Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қазандағы № 965 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 18 қазандағы
№ 965 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 397 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 218-құжат).
2. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының 2005-2007 жылдарға арналған қызметі туралы меморандумды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 514 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 514 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі № 780 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 415-құжат).
4. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 тамыздағы № 862 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 33, 450-құжат).