Мазмұнын қара
XXI бөлім
Өнер шығармалары, коллекциялық заттар және антиквариат
97-топ
Өнер шығармалары, коллекциялық заттар және антиквариат
Ескертпелер:
1. Аталған топқа:
а) почта маркалары немесе өтелмеген мемлекеттік баждың маркалары, почталық кеңсе керек-жарақтары (елтаңбалы қағаз) немесе 4907 тауар позициясының ұқсас бұйымдары;
б) театрлық сахна декорациялары, шығармашылық студияларға арналған сірілер немесе 9706 тауар позициясына енгізілуге мүмкін болғандардан басқа, безендірілген кенептен жасалған ұқсас заттар (5907 тауар позициясы); немесе
в) табиғи немесе қопсытылған інжу немесе қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастар (7101-7103 тауар позициясы) енгізілмейді.
2. 9702 тауар позициясына "гравюрлардың, эстамптардың және литографиялардың түпнұсқалары" термині автормен бір немесе одан да көп тақтайларда қолмен жасалған, автормен пайдаланылатын техникаға немесе материалға байланысы жоқ, механикалық немесе фотомеханикалық тәсілдерден басқа, қара-ақ немесе түрлі-түсті таңбаларды білдіреді.
3. 9703 тауар позициясына ірі сериялық өндірістің көшірмелері немесе осы тауарлар суретшімен салынған немесе шығарылған болса да, коммерциялық сипаттағы қолөнерлік өндірістің бұйымдары енгізілмейді.
4а. Жоғарыда көрсетілген 1-3-ескертпелердің ережелері сақталған жағдайда, аталған топтың бұйымдары Номенклатураның қандай да бір өзге тобына енгізілмей, тек қана аталған топқа енгізіледі.
4б. 9706 тауар позициясына аталған топтың алғашқы тауар позицияларына енгізілген тауарлар енгізілмейді.
5. Егер рамалардың сипаты мен құны осы шығармаларға сәйкес болған жағдайда картиналарға, суреттерге, пастельдерге, коллаждарға немесе басқа да декоративтік бейнелеулерге, гравюрларға, эстамптарға немесе литографияларға арналған рамалар тиісті позицияларға жатады. Аталған ескертпелерде айтылған өнер шығармаларына сәйкес келмейтін рамалар, сипаттар мен құндар, жеке жіктелуі тиіс.
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қос. өлш. бір. | Баж ставкалары (кеден құнының пайызымен не евромен) |
9701 | 4906 тауар позициясында көрсетілген суреттерден басқа, толығынан қолдан жасалған картиналар, суреттер және пастельдер, және қолдан безендірілген немесе декорацияланған, өзге де дайын бұйымдар; коллаждар және ұқсас декоративтік бейнелеулер: | | |
9701 10 000 0 | - картиналар, суреттер және пастелдер | дана | 0 |
9701 90 000 0 | - өзгелері | - | 0 |
9702 00 000 0 | Гравюрлардың, эстамптардың және литографиялардың түпнұсқалары | дана | 0 |
9703 00 000 0 | Мүсіндердің және кез келген материалдардан жасалған мүсіншелердің түпнұсқалары | дана | 0 |
9704 00 000 0 | Почта маркалары немесе мемлекеттік баждың маркалары, өтелген почта төлеу белгілері, почталық кеңсе керек-жарақтары (елтаңбалы қағаз) және пайдаланған немесе пайдаланбаған, 4907 тауар позициясының тауарларынан басқа, ұқсас заттар | - | 0 |
9705 00 000 0 | Коллекциялар және зоология, ботаника, минерология, анатомия, тарих, археология, палеонтология, этнография немесе нумизматика жөніндегі коллекциялау заттары | - | 0 |
9706 00 000 0 | Көнелігі 100 жылдан асатын антиквариат | - | 0 |
1. Белгіленген температураларда және күкіртті сутегі (H2S) бар ортада жұмыс істеу үшін техникалық параметрлер мен белгілеулер тиісті жазумен: машиналар мен жабдықтар үшін - паспортында, құбырлар үшін зауыттық сынақтардың сертификатында расталуға тиіс.
2. Дайындалған сәтінен бастап 10 жылдан асқан көлік құралдарын әкелу кезінде жүріс шамасына қарамастан, көлік құралының кеден құнының 15 пайызы мөлшерінде кедендік баж төленеді.
3. Медициналық мақсаттарға арнайы арналған автомобиль, ауруды тасымалдау үшін зембілдермен, оны бекітуге арналған тетіктермен жабдықталуға, арнайы тану таңбалары мен тиісті дыбыс және жарық дабыл бергіштері болуға, сондай-ақ ауруды онда орнатылатын медициналық зембілдермен тасымалдау мүмкіндігі болуға тиіс.
Мазмұнын қара