Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 977 Қаулысы
ҚР Үкіметінің2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен күші жойылды
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде:
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Түсімдерді бөлуді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін» «Бюджет деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақша бақылау шоты арасындағы түсімдер сыныптамасының түсімдерін бөлу» кестесінің, мұнай операцияларын жүргізу, келісім-шарттар жасасу мен оларды орындау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган тоқсан сайын беретін мұнай операцияларымен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнайды және газ конденсатын іске асыратын заңды тұлғалардың тізбесінің және облыс мәслихатының шешімімен белгіленетін облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті және оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы түсімдерді бөлу нормативтерінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.».
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |