Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 765 Қаулысы
(2007.11.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 14 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Кедендік баж ставкаларын жүйелеу және олардың Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаттары мен ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі бекітілсін.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сай уақытша негізде қолданылатын кедендік әкелу баждарының ставкалары;
2) Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне 2-қосымшаға сәйкес тауарлардың атаулары негізінде қолданылатын кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 2007.15.02. № 114 Қаулысымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сай уақытша негізде қолданылатын кедендік әкету баждарының ставкалары.
3. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттердің тізбесі;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын мейлінше төмен дамыған мемлекеттердің тізбесі;
3) преференциялық режим қолданылатын, дамушы және мейлінше төмен дамыған мемлекеттерден шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.
4. Мыналар:
1) преференциялық режим қолданылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының Кедендік тарифінде және Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне қосымшаларда көрсетілгендердің 75 пайызы мөлшерінде кедендік баждардың ставкалары қолданылады;
2) преференциялық режим қолданылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын мейлінше төмен дамыған мемлекеттерден шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар кедендік баж салудан босатылады деп белгіленсін.
5. Кедендік баждардың ставкаларын өзгерту және бекіту сыртқы сауда тиімділігінің көрсеткіштеріне, әлемдік нарықтың конъюнктурасына байланысты және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерге сәйкес жүргізіледі деп белгіленсін.
Кедендік баждардың ставкаларын қайта қарауға өтінімдер осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандар бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жолданады.
ҚР Үкіметінің 2007.15.02. № 114 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Қазақстан Республикасының кеден органдары осы қаулының 2-тармағында көзделген жағдайларда тауарларды әкелу және әкету кезінде кедендік ресімдеуді және кедендік баждар алуды Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне қосымшаға сәйкес кедендік баждардың ставкалары бойынша жүзеге асырсын.
7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
8. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 14 тамыздағы
№ 765 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі
Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар
номенклатурасын интерпретациялаудың негізгі ережелерi
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасында (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) тауарларды жіктеу мынадай ережелер бойынша жүзеге
асырылады:
1. Бөлімдердің, топтар мен кіші топтардың атаулары ҚР СЭҚ ТН-ды пайдаланудың қолайлылығы үшін ғана келтіріледі; заңдық мақсаттар үшін ҚP СЭҚ ТН-де тауарларды жіктеу тауар позицияларының мәтіндерін және бөлімдерге немесе топтарға тиісті ескертпелерді негізге ала отырып, және, егер осындай мәтіндермен өзгеше көзделмесе, мынадай ережелерге сәйкес жүзеге асырылады:
2. а) тауар позициясы атауындағы қандай да бір тауарға кез келген сілтеме, жинақталымды емес немесе аяқталмаған түрде ұсыныла отырып, бұл тауардың жинақталымды емес немесе аяқталған тауардың негізгі қасиеттеріне ие болуы шартымен жинақталымды емес немесе аяқталмаған түрдегі осындай тауарға сілтеме ретінде қарастырылуға тиіс, сондай-ақ жиналмаған немесе ажыратылған түрде ұсынылған жинақталымды немесе аяқталған тауарға (немесе қарастырылып отырған тауар позициясында осы Ережеге байланысты жинақталымды немесе аяқталған түрде жіктелетін) сілтеме ретінде қарастырылуға тиіс;
б) тауар позициясы атауындағы қандай да бір материалға немесе затқа кез келген сілтеме осы материалдың немесе заттардың басқа материалдармен немесе заттармен қоспасына немесе қосылыстарына сілтеме ретінде қарастырылуға тиіс. Белгілі бір материалдан немесе заттан жасалған тауарға кез келген сілтеме толық немесе ішінара осы материалдан немесе заттан тұратын тауарларға сілтеме ретінде қарастырылуға тиіс. Бірден астам материалдан немесе заттан тұратын тауарларды жіктеу 3-Ереженің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Егер 2 (б) Ережеге байланысты немесе қандай да бір басқа себептер бойынша prima facie, тауарларды екі немесе одан да көп тауар позициясына жатқызу мүмкіндігі болса, мұндай тауарларды жіктеу мынадай үлгіде жүзеге асырылады:
а) артықшылық, неғұрлым ортақ сипаттамасы бар тауар позициясымен салыстырғанда, неғұрлым нақты сипаттаманы қамтитын тауар позициясына беріледі. Алайда, екі немесе одан да көп тауар позициясының әрқайсысының қоспалардың немесе көп бөлікті бұйымдардың құрамына кіретін материалдардың немесе заттардың бөліктеріне ғана немесе бөлшек саудаға арналып ұсынылған тауарлардың бөлігіне ғана қатысы болса, онда осы тауар позициялары, тіпті олардың біреуі тауардың неғұрлым толық немесе дәл сипаттамасын берсе де, осы тауарға қатысы бойынша тең мәнді ретінде
қарастырылуға тиіс;
б) әр түрлі материалдардан тұратын немесе әр түрлі бөліктерден
дайындалатын қоспалар, көп бөлікті бұйымдар, және оларды жіктеу 3(а)
Ереженің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бөлшек
саудаға арналған жинақталымдарда ұсынылған тауарлар, осы өлшемнің қолданылуы шартымен, осы тауарларға негізгі қасиет беретін материал немесе құрамдас бөлік бойынша жіктелуге тиіс;
в) жіктелуі Ереженің 3 (а) немесе 3 (б) талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын тауарлар осы тауарларды жіктеу кезінде қарау үшін тең дәрежеде қолайлы тауар позициялары арасында кодтардың өсу тәртібіндегі соңғы тауар позициясында жіктелуге тиіс.
4. Жоғарыда жазылған ережелердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын тауарлар қарастырылып отырған тауарларға барынша ұқсас (жақын) тауарларға сәйкес келетін тауар позициясында жіктеледі.
5. Төменде аталған тауарларға қатысты жоғарыда аталған ережелерге толықтыру ретінде мынадай ережелер қолданылуға тиіс:
а) фотоаппараттарға, музыкалық аспаптарға, мылтықтарға, сызу керек-жарақтарына, алқаларға арналған тысқаптар мен футлярлар, сондай-ақ ұзақ пайдалану үшін жарамды және оның өзіне арналған бұйымдармен бірге ұсынылатын тиісті бұйымдарды немесе бұйымдар жинақталымын орналастыру үшін арнайы нысаны бар ұқсас ыдыс, егер ыдыстың осындай түрі әдетте сатуға арналған бұйымдармен бірге түссе, оларда қапталған бұйымдармен бірге жіктелуге тиіс. Алайда, осы Ереже оралған бұйыммен біртұтас бүтінді құрай отырып, соңғыға негізгі қасиет беретін ыдысқа қолданылмайды;
б) жоғарыда келтірілген Ереженің 5 (а) талабына сәйкес өзіндегі тауарлармен бірге ұсынылатын орама материалдар және ыдыстар, егер олар әдетте осы тауарлардың орамасы үшін пайдаланылатындай түрде болса, бірге жіктелуге тиіс. Алайда, егер осындай орама материалдар немесе ыдыстар қайта пайдалану үшін жарамды болса, бұл ереже міндетті болып табылмайды.
6. Заңдық мақсаттар үшін тауар позициясының қосалқы
позицияларындағы тауарларды жіктеу тек қосалқы позициялар бір деңгейде салыстырмалы болуы шартымен қосалқы позициялар мен ескертпелердің қосалқы позицияларға қатысы бар атауларына, сондай-ақ mutatis mutandis жоғарыда аталған ережелердің талаптарына сәйкес асырылуға тиіс. Осы Ереженің мақсаттары үшін, егер мәтінде өзгеше келісілмесе, бөлімдер мен топтарға тиісті ескертпелер де қолданылуы мүмкін.
Өлшем бірліктері
өлшем бірліктерінің атауы | Шартты белгілеу | өлшем бірліктерінің коды |
Негізгі бірлік |
Килограмм | Кг | 166 |
Қосымша өлшем бірліктері |
Грамм | Г | 163 |
Бөлінетін изотоптар грамы | гД/И | 306 |
Жүккөтергіштік тоннамен | т грп | 185 |
Шаршы метр | м2 | 055 |
Азоттың килограмы | кг N | 861 |
Калий гидроксидінің килограмы | кг КОН | 859 |
Натрий гидроксидінің килограмы | кг№Na ОН | 863 |
Калий оксидінің килограмы | кг К2О | 852 |
Сутегі пероксидінің килограмы | кг Н2O2 | 841 |
Фосфор бес қышқылының килограмы | кг Р2О5 | 865 |
90% құрғақ заттың килограмы | кг 90 % с/в | 845 |
Уранның килограмы | кг U | 867 |
Текше метр | м3 | 113 |
Кюри | КИ | 305 |
Литр | Л | 112 |
Таза (100 %) спирттің литрі | л 100% спирт | 831 |
Метр | М | 006 |
Метрлік карат (1 карат = 2*10-4 кг) | Кар | 162 |
Жұп | Жұп | 715 |
Жүз дана | 100 дана | 797 |
Мың дана | 1000 дана | 798 |
Дана | Дана | 796 |
1000 киловатт-сағ | 1000кВт*с | 246 |
1000 текше метр | 1000 м3 | 114 |
1000 литр | 1000 л | 130 |
Кедендік әкелу баждары ставкаларының ерекше және құрама
түрлерін қолдану ерекшеліктерi
Тауарлар салмағының килограмы үшін евромен белгіленген ерекше ставкалары немесе тауар салмағының килограмы үшін евродағы ерекше құрамасымен құрамдастырылған ставкалар бойынша алынатын кедендік баждар сомаларын есептеу кезінде есептік база ретінде оны тұтынғанға дейін тауардан ажырамайтын және онда тауар бөлшек сауда үшін ұсынылатын оның бастапқы орамасы ескеріле отырып, тауар салмағы пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға кедендік
баждардың ставкалары
I бөлім. Тірі жануарлар; жануарлардан алынатын өнімдер
II бөлім. Өсімдіктен алынатын өнімдер
III бөлім. Жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын тоң майлар мен майлар және
оларды ажырату өнімдері; дайын тамақтық тоң майлар; жануарлардан немесе
өсімдіктерден алынатын балауыздар
IV бөлім. Дайын тамақ өнімдері; алкогольді және алкогольсіз ішімдіктер және сірке суы;
темекі және оның алмастырғыштары
V бөлім. Минералды өнімдер
VI бөлім. Химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері
VII бөлім. Пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар; көксағыз, резеңке және
олардан жасалған бұйымдар
VIII Бөлім. Өңделмеген терілер, өңделген былғары, табиғи үлбір және олардан жасалған
бұйымдар; қайыс-ер бұйымдары және әбзелдер; жол керек-жарақтары, әйелдер сөмкелері
және ұқсас тауарлар; жануарлардың ішектерінен жасалған бұйымдар (жібек көбелегі
фиброинынан алынатын талшықтан басқа)
IX бөлім. Сүрек және одан жасалған бұйымдар; сүрек көмірі; тығын және одан жасалған
бұйымдар; сабаннан, альфадан немесе тоқуға арналған өзге материалдардан жасалған
бұйымдар; себеттік және басқа да тоқыма бұйымдар
Х бөлім. Сүректен немесе басқа да талшықты целлюлоза материалдарынан жасалған масса;
қалыпқа түсірілетін қағаздар немесе картон (макулатура және қалдықтар);
қағаз, картон және олардан жасалған бұйымдар
XI бөлім. Тоқыма материалдары мен тоқыма бұйымдары
XII бөлім. Аяқ киімдер, бас киімдер, қолшатырлар, күннен қорғайтын шатырлар, таяқтар,
таяқ-орындықтар, шыбыртқылар, қамшылар мен олардың бөліктері; өңделген қауырсындар
мен олардан жасалған бұйымдар; жасанды гүлдер; адам шашынан жасалған бұйымдар
XIII бөлім. Тастан, гипстен, цементтен, асбесттен, слюдадан немесе керамикалық бұйымдар;
ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар; шыны және одан жасалған бұйымдар
ХІV бөлім. Табиғи немесе қопсытылған інжу, қымбат бағалы немесе жартылай қымбат
бағалы тастар, қымбат бағалы металдар, қымбат бағалы металл жалатылған
металдар және олардан жасалған бұйымдар; бижутерия; тиындар
XV бөлім. Қымбат бағалы емес металдар және олардан жасалатын бұйымдар
XVІ бөлім. Машиналар, жабдықтар және тетіктер; электротехникалық жабдықтар;
олардың бөліктері; дыбыс жазғыш және дыбыс шығарғыш аппараттар, телевизиялық
бейнені және дыбысты жазуға және шығаруға арналған аппараттар, олардың бөліктері
мен керек-жарақтары
XVII бөлім. Жермен жүретін көлік құралдары, ұшу аппараттары, жүзетін құралдар
және көлікке қатысты құрылғылар мен жабдықтар
XVІІІ бөлім. Оптикалық, фотографиялық, кинематографиялық, өлшеу, бақылау, дәл өлшеу,
медициналық немесе хирургиялық құрал-жабдықтар мен аппараттар; барлық түрдегі сағаттар;
олардың бөліктері мен керек-жарақтары
ХІХ бөлім. Қару-жарақтар мен оқ-дәрілер; олардың бөлшектері мен керек-жарақтары
XX бөлім. Әр түрлі өнеркәсіп тауарлары
XXI бөлім. Өнер шығармалары, коллекциялық заттар және антиквариат
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Қазақстан Республикасы аумағынан әкетілетін
тауарларға кеден баждарының ставкалары1
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қос. өлш. бір. | Баж ставкалары (кеден құнының пайызымен не евромен) |
4101 | Ipi қара малдың (буйволдарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, бүлінген немесе бүлінбеген, өңделмеген терілері: | | |
4101 20 | - әрқайсысының салмағы құрғақ түрде 8 кг-нан, кептіріліп тұздалған түрде 10 кг-нан, буланған, дымқыл тұздалған күйде немесе өзге консервіленген күйде 16 кг-нан аспайтын тұтас терілер: | | |
4101 20 100 0 | -- буланған | дана | 20, бірақ 1000 кг үшін 200 евродан кем емес |
4101 20 300 0 | -- дымқыл тұздалған | дана | 20 бірақ 1000 кг үшін 200 евродан кем емес |
4101 20 500 0 | -- кептірілген немесе кептіріліп тұздалған | дана | 20, бірақ 1000 кг үшін 200 евродан кем емес |
4101 20 900 0 | -- өзгелері | дана | 20, бірақ 1000 кг үшін 200 евродан кем емес |
4101 50 | - салмағы 16 кг-нан асатын тұтас терілер: | | |
4101 50 100 0 | -- буланған | дана | 20, бірақ 1000 кг үшін 200 евродан кем емес |
4101 50 300 0 | -- дымқыл тұздалған | дана | 20, бірақ 1000 кг үшін 200 евродан кем емес |
4101 50 500 0 | -- кептірілген немесе кептіріліп тұздалған | дана | 20, бірақ 1000 кг үшін 200 евродан кем емес |
4101 50 900 0 | -- өзгелері | дана | 20, бірақ 1000 кг үшін 200 евродан кем емес |
4101 90 000 0 | - өзгелері, тоқымдарын, жартылай тоқымдарын және өңірлерін қоса алғанда | - | 20, бірақ 1000 кг үшін 200 евродан кем емес |
4102 | Қойлардың немесе қозылардың өңделмеген терілері (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жүні бар немесе жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген терілері, осы топтың 1в ескертпесінде алып тасталғандардан басқа: | | |
4102 10 | - жүні бар: | | |
4102 10 100 0 | -- қозылардың | дана | 20, бірақ 1000 кг үшін 200 евродан кем емес |
4102 10 900 0 | -- өзгелері | дана | 20, бірақ 1000 кг үшін 200 евродан кем емес |
| - жүндері жоқ: | | |
4102 21 000 0 | -- пикелденген | дана | 20, бірақ 1000 кг үшін 200 евродан кем емес |
4102 29 000 0 | -- өзгелері | дана | 20, бірақ 1000 кг үшін 200 евродан кем емес |
4103 | Түкті немесе түксіз (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген), бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген басқа терілер, осы топтың 1б немесе 1в-ескертпелерінде алынып тасталғандардан басқа: | | |
4103 10 | - ешкілер мен лақтардың: | | |
4103 10 200 0 | -- буланған | дана | 20, бірақ 1000 кг үшін 200 евродан кем емес |
4103 10 500 0 | -- тұздалған немесе кептірілген | дана | 20, бірақ 1000 кг үшін 200 евродан кем емес |
4103 10 900 0 | -- өзгелері | дана | 20, бірақ 1000 кг үшін 200 евродан кем емес |
4103 20 000 0 | - рептилдер | - | 20, бірақ 1000 кг үшін 200 евродан кем емес |
4103 30 000 0 | - шошқалардың | дана | 20, бірақ 1000 кг үшін 200 евродан кем емес |
4103 90 000 0 | - өзгелері | - | 20, бірақ 1000 кг үшін 200 евродан кем емес |
5101 | Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн: | | |
| - жабағыда жуылған жүнді қоса алғанда: | | |
5101 11 000 0 | -- қырқылған жүн | - | 10, бірақ 1000 кг үшін 50 евродан кем емес |
5101 19 000 0 | -- өзгесі | - | 10, бірақ 1000 кг үшін 50 евродан кем емес |
| - жуылған, карбондалмаған | | |
5101 21 000 0 | -- қырқылған жүн | - | 10, бірақ 1000 кг үшін 50 евродан кем емес |
5101 29 000 0 | -- өзгесі | - | 10, бірақ 1000 кг үшін 50 евродан кем емес |
5101 30 000 0 | - карбондалған | - | 10, бірақ 1000 кг үшін 50 евродан кем емес |
5102 | Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты, жануарлардың қылы: | | |
| - жануарлардың биязы қылы: | | |
5102 11 000 0 | -- кашмир ешкілерінің | - | 10, бірақ 1000 кг үшін 50 евродан кем емес |
5102 19 | -- өзгесі: | | |
5102 19 100 0 | --- ангор үй қоянының | - | 10, бірақ 1000 кг үшін 50 евродан кем емес |
5102 19 300 0 | --- альпактердің, ламалардың немесе викуньнің | - | 10, бірақ 1000 кг үшін 50 евродан кем емес |
5102 19 400 0 | --- түйенің немесе қодастың немесе ангор ешкісінің, тибеттік немесе басқа да тұқымдастардың | - | 10, бірақ 1000 кг үшін 50 евродан кем емес |
5102 19 900 0 | --- үй қоянының (ангор үй қоянынан басқа), қоянның, құндыздың, суқұндыздың немесе ондатраның | - | 10, бірақ 1000 кг үшін 50 евродан кем емес |
5102 20 000 0 | - жануарлардың қылшықты қылының | - | 10, бірақ 1000 кг үшін 50 евродан кем емес |
5103 | Иіру қалдықтарын қоса алғанда, бірақ ыдыратылған шикізатты қоспағанда, жануарлардың жүнінің немесе биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары: | | |
5103 10 | - жүннің немесе жануарлардың биязы қылының қыл-қыбыры: | | |
5103 10 100 0 | -- карбондалмаған | - | 10, бірақ 1000 кг үшін 50 евродан кем емес |
5103 10 900 0 | -- карбондалған | - | 10, бірақ 1000 кг үшін 50 евродан кем емес |
5103 20 | - жүннің немесе жануарлардың биязы қылының өзге де қалдықтары: | | |
5103 20 100 0 | -- иірім жібінің қалдықтары | - | 10, бірақ 1000 кг үшін 50 евродан кем емес |
| -- өзгелері: | | |
5103 20 910 0 | --- карбондалмаған | - | 10, бірақ 1000 кг үшін 50 евродан кем емес |
5103 20 990 0 | --- карбондалған | - | 10, бірақ 1000 кг үшін 50 евродан кем емес |
5103 30 000 0 | - жануарлардың қылшықты қылының қалдықтары | - | 10, бірақ 1000 кг үшін 50 евродан кем емес |
5104 00 000 0 | Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан ыдыратылған шикізат | - | 10, бірақ 1000 кг үшін 50 евродан кем емес |
7204** | Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құйма металдары (шикі құрамды құйма металдар): | | |
7204 10 000 0 | - құйылған шойынның қалдықтары мен сынықтары | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
| - легирленген болаттың қалдықтары мен сынықтары | | |
7204 21 | -- тот басуға төзімді болаттар: | | |
7204 21 100 0 | --- 8 салм.% немесе одан астам никелі бар | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
7204 21 900 0 | --- өзгелерi | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
7204 29 000 0 | -- өзгелерi | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
7204 30 000 0 | - қалайы қабатымен жабылған қара металдардың қалдықтары мен сынықтары | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
| -- өзге де қалдықтар мен сынықтар: | | |
7204 41 | -- дестеленген немесе дестеленбеген токарь жоңқасы, қиындылар, сынықтар, жоңғылау өндірістің қалдықтары, үгінділер, қиындылардың және қалыптаудың қалдықтары: | | |
7204 41 100 0 | --- токарь жоңқасы, қиындылар, сынықтар, жоңғылау өндірісінің қалдықтары, үгінділері | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
| --- қиындылардың және қалыптаудың қалдықтары: | | |
7204 41 910 0 | ---- пакеттелген | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
7204 41 990 0 | ---- өзгелерi | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
7204 49 | -- өзгелері: | | |
7204 49 100 0 | --- ұсатылған (оймышталған) | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
| --- өзгелері: | | |
7204 49 300 0 | ---- пакеттелген | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
| ---- өзгелері: | | |
7204 49 910 0 | ----- сұрыпталмаған | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
7204 49 990 0 | ---- өзгелерi | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
7204 50 | - қайта балқытуға арналған құйма металдар (шикі құрамды құйма металдар): | | |
7204 50 100 0 | -- легирленген болаттан | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
7204 50 900 0 | -- өзгелерi | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
7302 | Темір жол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын, қара металдардан жасалған бұйымдар: рельстерді біріктіру немесе бекіту үшін арналған рельстер, жанама рельстер және тісті рельстер, ауыстырылатын рельстер, қатаң қиылысу айқастырмалар, ауыстырылатын штангалар және өзге де көлденең қосылғыштар, шпалдар, түйіспе жапсырмалар және төсемдер, сыналар, тipeк тақталар, ілмекті рельс бұрандамалары, төсемдер мен кергіштер, тұғырлар, жақтаулар және өзге де бөлшектер: | | |
7302 10 | - рельстер: | | |
7302 10 100 0 | -- түсті металдан бөлшектері бар токжүргізгіштер | - | 20, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
| -- өзгелері: | | |
| --- жаңалары: | | |
7302 10 310 0 | ---- қума метрдің салмағы 20 кг немесе одан астам | - | 20, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
7302 10 390 0 | ---- қума метрдің салмағы 20 кг-нан кем | - | 20, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
7302 10 900 0 | --- пайдаланылған | - | 20, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
7302 30 000 0 | - ауыстырылатын рельстер, қатаң қиылысу айқастырмалар, ауыстырылатын штангалар және өзге де көлденең қосылғыштар | - | 20, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
7302 40 | - түйіспе жапсырмалар және тірек төсемдер: | | |
7302 40 100 0 | -- аунатылғандар | - | 20, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
7302 40 900 0 | -- өзгелері | - | 20, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
7302 90 | - өзгелері: | | |
7302 90 200 0 | -- контррельстер мен шпалдар | - | 20, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
7302 90 300 0 | -- ілмекті рельс бұрандамалары, төсемдер мен кергіштер | - | 20, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
7302 90 900 0 | -- өзгелері | - | 20, бірақ 1000 кг үшін 20 евродан кем емес |
7404 00 | қалдықтар және мыс сынықтары: | | |
7404 00 100 0 | - тазартылған мыс | - | 30, бірақ 1000 кг үшін 330 евродан кем емес |
| - мыс қорытпалары: | | |
7404 00 910 0 | -- мыс және қалайы (қола) негізінде жасалғандар | - | 30, бірақ 1000 кг үшін 330 евродан кем емес |
7404 00 990 0 | -- өзгелері | - | 30, бірақ 1000 кг үшін 330 евродан кем емес |
7601 | Өңделмеген алюминий: | | |
7601 10 000 0 | - легирленбеген алюминий | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7601 20 | - алюминий қорытпалары: | | |
7601 20 100 0 | -- бастапқы, алюмо-бериллий лигатурасынан өзге | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
| -- қайталама: | | |
7601 20 910 0 | --- құйма немесе сұйық түрдегі | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7601 20 990 0 | --- өзгелері | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7602 00 | Алюминий қалдықтары мен сынықтары: | | |
| - қалдықтары: | | |
7602 00 110 0 | -- токарлық түтік, кесінділер, сынықтар, фрезелік өндірістің қалдықтары, кесуден қалған үгінділер мен қалдықтар; қалыңдығы (негізін санамағанда) 0,2 мм-ден аспайтын боялған, әр түрлі жабындылары бар немесе бекітілген табақтардың және фольгалардың қалдықтары | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7602 00 190 0 | -- өзгелері (бүлінгендер қатарындағы бұйымдарды қоса алғанда) | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7602 00 900 0 | - сынық | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7603 | Алюминий ұнтақтары мен қабыршықтары: | | |
7603 10 000 0 | - қабатталмаған құрылымды ұнтақтар | - | 15, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |