Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы № 519 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1003 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы № 519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 22, 214-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
«Тіркелген және ұялы байланысты дамыту» деген 1.3-кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1.3.8, 1.3.9-жолдармен толықтырылсын:
«1.3.8 | Жылжымалы радио- байланысты дамыту тұжырымдамасын әзірлеу | Үкіметке ақпарат | АБА | 2007 жылғы IV тоқсан | талап етілмейді |
1.3.9 | Қазақстан Республикасында 3G стандартты ұялы ақпарат байланыс қызметтерін ұсыну үшін жиілік белдеуін пайдалануға конкурс өткізу | Үкіметке ақпарат | АБА | 2008 жылғы IV тоқсан | талап етілмейді »; |
«Радиожиілік спектрін бөлуді жетілдіру» деген 2.3-кіші бөлімнің реттік нөмірі 2.3.10-жолының 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2007 жылы - 3*, 2008 жылы - 4*».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |