Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі
Аэроғарыш комитетiнiң "Байқоңырбаланс" мемлекеттік мекемесiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 563 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Ресей Федерациясының ?кіметi жалға алған "Байқоңыр" кешенiнiң мүлкiне бухгалтерлiк есеп жүргізудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Аэроғарыш комитетiнiң "Байқоңырбаланс" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi Мекеме) құрылсын.
2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi Ресей Федерациясының ?кіметi жалға алған "Байқоңыр" кешенiнiң және Ресей авиациялық-ғарыш агенттiгі ұйымдарының қарамағындағы мүлiкке бухгалтерлiк есеп жүргiзу болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi заңнамада белгiлеген тәртiппен:
1) Мекеменiң Жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен күші жойылды
4. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерi:
мынадай мазмұндағы 12-бөлiммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитеті
Байқоңырбаланс 15"
5. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағанбетов |