ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 214 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының офистерін ашуын және ұстау:
а. 7 орталық
б. 9 филиалдарының кеңселерін ашу және ұстау.
- тауарлар өндірісін жылына 6,7 %-ға өсіру және қызметтер өндірісін 10,7 %-ға өсіру;
- еңбек өнімділігін 8,8%-ға өсіру;
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санын 550 мыңға дейін көбейту;
- шағын кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің санын 1,6 млн. адамға арттыру;
- ІЖӨ құрылымындағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының үлесін 25%-ға арттыру;
- шағын және орта бизнес кәсіпорындарының үлесін республиканың барлық кәсіпорындары санының 90%-ына дейін ұлғайту;
- ІЖӨ құрылымында шағын және орта бизнес үлесін 50%-ға дейін ұлғайту;
- жұмыссыздар үлесін 0,5 - 0,8 %-ға дейін төмендету.
- Қарағанды облысының Теміртау қаласында индустриялық парктің инженерлік инфрақұрылымын салу.
Түпкі нәтиже:
- әлеуетті инвесторларды экономиканың шикізаттық емес секторына тартуға жүйелік әдіс;
- жобаларды талдау және жылжыту жөніндегі жұмыстардың сапасын артыру;
- халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасында жүргізілетін инвестициялық іс-шаралардың сапасын артыру;
- жарнама-ақпараттық сипаттағы өнімді жинаудың, талдаудың және таратудың толықтығы, жарнама-ақпараттық сипаттағы өнімнің көрнектілігі, шығарылатын басылымдардың әдістемелік, нормативтік және Қазақстан аумағында қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- өңірлерді дамытудың өлшемдерін жақсарту;
- Қазақстан Республикасының аумағында Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қатысатын жобаларды іске асыру.
Уақтылығы: өңірлердің экономикалық дамуын жеделдету, шетелдік және отандық инвестицияларды елдің өңірлік дамуына тартудың оң серпіні, инвестициялық ахуалды жақсарту, инвестицияларды Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына қызметінің басым түрлеріне тиімді пайдалану.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
373-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Техникалық реттеу саласында мамандардың біліктілігін арттыру
және қайта даярлау» деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10120 мың теңге (он миллион бір жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 7-бабы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 27-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы техникалық реттеудің жүйесін реформалауға жәрдемдесу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: техникалық реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау арқылы Қазақстан Республикасындағы техникалық реттеу жүйесін дамытуға үлес қосу; стандарттау, сәйкестікті растау, сапа менеджментінің жүйелері, менеджменттің біріктірілген жүйелері мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоғары білікті сарапшы-аудиторларды дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 | | Техникалық реттеу саласында мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау | Техникалық реттеу саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыруды және кадрларды қайта даярлау жөніндегі қызметтерді сатып алу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: техникалық реттеу саласындағы кемінде 900 маманның біліктілігін арттыру және қайта даярлау.
Түпкі нәтиже: халықаралық деңгейдегі білікті мамандарды ұлғайту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 маманды оқытуға кететін шығындар 11 244 теңгені құрайды.
Уақтылығы: жұмыстарды орындаудың күнтізбелік кестесіне сәйкес.
Сапасы:
- қазақстандық мамандарды шетелде тану;
- ұлттық тізілімде тіркелген сарапшы аудиторлардың саны орташа алғанда 10%-ға ұлғаяды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
374-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
сумен жабдықтау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 11 222 493 мың теңге (он бір миллиард екі жүз жиырма екі миллион төрт жүз тоқсан үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 жарлығы; «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкі арасындағы Астана қаласын сумен жабдықтау және оның кәрізі» жобасы жөніндегі қарыз туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 6 қарашадағы Заңы; «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа сумен жабдықтау қызметтеріне тұрақты қол жеткізуді қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сумен жабдықтау мен су бөлу құрылыстарын кеңейту және қайта жаңарту үшін жағдай жасау.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне сумен жабдықтау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | "Астана қаласын сумен жабдықтау және оған су тарту" жобасын іске асыру үшін Астана қаласының бюджетіне арналған нысаналы даму трансферттерін аудару. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, Астана қаласының әкімдігі |
2-1 | | 005 | Жобаны ішкі көздер есебінен іске асыру | Астана қаласының бюджетіне «Астана қаласында Вячеслав су қоймасы суағарының екінші желісін қайта жаңарту» жобасын іске асыру үшін нысаналы даму трансферттерін аудару | шілде- желтоқ- сан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, Астана қаласының әкімдігі |
3 | | 016 | Жобаны республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру | "Астана қаласын сумен жабдықтау және оған су тарту" жобасын іске асыру үшін Астана қаласының бюджетіне арналған нысаналы даму трансферттерін аудару. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, Астана қаласының әкімдігі |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Астана қаласын сумен жабдықтау және су тарту, Астана қаласында Вячеслав су қоймасынан суағардың екінші желісін қайта жаңарту жобалары бойынша орындалған жұмыстар көлемі.
Түпкі нәтиже: қауіпсіз, сенімді және сапалы ауыз сумен, сондай-ақ су тартудың сапалы қызметтерімен қамтамасыз ету үшін сумен қамтамасыз ету объектілерін пайдалануға беру. Шарт жағдайына сәйкес пайдалануға беру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республика үшін экономикалық әсер халықты сумен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге тұрақты қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы қол жеткізіледі.
Уақытылы: жасалған шарттарға сай жұмыс жоспар-кестелеріне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Ескерту: *) заңнамада белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес іс-шаралар (бекіту күні мен № немесе ЖСҚ мемлекеттік сараптаманың қорытындысын көрсете отырып), трансферттерді игеру шеңберіндегі сандық және сапалық көрсеткіштер, күтілетін нәтижелер тиісті жергілікті бюджет бағдарламалардың паспорттарында көрсетілген.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 374-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
374-1-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
025 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік коммуналдық
тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 64 671 мың теңге (алпыс төрт миллион алты жүз жетпіс бір теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 жарлығы; Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы № 715 қаулысымен бекітілген.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың әлеуметтік қорғалатын топтары үшін жаңа тұрғын үйге қол жетімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын кеңейту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарла- маның (кіші бағдарла- маның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 025 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға берілетін нысаналы даму трансферт- тері | Алматы облысының бюджетіне Жаркент қаласындағы перзентхананың қызметкерлері үшін коммуналдық тұрғын үй салуға республикалық бюджеттен трансферттер беру. | шілде- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, Алматы облысының әкімі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
тікелей нәтиже: коммуналдық тұрғын үй объектілерін пайдалануға беру.
Түпкілікті нәтиже: әлеуметтік қорғалатын азаматтардың жекелеген санаттарының тұрғын үй проблемаларын шешу; тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған тізімде тұрған әлеуметтік қорғауды қажетсінетін азаматтардың санын қысқарту.
Уақтылығы: тұрғын үйді пайдалануға беру кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормасына және ережелерге сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
375-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Инновациялық гранттар беру»
деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 158147 мың теңге (бір жүз елу сегіз миллион бір жүз қырық жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы Заңы; «Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі №387 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканың шикізаттық емес секторы салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында инновациялық белсенділікті ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: коммерцияландыру тұрғысынан әлеуетті перспективалық болып табылатын бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді алуға бағытталған жаңа технологияларды әзірлеу және жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 026 | | Инновациялық гранттар беру | 1. Тәжірибе-конструкторлық әзірлемелерді орындауға гранттар ұсыну; 2. Инновациялық жобаның техника-экономикалық негіздемесін дайындауға гранттар ұсыну; 3. Шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда өнеркәсіптік меншік обьектілерін патенттеуге гранттар ұсыну; 4. Грант алушының аудитін жүргізу; 5. Жобалардың ғылыми-техникалық сараптамасын жүргізу; 6. Жобалардың экономикалық сараптамасын жүргізу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кемінде 2 жоба бойынша жобалық конструкторлық құжаттарды беру; кемінде 2 жоба бойынша шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу; кемінде 3 инновациялық жобалар бойынша техника-экономикалық негіздеме дайындау.
Түпкі нәтиже: ғылыми әзірлемелердің нәтижелерін өнеркәсіптік өндіріске енгізуді арттыру; ғылыми әзірлемелердің экономикалық орындылығын негіздеуде зерттеушілерге жәрдемдесу;
шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда өнеркәсіптік меншік обьектілерін патенттеуді арттыру.
Қаржылық- экономикалық нәтиже: ғылыми әзірлемелердің өзіндік құнын төмендету. Орташа есеппен бір грантты қаржыландыру:
техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге 650 мың теңгеден артық емес;
тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді орындауға 33 млн. теңгеден артық емес;
шетелде өнеркәсіптік меншік объектісін патенттеуге 13 млн. теңгеден артық емес соманы көздейді.
Уақтылығы: жыл ішінде жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: енгізіліп жатқан инновациялық жобалар санын 80%-ға арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
376-ҚОСЫМША
233-Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ақпараттық технологиялар паркінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету»
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 15463 мың теңге (он бес миллион төрт жүз алпыс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақпараттық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағын құру туралы» 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің» Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1382 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: орталық атқарушы органының шешімдерін іске асыру бойынша функцияларды жүзеге асыру және АТП АЭА тиімді жұмыс істеуі үшін ұйымдастырушылық жағдайларды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: АТП АЭА аумағында мемлекеттік және өзге де органдардың өзара іс-әрекетін және үйлестіруді қамтамасыз ету, АТП АЭА аумағында жобаларды іске асыру құқығына рұқсаттар беруді ұйымдастыру, АТП АЭА қатысушыларының қызметін регламенттеу, АТП АЭА қатысушыларының есеп және есептілік жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Ақпараттық технологиялар паркінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 1. АТП АЭА Дирекциясының материалдық-техникалық базасын ұстап тұру және күшейту; 2. АТП АЭА-ны дамытудың перспективалық және жылдық жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысу; Сараптамалық кеңестің жұмысына қатысу. 3. АТП АЭА-ны дамыту мен жұмыс істеуі мәселелері бойынша Уәкілетті органға ұсыныстар әзірлеу және енгізу. 4. АТП АЭА қатысушыларын тіркеу, АЭА аумағына өткізу режимін жүзеге асыру; Уақытша пайдалану құқығындағы АТП АЭА аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйымдармен жалға алу шарттарын жасасу; 5.»АТП»АЭА қатысушыларының жобаларын орындаудың және олардың АТП АЭА мақсаттарына сәйкестігінің мониторингі; 6. Мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуы үшін салықтық бақылауды қамтамасыз ететін Уәкілетті органмен келісім бойынша салық заңнамасындағы тәртіпке сәйкес және Индустрия және сауда министрлігінің үлгісі бойынша қызметтің түрлерінен алынған табыстарға алынған табыстарды жатқызуды растауды АТП АЭА қатысушыларына беруді жүзеге асыру; 7. Уәкілетті органға АТП АЭА жұмыс істеуінің есептілігін беру; 8. "Бір терезе" қағидаты бойынша құжаттарды қабылдау-беруді ұйымдастыру. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі,»Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы дирекциясы. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
АТП АЭА аумағында тіркелген және жұмыс істейтін фирмалардың саны 2007 жылғы жоспар бойынша 25 санында күтіледі;
АТП АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен жалға алу бойынша жасалған шарттар саны 2007 жылғы жоспар бойынша 5-7 санында күтіледі;
Сарапшылар кеңесінің зерттеген АТП АЭА қатысушылар жобалары 20-25 санында жоспарланады;
"Бір терезе" қағидаты бойынша құжаттарды қабылдау-беруді ұйымдастыру.
Түпкі нәтиже:
АТП АЭА Дирекциясының тиімді қызметінің нәтижесінде мыналар қамтамасыз етіледі:
АТП АЭА аумағында 100 млн. теңге көлемінде инновациялық жобаларға инвестициялар тарту;
ақпараттық технологиялардың 10-нан аса жаңа бағдарламалық өнімдерін өндіру бойынша жобаларды іске асыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
АТП АЭА Дирекциясын ұстап тұруға республикалық бюджеттен бөлінетін 1000 теңгеге 5000 теңгеден аса көлемде инвестициялар тарту болжанады.
Уақтылығы: АТП АЭА-ны қалыптастыру мен дамытудың 2004-2007 жылдарға арналған бағдарламасын орындау.
Сапасы: Қатысушылар тарапынан АТП АЭА тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайларды ұйымдастырудың жеткіліксіздігіне шағымдардың жоқтығы.
Орталық атқару органының шешімдерін іске асыру бойынша қызметтерді тиімді жүзеге асыруға жағымды қорытынды жасау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
377-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне коммуналдық шаруашылықтарды дамытуға берілетін
нысаналы даму трансферттері» деген 028 республикалық бюджеттік
бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 12 027 507 мың теңге (он екі миллиард жиырма жеті миллион бес жүз жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 111 Жарлығы; «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысы; «Астана қаласының инженерлік инфрақұрылымын және жолдарын 2010 жылға дейін дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1190 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының тұруы үшін қолайлы орта жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тұру үшін қолайлы жағдай жасау үшін инженерлік инфрақұрылымдарды кеңейту және жетілдіру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 028 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне коммуналдық шаруашылықтарды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері | "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкес Астана қаласының бюджетіне коммуналдық шаруашылықты дамыту үшін мынадай инвестициялық жобалардың шеңберінде нысаналы инвестициялық трансферттр аудару: 1) Астана қаласындағы Талдыкөл ағынды суларды жинақтауышты қайта қалпына келтіру арқылы жою ("Мемсараптама" РМК-ның 2003 жылғы 21 қазандағы № 2-545/03 (1- кезекте), 2005 жылғы 18 қарашадағы № 2-775/05 (2-кезекте), 2006 жылғы 21 наурыздағы № 2-135/06 (2-кезек 2-кезең) қорытындылары); 2) Жауынды су кәріздері жүйелерін дамыту" ("Мемсараптама" РМК-ның 2005 жылғы 20 мамырдағы № 2-283/05 (1-кезекте), 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 2-893/05 (2-кезекте) қорытындылары; 3) Астана қаласындағы инженерлік желілер мен бірінші кезектегі объектілерді абаттандырулар; 4) Астана қаласындағы жаңа Университеттің инженерлік коммуникацияларының құрылысы; 5) Астана қаласындағы жаңа өнеркәсіптік аймақ инфрақұрылымының құрылысы (Индустриялық парк). 6) Ақтөбе қаласында жаңа тұрғын үй махаллаларына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салу; 7) Атырау қаласында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу және қайта жаңарту | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, Астана қаласының әкімдігі. |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Астана қаласындағы Талдыкөл ағынды суларды жинақтауышты қайта қалпына келтіру арқылы жою;
Жауынды су кәріздері жүйелерін дамыту»;
Астана қаласындағы инженерлік желілер мен бірінші кезектегі объектілерді абаттандыру;
Астана қаласындағы жаңа Университеттің инженерлік коммуникацияларының құрылысы;
Жаңа өнеркәсіптік аймақ инфрақұрылымының құрылысы (Индустриялық парк);
Ақтөбе қаласында жаңа тұрғын үй махалларына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салу; Атырау қаласында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салу.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының, қаланың тұрғындарының қолайлы тұруы үшін коммуналдық шаруашылық объектілерін пайдалануға беру.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыс жоспарларына-кестелеріне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Ескерту: *) заңнамада белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес іс-шаралар (бекіту күні мен № немесе ЖСҚ мемлекеттік сараптаманың қорытындысын көрсете отырып), трансферттерді игеру шеңберіндегі сандық және сапалық көрсеткіштер, күтілетін нәтижелер тиісті жергілікті бюджет бағдарламалардың паспорттарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
378-ҚОСЫМША
233-Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне қалалар мен елді мекендерді көркейтуге берілетін нысаналы
даму трансферттері» деген 029 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)