Тіркелген байланыс желілерінде сымсыз жүйелерді пайдалану мәселесі бос радиожиіліктердің болмауына байланысты өткір күйінде қалып отыр. Бұл ауылдық байланыстың дамуын және ауылдық елді мекендерде соңғы мильді (желі жабдығынан абоненттік қондырғыға дейінгі қол жеткізу желісі) ұйымдастыруға жұмсалатын шығындарды арзандату процесін тежейді.
Азаматтық және үкіметтік мақсаттағы радиоқызметтердің арасында бірлескен жиілік жолағының ара жігін айқын ажыратушылықтың болмауы әскери басқарманың орталық атқарушы органдарымен азаматтық радиожиіліктерді келісуді жүргізуді талап етеді.
Әлеуетті министрліктер мен ведомстволардың радиоэлектронды құралдарының (бұдан әрі - РЭҚ) сол жиілік ауқымын жаңа байланыс технологияларының да пайдалануына байланысты жаңа технологияларды енгізу тежелуде. Азаматтық пайдалануға жиілік ресурсын босату үшін конверсия тетігі қажет.
Бағдарламада көтеріліп отырған проблемаларды шешуге бағытталған бірқатар іс-шараларды орындау көзделеді.
5.2.4. Ұлттық жерсеріктік байланысты дамыту
2006 жылы «Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдарды электромагниттік үйлестіру республикалық орталығы» АҚ тұлғасында Қазақстанға халықаралық жерсеріктік байланыс операторларының аренасына кіруге мүмкіндік беретін қазақстандық «KAZSAT» байланыс және хабар тарату жерсерігін ұшыру жоспарланып отыр.
Қазақстандық жерсеріктік желілер өз жерсерігінің пайда болуымен сөзсіз «KAZSAT» жерсерігі арқылы жұмыс істейтін болады. Қазіргі жерсеріктік байланыс операторларының «KAZSAT»-қа көшуі ақпараттық қауіпсіздікке, қаражатты үнемдеуге, Қазақстан Республикасының барлық салалары үшін жерсеріктік байланыс қызметтерінің серпінді дамуына ықпал ететін болады. Қазақстандық байланыс операторлары үшін ұлттық геостационарлық жерсеріктік байланыс және хабар тарату сыйымдылығын жалдау, мысалы, Intelsat сияқты басқа жерсеріктердегі сыйымдылықты жалдаудан едәуір арзан болады деп болжануда. Бұдан басқа, ТМД елдерінің операторларына да жерсеріктік байланыс арналарын жалға беру жоспарланып отыр.
5.2.5. Стандарттаудың және сертификаттаудың салалық
жүйесін жетілдіру
Ағымдағы сәтте салада стандарттау және сертификаттау саласындағы жұмыс іс жүзінде жүргізіліп отырған жоқ. Техникалық сәйкестігіне сертификаттаудан өтпеген жабдықты пайдалануға тыйым нормативпен бекітілмеген. Осындай техникалық құралдарды немесе тек қауіпсіздік параметрлері бойынша сертификатталған құралдарды пайдалану салада төменгі сападағы жабдықты пайдалануына әкеп соқтырады.
Халықаралық тәжірибені жан-жақты зерделеуге негізделген стандарттау мен сертификаттаудың салалық жүйесін құруға бағытталған жұмысты жандандыру қажет: осы салада бар стандарттар бойынша ақпарат жинауды және талдауды жүргізу, басым бағыттарды айқындау, жаңа стандарттарды әзірлеу кезінде мүмкіндігінше халықаралық деңгейден өңірлікке өту.
Қазақстан үшін стандарттау мен сертификаттау жүйесін жетілдіру ДСҰ-на кіру жолы бойынша ілгерілеуге ықпал ететін болады. Халықаралық қағидаттарды пайдалану шет мемлекеттердің қазақстандық сынақ зертханаларын, зертханаларда алынған сынақ нәтижелерін, қазақстандық сәйкестік сертификаттары мен белгілерін мойындауы проблемасына оң әсерін тигізеді.
5.2.6. Телекоммуникация саласында кадрлар даярлау мен
қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында телекоммуникация саласы елдің орташа даму қарқынынан асатын, жылына 28 % - 34 %-ға жуық жедел қарқынмен дамуда. Салада жұмыс істейтін қызметкерлердің саны тұрақты түрде өсіп отыр. Телекоммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы, жаңа техникалық және бағдарламалық өнімдердің пайда болуы қызметкерлерден біліктілігі мен өз бетінше білім алуын ұдайы көтеруді талап етеді.
Жоғары технологиялық өндірісті дамыту мен экономиканың шикізаттық бағытынан арылу қажеттілігін ескерсек, Қазақстан Республикасында телекоммуникация саласын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ақпараттандыру және телекоммуникация саласында кадрлар даярлаудың бірыңғай жүйесін құру проблемасы өткір қойылады.
Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласының озық дамуын ғылыми және біліммен қамтамасыз ету жүйесін қалыптастырудың 2007-2012 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу қажет.
Осы тұжырымдама Қазақстанның ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары білікті кадрларға қажеттілігін айқындауға, ғылыми-техникалық прогресс пен жаңа технологияларды енгізуді ескере отырып, мамандар даярлаудың критерийлерін әзірлеуге және елдің телекоммуникациялық саласын озық дамытуды ғылыми және біліммен қамтамасыз ету жүйесін құру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге бағытталуы тиіс.
5.2.7. Телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру
iс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету
Абоненттердің соңғы терминалдарының сәйкестендіру деректері туралы қызметтік ақпаратты телекоммуникация желісі бойынша беру тетігі жеткілікті реттелмеген. Әртүрлі байланыс операторлары желілерінің қиылысуларындағы кері нөмірлерді трансляциялауда көптеген проблемалар бар. Барлық түрдегі байланыстың транзиттік желілерінде абоненттер терминалдарының қызметтік сәйкестендіру деректерін трансляциялау мен есепке алу жөніндегі техникалық шешімдерді іске асыру және осы талаптарды байланыс операторларының желілерін қосу кезінде міндетті шарт ретінде ұсыну қажет.
Телекоммуникациялық жабдықты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ететін құралдармен жарақтандыруды осы салада қолданылатын стандарттарға және өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес кеңейту қажет.
Қылмыстық және қоғамға қарсы қызметтің жолын кесуге арналған жағдайларды жетілдіру мақсатында абоненттердің жеке деректерін тіркеу мен сәйкестендіруді ұйымдық және техникалық қамтамасыз ету мәселелерін регламенттейтін нормативтік кесімдер әзірленетін болады.
Нормативтік талаптардың негізінде алдын ала төлеу карточкаларын және қоғамдық байланыс пункттерінің қызметтерін пайдаланатын абоненттерді байланыс операторларының есепке алуы жөніндегі ұйымдастыру шараларын қолданысқа енгізу қажет. Пайдаланушылардың соңғы терминалдарының деректерін сәйкестендіруді техникалық қамтамасыз ету мақсатында тиесілігіне қарамастан барлық түрдегі байланыстың транзиттік желілер бойынша кері нөмірлер туралы қызметтік ақпаратты трансляциялау бойынша нормативтік талаптарды қолданысқа енгізу қажет.
Пакеттік деректер беру желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді техникалық қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.
Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелерді одан әрі кеңейту іске асырылатын болады.
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi
Бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін болады.
Бағдарламаны орындау үшін 2006-2008 жылдары шамамен 222,3 млн. теңгеге баламалы сомадағы қаражатты игеру талап етіледі. Талап етілетін қаражат республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне байланысты әр жыл бойынша жеке қаралуға тиіс.
Республикалық бюджет қаражатынан Бағдарламаны іске асыруға қажетті қаржыландыру көлемі 2006 жылы - 25,3 млн. теңге, 2007 жылы - 153 млн. теңге, 2008 жылы - 44 млн. теңге. 2007-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына белгіленетін (нақтыланатын) болады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Телекоммуникация қызметтері нарығының оңтайлы құрылымы, тиімді және дамыған телекоммуникациялық инфрақұрылым ақпараттық қоғамның технологиялық негізі сияқты.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Қазақстанда мыналар болады:
мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, халыққа арналған байланыс қызметтеріне қол жетімділік, мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік, телекоммуникация саласында ұлттық бәсекеге қабілеттілік үшін теріс салдарларсыз телекоммуникацияның толық бәсекелестік нарығына көшу;
телекоммуникация салаларының үздіксіз жұмыс істеуінің қамтамасыз етілуі;
телекоммуникацияның базалық қызметіне халықтың қол жетімділігінің кеңеюі;
телекоммуникацияның ұсынылатын қызметтері спектрінің кеңеюі;
Орталық Азия өңірінің телекоммуникация саласында Қазақстан Республикасының көшбасшылық ұстанымының қамтамасыз етілуі. Қазақстан Оңтүстік Шығыс Азия - Еуропа және Орталық Азия - Ресей бағыттарында елеулі ақпараттық ағындарды қамтамасыз ету жөнінде халықаралық транзит торабы болады;
телекоммуникациялар саласында мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін телекоммуникация саласындағы нормативтік құқықтық базаның құрылуы;
телекоммуникациялық инфрақұрылымға қысқа мерзімді де, ұзақ мерзімді де кезеңге инвестициялау үшін тартымды жағдайдың жасалуы;
телекоммуникациялар нарығында бәсекелестік ортаның қалыптасуы, жергілікті желілерге қол жетімділікті және байланыс қызметтерінің жаңа түрлері нарығын дамытуға арналған мүмкіндіктер өседі;
саланың жұмыс тиімділігінің артуы және байланыс қызметтерін тұтынудың құрылымдық үйлесімсіздігінің азаюы;
саланың серпінді дамуы жағдайында телекоммуникация саласындағы кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесінің құрылуы.
2008 жылдың аяғына қарай Бағдарламаны іске асыру мынадай мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталатын болады:
тіркелген телефон желілерінің тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 23;
ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 50;
Интернетті пайдаланушылар тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 10;
жергілікті телекоммуникация желілерін цифрландыру деңгейі - 80 %;
байланыс операторлары кірістерінің көлемі - жалпы ішкі өнімнің 4-5 %-ы;
бір тұрғынға телекоммуникация қызметінен түсетін кірістер 150-200 АҚШ доллары;
бір тұрғынға телекоммуникация саласына инвестициялар 70-100 АҚШ доллары.
Бағдарламаны іске асыру кезінде 2012 жылға қарай әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 еліне тән мынадай басты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жағдай жасалатын болады:
100 тұрғынға 40 телефон желісі (2005 жылы - 17),
100 тұрғынға 90 ұялы байланысты пайдаланушы (2005 жылы - 36),
100 тұрғынға 40 Интернетті пайдаланушы (2004 жылы - 1,34).
8. Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын
дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске
асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Орын- дауға (іске асыру- ға) жауап- тылар | Орындау (іске асыру) мерзімі | Болжа- нып отырған шығыс- тар млн. теңге | Қаржы- ландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Телекоммуникация саласын мемлекеттік реттеуді жетілдіру |
1.1. Телекоммуникация саласын одан әрі дамыту жөніндегі зерттеулер |
1.1.1 | ДСҰ жағдайында телекоммуника- ция саласының жұмыс істеу бойынша, оның ішінде инвес- тициялық тар- тымдылығын көтеру бойынша ұсыныстар дайындау | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ИСМ,ӨҰҚК | 2007 жылғы 20 қаңтар | талап етілмей- ді | |
1.1.2 | Реттелетін қызметтер түр- лері бойынша шығындарды бөлек есепке алуды ұйымдас- тыру | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ТМРА, ИСМ | жыл сайын 20 қаңтар | талап етілмей- ді | |
1.1.3 | Ырықтандыру жағдайында телекоммуника- ция саласын мемлекеттік реттеуді же- тілдіру проб- лемалары мен жолдарын зерттеу | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ЭБЖМ | 2007 жылғы 20 шілде | 2006 жыл - 4 | РБ қаража- ты |
1.1.4 | Телекоммуника- ция саласын ырықтандыру бойынша бұдан әрі жүргізіле- тін іс-шаралар туралы ұсыныс- тар дайындау | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ИСМ, байланыс опера- торлары | 2007 жылғы 20 шілде | талап етілмей- ді | |
1.1.5 | Мемлекеттік органдардың телекоммуника- ция қызметте- ріне арналған шығыстарын оңтайландыру бойынша іс- шаралар жоспа- рын әзірлеу | Үкіметке ақпарат | ЭБЖМ (жинақ- тау), АБА | 2007 жылғы 20 шілде | талап етілмей- ді | |
1.1.6 | Транзиттік телекоммуника- циялық әлеует- ті дамыту және отандық байла- ныс оператор- ларының шетел- дік нарыққа шығару жөнінде ұсыныстар дайындау | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ЭБЖМ | 2008 жылғы 20 шілде | 2007 жыл - 10* | РБ қаража- ты |
1.1.7 | Байланыс қыз- меттерін пай- даланушыларды тіркеу әдісте- ріне зерттеу жүргізу | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ЭБЖМ, ҰҚК | 2008 жылғы 20 шілде | 2007 жыл - 7* | РБ қаража- ты |
1.1.8 | Телекоммуника- ция саласының дамуына эконо- микалық талдау жүргізу | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ЭБЖМ, | 2008 - 2009 жж. 20 қаңтар | 2007 жыл - 7* 2008 жыл - 7* | РБ қаража- ты |
1.2. Байланыс операторларын қосу |
1.2.1 | Ұялы байланыс операторлары- ның қосылу нүктелерін келісу | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ұялы байланыс опера- торлары | 2006 жылғы 20 шілде | талап етілмей- ді | |
1.2.2 | Жалпы пайдала- нымдағы теле- коммуникация желісіне қала- аралық және халықаралық байланыс опе- раторлары же- лілерінің қосылуларын ұйымдастыру | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ИСМ, "Самұ- рық" холдин- гі" АҚ, қалаара- лық және халықа- ралық байланыс опера- торлары | 2007 жылғы 20 қаңтар | талап етілмей- ді | |
1.2.3 | Ұялы байланыс операторлары- ның "Қазақте- леком" АҚ желісінен тыс қосылуларын қамтамасыз ету | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ҰҚК, ұялы байланыс опера- торлары | 2006 жылғы 20 шілде | талап етілмей- ді | |
1.2.4 | Ұялы байланыс операторлары, тіркелген және ұялы байланыс операторлары арасындағы өзара есеп айырысуды ес- кере отырып, байланыс опе- раторларының қосылуларына және трафикті өткізуіне та- рифтерді есеп- теу әдістеме- сін әзірлеу | Бұйрық | ТМРА | 2007 жылғы ІІІ тоқсан | 2007 жыл - 5* | РБ қаража- ты |
1.2.5 | Байланыс опе- раторларының қосылулары бойынша дерек- тер базасын құру | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ИСМ | 2008 жылғы 20 қаңтар | талап етілмей- ді | |
1.2.6 | "Телекоммуни- кация желіле- рін жалпы пай- даланымдағы телекоммуника- ция желісіне қосу және Қазақстан Рес- публикасының жалпы пайдала- нымдағы теле- коммуникация желісі бойынша трафикті өткі- зуді реттеу мәселелері жө- нінде зерттеу- лер жүргізу | Үкіметке ақпарат | АБА | 2008 жылғы 20 қаңтар | 2007 жыл - 12* | РБ қаража- ты |
1.2.7 | "Телекоммуни- кация желіле- рін жалпы пай- даланымдағы телекоммуника- ция желісіне қосу және Қазақстан Рес- публикасының жалпы пайдала- нымдағы теле- коммуникация желісі бойынша трафикті өткі- зуді реттеу ережесін бекі- ту туралы Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төр- ағасының 2004 жылғы 12 шіл- дедегі № 145-ө бұйрығына, оның ішінде кіріс қосылыс- тарының нөмір- лерін есепке алуды және трансляциялау- ды қамтамасыз ету бөлігіне өзгерістер мен толықтыру- лар енгізу | Бұйрық | АБА (жи- нақтау), ТМРА, ИСМ, ЭБЖМ, ҰҚК | 2008 жылғы II тоқсан | талап етілмей- ді | |
1.3. Тіркелген және ұялы байланысты дамыту |
1.3.1 | "Қазақтелеком" АҚ кәбілдік канализациясын байланыс опе- раторы болып табылмайтын ұйымға беру туралы ұсыныс дайындау | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ТМРА, "Самұ- рық" холдин- гі" АҚ, "Қазақ- теле- ком" АҚ | 2006 жылғы 20 шілде | талап етілмей- ді | |
1.3.2 | ІР-телефондама операторлары- ның жалпы пай- даланымдағы телекоммуника- ция желісіне қосылуы мәсе- лерін жетіл- діру жөнінде ұсыныстар беру | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ТМРА, ИСМ, "Самұ- рық" холдин- гі" АҚ, "Қазақ- теле- ком" АҚ, байланыс опера- торлары | 2007 жылғы 20 шілде | талап етілмей- ді | |
1.3.3 | Белгілі бір тауар нарығын- да үстем (мо- нополиялық) жағдайдағы нарық субъек- тісінің мемле- кеттік тізі- лімінде тұрған операторлар ұсынатын ұялы байланыс қыз- меттеріне та- рифтерді қа- лыптастыру тәртібін және оның негізді- лігін тексеру | АБА-ға ақпарат | ИСМ | 2007 жылғы 30 шілде | талап етілмей- ді | |
1.3.4 | Қалааралық және халықара- лық байланыс кызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша ұсы- ныстарды дайындау | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ИСМ, ТМРА, "Самұ- рық" холдин- гі" АҚ, қалаара- лық және халықа- ралық байланыс опера- торлары | жыл сайын, 20 қаңтар | талап етілмей- ді | |
1.3.5 | "Байланыс опе- раторларының қалааралық қо- суларды және телекоммуника- цияның өзара әрекет етуші желілерінің арасындағы трафикті секундтық тарифтеуді ен- гізуі туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 74-ө және Қазақстан Республикасы Табиғи монопо- лияларды рет- теу агенттігі- нің 2004 жылғы 14 мамырдағы № 233-ОД бір- лескен бұйры- ғына өзгеріс- тер мен толық- тырулар енгізу | Бірлес- кен бұйрық | АБА, ТМРА, ИСМ | 2007 жылғы І тоқсан | талап етілмей- ді | |
1.3.6 | "Жылдық ставка негізінде қа- лааралық және (немесе) ха- лықаралық бай- ланысты ұсын- ғаны үшін тө- лемақыны есеп- теу әдістеме- сін бекіту ту- ралы" Қазақс- тан Республи- касы Ақпарат- тандыру және байланыс аген- ттігі төраға- сының 2004 жылғы 22 қара- шадағы № 261-ө бұйрығына өз- герістер мен толықтырулар енгізу | Бұйрық | АБА | 2007 жылғы І тоқсан | талап етілмей- ді | |
1.3.7 | "Телекоммуни- кацияның әмбе- бап қызметте- ріне арналған тарифтерді қайта теңдес- тіру жоспарын және олардың әмбебап қыз- меттеріне ар- налған тариф- терді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Үкімет қаулысы- ның жобасы | ИСМ (жи- нақтау), ТМРА, АБА | Қажет- тілігі- не қарай және бөлек есепке алу де- ректері бойынша | талап етілмей- ді | |
1.4. Интернетті дамыту |
1.4.1 | "ҒБжЭМҮРО" АҚ базасында Интернеттің баламалы пулын ұйымдастыру жөнінде ұсы- ныстар дайын- дау | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ИСМ, "ҒБжРЭҚ ЭМҮ РО" АҚ | 2007 жылғы 20 қаңтар | талап етілмей- ді | |
1.4.2 | "Қазақтелеком" АҚ-ның Интер- нет қызметте- ріне тарифте- рін І жарты- жылдықта 25% және II жарты- жылдықта 25% төмендетуі жөнінде ұсы- ныстар беру | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ИСМ, "Самұ- рық" холдин- гі" АҚ, "Қазақ- теле- ком" АҚ | 2006 жылғы 20 шілде, 2007 жылғы 20 қаңтар | талап етілмей- ді | |
1.4.3 | Қазақстандық Интернет айма- ғында ресейлік Интернеттің айналық сайт- тарын құру ту- ралы ұсыныс- тар дайындау | АБА-ға ақпарат | МАМ (жи- нақтау), байланыс опера- торлары | 2006 жылғы 30 жел- тоқсан | талап етілмей- ді | |
1.4.4 | Халық үшін компьютерлерге қол жетімді бағаны қамта- масыз ету | АБА-ға ақпарат | ИСМ | 2006 жылғы 30 жел- тоқсан | талап етілмей- ді | |
1.4.5 | "Телефон бай- ланысы қызмет- терін көрсету ережесін бекі- ту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төр- ағасының 2004 жылғы 29 қыр- күйектегі № 204-ө бұйрығы- на өзгерістер мен толықтыру- лар енгізу | Бұйрық | АБА (жи- нақтау), ТМРА, ИСМ, ҰҚК | 2006 жылғы IV тоқсан | талап етілмей- ді | |
1.4.6 | Интернет желі- сінің қазақс- тандық сегмен- ті контентінің дамуы жөнінде ұсыныстар дайындау | АБА-ға ақпарат | МАМ (жи- нақтау), ҰҚК, байланыс опера- торлары | жыл сайын 30 жел- тоқсан | талап етілмей- ді | |
1.5. Халыққа теллекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету |
1.5.1 | 50 астам тұр- ғыны бар, те- лефондандырыл- маған ауылдық елді мекендер- ді телефондан- дыру мүмкінді- гін қарастыру | Үкіметке ақпарат | АБА | 2007 жылғы 20 қаңтар | талап етілмей- ді | |
1.5.2 | Телекоммуника- цияның әмбебап қызметтерінің тізбесін бекі- ту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 тамыздағы № 866 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Үкіметі- нің қаулысы- ның жобасы | АБА (жи- нақтау), ТМРА, ИСМ, ҰҚК | 2008 жылғы IV тоқсан | талап етілмей- ді | |
2. Саланы инновациялық-технологиялық дамыту және оның техникалық базасын қамтамасыз ету |
2.1. Теллекоммуникация саласын инновациялық дамыту |
2.1.1 | Байланыс опе- раторларының мүмкіндігін және ақпарат- тық қоғамның техникалық не- гізін қалып- тастыру қажет- тігін қамтама- сыз етуді есепке ала отырып, жалпы пайдаланымдағы телекоммуника- ция желісін цифрландыру деңгейінің жай-күйін зерттеу | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ЭБЖМ | 2007 жылғы 20 қаңтар | 2006 жыл - 3,6 | РБ қаража- ты |
2.1.2 | Телекоммуника- ция саласының инновациялық- техникалық да- муына зерттеу жүргізу | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ИСМ, ЭБЖМ, БҒМ, ҰҚК | 2008 жылғы 20 шілде | 2007 жыл - 10* | РБ қаража- ты |
2.1.3 | Телекоммуника- циялық жабдық- тар өндірісін ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар дайындау | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ИСМ, ЭБЖМ, ҰҚК | 2008 жылғы 20 шілде | талап етілмей- ді | |
2.2. Нөмірлеудің телекоммуникациялық ресурсын бөлу |
2.2.1 | Алматы қаласы- ның 7 орынды санмен нөмір- леуге көшуін қамтамасыз ету | Бұйрық | АБА | 2006 жылғы ІІІ тоқсан | талап етілмей- ді | |
2.2.2 | Нөмірлеу ресурсының электрондық дерекқорын құру | Элект- рондық дерекқор құру | АБА | 2008 жылғы 20 қаңтар | талап етілмей- ді | |
2.2.3 | Қазақстан Республикасы телекоммуника- ция желілері- нің жаңа Нө- мірлеу жоспа- рына көшуін ұйымдастыру | Бұйрық | АБА (жи- нақтау), ЭБЖМ | Ресей Федера- циясы -мен келіс- сөздер қоры- тынды- сы бой- ынша | Қаржы- ландыру көлемі көшу кезеңін- де айқында- латын болады | РБ және байла- ныс опера- тор- ларының қаража- ты |
2.3. Радиожиілік спектрін бөлуді жетілдіру |
2.3.1 | Республиканың радиожиілік спектрінің (бұдан әрі - РЖС) тиімділі- гін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеп, оның пайдаланылуына кешенді талдау жүргізу | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), Қорға- нысмині, ЭБЖМ | 2007 жылғы 20 шілде | 2006 жыл - 5,5 | РБ қаража- ты |
2.3.2 | Жаңа телеком- муникациялық технологиялар- ды енгізу мақсатында жиіліктің бо- сатылу тетігін зерттеу және ғылыми негіз- делген ұсыныс- тар әзірлеу | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), Қорға- нысмині, ЭБЖМ | 2007 жылғы 20 шілде | 2006 жыл - 5,5 | РБ қаража- ты |
2.3.3 | Әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешу және коммерциялық пайдалану үшін РЖС-ны конвер- сиялау бойынша зерттеулер жүргізу | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ЭБЖМ, Қорға- нысмині | 2008 жылғы 20 қаңтар | 2006 жыл - 1,5 | РБ қаража- ты |
2.3.4 | Үкіметке ар- налған РЭҚ де- рекқорын әзір- леу жөнінде зерттеулер жүргізу | АБА-ға ақпарат | Қорға- нысмині (жинақ- тау), ІІМ, ТЖМ, ЭБЖМ, ҰҚК | 2007 жылғы 30 желтоқ- сан | 2007 жыл - 30* | РБ қаража- ты |
2.3.5 | "Радио қызмет- тері үшін радиожиілік белдеуін бөлу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы- ның аумағында- ғы барлық мақ- саттағы радио- электрондық құралдарға ра- дио жиіліктер- ді (радиожиі- лік арналарын) бөлу және иелікке беру ережесін бекі- ту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төр- ағасының 2004 жылғы 15 шіл- дедегі № 146-ө және Қорғаныс министрінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 413 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу | Бірлес- кен бұйрық | АБА, Қорға- нысмині, ҰҚК | 2007- 2008 жылдар | талап етілмей- ді | |
2.3.6 | РЖС-ны конвер- сиялау шығын- дарының техни- калық-экономи- калық негізде- месінің әдіс- темесін әзір- леу үшін зерт- теулер жүргізу | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ЭБЖМ, Қорға- нысмині | 2009 - жылғы 20 қаңтар | 2007 жыл - 7* | РБ қаража- ты |
2.3.7 | РЖС-ны конвер- сиялау бойынша іс-шаралар өткізуге жұм- салған шығын- дарды өтеу үшін зерттеу жүргізу | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ЭБЖМ, Қорға- нысмині | 2009 жылғы 20 қаңтар | 2007 жыл - 7* | РБ қаража- ты |
2.3.8 | РЖС-ны пайда- ланудың перс- пективалық жоспарын әзір- леу жөнінде зерттеу жүргізу | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), Қорға- нысмині, ЭБЖМ, ҰҚК | 2009 жылғы 20 қаңтар | 2007 жыл - 7* | РБ қаража- ты |
2.3.9 | Жиілік-аумақ- тық бөлу нор- маларын және азаматтық және әскери радио жүйелерінің жалпы жиілік белдеулерін бірлесіп пай- далану шартта- рын әзірлеу үшін зерттеу жүргізу | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ЭБЖМ, Қорға- нысмині, ҰҚК | 2009 жылғы 20 қаңтар | 2007 жыл - 7* | РБ қаража- ты |
2.3. 10 | Халықаралық электр байла- нысы одағының ұсыныстарына, халықаралық келісімдерге сәйкес РЖС-ны конверсиялауды жүргізу қоры- тындылары бой- ынша радиожи- ілік спектрін пайдалануды үйлестіру жө- нінде зерттеу жүргізу | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), Қорға- нысмині,ЭБЖМ | 2009 жылғы 20 қаңтар | 2007 жыл - 7* | РБ қаража- ты |
2.3. 11 | Үкіметтің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1379 қаулы- сымен бекітіл- ген Қазақстан Республикасы- ның радиоқыз- меттері ара- сында 3 кГц- тен 400 ГГц дейінгі жиі- ліктер диапа- зонындағы жиі- ліктер белдеу- лерін бөлудің ұлттық кесте- сіне өзгеріс- тер мен толық- тырулар енгізу | Үкімет қаулысы- ның жобасы | АБА (жи- нақтау), Қорға- нысмині | 2008 жылғы IV тоқсан | талап етілмей- ді | |
2.4. Ұлттық жерсеріктік байланысты дамыту |
2.4.1 | "KAZSAT" ұлт- тық байланыс және хабар та- рату жерсері- гін пайдала- нуға енгізу | Үкіметке ақпарат | АБА | 2007 - жылғы 20 қаңтар | | |
2.4.2 | Мемлекеттік органдардың жұмыс істеп тұрған жерсе- ріктік байла- ныстың қазақс- тандық желіле- рін "KAZSAT" ұлттық байла- ныс және хабар тарату жерсе- рігіне көшіру | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ЭБЖМ, БҒМ, ЭМРМ, Қорға- нысмині, ККМ, МАМ, ТЖМ, ІІМ, ҰҚК | жыл сайын 20 қаңтар | Қаржы- ландыру көлемі көшіру кезең- інде анықта- латын болады | РБ қаража- ты |
2.5. Стандарттаудың және сертификаттаудың салалық жүйесін жетілдіру |
2.5.1 | Телекоммуника- ция құралдары- ның метроло- гия, стандарт- тау және сер- тификаттау бойынша нор- мативтік құ- қықтық базасын жетілдіруді қамтамасыз ету | Норма- тивтік техника- лық құ- жаттама | АБА (жи- нақтау), ЭБЖМ, ҰҚК, байланыс құралда- рын сертифи- каттау жөнінде- гі ор- гандар | жыл сайын IV тоқсан | 2006 жыл - 1,5 2007 жыл - 7* 2008 жыл - 7* | РБ қаража- ты |
2.5.2 | Телекоммуника- ция ұйымдарын- да халықаралық талаптарға (9000 серияда- ғы ISO) сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесін енгі- зуге ықпал ететін іс-шаралар жүргізуді жалғастыру | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), байланыс құралда- рын серти- фикаттау жөнінде- гі органдар | жыл сайын 20 қаңтар | талап етілмей- ді | |
2.6. Кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру |
2.6.1 | Қазақстан Республикасы телекоммуника- ция саласының дамуын қамта- масыз ететін ғылыми және білім беру жүйесінің жай-күйіне және оны қалыптастыру үрдісіне зерт- теу жүргізу | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), БҒМ, ИСМ, ЭБЖМ, ҰҚК | 2007 жылғы 20 шілде | 2006 жыл - 3,7 | РБ қаража- ты |
2.6.2 | Радиожиілік спектрін бас- қару, пайда- лану және оның монито- рингі саласын- да, сондай-ақ жиілікті иеле- нуді құқықтық қорғау бойынша халықаралық рәсімдерді орындау сала- сында маман- дардың білік- тілігін көте- руді ұйымдас- тыру | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), Қорға- нысмині, ЭБЖМ, "ҒБжРЭҚ ЭМҮ РО" АҚ | 2008- 2009 жылдар 20 қаңтар | 2007 жыл - 15* 2008 жыл - 15* | РБ қара- жаты, байла- нысты емес грант- тар |
2.6.3 | Қосылу, тра- фикті өткізу, дауларды шешу, тарифтік рет- теу саласында- ғы мамандардың біліктілігін көтеруді ұйымдастыру | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ЭБЖМ | 2008- 2009 жылдар 20 қаңтар | 2007 жыл - 15* 2008 жыл - 15* | РБ қара- жаты, байла- нысты емес грант- тар |
2.7. Телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету |
2.7.1 | Қосылулар туралы (бил- линг), сондай- ақ байланыс желісі абонен- ттерінің ор- нықтыру дерек- тері туралы статистикалық деректер жи- науды және беруді қамта- масыз ету жө- нінде байланыс операторлары- ның жабдықта- рына техника- лық талаптар әзірлеу | Бұйрық | АБА (жи- нақтау), ҰҚК | 2006 жылғы IV тоқсан | талап етілмей- ді | |
2.7.2 | Байланыс опе- раторларының кәсіпорында- рында мемле- кеттік құпия- ларды қорғау жөніндегі бөлімшелерді кеңейтуді жүр- гізу | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ПМК, ҰҚК, байланыс опера- торлары | жыл сайын 20 қаңтар | талап етілмей- ді | |
2.7.3 | Байланыс опе- раторларының телекоммуника- циялар желіле- рінде жедел- іздестіру іс-шараларын жүргізуді қам- тамасыз ету үшін жабдық- тарды стандарт талаптарына сәйкес жаңғыр- туын бақылау жөніндегі іс-шараларды жүргізу | Үкіметке ақпарат | АБА (жи- нақтау), ҰҚК | жыл сайын 20 қаңтар | талап етілмей- ді | |
| Жиыны: | | | | 2006 жыл - 25,3 2007 жыл - 153* 2008 жыл - 44* | РБ қаража- ты |