Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қаңтардағы № 28 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1001 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1369 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 маусымдағы № 346 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта теңдестіру жоспарын және олардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы № 28 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |