ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- кемінде 100 бірлік мемлекетаралық стандарттарды талдау және жүйелеу;
- кемінде 120 бірлік мемлекеттік стандарттарды әзірлеу;
- стандарттау, метрология, сертификаттау саласында кемінде 300 халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды сатып алу;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мәртебесінде кемінде 25 техникалық регламенттерді әзірлеу, сондай-ақ оларды халықаралық талаптарға сәйкес сараптау.
- республикада қолданыстағы ТСН-ның 12 мемлекеттік жіктеуіштерін жүргізу, Жіктеуіштер депозитарийінің деректер қорын енгізу;
- жасалған эталондардың саны кемінде 9 бірлік;
- кемінде 80 қызметкердің эталондарға қызмет көрсетуі, жасалатын эталондарды пайдалануға беру, жабдықтарға сервистік қызмет көрсету, кемінде 5 маманның халықаралық семинарларға қатысуы;
- салыстырып, тексеру зертханаларын құру және өлшем құралдары үшін салыстырып, тексеру жұмыстарын ұйымдастыру;
- кемінде 25 метрологиялық қызметтерінің өлшем құралдарының тексеру және калибрлеу нәтижелері бойынша зертханааралық салыстыруды ұйымдастыру және жүргізу;
технологиялық жабдықтың, ғимараттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ «Сол жақ жағалау» КС 110/10-ға 10 Кв 2 ұяшықты сатып алу және орнату;
- кемінде 3 өлшеу зертханасын және халықаралық талаптарға сәйкес персоналды сертификаттау жөніндегі органды аккредиттеу, халықаралық талаптарға сәйкес кемінде 30 маманды даярлау;
- электр қауіпсіздігіне, электрлік магниттік сыйымдылыққа сынақтар жүргізу үшін мемлекеттік сынақ орталығын зертханаларын ұйымдастыру және жабдықтармен жарақтандыру;
- кемінде 2 маманды шет елдердің жетекші институттардың мамандармен тәжірибе алмасу арқылы эталондарда жұмыс істеуге оқыту;
- кемінде 3 салалық және (немесе) өңірлік семинарлар жүргізу;
- аккредиттелген туралы органды және 3 зертхананы халықаралық деңгейде акредиттеу;
- кемінде 3 зертхананы зертханааралық салыстырмалы сынақтар жүргізу.
Түпкі нәтиже: техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін жетілдіру және дамыту, шетелдердің қажетті халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарын сатып алу, қолданыстағы мемлекеттік стандарттардың халықаралық талаптармен үйлестіру және қайта қарау жөніндегі жұмыстарды жүргізу, әзірленіп жатқан техникалық регламенттерге дәлелдемелік дерек ретінде мемлекеттік стандарттарды әзірлеу;
Техникалық реттеудің мемлекеттік заңнамалық базасын жетілдіру, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілетін арттыруға және оның шетел мемлекеттерінің нарығына жылжытуға жәрдемдесу, инвестициялық климатты жақсартуға жәрдемдесу;
ТЭА жіктеуіштер депозитарийінің деректер қорын енгізу арқылы мемлекеттік органдар мен мүдделі тұлғаларға өзектендірілген жіктеуіштерді ұсыну;
мемлекеттік стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестірудің пайызын 60 %-ға дейін ұлғайту;
ұзындық және салмақ өлшемдерінің республикадан тыс әкетілетін санын 80%-ға қысқарту;
республиканың экономика салаларындағы өлшемдердің қолда бар түрлерінің 70% метрологиялық қажеттіліктермен қамтамасыз ету;
азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, қоршаған ортаның және сауда-коммерциялық операциялардың жағдайын бақылау кезінде пайдаланылған өлшем құралдарын салыстырып, тексерудің кемінде 30%-ын қамту;
геометрлік шамаларды өлшеу жөніндегі метрологиялық қызметтерді зертханааралық салыстырудың кемінде 8%-ын, тығыздық пен тұтқырлық өлшемдері бойынша кемінде 10%, электрлік өлшемдер бойынша кемінде 13%-ын қамтамасыз ету;
Эталон орталығы ғимаратының барлық технологиялық жабдығының үздіксіз және апатсыз жұмыс істеуі, мамандар үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жасау;
саудадағы техникалық кедергілерді жою мақсатында қазақстандық зертханалардың өлшем нәтижелерін халықаралық деңгейде тану;
электрлік өлшемдер саласында кәсіпорындардың сынақ базасымен қамтамасыз етілуі 90%, өнімнің қауіпсіздігі 60%;
техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау;
- эталондардың талдауын жүргізу, эталондардың белгісіздігін есептеу, мемлекеттік эталондардың дәлдігін арттыру ұсынысымен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебін құрастыру;
қазақстандық сертификаттардың сәйкестігін халықаралық деңгейде тану үшін негіз жасау;
- зертханалардың құзыреттілігін растау;
халықаралық практикаға өту және зертханалар алынатын зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейде тану үшін негіздер жасау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1 нормативтік құжатқа талдау жүргізудің орташа құны - 71 мың теңге,
1 стандартты әзірлеудің орташа құны - 913 мың теңге,
сатып алынатын 1 нормативтік құжаттың орташа құны - 39 мың теңге,
1 техникалық регламентті әзірлеудің орташа құны - 4500 мың теңге,
1 техникалық регламентті сараптаудың орташа құны - 550 мың теңге,
1 мемлекеттік жіктеуішін өзектендірудің және енгізудің орташа құны - 476 мың теңге;
эталондарды құруға арналған шығындар, эталонның орташа құны 3 млн. теңгеден 75 млн. теңгеге дейін құрайды;
1 эталонды ұстауға арналған шығындар жылына орташа 3 877 мың теңгеге дейін;
тексеру зертханаларын құруға арналған шығындар, 1 тексеру жабдықтарының орташа құны 1 млн. теңгеден 35,0 млн. теңгеге дейін құрайды;
метрологиялық қызметтің жалпы санының кемінде 8%-ын техникалық құзыреттілігін растау;
Эталондық орталық ғимаратының 1 шаршы метрін ұстауға арналған шығынның шартты құны 17,5 мың теңгені құрайды;
бір өлшеу зертханасын акредиттеуге арналған шығындар орташа есеппен кемінде 13 000 мың теңге;
персоналды оқыту жүргізуге арналған шығын бір маманға орташа есеппен кемінде 400 мың теңге;
өлшеу құралдарын сынауға арналған шығындарды төмендету;
республиканың эталондық базасының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, бір маманды оқытуға арналған орташа шығындар кемінде 16 мың теңге; 1 семинарды өткізуге арналған шығындар - 1000 мың теңге; 1 сарапшыны тартуға арналған орташа шығын 6000 мың теңге; бір мамандарды даярлауға арналған орташа шығын 571 мың теңге;
бір зертхана үшін салыстырмалық сынақ жүргізуге арналған орташа шығын 1608,7 мың теңге.
Уақтылығы:
жұмыстарды орындаудың күнтізбелік жоспарларына сәйкес.
Сапасы:
- отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін жағдайлар жасау және оны әлемдік нарыққа ықпалдастыру;
- стандарттарды пайдаланушыларға сауалнама жүргізу, кәсіпкерлердің пікірлері, мемлекеттік стандарттарды үйлестіру деңгейі;
- техникалық регламенттерді әзірлеу және қабылдау арқылы адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін өнімдер мен процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- әзірленетін техникалық регламенттердің халықаралық стандарттарға сәйкестігін белгілеу, мүдделі тұлғаларды ауқымды ортасын талқылау үшін тарту;
- нәтижесінде жіктеу және техникалық-экономикалық ақпараттарды кодтау жүйесінде тиімді әрекет ететін саудадағы техникалық тосқауылдарды жою;
- қажетті деңгейдегі эталондық базаны құру, өлшеудің нақтылы мен дұрыстығын арттыру, өлшеу техникасын, экономиканың өсуін және сауданың дамуын, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға қатысуы үшін халықаралық талаптарға сәйкестігін жетілдіру;
- өлшеудің ұлттық жүйесінің халықаралық талаптарға бейімделуі;
- мемлекеттік эталондар жаңғыртатын және беретін шама бірлігінің дәлдігін арттыру, өлшеудің сенімді емес нәтижелерінен болатын экономикалық шығындарды жою;
- тұтынушылардың отандық өнімдер сапамен және қауіпсіздігімен қанағаттандыру деңгейі;
- тұтынушылардың өлшеудің дәлдігімен қанағаттандыру деңгейі;
- мамандар үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау;
- республикада халықаралық деңгейде жүзеге асырылатын өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс нәтижелерін тану;
- қоғамның белсенділігін арттыру, оның техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, ДСҰ талаптарын орындауға қатысуы;
- қазақстандық сертификаттарды шет елдерге сәйкестігін тану;
- өнім қауіпсіздігін сынау және бағалау нәтижелерінің сенімділігі мен дәлдігін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
366-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы
нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 992 951 мың теңге (тоғыз жүз тоқсан екі миллион тоғыз жүз елу бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңының 12-бабы; «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 6-бабы; «Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 28 және 29-баптары; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 8-бабы; «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері шеңберіндегі келісімдер мен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1992 жылғы 22 маусымдағы № 540 қаулысы; «Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 67 қаулысы; «Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі кейбір мәселелер» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 маусымдағы № 557 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: құрылыс саласын халықаралық талаптарға жауап беретін сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы қазіргі заманғы мемлекеттік нормативтермен қамтамасыз ету, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі кезіндегі техникалық кедергілерді жою, экономиканың базалық салаларының объектілерін салу үшін жобалаудың нормативтік базасын жаңарту және жетілдіру, сондай-ақ мемлекет бюджеті есебінен салынатын әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі объектілерін салу үшін типтік жобалармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласында мемлекеттік нормативтерді, сондай-ақ үдемелі материалдарды, инженерлік жабдықтарды және тұрғын үй-азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстағы технологияларды пайдалана отырып, жобалық ұсыныстар, техникалық шешімдер әзірлеу және қайта өңдеу;
біздің заңнамалық базамызға бейімделген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің өзара мүдделерін көрсететін объектілерді жобалау және құрылысы үшін нормалардың талаптарымен үйлестірілген мемлекетқаралық нормалар мен ережелерді, стандарттарды сатып алу;
құрылыс саласын мемлекеттік тілдегі мемлекеттік нормативтермен қамтамасыз ету;
тұрақтылық, беріктік, жарылыс-өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі, отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ету проблемалары бойынша іздестіру, жобалау, салу үшін жалпы техникалық нормативтік құжаттар базасын қалыптастыру; сметалық-нормативтік құжаттамаларды жетілдіру және сметалық нормалардың нормативтік базасын кеңейту;
сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік нормативтерді әзірлеу және қайта өңдеу; үлгілік жобаларды әзірлеу.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру | I. Республикалық деңгейде жобалық-іздену, құрастырмалық және технологиялық жұмыстар. 1. Қазақстан Республикасының сметалық-нормативтік базасы, құрылыс саласындағы экономикалық нормативтер мен әдіснама: 1.1. ғимараттар мен имараттарды салуға арналған прейскуранттар (5 жинақ); 1.2. іске қосу жұмыстарының арналған бағамдар (3 жинақ); 1.3. құрылыс үшін жобалық жұмыстарға арналған жинақ - 1 жинақ (7 бөлім); 1.4. ірілетілген сметалық нормалардың жинақтары (9 жинақ); 1.5. материалдарға, бұйымдар мен құрастырмаларға арналған сметалық бағалар жиынтығына толықтырулар мен өзгерістер әзірлеу; 1.6. құрылыс және монтаж жұмыстарына арналған СНжР жинақтарына толықтырулар мен өзгерістер әзірлеу; 1.7.»"SANA-2001" бағдарламалық қамтамасыз етуді кеңейту және толықтыру; 2. Сәулет-қала құрылысы қызметін реттеу үшін нормативтік-құқықтық құжаттама жасау: 2.1. "Қала құрылыс жобаларын әзірлеу, келісу, бекіту және құрамы туралы нұсқаулық" ҚР ҚНмЕ қайта өңдеу"; 2.2. "Жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттар 50-86 ВСН қайта өңдеу; 2.3. "жеке тұрғын үйлерді салуға арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу, бекіту және құрамы туралы нұсқаулық» ҚНмЕ қайта өңдеу; 2.4. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жасау және енгізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар" 1.05-01-2003 ҚР РДС қайта өңдеу; 2.5. "Республикалық деңгейдегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жасау және енгізудің техникалық жобасын" салуда басшылыққа алатын құжатты әзірлеу; 2.6. "Облыстық деңгейдегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жасау және енгізудің үлгілік техникалық жобасын" салуда басшылыққа алатын құжатты әзірлеу; 2.7. "Базалық деңгейдегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жасау және енгізудің үлгілік техникалық жобасын" салуда басшылыққа алатын құжатты әзірлеу; 2.8. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жасау және енгізудің құнын белгілеу тәртібін" салуда басшылыққа алатын құжатты әзірлеу; 3. Мына үлгілік жобаларды әзірлеу: 3.1. 1В және III А, III В және IV Г қарапайым геологиялық жағдайлары бар климатикалық аудандарда, жоғары сейсмикалық белсенділігі 7 балл климатикалық аудандарда II В және III В, IV А және IV Г "300 оқушыға арналған орта мектеп" үлгілік жобасын әзірлеу; 3.2. 1 В және III А, III В және IV Г қарапайым геологиялық жағдайлары бар климатикалық аудандарда, жоғары сейсмикалық белсенділігі 7 балл климатикалық аудандарда II В және III В, IV А және IV Г "600 оқушыға арналған орта мектеп" үлгілік жобасын әзірлеу; 3.3. 1 В және III А, III В және IV Г қарапайым геологиялық жағдайлары бар климатикалық аудандарда, жоғары сейсмикалық белсенділігі 7 балл климатикалық аудандарда II В және III В, IV А және IV Г»900 оқушыға арналған орта мектеп» үлгілік жобасын әзірлеу; 3.4. І В және ІІ А, ІҮ А және ІҮ Г қарапайым геологиялық жағдайлары бар климаттық аудандарда; сейсмикалық белсенділігі 7 балл және одан жоғары І В, ІІ В және ІІІ В, ІҮ А және ІҮ Г климаттық аудандарында 75 адамға арналған аудандық және қалалық ішкі істер бөлімдерінің (АІІБ, ҚІІБ және ЖІІБ, ІІД, КІІД) ғимараттары үлгілік жобаларын әзірлеу. 3.5. ІВ және ІІА, ІҮА және ІҮГ қарапайым геологиялық жағдайлары бар климаттық аудандарда; сейсмикалық белсенділігі 7 балл және одан жоғары І В, ІІ В және ІІІ В, ІҮ А және ІҮ Г климаттық аудандарында 150 адамға арналған аудандық және қалалық ішкі істер бөлімдерінің (АІІБ, ҚІІБ және ЖІІБ, ІІД, КІІД) ғимараттары үлгілік жобаларын әзірлеу. 3.6. ІВ және IIА, ІҮА және ІҮГ қарапайым геологиялық жағдайлары бар климаттық аудандарда; сейсмикалық белсенділігі 7 балл және одан жоғары ІВ, ІІВ және ІІІВ, ІҮА және ІҮГ климаттық аудандарында 470 адамға арналған аудандық және қалалық ішкі істер бөлімдерінің (АІІБ, ҚІІБ және ЖІІБ, ІІД, КІІД) ғимараттары үлгілік жобаларын әзірлеу. 3.7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау объектілерінің үлгі жобаларын әзірлеу (2008 жылдың І жарты жылдығында аяқталады)»; 4. Ілгерінді материалдарды, инженерлік жабдықтар мен технологияларды азаматтық тұрғын үй мен өнеркәсіп құрылысында пайдалана отырып, нормативтік құжаттарды, жобалық ұсыныстар мен техникалық шешімдерді әзірлеу: - мына ауысатын тақырыптар бойынша: 4.1. "Құрылыс үшін инженерлік-геологиялық іздестіру. Жұмыстардың өндірісіне техникалық талаптар" ҚР СН; 4.2. "Топырақты құрылыс материалдарын іздестіру. Жұмыстардың орындалуының жалпы ережесі" ҚР СН; 4.3. "Карметкомбинат табақты металл қорытпасынан жалпақ және гофрирленген қабырғалары бар үнемді дәнекерленген екі таврлы бағандарды дайындауға техникалық шарттар. Жалпы талаптар." ҚР СТ; 4.4. "Тұрғын үй ғимараты" ҚНмЕ-ға көмекші құрал; - жаңа тақырыптар бойынша; 4.5. "Жылу желілері" МСН-ге ережелер жиынтығы; 4.6. "Гидротехникалық құрылыс Жобалаудың негізгі ережелері" 2.06.01-86 ҚНмЕ қайта өңдеу; 4.7. "Топырақ материалдарынан бөгеттер" 2.06.05 -84*ҚНмЕ қайта өңдеу; 4.8. "Бетон және темір бетонды бөгеттер" 2.06.06.-85 ҚНмЕ қайта өндеу. 5. Техникалық қауіпсіздік бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу: 5.1. "Құрылыс алаңдарын электрлік жарақтандыруды жобалау жөніндегі нұсқаулық"; 5.2. "Құрылыс-монтаждық ұйымдардың тұрмыстық ғимараттар мен үй-жайларын жобалау жөніндегі нұсқаулық"; 5.3. "Асбестоцементті бұйымдар өнеркәсібінде техника қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережесі"; 5.4. "Бояу цехтары, зауыттар мен металл құрастырмаларын дайындау жөніндегі кәсіпорындар үшін қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария ережелері мен нормалары"; 5.5. "Рудалық емес құрылыс материалдары өнеркәсібіндегі техникалық қауіпсіздік және өндірістік санитария ережесі"; 5.6. "Құрылыс материалдары өнеркәсібіндегі (1-бөлім) техникалық қауіпсіздік және өндірістік санитария ережесі"; 5.7. "Жылу оқшаулағыш материалдар өнеркәсібіндегі техникалық қауіпсіздік және өндірістік санитария". ІІ. МНТКС Жоспары бойынша айқындалатын мемлекетаралық нормативтік-техникалық құжаттарды сатып алу | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитеті. |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. Сметалық-нормативтік құжаттардың 20 жинағын (іс-шаралар жоспарының 6-тармағы бойынша) әзірлеуді (қайта өңдеуді) аяқтау, «SАNA-2001» бағдарламалық қамтамасыз етуді кеңейту және толықтыру;
2. Сәулет қала құрылысы қызметін реттеу саласында 8 нормативтік құжатты әзірлеуді (қайта өңдеуді) аяқтау;
3. 2007 жылы жұмыстың жалпы көлемінен 50% орындаумен қоса (2008 жылы жұмыс көлемінің қалған 50% аяқтай отырып) 12 үлгілік жобаларды әзірлеуді аяқтау және 12 үлгілік жобаларды әзірлеуді бастау.
4. 6 нормативтік-техникалық құжатты және Қазақстан Республикасының ҚНмЕ бір оқу құралын әзірлеуді аяқтау және 2007 жылы жұмыстың жалпы көлемінің 70% орындаумен қоса (2008 жылы жұмыс көлемінің қалғанын 30% орындаумен қоса) бір тұрғын үй азаматтық және өнеркәсіп құрылысындағы жинақ ережелерін әзірлеуді бастау;
5. Техникалық қауіпсіздік жөнінде 7 нормативтік құжатты әзірлеуді аяқтау.
6. Кемінде 3 мемлекетаралық нормативтік-техникалық құжатты сатып алу.
7. Денсаулық сақтау объектілерінің кемінде 15 үлгі жобасын әзірлеу (2008 жылдың 1 жарты жылдығында аяқталады)
Түпкі нәтиже: дамыған елдердің техникалық регламенттеріне сәйкес келетін құрылыстың мемлекеттік нормативтерін қолданысқа енгізу, қазіргі заман талаптарына жауап беретін және сауда-экономикалық қарым-қатынастарда кедергілерді қоспағанда республиканың құрылыс кешенін мемлекетаралық нормалары мен стандарттарымен қамтамасыз ету, әлеуметтік инфрақұрылымның көпшілік объектілерінің жобалауына және құрылысына объективті шығындар мен негізсіз шығыстардың болдырмау деңгейін төмендету мәселелері бойынша мемлекеттің және халықтың мүдделерін қорғауды болжайтын типтік жобалардың жаңа буынын әзірлеу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір нормативтік-техникалық құжатты әзірлеудің орташа құны 500,0 мың теңгеден 3300,0 мың теңгеге дейін, үлгілік жобаны әзірлеудің орташа құны: аудандық және қалалық ішкі істер бөлімдері үшін ғимараттар - 6815,0 мың теңге; білім беру объектілері - 13170,9 мың теңге; денсаулық сақтау объектілері - 50463 мың теңге.
Уақтылығы: 2007 жылға арналған тақырыптық жоспарға сәйкес.
Сапасы: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және коммуналдық-тұрғын үй шаруашылық істері комитеті ғылыми-техникалық кеңесінің нормативтік құжаттарды мақұлдауы және бекітуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
367-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Теміртау қаласындағы
индустриялық парктің инфрақұрылымын салуға берілетін нысаналы
даму трансферттері» деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 200000 мың теңге (екі жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 21, 24, 27-баптары; «Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысының 9-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Теміртау қаласындағы «Металлургия» кластерінің шеңберінде металлургия және металл өңдеудегі жаңа өндірістерді ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: индустриялық аймақты құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 | | Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Теміртау қаласындағы индустриялық парктің инфрақұрылымын салуға берілетін нысаналы даму трансферттері | Теміртау қаласында индустриялық парк инфрақұрылымының құрылысына жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуді аяқтау. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, Қарағанды облысының әкімдігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Теміртау қаласында индустриялық парктің инфрақұрылымын салу жобасы бойынша мемлекеттік сараптамадан өткен, белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасы.
Түпкі нәтиже: жаңа өндірстерді ұйымдастыру; өнеркәсіптің өңдеуші салаларын дамыту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: индустриялық аймақ инфрақұрылымын салу; жаңа жұмыс орындарын құру.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: металлургиядағы және машина жасаудағы бәсекелестікті арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
368-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі