдерінің өкілдерінен құралса, 2006 жылы әлемнің 100 ірі корпорациясы арасында Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей және Бразилия компаниялары болды. Бұл ретте Samsung Electronics Оңтүстік Корея компаниясы компаниялардың жалпы рейтингінде 63-орынды және шикізаттық емес және қаржылық емес компаниялардың арасында 19-орынды алады және әлемдегі ірі электртұрмыстық аспаптарды шығарушы болып табылады.
Осы Бағдарлама жоғарыда көрсетілген проблемаларды экономиканың шикізат емес экспортқа бағдарланған секторларында инвестициялық жобаларды іске асыруды мемлекет пен бизнестің серіктестігі негізінде мемлекеттік ынталандырудың жаңа құралдарын әзірлеу және енгізу жолымен шешуге бағытталған.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты ел экономикасының шикізат емес секторының экспорттық әлеуетінің әртараптандырылуын және дамуын қамтамасыз ететін бизнес пен мемлекеттің жаңа өндіріс орындарын құрудағы және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртудағы күш-жігерін жұмылдыру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Қазақстанда өңірлік және әлемдік ауқымдағы корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру жолымен бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған салаларды және өндірістің шикізат емес секторын құруға жәрдемдесу.
2. Қолайлы бизнестік орта мен инвестициялық ахуалды қалыптастыру.
3. Халықаралық стандарттар мен бизнестің барабар талаптарына сәйкес келетін бәсекеге қабілетті индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамыту.
Корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру Бағдарламаны іске асырудың тікелей нәтижесі болып табылады. Мынадай компаниялар корпоративтік көшбасшы болып танылады:
экспорт үлесі Қазақстанның шикізаттық емес экспортының жалпы көлемінің кемінде 2% пайызын экспорт үлесі құрайтын;
ішкі, өңірлік және/немесе әлемдік нарықтағы танымал»«брэнды» бар;
ҒЗТҚЖ-да инвестициялардың жоғары деңгейі бар;
Бағдарлама шеңберінде іске асырылған объектіні пайдалануға енгізгеннен кейін, 3 жылдан кешіктірмей қор биржасында (ІРО) акцияларының бағамдауы бар;
Бағдарламаны іске асырудың инвестициялық жобаларды іріктеу мен басқару бөлігінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің институционалдық тетіктерін жетілдіру, оларды іске асыруға қатысатын әрбір инвестордың үлесі мен қатысу шарттарын айқындау, сондай-ақ жұмыстың атқарылуы мен қызметтің түпкілікті нәтижелерін бөлу жауапкершілігі жанама әсері болып табылады.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
5.1. Бағдарламаны іске асыру бағыттары
Бағдарлама мемлекет пен бизнестің экономиканың шикізаттық емес экспортқа бағдарланған секторларындағы бірлескен инвестициялық жобаларын іске асыру жөніндегі екі бағытты қамтиды.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде перспективалы инвестициялық жобаларды іріктеудің базалық талаптары мыналар болып табылады:
1. Мынадай секторларда жобаларды іске асыруға мүдделі инвесторлар Бағдарламаға қатысушылар бола алады:
Қазақстанда орын алған қайта бөлулерден кейінгі игеру жөніндегі өндірістерді ұйымдастыру;
экспортқа бағдарланған қайта өңдеу өндірістерін жаңғырту және құру;
көлік-логистикалық орталықтарды дамыту.
2. Инвестициялық жобаны іске асыру үшін құрылатын компанияның жарғылық қоры іске асырылатын жобаның жалпы құнының 20% пайызынан кем болмауы керек.
Бағдарламаны іске асыруды қолдау мақсатында мемлекет шикізаттық емес сектордың өсіп отыратын қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін концессиялық тетіктер негізінде инфрақұрылым объектілерін дамытуға үлкен көңіл бөледі. Уәкілетті орган Бағдарлама және инфрақұрылымның тиісті жобалары шеңберіндегі жобаларды келісілген қаржыландыру тетігін әзірлейтін болады.
5.1.1. Бірінші бағыт
Бірінші бағыт бизнес іске асыруға ұсынатын инвестициялық жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді. Бұл жағдайда мемлекеттің рөлі жобаларды бағалаумен, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың нақты шаралары мен көлемін айқындаумен және берумен тұжырымдалады. Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты 2007-2010 жылдар кезеңіне есептелген.
Кең ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде мемлекет пен бизнес ынтымақтастығының тиімді тетігін жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасын экономикалық дамудың жаңа кезеңінің қажеттіліктеріне сәйкес келтіру осындай өзара іс-қимылдың нәтижелерінің бірі болды.
Бірінші бағытты іске асыру шеңберінде перспективалық инвестициялық жобаларды түпкілікті іріктеу үшін мыналар қосымша талаптар болып табылады:
жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің болуы;
жобаның құны - кемінде 100 млн. АҚШ долл.;
жобадан мультипликативтік және жүйе құрайтын әсердің болуы;
жобаның экспортқа бағдарлануы - өндірілген өнімнің кемінде 30% экспортқа жіберілетін болады;
қазіргі заманғы технологияларды пайдалану;
өңірлердің мамандануымен өзара байланыс;
жергілікті шикізатты және жинақтауыштарын пайдалану;
жобаның өзін-өзі ақтауы - оң таза келтірілген құны (NРV) және басқа көрсеткіштерінің тиімділігі. Экономика секторларының бөлінісінде жобаларды іске асыру тиімділігі көрсеткіштерінің нақты шекті мәнін Уәкілетті орган әзірлейді және Мемлекеттік комиссия мақұлдайды.
5.1.2. Екінші бағыт
Екінші бағыт жеке сектор мен мемлекеттің бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған тауарларды (қызметтерді) айқындау жөніндегі бірлескен жұмысына негізделген. Жеке сектор мемлекетпен бірлесіп, Қазақстан экономикасының шикізаттық емес экспортқа бағдарланған басым секторларында қазақстандық тауарлардың халықаралық нарықтарға шығуы үшін серпілісті шоғырландырылған әсерін қамтамасыз ететін ықпалдасқан, өзара байланысты және ілеспе өндірістер құру жөніндегі жобаларды айқындайды және іске асыратын болады. Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты 2008-2030 жылдар кезеңіне есептелген.
Мыналар екінші бағытты іске асыру шеңберінде перспективалық инвестициялық жобаларға арналған қосымша талаптар болып табылады:
тауардың (қызметтің) өмірлік циклын ескере отырып, әлемдік нарықтың экспорттық әлеуетінің және өсу перспективасының болуы;
ықпалдасқан, өзара байланысты және ілеспе өндірістер құру перспективалары;
жоғары қосылған құн;
еңбекті аз қажетсіну;
елдік бәсекелі басымдықтарының болуы
5.2. Бағдарламаны іске асыру тетіктері
5.2.1. Бірінші бағытты іске асыру тетігі
Бірінші бағытты іске асыру үшін мынадай тетік көзделген (1-қосымша):
1. Өтініш беруші жобаны іске асыруға арналған алдын ала өтінімді Бағдарламаның операторына (операторларына) (бұдан әрі - Бағдарламаның операторы) береді. Өтінім нысанын және жобаны алдын ала қарау үшін қажетті құжаттардың тізбесін Уәкілетті орган белгілейді. Бұл өтінімге жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі қоса беріледі, ол мынадай ақпаратты қамтиды:
жоба жөнінде жалпы ақпарат (жобаның атауы және өндірістің жұмыс істеу саласы, жобаның құны, өндірілетін өнімді сипаттау);
жобаның құны;
өндірістің сипаттамасы (өндірістік қуаттар, одан арғы ықтимал қайта бөлулер);
сатудың болжамды құрылымы (экспорт, ішкі нарық);
мемлекеттік қолдаудың сұралатын деңгейі;
өзге де қажетті мәліметтер.
2. Бағдарлама операторының өтінімді қарауы және жобаны алдын ала бағалауды жүзеге асыруы. Жобаның алдын ала бағалау нәтижелерін Сараптама кеңесінің қарауына шығару. Бағдарлама операторының жобаны алдын ала бағалаудың нәтижесін және Сараптама кеңесінің ұсынымдарын Уәкілетті органға беру.
3. Уәкілетті органның ұсынысы бойынша алдын ала мақұлданған жобаның түпкілікті техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін қажетті ақпарат жинауда мемлекеттік органдардың және мемлекет қатысатын өзге де ұйымдардың жәрдемдесуі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін дайындау.
4. Өтінім берушінің жоба жөніндегі толық ақпаратты жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі түрінде Бағдарлама операторына беруі мыналарды қамтиды:
жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары;
жобаның қаржы-экономикалық моделі;
жобаның қаржы-экономикалық моделі негізінде үш нұсқа бойынша (базалық, пессимистік, оптимистік) жобаны іске асырудың қаржы-экономикалық нәтижелерін бағалау;
үлестік қатысу мөлшерін қоса алғанда, жобаны іске асыру құрылымы және басқа мәліметтер;
инвестициялық жоба тиімділігінің, жобаның келтірілген құны (NРV) жоба кірістілігінің ішкі нормасы (ІRR), жобаның өзін-өзі ақтау кезеңі (РВР), табыстылық индексі (ТІ) сияқты көрсеткіштері, жобаны іске асыру тиімділігінің басқа да көрсеткіштері;
мемлекеттік қолдаудың сұралатын деңгейі;
SWOT-талдау;
жобаны іске асыру тәуекелдерін бағалау;
жобаның техникалық сараптамасы;
жобаның экологиялық сараптамасы;
жобаның құқықтық сараптамасы;
жобаны іске асырудың сыртқы шарттарын бағалау;
жобалау-іздестіру жұмыстарының барысында мыналар айқындалуы тиіс:
жобаны іске асыру шеңберінде қажетті өндірістік объектілер мен инфрақұрылым объектілерінің тізбесі;
қажетті шикізат көздері;
өндірілетін өнімнің сапалық сипаттамалары;
өндіріс көлемі;
жобаны іске асыруға жұмсалатын күрделі шығындардың көлемі;
өнімді өндіруге жұмсалатын пайдалану шығындарының көлемі.
Қажетті құжаттардың толық тізбесін Уәкілетті орган айқындайды.
Өтінім берушіде техникалық-экономикалық негіздемені қоса алғанда, жоба бойынша құжаттардың толық жиынтығы болған жағдайда, осы кіші бөлімнің 1-3-тармақтарында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру талап етілмейді және осындай жоба бойынша өтінім осы кіші бөлімінің 4-тармағына сәйкес беріледі.
5. Жобаны бағалауды Бағдарлама операторы жүзеге асырады.
6. Бағдарлама операторы жобаға өтінім берушімен және Уәкілетті органмен бірлесіп, жобаның параметрлерін талдайды және мемлекеттік қолдаудың ықтимал деңгейін бағалайды. Мемлекеттік қолдаудың ықтимал деңгейін есептеу әдістемесін Уәкілетті орган әзірлейді және Мемлекеттік комиссия мақұлдайды. Мемлекеттік қолдаудың ықтимал деңгейін есептеу кезінде жобаны іске асырудан түсетін салықтық түсімдердің болжамды көлемі және өтініш беруші ұсынған әлеуметтік міндеттемелердің көлемі ескерілетін болады.
7. Бағдарлама операторы тиісті ұсынымдарды алу үшін жобаны бағалау нәтижелерін, мемлекеттік қолдаудың ықтимал деңгейін Сараптама кеңесінің қарауына шығарады.
8. Уәкілетті орган Бағдарлама операторымен бірлесіп, әрбір жоба бойынша «жобаның паспортын» жасайды, ол мыналарды қамтиды:
жобаның жалпы сипаттамасы;
жобаның тиімділік көрсеткіштері;
жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық әсерін есептеу (кесте нысанда);
жобаны іске асырудан түсетін салықтық түсімдердің болжамды көлемі;
мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын деңгейі;
Сараптама кеңесінің ұсынымдары.
9. Уәкілетті орган перспективалы жобаларды «жобалар паспорттары» қосымшасымен бірге Мемлекеттік комиссияның қарауына шығарады.
10. Мемлекеттік комиссия жобаны іске асырылатын жобалар тізбесіне енгізу жөніндегі шешімді қарайды және қабылдайды және әрбір жоба бойынша мемлекеттік қолдаудың түпкілікті деңгейін айқындайды.
11. Уәкілетті орган Бағдарлама операторымен және жобаға қатысушымен меморандум жасасады, онда:
тиімділік көрсеткіштерін қоса алғанда, жобаның негізгі сипаттамасы;
жобаны іске асыру мерзімдері;
мемлекеттің және бизнестің міндеттемелері, оның ішінде әлеуметтік;
міндеттемелердің орындалмағаны үшін тараптардың жауапкершілігі;
жобаны түзету тетігі;
жобадан шығу шарттары;
бірлескен жобаны табысты іске асыру үшін қажетті басқа да жағдайлар көрсетіледі.
Меморандумның нысанын Уәкілетті орган әзірлейді және Мемлекеттік комиссия мақұлдайды. Жобаны түзетуді жүзеге асырудың жалпы тәртібін және Бағдарламаға қатысушының жобадан шығу шарттарын айқындауды Мемлекеттік комиссия мақұлдайды.
12. Мемлекеттің жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемелері мемлекеттік қолдау жасаудың нақты тетіктері мен мерзімдері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ресімделеді. Осы қаулыда сол сияқты нормативтік құқықтық базаның келісілген өзгерістері мен толықтыруларын барлық экономикалық қызмет субъектілеріне қолдану жөнінде шешім қабылданады.
13. Уәкілетті орган Бағдарлама операторының ұсынысы бойынша жобаны мемлекеттік қолдауға арналған бюджеттік өтінім қалыптастырады.
Жоба аяқталған соң және объекті іске қосылғаннан кейін мемлекет өзінің жарғылық капиталға қатысу үлесін қор биржаларында сататын болады. Мемлекетке тиесілі акцияларды сатуға жобаны Бағдарлама шеңберінде іске асыратын компания корпоративтік көшбасшы өлшеміне қол жеткізгеннен кейін немесе Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша мүмкін болады.
5.2.2. Екінші бағытты іске асыру тетігі
Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру шеңберінде мастер-жоспарлар түріндегі нақты инвестициялық жобалар әзірленетін болады. Екінші бағытты іске асыру тетігі мынадай дәйектілікті көздейді (2-қосымша):
1. Мемлекет жеке сектормен бірлесіп нақты тауарларды (қызметтерді) бөле отырып, экономиканың шикізаттық емес экспортқа бағдарланған басым секторларын айқындайтын болады.