Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы
1-бап. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 144-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 316-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) егер декларанттың жөнелтуші елдің кедендік декларациясының көшірмесін ұсынуға мүмкіндігі болса, оны табыс етуге тиіс.»;
2) 383-баптың 1) тармақшасының бесінші абзацы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы 27 қараша
№ 4- ІV ҚРЗ