_________________________ ______________
(уәкілеттi органның басшысы) (қолы)
_____жылғы "____"__________
Ескерту: егер осы әуеайлаққа уәкiлеттi орган әуе кемелерiнiң
үлгiлерi бойынша әуеайлақтың ұшу және қону минимумын белгiлемеген
жағдайларда пайдаланушы мәлiмделген әуе кемелерi мен әуеайлақтар үшін
минимум есептерiн ұсынады.
Уәкiлеттi орган
__________________________________________________________
(пайдаланушының атауы, №___ сертификат)
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)
D бөлiгi - Техникалық қызмет көрсету
"___________" пайдаланушының әуе кемелерiне техникалық қызмет
көрсетудi Техникалық қызмет көрсету жөніндегі басшылық бекiткен Қазақстан
Республикасының азаматтық авиациясында техникалық қызмет көрсетудi және
регламенттiк жұмыстарын жүргiзудi реттейтін стандарттарға, нормалар мен
ережелерге сәйкес және _______ жылғы №___ техникалық қызмет көрсету шарты
бойынша жүзеге асыруға рұқсат етiледі.
Күрделi және қалпына келтiру жөндеулерiн осы жұмыс түрлерiн орындау
құқығына сәйкестiк куәлiгi бар авиакәсiпорындар мен жөндеу зауыттарында
ғана жүргiзуге рұқсат етіледі.
________________ ______________
(лауазымы) (қолы)
___ жылғы "_____"__________
Шетелге ұшуларды жүзеге асыратын пайдаланушылар үшiн мынадай
толықтырулар жасалады:
- шетелдік әуежайларда техникалық қызмет көрсетудi орындау
Халықаралық әуе желiлеріндегі ұшуларды инженерлiк-авиациялық қамтамасыз
ету туралы ереженiң талаптарына сәйкес мәлімделген әуе кемелерiнің
үлгiлерiнде дербес техникалық қызмет көрсетуге қолданыстағы рұқсаты бар
инженерлiк-техникалық персоналға техникалық қызмет көрсетулердiң
қолданылып жүрген регламенттерiне және технологияларына сәйкес рұқсат
етіледі.
Уәкiлеттi орган
__________________________________________________________
(пайдаланушының атауы, №___ сертификат)
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)
Е бөлiгi - Әуе кемелері салмағының рұқсат етілген стандарттық сандық
нормалары, теңдестірулер және олардың шектеулері
| Шекті салмақ | Шекті теңдестіру (% есебімен САХ) |
| | |
| |
Шектеулер: Әуе кемелерін шекті салмақтан және теңдестіру
шектеулерінен артық пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
__________________ ________________
(лауазымы) (қолы)
__ жылғы "____"_________
Ескерту: Егер жекелеген әуе кемелерінің үлгілік әуе кемелерінен
ерекше сипаттамасы болса, онда олар бөлек тізіммен көрсетіледі.
Уәкiлеттi орган
__________________________________________________________
(пайдаланушының атауы, №___ сертификат)
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)
F бөлігі - Әуе кемелерiмен және жабдықтармен алмасу
Пайдаланушы Әуе кемелерiмен алмасу туралы А пайдаланушы ____________ мен Б пайдаланушы арасындағы (күнi) шарттың талаптарына cәйкec рұқсат етілген ұшуларды пайдалану нормативтерi мен ережелерiнiң қолданылатын қағидаларына сәйкес орындай алады.
Мұндай ұшуларды жүзеге асыру _______ және _________ алмасу пункттерi арасында А пайдаланушының пайдалану талаптарының В бөлiгiнде көрсетiлген бағыттар бойынша, Б пайдаланушының пайдалану талаптарында көрсетiлген әуеайлақтарда және авиациялық персонал мен әуе кемелерiнде рұқсат етiледi.
Ұшулар Б пайдаланушының әуе кемелерiнiң үлгiсiн және ұшу экипажын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Б пайдаланушы осы ұшуларға басшылық үшiн жауап бередi.
Мұндай ұшулар үшiн пайдаланылатын әуе кемелерiн пайдалану мен техникалық қызмет көрсету А пайдаланушының ұшуларды орындау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі басшылығына және пайдалану талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
__________________ ________________
(лауазымы) (қолы)
__ жылғы "____"_________
Уәкiлеттi орган
__________________________________________________________
(пайдаланушының атауы, №___ сертификат)
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)
G бөлігі - Жалға алынатын әуе кемелерiн пайдалану
(ӘК жалға алу бойынша шектеулер)
_____________________________________ пайдаланушыға _________ _______ _______________ әуе кемелерiн пайдалануға, пайдалану нормативтерi мен ережелерiне, сондай-ақ осы пайдалану талаптарына сәйкес ______ жылғы "_____"_______ (А) _________ мен (Б) __________ арасындағы жалдау туралы шарт бойынша жалға алу құқығымен рұқсат етіледі.
Мұндай ұшуларды жүзеге асыру осы талаптардың В бөлiмде көрсетiлген бағыттар бойынша және аудандарда және С бөлiгiнде аталған тиiстi әуеайлақтарды пайдалана отырып және осы пайдалану талаптарында көрсетiлген пайдалану минимумдарына сәйкес рұқсат етiледi.
Мұндай ұшулар (А) пайдаланушының әуе кемелерiнiң үлгiсiн және ұшу экипаждарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
(А) пайдаланушы осындай ұшуларға басшылық үшiн жауап бередi.
__________________ ________________
(лауазымы) (қолы)
__ жылғы "____"_________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
№ 106 қаулысымен бекітілген
Азаматтық әуе кемелерiн
пайдаланушыларды және олар
көрсететiн қызметтердi
сертификаттау ережесiне
2-қосымша
Уәкiлетті орган басшысына
_________________________
Пайдаланушы сертификатын алу үшін (Пайдаланушы сертификатын
пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге өзгерістер енгізуге)
ӨТIНIМ
___________________________________________________________________
(ішкі (халықаралық) әуе желілерінде ұшуды орындау үшін Пайдаланушы
сертификатын алу, қолданылу мерзiмiн ұзарту, Пайдалану жөніндегі арнайы
ережелерге өзгерістер енгізу) мақсатында
_________________________________ сертификаттау жүргізудi сұраймын
(өтінiм берушінің толық аты-жөнi)
ұшуды бастау жоспарланған күн
______________________________________________________________
______________________________________________________________
(ұзарту/өзгерістер енгізу кезiнде тиiсiнше қолданылып жүрген Пайдаланушы
сертификатының аяқталу мерзiмi немесе жаңа пайдалану жағдайындағы ұшуды
бастау жоспарланған күн көрсетіледi)
өтiнiш берушi:
сертификаттау рәсiмдерiн орындауға;
сертификаттау талаптарына жауап беруге және уәкілеттi органға
ұшулардың ұйымдастырылуын, қамтамасыз етiлуiн және орындалуын бақылауды
жүзеге асыруға мүмкіндік беруге;
сертификаттау жөніндегі шығыстарды төлеуге мiндеттенедi.
Басшы ________________________
(лауазымы / қолы / күнi)
МО
Бас бухгалтер ______________
(қолы/күні)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
№ 106 қаулысымен бекітілген
Азаматтық әуе кемелерiн
пайдаланушыларды және олар
көрсететiн қызметтердi
сертификаттау ережесiне
3-қосымша
ҚР Үкіметінің 03.12.04 ж. № 1265 қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Пайдаланушының сертификатын алуға арналған өтінім бойынша шешім
____ жылғы "_____"________№ ____
________________________________________________________
(авиациялық қызметтердің түрлерi)
________________________________________________________
орындауға Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын алуға
________________________________________________________
________________________________________________________
(өтiнiш берушiнің атауы)
өтiнiмiн қарап
Хабарлаймыз:
1. Сiз ұсынған құжаттар сертификаттық талаптарға сәйкес (сәйкес
емес) (сәйкес келмеген жағдайда сәйкессiздiк тармағы көрсетіледi)
________________________________________________________
2. Сертификаттау _________________________________
(нормативтік құжаттардың атаулары) талаптарына
сәйкестікке жүргiзiледi
3. Инспекциялық бақылауды
_______________________________________ жүзеге асырады
Уәкiлеттi органның басшысы
________________
Мөр___________
(қолы)
____ жылғы "_____"________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
№ 106 қаулысымен бекітілген
Азаматтық әуе кемелерiн
пайдаланушыларды және олар
көрсететiн қызметтердi
сертификаттау ережесiне
4-қосымша
ҚР Үкіметінің 03.12.04 ж. № 1265 қаулысымен 4-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Ұшуды орындау жөніндегі үлгi басшылық
Ұшуды орындау жөніндегі басшылықты қолданылып жүрген ережелерге, нұсқаулықтарға және ИКАО 9367-AN/914 құжаты мен Ұшуды орындау жөніндегі үлгi басшылығына әдiстемелік құрал ретiнде пайдаланып, әуe кемелерiн пайдалануды реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес өтiнiш берушi дайындайды.
Басшылық мынадай ақпаратты қамтуы тиiс:
1-тарау. Жалпы ережелер.
2-тарау. Ұшуды орындау және олардың өзгерістерiн бақылау жөнінде басшылыққа қойылатын талаптар.
3-тарау. Басқарудың, мiндеттердiң ұйымдастырушылық схемасының сипаттамасы және басшылардың жауапкершілігі.
4-тарау. Авиациялық персоналды дайындау.
5-тарау. Ұшу құрамының жұмысы мен демалысын қалыптастыру.
6-тарау. Ұшудың орындалуын бақылау. Жалпы аспектiлер. Ұшуды орындауды қамтамасыз ететiн пайдаланушы персоналдың құрамына кiретiн қызметкерлердiң өкілеттiктерi мен функциялары.
7-тарау. Ұшулардың жер бетінде қамтамасыз етілуiн бақылау. Ұшуды қамтамасыз ету органдары.
8-тарау. Ұшуды тiкелей қамтамасыз етудi бақылау.
9-тарау. Ұшуды дайындау.
10-тарау. Әуе кемелерiнiң ұшу-техникалық сипаттамасы.
11-тарау. Бағыттық анықтамалық деректер және карталар.
Байланыс құралдары, аэронавигациялық құралдар, әуеайлақтар туралы мәлiметтер және пайдаланушының қалауы бойынша өзге де мәлiметтер кiретiн ұшу бағыттары жөніндегі бағыттық анықтамалық деректер.
Аспаптар бойынша ұшуларға және визуалды ұшуларға арналған әуе кемесiнiң бортындағы аэронавигациялық карталарға қойылатын талаптар.
12-тарау. Ең төмен абсолюттiк биiктіктер және әуеайлақтарды пайдалану минимумы.
1) Аумағында ұшу орындалатын мемлекет белгiлеген бағыттардағы ең төмен абсолюттi биіктік.
2) Егер әуе кемелерiнiң үлгілерi жөніндегі уәкiлеттi орган осы әуеайлаққа ұшу мен қону үшiн әуеайлақ минимумын белгiлемеген жағдайда, пайдаланушы "Минимумдарды белгiлеу әдiстемесiне" сәйкес уәкiлеттi органға өтінім берiлген әуе кемелерiне әуеайлақ минимумының есептерiн белгiленген нысанда ұсынады.
13-тарау. Авиациялық оқиғаларды болдырмау және оқиғадан кейiнгi кезеңдегi ұйымдастырушылық қызмет.
1) Авиациялық оқиғаларды болдырмау Ұшуды орындау жөніндегі басшылықта қолданыстағы ережелерде, рәсімдерде және қағидаларда көзделген қызметтi толықтыратын қызмет ретiнде қаралады. Бұл қызмет оқиғаға әкеп соқтыруы мүмкін кез келген жағдайлардың, оқиғалар мен жағдаяттардың пайда болуын анықтауға және жоюға немесе болдырмауға бағытталған. Авиациялық оқиғаларды болдырмау бағдарламасы мыналарды қамтуы тиiс:
1) қауiпсiздiк тұжырымдамасын, әдiстемелiк негiздердi;
2) АО болдырмау жөніндегі қызметтi;
3) ұшу қауіпсiздігін талдауды;
4) АО болдырмау жөніндегі iс-шараларды;
5) авиациялық оқиғаларды тергеу және авариялықтың алдын-алу жөнiндегі жұмысты ұйымдастыруға қатысты нұсқаулықтарды;
6) пайдаланушының авиациялық оқиғадан кейiнгi кезеңдегi iс-әрекетi тәртібінің нұсқаулығы, мiндеті мен жауапкершiлiгi. Авиациялық оқиға орнындағы әуе кемесi командирiнiң және экипаждың басқа мүшелерiнiң мiндеттерi мен жауапкершiлiгі;
5), 6) - тармақшаларда көрсетiлген нұсқаулықтар қолданылып жүрген Авиациялық оқиғалар мен соқтығыстарды тергеу туралы ереженiң негiзiнде әзiрленедi.
14-тарау. Iздестiру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
15-тарау. Мынадай мәселелердiң тiзбесiн қамтитын авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегi шаралар:
1. Авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бағдарламасы;
2. Авиациялық қауiпсiздiк қызметi жөніндегi ереже;
3. Авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету ережесi:
1) әуе кемелерiнiң қауiпсiздiгiн тексеру;
2) жолаушыларды, олардың қол жүгін, теңдеме жүктердi, жүктердi, тамақтандыру бортын тексеру;
3) әуе кемелерi мен әуеайлақ объектілерiн күзету;
4) қоршау, өткізу және объективтілiк режим;
5) заңсыз араласу актілеріне жауап шаралар;
6) әуе кемелерінің тұрақтарын күзету жөнiнде арнайы шаралар;
7) заңсыз араласуға ұшыраған әуе кемелерiне қызмет көрсету;
8) заңсыз араласу актiсiне қарсы әрекет жөніндегі операцияның жоспары.
16-тарау. Құжаттама және оны толтыру.
17-тарау. Толықтырулар мен есептер.
18-тарау. "Ұшуды орындау жөніндегі басшылық" данасын жүргiзу, түзетулер мен толықтырулар енгізу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
№ 106 қаулысымен бекітілген
Азаматтық әуе кемелерiн
пайдаланушыларды және олар
көрсететiн қызметтердi
сертификаттау ережесiне
5-қосымша
Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөніндегі үлгi басшылық
Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөніндегі басшылық жалпы құжаттамадан және әрбiр әуе кемесiне арналған ақпараттан тұрады.
1. Жалпы құжаттамада:
1) Инженерлік-авиациялық қызметтің құрылымдық схемасын қоса алғандағы әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру туралы ақпарат.
2) Инженерлік-авиациялық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың міндеттерi, жауапкершiлiгi мен өкiлеттіктерi.
3) Инженерлiк-авиациялық қызметтiң басшы құрамының және ИАҚ құрылымдық бөлiмшелерi басшыларына кәсiптiк даярлығы туралы қысқаша деректер.
4) Әуе кемелерiне ТҚК процесiне тiкелей қатысатын инженерлік-техникалық құрам тұлғаларының тiзiмi, олардың білімi, атқарып отырған қызмет, авиатехникаға техникалық қызмет көрсетуге рұқсатының бар болуы көрсетiледi.
5) Олардың негiзiнде инженерлiк-авиациялық қызмет жұмысы ұйымдастырылған негiзгi құжаттардың тiзбесi.
6) Инженерлiк-техникалық құрамды авиациялық техникада жұмыс iстеуге жiберудің тәртібі, осы жұмыстарға рұқсат етудi растайтын құжаттардың бар болуы туралы ақпарат.
7) Ұшу және инженерлiк-техникалық құрамның авиациялық-техникалық дайындығын ұйымдастыру.
8) Инженерлiк-техникалық құрамның қозғалтқышты iске қосу мен сынауға, әуе кемелерiн тiркеп cүйреуге және т.б. жiберiлуi туралы ақпарат.
9) Инженерлiк-авиациялық қызмет орындайтын техникалық қызмет көрсету түрлерiнiң тізбесi.
10) Халықаралық ұшуларды орындау үшін қосымша жабдықтарды орнатуға байланысты әуе кемелерiнiң әрбiр үлгiсiне техникалық қызмет көрсету регламенттерiн және технологиялық нұсқауларды толықтыру туралы ақпарат.
11) Халықаралық ұшуларды орындау кезiнде әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру туралы ақпарат.
12) Авиациялық техниканың жай-күйін бақылау, оның сенiмділігін және әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудiң сапасын қамтамасыз ету туралы ақпарат.
13) Объективтi бақылау құралдарын пайдаланып ұшу ақпаратын жинауды, ашуды және пайдалануды ұйымдастыру туралы ақпарат.
14) Басшылық, нөмiрлiк және өндiрiстiк-техникалық құжаттаманы қоса алғанда пайдалану құжаттамасын жүргiзу туралы ақпарат. Басшылық құжаттамаға толықтырулардың түсуін ұйымдастыру.
15) Әуе кемелеріне басқа ұйымдардың техникалық қызмет көрсетуi жөнiнде жұмыс жүргiзілуiн растайтын құжаттар (шарттар) қамтылуы тиiс.
2. Әрбiр әуе кемесiне арналған ақпарат:
1) Халықаралық ұшуларды орындау үшiн орнатылған қосымша жабдықтардың тiзбесi.
2) Әуе кемесінің жеке ерекшелiктерi (қажет болғанда);
3) Әуе кемелерінің, оның қозғалтқыштарының тағайындалған ресурсы. Әуе кемесiнің және оның қозғалтқыштарының нақты пайдаланымы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
№ 106 қаулысымен бекітілген
Азаматтық әуе кемелерiн
пайдаланушыларды және олар
көрсететiн қызметтердi
сертификаттау ережесiне
6-қосымша
Ұшу қауіпсіздігiн қамтамасыз етумен тiкелей байланысты басшылық
құрам және мамандар жөніндегi деректер
1. Tегi, аты, әкесiнің аты, атқарып отырған қызметi.
2. Туған жылы.
3. Бiлiмi.
4. Арнайы білімi.
5. Басшылық қызметтегі жұмысы (атқарып отырған қызметтегi жұмыс өтілін көрсетіп).
6. Азаматтық авиация маманы куәлігінің нөмiрi, оның қолданылу мерзiмi.
7. Біліктiлiгін арттыру (күнi, оқу орны, біліктiлiктi арттыру бағдарламасы).
8. Мерзiмдi аттестациядан өту, қорытынды.
Басшы _____________________
(күнi, қолы)
Ескерту: Бiлiмi және арнайы дайындығы туралы құжаттардың көшiрмелерiн ұсыну қажет.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
№ 106 қаулысымен бекітілген
Азаматтық әуе кемелерiн
пайдаланушыларды және олар
көрсететiн қызметтердi
сертификаттау ережесiне
7-қосымша
Сертификаттық тексеру актісінің үлгі нысаны
____________________________ 2003 жылғы "____"____________
(уәкілетті органның атауы)
№ ____ бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия
Төраға: ______________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
Комиссия мүшелері: ________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
____________________________________________________ азаматтық
(ұйымның атауы)
әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау жүргізілді
қорытынды мәтіні
Төраға: __________________ _______________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Комиссия мүшелері: ___________ _______________
(Т.А.Ә.) (қолы)
___________ _______________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Актімен таныстым:
Ұйымның басшысы ___________ _______________
(Т.А.Ә.) (қолы)