автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, темір жол өтпелерін, қалалық электрлік көлік желілерін, сондай-ақ автомотокөлік техникасының жаңа үлгілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысуды;
жол қозғалысын реттеуді қамтамасыз етуді;
мүдделі мемлекеттік органдармен жол қозғалысы қауіпсіздігіне, көшелер мен жолдардың құрылысына және қайта жаңғыртуға, сондай-ақ жүргізушілерді дайындаудың көлік құралдары мен оқу бағдарламаларын құрастыруға қатысты ережелердің, нормативтер мен стандарттардың жобаларын келісуді, жол қозғалысына қатысуға автомотокөлік құралдары мен олардың тіркемелеріне және жүргізушілерге рұқсат беруге байланысты жұмыстарды жүргізуді;
мемлекеттік техникалық тексерудің жүргізілуін бақылауды, көлік құралдарын пайдаланатын, оның ішінде сенімхатпен жүрген тұлғаларды тіркеу және есепке алуды және көлік құралдарын, троллейбустар мен трамвайларды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау мен куәліктер беруді жүзеге асыруды;
көлік құралдарының иелері мен тасымалдаушылардың заңнамада белгіленген азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға шарт жасасу жөніндегі міндеттерін көлік құралдарының иелері мен жолаушыларды тасымалдаушылардың орындауын бақылауды жүзеге асыруды;
жол қозғалысы қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыруды және оны орындау үшін міндетті түрде нұсқамалар беруді.
13. Министрліктің оған жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді шығаруға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.»;
19-тармақта:
3) тармақша алынып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) еңбек қатынастары мәселелері құзыретіне жатқызылған қызметкерлерге заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;»;
10) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2-тармақтармен толықтырылсын:
«19-1. Жауапты хатшы не жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам:
1) Министр қалыптастыратын саясатты қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылық жасауды жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрлік қызметінде ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келісілгеннен кейін Министрліктің, ведомстволардың, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Министрліктің штат саны лимиті шегінде құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келісілгеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келісілгеннен кейін Министрлік департаменттері мен басқармалары басшыларын, Министрліктің аумақтық бөлімшелері басшылары мен олардың орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
9) ведомостволардың басшыларын тағайындау үшін ұсынылатын ведомостволар басшыларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
10) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
11) Министрдің келісімі бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарларға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді;
12) Министрдің келісімі бойынша еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
13) Қазақстан Республиканың Президенті, Үкіметі, Министр бекітетін Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) жыл сайын Министрліктің жұмыс жоспары мен оның қызметінің нәтижелері туралы есепті әзірлейді және Министрге бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге бюджеттік өнімнің ұсынылуын, сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
16) Министрліктің қаржыландыру жоспарын және оның қаржылық есебін әзірлейді және Министрмен келісілгеннен кейін бекітеді;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегіндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
20) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынаста өз өкілеттігі шегінде Министрліктің атынан өкілдік етеді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19-2. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлға:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;
2) жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан сұратуға және алуға;
3) жеке қолданыстағы құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.»;
2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 313 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 14, 136-құжат):
2 және 3-тармақтар алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармағының 1) тармақшасының және 2) тармақшасының үшінші абзацын;
2) жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды тұлға анықталған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағы 1) тармақшасының тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтарында көрсетілген Министрдің және жауапты хатшының өкілеттіктерін қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |