7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
тікелей нәтиже:
- жобалық қуаты 38 440 оқушы орны бар 44 объектіде, құрылыстық-монтаждық жұмыстарды атқару.
Түпкілікті нәтиже: халыққа жалпы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін 44 білім беру объектілерінің құрылысын бастау, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды толығымен қамту үшін әлеуметтік-экономикалық жағдай жасау.
Уақтылығы: Жұмыс жүргізу кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
283-ҚОСЫМША. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
284-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Техникалық және қызмет көрсету мамандарын даярлау және қайта даярлау"
деген 049 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 37415 мың теңге (отыз жеті миллион төрт жүз он бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 8 , 13, 33, 37-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйені жетілдірудың Тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 17 сәуірдегі № 594 қаулысы; "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысы; Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жеке тұлғаның таңдаған мамандығында орта кәсіптік білім және біліктілік алу жолымен интеллектуалдық, мәдени және рухани даму қажеттілігін қанағаттандыру, техникалық және қызмет көрсететін еңбек мамандарымен қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: кәсіптік орталықтарында елімізге аса маңызды мәні бар мамандарды даярлау және қайта даярлау.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 047 | | Техникалық және қызмет көрсету мамандарын даярлау және қайта даярлау | Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқу процестерін жүргізу. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін техникалық және қызмет көрсету мамандарын даярлауға мемлекеттік білім тапсырысына сәйкес оқушыларды қабылдау. Техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлау және қайта даярлау үшін жағдайды қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 2007-2008 оқу жылына 250 оқушылар қабылдау.
Түпкі нәтиже: Атырау облысында мұнай газ саласы үшін техникалық және қызмет көрсету еңбек мамандарын даярлау және қайта даярлау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жылына бір оқушыны дайындауға кететін орта шығын (күрделі шығынды қоспағанда) - 149,66 мың теңге.
Уақтылығы: білім жоспарына сәйкес білім бағдарламаларының орындалуы.
Сапасы: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлаудың жоғары деңгейі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
285-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Сенім артқан агенттер қызметіне ақы төлеу»
деген 050 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007. 29.05 № 438 Қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 65 082 мың теңге (алпыс бес миллион сексен екі мың теңге).
ҚР Үкіметінің 2007. 29.05 № 438 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексі; «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 2007. 29.05 № 438 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қызмет көрсетулерді қамтамасыз ету және сенімді тұлғаларға (агенттерге) бюджеттік кредиттердің тиімділігін арттыру және қайтарылмай қалу қаупін төмендету мақсатында оларды қайтару.
ҚР Үкіметінің 2007. 29.05 № 438 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бюджеттік кредит беруге байланысты тапсырмаларды орындағаны үшін сенімді тұлғаларға (агенттерге) сыйақы төлеу.
ҚР Үкіметінің 2007. 29.05 № 438 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 050 | | Сенім артқан агенттер қызметіне ақы төлеу | Тапсырманы орындағаны үшін сенім білдірілген өкілге (агентке) сыйақы төлеу | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2007. 29.05 № 438 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: сенімді тұлғаға (агентке) мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік кредиттерді қайтару және қызмет көрсету жөнінде жұмысты жүргізгені үшін сыйақылар төлеу.
Түпкі нәтиже: қарыз алушылардың алған бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша міндеттерін орындаудың толықтығы мен уақытылығы.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: сенімді тұлғалар (агенттер) қызмет көрсететін кредиттерді толық қайтару.
Уақтылығы: сенімді тұлғалар (агенттер) алдындағы міндеттемелердің орындалу уақтылығы.
Сапасы: агенттік келісім талаптарына сәйкес есептер мен ақпаратты тапсырудың нақтылығы, уақыттылығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
286-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Алматы қаласы бюджетіне 2007 жылы "А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ
орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" мемлекеттік білім мекемесінің жұмыс істеуіне
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 051 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 163366 мың теңге (бip жүз алпыс үш миллион үш жүз алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 24, 36, 37-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі; "Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бүгінгі өркениеттің түбегейлі жаңару жағдайында ойлау мен іс-әрекетке қабілетті, жан-жақты дамыған, үйлесімді адамды тәрбиелеу, дарынды балаларды әлеуметтік, құқықтық және парасаттық жағынан қорғау, парасаттық мүмкіндікті қалыптастыруға ықпал жасау, республиканың интеллектуалдық потенциалын қалыптастыруға халықты қанағаттандыру үшін оқушыларға тереңдетілген және жоғары деңгейдегі білім беруге себеп жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дарынды балаларды оқыту. Оқушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламалар бойынша бейімдік пәндер арқылы тереңдете даярлау. Адамның жеке бейімділігін, шығармашылық қабілетін дамыту және азаматтыққа тәрбиелеу. Дарынды балаларды табуға қажетті жағдайлар жасау. Оқушыларды олимпиадаларға жоғары оқу орындарына түсуге іріктеу және даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 051 | | Алматы қаласы бюджетіне 2007 жылы "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" мемлекеттік білім мекемесінің жұмыс істеуіне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | 2007 жылға Алматы қаласының бюджетіне жұмыс істеуге арналған мемлекеттік білім беру мекемесі "А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ орта мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты" республикалық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен аудару. Оқу процесін сапалы өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау мемлекеттік жалпыміндеттік білім беру стандарттарына сәйкес. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Алматы қаласының әкімі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: музыка мамандықтары бойынша кәсіптік білімге дейін тереңдете оқытудың оқушылардың орташа саны - 450.
Түпкі нәтиже: оқушыларға тереңдетілген және жоғары деңгейдегі білім беруде халықты қанағаттандыру үшін республиканың интеллектуалдық потенциалын қалыптастыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір оқушыны оқыту мен тәрбиелеудің бір жылдық құны (күрделі шығындарды қоспағанда) - 282,7 теңгені құрайды.
Уақтылығы: оқу бітіруші оқушылардың іс жүзіндегі саны 25 адамнан кем емес.
Сапасы: Республикалық мемлекеттік мекемелерді "жақсы" және "өте жақсы" бағалармен аяқтаған оқушылардың үлесі 65 пайыздан кем емес.
* республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
287-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Қостанай облысының облыстық бюджетіне көлік коммуникация саласының техникалық және
қызмет көрсету персоналы кадрларын даярлау және қайта даярлау өңіраралық орталығының
материалдық-техникалық базасын нығайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 052 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 14449 мың теңге (он төрт миллион төрт жүз қырық тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 8 , 13, 33, 37-баптары; "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі 6-бабы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасалу мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өңіраралық кәсіптік орталығын материалдық-техникалық базасын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қостанай облысының бюджетіне өңіраралық кәсіптік орталығын материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қаржылық қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 052 | | Қостанай облысының облыстық бюджетіне көлік коммуникация саласының техникалық және қызмет көрсету персоналы кадрларын даярлау және қайта даярлау өңіраралық орталығының материалдық-техникалық базасын нығайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансф ерттер | Республикалық бюджеттен Қостанай облысының бюджеттеріне материалдық-техникалық базасын нығайтуға техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын дайындау және қайта даярлау көлік-коммуникациялық саласы жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталығына ағымдағы нысаналы трансферттерді Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес аудару. Өңіраралық кәсіптік орталығын материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы мамандардың сапалы дайындығына ие болу үшін қолайлы жағдайлар жасау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қостанай облысының әкімі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын дайындау және қайта даярлау көлік-коммуникациялық саласы жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталығына оқу-зертханасы сатып алынады - 48 атау кем емес.
Түпкі нәтиже: техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын дайындау және қайта даярлау көлік-коммуникациялық саласы жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталығының процесіне оқу-зертханасы енгізіледі, қолданыстағы (Санитарлық ережелер және Құрылыстық нормалар және ережелер) нормаларына сәйкес білім алушыларға тиесілі жағдай жасалды.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: оқу-зертхана құралдарының 1 атауының орташа құны - 301,0 мың теңге.
Уақтылығы: шарттарда көрсетілген мерзімге сәйкес материалдық-техникалық базаны жаңа оқу жылында нығайту.
Сапасы: білім алушылардың білім сапасын арттыру және жаңа технологияларды білім процесіне енгізу.
* республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын іс-шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
288-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
""Ғылым қоры" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру"
деген 053 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1873791 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз жетпіс үш миллион жеті жүз тоқсан бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 2895 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Еліміздегі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ететін ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамытуға ықпал ету. Ғылымды дамытуға жеке және кәсіпкерлік сектордың қатысуын ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ізденушілік, бастамашылық және тәуекелдік сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізу;
ғылыми зерттеулерді іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ететін тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және жобалық ұйымдардың тиімді әрекет ететін жүйелерінің элементтерін дамыту.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жекеше қаржыландыруға ынталандыру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 053 | | "Ғылым қоры" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру | "Ғылым қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыру үшін: 1) ізденушілік, бастамашылық және тәуекелдік сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; 2) ғылыми зерттеулерді іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ететін тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту; 3) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстарды жеке тұлғалармен қаржыландыруды ынталандыру. 4) «Ғылым қоры» АҚ-ның қызметін қамтамасыз ету | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың орындалуы.
Түпкі нәтиже: ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жеке тұлғалармен және кәсіпкерлік сектормен қаржыландыруды ынталандыру.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды күнтізбелік жоспарға сәйкес орындау.
Сапасы: еліміздегі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ету.
289-ҚОСЫМША. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 289-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
289-1-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
057 «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ның жарғылық
капиталын ұлғайту» деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3 099 654 мың теңге (үш миллиард тоқсан тоғыз миллион алты жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 Заңы; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы; «Қазақстан Республикасының ғылыми-технологиялық одан әрі дамуы жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі Жарлығы; «Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы 375 қаулысы; «Теледидар, радиохабары және радиобайланысы республикалық қазыналық кәсіпорынын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 7 қазандағы № 1419 қаулысы; «Қазақтелерадио», телехабарларды, радио хабарларын тарату және радио байланысы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны мен «АРТБС» республикалық мемлекеттік кәсіпорынын «Қазақтелерадио» ашық акционерлік қоғамына қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпанындағы № 298 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ғылыми-технологиялық даму үшін:
- «Самғау» Ұлттық ғылыми-тенхнологиялық холдингі» АҚ-ға берілген мемлекеттік активтерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
- телекоммуникацияның бәсекеге қабілетті секторларын қалыптастыру және дамыту үшін, оның ішінде деректер берудің қазіргі заманғы технологияларын енгізу жолымен қолайлы жағдайлар жасау арқылы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
1. Экономиканың жекелеген салаларында ғылыми-техникалық даму бойынша стратегиялық басымдықтарды айқындау, «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ға кіретін компаниялар тобын басқарудың тиісті даму бағдарламасын, корпоративтік моделін әзірлеу, «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ның әкімшілік шығыстарын төлеу.
2. Қазақстан Республикасының барлық облыстарын қамтитын, облыс және аудан орталықтарын, сондай-ақ облыстық бағыныстағы қалаларды қоса алғанда, ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымдар құру, телерадио хабарлары желісін орнықты жұмыс істету және техникалық жаңғыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру арқылы телерадио коммуникацияларын дамытуға жәрдемдесу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 057 | | «Самғау» Ұлттық ғылыми- технологиялық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту | 1) Экономика- ның жекелеген салаларында ғылыми технологияны дамыту бойынша стратегиялық басымдықтарды айқындау жұмыстарын жүргізу; 2) «Қазақтеле- радио» АҚ-ның жарғылық капиталын толықтыру үшін «Самғау» ғылыми-техно- логиялық холдинг» ұлттық АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту. | шілде- желтоқсан | Қазақстан Республи-касының Білім және ғылым министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
тікелей нәтиже: «Самғау» ұлттық ғылыми-технолгиялық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын толықтыру;
түпкі нәтиже: экономиканың жекелеген салаларындағы ғылыми-технологиялық даму жөніндегі стратегиялық басымдықтарды анықтау;
«Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ның капиталдық салымдарын қаржыландыру мүмкіндігі;
Техникалық жабдықтау және жаңғырту арқылы Қазақстан Республикасының аумағындағы теледидар және радиобағдарламаларды трансляциялаудың сенімділігі мен сапасын арттыру;
- жарықтар дабылының аялық кедергіге қатынасын кем дегенде екі есе (3 дБ) ұлғайту;
- дыбыстық сүйемелдеу арналарын псофометриялық шудан қорғануын алып жүруде кем дегенде екі есе (3 дБ) арттыру;
- радиотеледидарлық жабдықтардың техникалық үзіліс ұзақтығын электржабдықтау авариясы кезінде 80 пайызға төмендету;
- радиотеледидарлық жабдықтардың техникалық үзіліс ұзақтығын антенналық-фидерлік жүйесінің авариясы кезінде 2009 жылға қарай 50 пайызға төмендету;
ұзақтығы:
Іс-шараларды орындау бекітілген кестеге сәйкес белгіленген мерзімде жүзеге асырылатын болады;
жөндеу және авариялық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу шығыстарын төмендету, теледидарлық және радио бағдарламаларын трансляциялаудан түсетін кірісті арттыру. сапасы:
«Самғау» холдингі» АҚ құрамына енген компаниялар қызметтерінің тиімділігін арттыру;