Осы редакция 2007 жылғы 6 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.29.05. № 438 Қаулысымен 406-1 - 406-6-қосымшалармен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
406-1-қосымша
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
001 - «Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 67 856 мың теңге (алпыс жеті миллион сегіз жүз елу алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3 , 21-24-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы» 2007 жылғы 27 наурыздағы № 302 Жарлығы; «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; Қазақстан Республикасында ғарыш саласын құру және дамыту; Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық базасын құру; ғарыш қызметі саласында мемлекеттік техникалық қадағалауды және бақылауды жүзеге асыру; ғарыш қызметі саласында халықаралық ықпалдастықты жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/р | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Ғарыш қыз- меті сала- сындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Ғарыш қызметі са- ласында азаматтар- дың конституциялық құқығы мен бостан- дығын сақтауды қамтамасыз ету; ғарыш қызметі са- ласында бірыңғай мемлекеттік сая- сатты іске асыру; ұлттық ғарыш бағ- дарламаларын және жобаларын әзірлеу және іске асыру; мемлекетаралық ғарыш бағдарлама- ларын және жобала- рын іске асыруға қатысу; экономика, қорғаныс және елдің ұлттық қау- іпсіздігі салалары мүддесінде ғарыш жобалары мен бағ- дарламаларын іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру; ғарыш қызметі саласында жобалар- дың салалық сарап- тамасын ұйымдасты- ру және жүзеге асыру; ғарыш қыз- метін лицензиялау- ды жүзеге асыру; ғарыш техникасын құру және пайдала- ну кезінде қолдан- ылатын стандарт- тарды әзірлеуге, сондай-ақ азамат- тық ғарыш техника- сын өндіру, сынау және пайдалану қауіпсіздігін қам- тамасыз ету жөнін- дегі нормативтік құжаттарды әзір- леуге қатысу. | Жыл ішінде | Қазақстан Респуб- ликасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
3 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық- техникалық жарақтандыру | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қызметін қамтамасыз ету үшін материалдық- техникалық жарақтандыру және негізгі құралдарды сатып алу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыру.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасында ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту.
Қаржы-экономикалық тиімділік: бір қызметшіні ұстауға орташа шығын жылына 1 696,4 мың теңгені құрайды.
Уақытылы: жасасқан шарттарға және бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес.
Сапалығы: кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына және қазіргі экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
406-2-қосымша
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
003 - «Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін даярлау»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 14032 мың теңге (он төрт миллион отыз екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкерлеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Федеральды ғарыш агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерінің Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында топтағы арнайы дайындықтан өту тәртібі мен шарттары туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 тамыздағы № 819 қаулысы; «Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында Қазақстан Республикасының ғарышкер-сынаушыларын даярлауға байланысты шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 919 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Халықаралық ғарыш станциясына ұшу және ғарыштық зерттеулер мен эксперименттер жасаудың қазақстандық бағдарламасын орындау үшін Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында (Мәскеу қаласы) Қазақстан Республикасының екі ғарышкер-сынаушысын топта даярлауға арнайы дайындық.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: екі ғарышкер-сынаушының Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында (Мәскеу қаласы) болу және арнайы оқу үшін жағдайлармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Қазақстан Республи- касының ғарышкер- лерін даярлау | Қазақстан Респуб- ликасының екі ғарышкер-сынаушыны Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми- зерттеу сынау орталығында арнайы даярлықтан өткізу үшін, стипендия, іссапар шығыстарын, тұруға, арнайы тамақтану және жеке арнайы киім мен аяқ киім сатып алуға арналған шығыстарды төлей отырып, жағдай жасау | жыл бойы | Қазақстан Респуб- ликасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының екі ғарышкер-сынаушысының топта Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында арнайы даярлықтан өтуі.
Соңғы нәтиже: ғарышкер-сынаушылардың оқу жоспары мен бағдарламаларды толық көлемде игеруі және олардың Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген Халықаралық ғарыш станциясына ұшу кезінде ғарыштық зерттеулер мен эксперименттердің қазақстандық бағдарламаларын орындауға дайындығы.
Қаржы-экономикалық тиімділік: топтағы бір ғарышкер-сынаушы арнайы дайындығының құны 7 016,0 мың теңгені құрайды.
Уақытылығы: Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығымен жасасқан шартқа сәйкес.
Сапа: Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерінің арнаулы дайындықтан өту тәртібі және жағдайы туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Ресей авиация-ғарыш агенттігі арасындағы хаттаманы іске асыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
406-3-қосымша
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
005 - «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту» деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 8 224 165 мың теңге (сегіз миллиард екі жүз жиырма төрт миллион бір жүз алпыс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы» 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің» «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Жоспарын бекіту туралы» 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысы; «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы № 242 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласында ағымдағы, ұзақ мерзімді салааралық бағдарламаларды іске асыру үшін жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары тиімді ақпараттық, ғарыштық технологиялар мен жүйелер жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Байқоңыр» кешенінде «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/р | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Багдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау -шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | "Қазғарыш" ұлттық компания- сы" акцио- нерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту | «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акцио- нерлік қоғамының жарғылық капиталын: Байқоңыр қаласында ғарыш қызметі сала- сындағы Қазақстан Республикасының әкімшілік қызметкер- лері, ұйымдары үшін ақпараттық есептеу орталығы ғимаратына жалғастыра салынған жайды жаңғырту және қызметтік үй ретінде екі тұрғын үйді жаңғырту жөніндегі жұмыстарды аяқтау үшін; Қазақстан Респуб- ликасында Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін толықтыру. | қантар- наурыз | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ғарыш қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары үшін ақпараттық есептеу орталығы ғимаратына жалғастыра салынған жайды жаңғырту және қызметтік үй ретінде екі тұрғын үйді жаңғырту жөніндегі жұмыстарды аяқтау, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесінің, жоғары шешімді спутниктің, орта шешімді спутниктің, жер үсті басқару кешенінің, жер үсті мақсатты кешеннің жұмыс құжаттарын әзірлеу.
Соңғы нәтиже: ғарыш техникасын дамытудың негізгі бағыттарын негіздеу жөнінде жүйелік зерттеулер және оны құру жөнінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, жүргізу үшін инфрақұрылымды дамыту, картография, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру, төтенше жағдайлар зардаптарының мониторингі, алдын алу мен болдырмау, өнеркәсіп пен инфрақұрылым нысандарын салу мен іске қосу, қозғалмайтын мүлікке бақылау (есепке алу және салық салу үшін), жер мен орман пайдалану (есепке алу, жоспарлау және бақылау), ауылшаруашылығын жоспарлау, есепке алу мен бақылау, экологиялық мониторинг саласында Жер бетіндегі объектілер мен процестер туралы шұғыл ақпарат алу есебінен мемлекеттік басқару органдары мен коммерциялық ұйымдарда шешімдер қабылдаудың жылдамдығы мен тиімділігін арттыру, ғарыш қызметі саласындағы қызметкерлер үшін әлеуметтік жағдайлар жасау.
Қаржы-экономикалық тиімділік: қосымша үстеме шығындар мен ғарыш түсірілімдерінің құнын 10-20%-ға төмендету, спутниктер пайдалана бастағаннан шығын орнының өтелу мерзімі - 4,2 жыл, Жерді қашықтықтан зондтау технологиясын экономиканың түрлі салаларына енгізудің жоғарғы экономикалық тиімділігі, елдің экспорттық әлеуетін арттыру және диверсификациялау, Қазақстан Республикасы ғарыш саласы мамандарының ғылыми әлеуетін арттыру.
Уақытылығы: қызметтік ғимаратты жаңғырту, Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесін құру жөнінде жасаған шарттарға және жұмыс кестесіне сәйкес.
Сапа: түсірілімдердің келесі түрлерін жүргізу мүмкіндігі: 1м. және 6,7 м. шешімдегі көрінетін диапазондағы панхроматикалық, 4 м. және 28 м. шешімдегі көрінетін диапазондағы көп аумақты, 30 м. шешімдегі орташа және алыс ИК диапазондағы инфрақызыл, 30 м. шешімдегі гиперспектралды; 24-тен 3-5 тәулікке дейін сүреттер алу шұғылдығын артады, «2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
406-4-қосымша
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
006 - «Сенім артылған агенттер қызметіне ақы төлеу»
республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 275 мың теңге (екі жүз жетпіс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы Келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: банк-агенттің бюджеттік несиелеу қызметін көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Банк-агентке бюджеттік несиелеуге қызмет көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/р | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Сенім артылған агенттер қызметіне ақы төлеу | «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» зымырандық-ғарыш- тық кешенін құру" республикалық бюджеттік инвестициялық жобасына агенттік қызмет көрсеткені үшін Банк-агентке комиссиялық сыйақы төлеу | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Респуб- ликасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешенін құру» республикалық бюджеттік инвестициялық жобасына агенттік қызмет көрсеткені үшін Банк-агентке комиссиялық сыйақы төлеу.
Соңғы нәтиже: «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешенін құрумен байланысты іс-шаралардың орындалуы.
Қаржы-экономикалық тиімділік: республикалық бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру сапасын арттыру.
Уақытылығы: Банк-агент алдындағы міндеттерінің уақытылы орындалуы.
Сапасы: несиелік шарт жағдайына сәйкес есептілікті және ақпаратты дұрыс, уақытында беру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
406-5-қосымша
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
007 - «Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын «Байқоңыр» кешені обьектілерін және кешенін түгендеу және қайта бағалау»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1220000 мың теңге (бір миллиард екі жүз жиырма миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға алу шартын ратификациялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2195 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерін пайдалану болашағын және «Байқоңыр» кешеніндегі қазақстандық меншіктің нарықтық құнын белгілеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Байқоңыр» кешені объектілері мен мүлігінің техникалық жағдайын кешенді бағалаумен және пайдаланумен байланысты зерттеу жұмыстарын аяқтау және 2007 жылғы түгендеу барысында Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын «Байқоңыр» кешені объектілері мен мүлігін қайта бағалау жөнінде жұмыстар жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№№ р/р | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Қазақстан Республи- касының меншігі болып табылатын "Байқоңыр" кешені объектіле- рі мен мүлкін түгендеу және қайта бағалау | 1. «Байқоңыр» кешені объекті- лерінің жалпы техникалық жағдайын функцио- налдық мақсат бойынша бағалау 2. Тұтас ғарыш айлағының және оның жекелеген элемент- терінің даму бола- шағын болжаулық маркетингтік талдау 3. «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерінің инвестициялық тартымдылығын қаржылық талдау 4. «Байқоңыр» ғарыш айлағын Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі тұрғысынан талдау және оның саяси мүдделерін қамтама- сыз ету 5. «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы жалға берілген мүлікті түгендеу және баға- лау бойынша кешенді жұмыстар жүргізу. | жыл бойы | Қазақстан Респуб- ликасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының мүддесінде «Байқоңыр» кешені объектілері мен мүлкінің техникалық жағдайын бағалау мен пайдаланылу болашағын анықтау; нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын «Байқоңыр» кешенінің негізгі қаражатының құнын анықтау.
Соңғы нәтиже: «Байқоңыр» кешенінің ғылыми-техникалық әлеуетін бағалау және оның бұдан әрі дамуының техникалық саясатын әзірлеу; ұлттық заңнамаға және бухгалтерлік есеп саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес «Байқоңыр» кешені активтерінің жүйелік есебі.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ғарыштық бағдарламаларды іске асыру барысында «Байқоңыр» кешенінің құрылымын және ғарыш айлағы объектілерін ұстауға арналған шығыстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді; «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген объектілерін пайдалану кезінде келтірілген залалды қалпына келтіру жөнінде ресей тарабының алдына мәселелерді негіздеп қоюға және «Байқоңыр» ғарыш айлағы инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар тарту үшін қаржылық құралдар сатып алуға мүмкіндік береді.
Уақытылығы: зерттеу жұмыстарының нәтижелері қазіргі уақытта әзірленіп жатқан «Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін 2020 жылға дейін дамыту» Мемлекеттік бағдарламасына негіз болады; «Байқоңыр» кешені объектілерін сақтау және пайдалану жағдайларын Қазақстан Республикасы жағынан бақылау тәртібі туралы 1995 жылғы 18 тамыздағы Келісімге сәйкес «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген мүліктерін кезекті түгендеу 2007 жылы, ал кейінгісі тек 2011 жылы өтеді.
Сапа: «Байқоңыр» ғарыш айлағы жер үсті инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша басқару шешімдерін қабылдау және ғарыштық бағдарламаларды іске асыру үшін ақпараттық негіз алу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
406-6-қосымша
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
008 - «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12045 мың теңге (он екі миллион қырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың Қазақ ССР-і Үкіметінің қарамағына көшуі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 31 тамыздағы № 410 Жарлығы; «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 1994 жылғы 14 шілдедегі Келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 14 шілдедегі қаулысы; «Заңды тұлғаларға бекітілмеген мемлекеттік мүлікті бекіту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы № 61 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 563 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр« кешені мүлкінің сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы Үкіметі жалға алған «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерінің мүлкін есепке алу және түгендеу, бухгалтерлік есеп жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі | Қазақстан Республи- касының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы жалға алған «Байқоңыр» кешені объектілері- нің мүлкін есепке алу және түгендеу, бухгалтерлік есеп жүргізуді жүзеге асыру мақсатында штат саны 15 адам мемлекеттік мекемені ұстау. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі, «Байқоңыр- баланс» мемлекеттік мекеме |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Ресей Федерациясының Үкіметі жалға алған және Федералдық ғарыштық агенттіктің қарамағындағы «Байқоңыр» кешенінің мүлкін есепке алу және бухгалтерлік есеп жүргізу, жылжымалы мүлкінің есебі.
Соңғы нәтиже: «Байқоңыр» кешені мүлкінің сақталуы.
Қаржы-экономикалық тиімділік: мемлекеттік мекеменің бір қызметкерін қаржы-шаруашылық ұстау жылына 718,1 мың теңгені құрайды.
Уақытылығы: «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес.
Сапа: бухгалтерлік есепті жетілдіру және «Байқоңыр» кешені мүлкін талан-таражға салудың алдын алу.