«Қазтелерадио» АҚ қызметінің тиімділігін телерадио хабар тарату жүйелерін қазіргі заманғы технологиялармен қамтамасыз ету және жаңғырту арқылы арттыру;
шалғай жатқан ауыл халқын республикалық теледидар және радиохабар бағдарламаларымен қамтуды 0,8 пайызға ұлғайту.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 289-2-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
289-2-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
045 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне білім беру мемлекеттік жүйенің жаңа
технологиялық енгізуге берілетін нысаналы трансферттер»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1 024 543 мың теңге (бір миллиард жиырма төрт мың бес жүз қырық үш теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8-бабы, «2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім берудің жаңа деңгейіне кезең-кезеңімен көшу үшін жағдайлар жасау, білім беру сапасын арттыру, білім беруді ақпараттандыруды, оқушылар мен мұғалімдердің ақпараттық мәдениет қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: білім беру жүйесінің бірыңғай білім беру ақпараттық ортасын құру, әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігіне интеграциялану мақсатында Қазақстан Республикасының білім беруді ақпараттандыру жүйесін жақсарту және білім беру сапасын арттыру; жалпы орта білім беретін ұйымдарды мектептерді Интернет желісіне қосу арқылы жаһандық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құралдарымен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/ п | Бағдар-лама коды | Кіші бағдар-лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарла- маны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 076 | 100 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беру саласына мемлекеттік жүйенің жаңа технологияларын енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивтік оқытуды енгізуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер | Республи- калық бюджеттен облыстық бюджеттер-ге, Астана және Алматы қалалық бюджет- теріне жалпы орта білім берудің мемлекет- тік жүйесіне интерак- тивтік оқыту жүйесін енгізуге арналған нысаналы ағымдағы трансферт-терді Қазақстан Республи- касы Үкіметі- нің шешіміне сәйкес аудару, Жалпы орта білім берудің мемлекет- тік жүйесіне интерак- тивтік оқыту жүйесін енгізуді қамтама- сыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Білім және ғылым министрлі-гі Облыстар- дың, Астана, Алматы қалалары- ның әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
*тікелей нәтиже: 2007 жылы жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алынады, сондай-ақ кем дегенде 1000 мектепке, абоненттік төлемдер жүзеге асырылатын болады, оның ішінде:
Ақмола облысы - кем дегенде 30 мектеп, Ақтөбе облысы - кем дегенде 40 мектеп, Алматы облысы - кем дегенде 85 мектеп, Атырау облысы - кем дегенде 36 мектеп, Шығыс Қазақстан облысы - кем дегенде 78 мектеп, Жамбыл облысы - кем дегенде 80 мектеп, Батыс Қазақстан облысы - кем дегенде 40 мектеп, Қарағанды облысы - кем дегенде 84 мектеп, Қостанай облысы - кем дегенде 72 мектеп, Қызылорда облысы - кем дегенде 68 мектеп, Маңғыстау облысы - кем дегенде 18 мектеп, Павлодар облысы - кем дегенде 55 мектеп, Солтүстік Қазақстан облысы - кем дегенде 60 мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысы - кем дегенде 108 мектеп, Алматы қаласы - кем дегенде 113 мектеп, Астана қаласы - кем дегенде 33 мектеп.
2007 жылы кем дегенде 307 мектепке модемдер алынып және олар ADSL жүйесіне қосылады, оның ішінде: Ақмола облысы - 15 мектеп, Алматы облысы - 30 мектеп, Атырау облысы - 36 мектеп, Шығыс Қазақстан облысы - 40 мектеп, Жамбыл облысы - 13 мектеп, Батыс Қазақстан облысы - 20 мектеп, Қостанай облысы - 20 мектеп, Қызылорда облысы - 30 мектеп, Маңғыстау облысы - 10 мектеп, Павлодар облысы - 53 мектеп, Солтүстік Қазақстан облысы - 20 мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысы - 20 мектеп.
Кем дегенде 2000 педагог ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша оқыту курстарынан өткізілетін болады.
«Мультисервисті ақпараттық-коммуникативтік білім беру желісі» көпфункционалды жүйені құруға қажетті жабдықтар сатып алынатын болады.
Түпкі нәтиже: 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап республика мектептерінде ашық сабақтарды трансляциялау жүргізілетін болады.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жоспарланатын орташа шығысы: «Мультисервисті ақпараттық-коммуникативтік білім беру желісі» көпфункционалды жүйесін құруға қажетті жабдықтың 1 бірлігін сатып алуға 938,33 мың теңге, 1 мектепке модем сатып алуға 18,0 мың теңге, 1 мектепті ADSL жүйесіне қосуға 11,685 мың теңге, 1 айға абоненттік төлем 12,017 мың теңге, 1 педагогты оқытуға 1,227 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивтік оқыту жүйесін енгізу.
Сапасы: Білім беру ұйымдарын ғаламдық ақпараттық ресурстарға жоғары жылдамдықпен қол жеткізуін қамтамасыз ету.
* Республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын іс-шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
290-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес"
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5809 мың теңге (бec миллион ceгіз жүз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлық пен есірткіге тәуелділіктің таратылуының алдын алу, мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестегі өзара іс-қимылын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы әлеуметтік емдеуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру; салауатты өмір сүруді насихаттау, есірткіге тәуелді адамдарды сауықтыруға және оңалтуға бағытталған іс-шаралар өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес | Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында шығарма жазу конкурсын өткізу. Есірткіге тәуелді адамдарды ескерту, емдеу және оңалту саласындағы үкіметтік емес, оның ішінде жастар бірлестіктерін қолдау бойынша іс-шаралар өткізу. Педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік педагогтар үшін есірткіге қарсы күрес тақырыбы бойынша оқыту циклдерін өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: балалардың жасөспірімдер мен жастардың салауатты өмір салты мен иммунитеттерін қалыптастыру.
Түпкі нәтиже: Республикадағы білім беру мекемелері оқушыларының арасындағы есірткіге тәуелді адамдардың санын қысқарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджет қаражатын тиімді қолдану.
Уақтылығы: бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: оқушылардың, жастардың есірткі құралдарын пайдалану салдарынан келген нашақорлықтың залалын түсінуі.
Есірткі заттарын заңсыз пайдалану деңгейін төмендету және Қазақстан Республикасының 45 пайызға оқушылары мен студенттерінің салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
291-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту"
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 616871 мың теңге (алты жүз он алты миллион сегіз жүз жетпіс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамуы мен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамының құрылуы туралы" 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті жою.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: нормативтік құқықтық және әдістемелік базасын құру, тұрғындарға электрондық білім қызмет көрсетуді құру, қалыптастыру және дамыту, тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа оқыту нәтижелерін мониторлау, ақпараттық технология және менеджмент саласында қашықтықтан және күндізгі білім беру оқыту-консалтингі орталықтарын құру туралы жобаға дейін жұмыс жүргізу, ақпараттың, білімнің, қызмет көрсетудің, өнімнің бағдарламалық қамтамасыз етілуіне жаңа экспорттық мүмкіндіктерді енгізу; ақпараттық-коммуникациялық технология сервистерін ұсыну, тұрғындарды ақпараттық қоғамға, сондай-ақ қашықтан оқытуға, Интернетке қосылуға жалпы мүмкіндік алу мен тұрғындарды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға жаппай үйрету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 116 | | Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту | Тұрғындарға компьютерлік білім беру және сертификациялау үшін қашықтан оқыту және оқытушыларды даярлау орталығын құру. Тұрғындарға компьютерлік білім беру және сертификациялау үшін қашықтан оқыту және оқытушыларды даярлау орталығына негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу. Тұрғындарға компьютерлік білім беру және сертификациялау үшін қашықтан оқыту және оқытушыларды даярлау орталығын негізінде тұрғындарға компьютерлік білім беруші оқытушыларға тренингтік курстар өткізу. Тұрғындарды компьютерлік білімге оқытуға арналған мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу-әдістемелік нұсқаулықтарын әзірлеу және тираждау. Тұрғындарды компьютерлік білімге оқытуға арналған мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық оқу бағдарламасын әзірлеу және тираждау. Тұрғындардың компьютерлік білімін сертификациялау жүргізуге мемлекеттік және орыс тілдерінде тесттер әзірлеу. Тыңдаушылардың мемлекеттік және орыс тілдерінде компьютерлік білім беру курсының бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеу. Мектеп, лицей, профмектеп және колледж оқушыларын және ЖОО студенттерін тестілеу. Қазақстандық білім беру веб-порталын құру және актуализациялауды қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: тұрғындарға компьютерлік білім беру және сертификациялау үшін қашықтан оқыту және оқытушыларды даярлау орталығын және 15 аймақтық орталықтарын құру, қазақша және орысша тілдерінде оқулық-әдістемелік пособия, электрондық оқыту бағдарлама, тест, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, білім порталын құру.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасында тұрғындардың компьютерлік білім алу көрсеткіштерін жоғары деңгейге жеткізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: орта есеппен алғанда жобаланған шығыс оқулық - әдістемелер пособия - 1500 мың теңгені, электрондық оқыту бағдарлама - 9 000 мың теңге, тест - 5 000 мың теңге, бағдарламалық қамтамасыз етуді - 3000 мың теңге әзірлеуіне құрайды.
Уақтылығы: іс-шаралардың орындалуы бекітілген мерзімдерге сай келісіммен жүзеге асырылады.
Сапасы: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздігін азайту және компьютерлік білім тұрғындардың санын алған 20%-ға дейін ұлғайту.
Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздіктің азаюына септігін тигізетін компьютерлік кластарға келушілерге Интернет ақы ұсыну және үйрету.