Суармалы емес жайылымның жалпы аумағынан дегумификация есебiнен әлсiз деңгейінде - 4,5, орташа - 5,2 және жоғары деңгейiнде 1,5 млн. га шөлейттенген. Суармалы жерлердiң қарашiрiнсiздену үлесi 0,7 млн. га-ны құрайды.
Алдын ала мелиоративтiк iс-шараларсыз ауылшаруашылығы дақылдарын себуге арналған қолайлы жер көлемi 23,3 млн. га-ны құрайды. Қалған жерлер арнайы iс-шараларды талап етедi: сортаңданған жерлердiң мелиорациясы, сортаңданған жерлердiң мелиоративті жай-күйiн жақсарту, су және жел эрозияларының алдын алу. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегі агенттiгiнiң деректерi бойынша сортаңданған және сортаң жерлер 94,9 млн. га-ны - 42,1% құрайды. Топырақ эрозиясы 30,5 млн. га-ны - 13,0% қамтиды.
Шөлейттенудiң факторы ретіндегі суармалы топырақтың сортаңдануы проблеманың екi үлкен аспектiсiне ие: ағынсыз бассейндерде сортаң шөлдердiң өсуi және суармалы жерлердiң қайталама сортаңдануы. Сортаңданған топырақтардағы шөлейттенудің ерекшелігі олардың аймақтық және құрылымдық әртүрлiлiгiмен байланысты. Сортаңданған топырақтың үлесi барлық суармалы жерлер аумағының шамамен 20 % құрайды. Суарылмалы егiн шаруашылығындағы қалыптасқан жағдай өсiмдiк өнімiнiң жиынтық өнiмiн 1,6-1,8 есеге азайтты.
Көлдер мен басқа да су қоймаларының құрғап қалуы кезiндегі топырақтың сортаңдануы да Қазақстанның ерекшелiгi болып табылады. Суландыруды тоқтату немесе жедел азайту грунт суларының төмен түсу деңгейiнiң артуына топырақ құраудың гидрологиялық режимiнiң өзгеруiне, топырақтың құрғауына және шөлейттенуiне алып келедi.
Топырақтың және грунт суларының ластануы. Соңғы екі онжылдықта ауыл шаруашылығы жерлерiн химиялық өңдеуден арнайы заттармен топырақтың химиялық ластануы, өндiрiстiк қалдықтарды орналастыру, сарқынды суларды, атмосфералық төгiнділердi қалалар мен өнеркәсiп орталықтарына төгу қауiптiлігі қатты өстi. Топырақты мал шаруашылығы кешендерiнiң сарқындылары да ластайды.
Жер асты суларының ластануы Қазақстанда өте кең таралған және оның әсер етуi салдарынан мынадай фактор ретiнде қаралады: жерлердiң шөлейттенуi, топырақтың, өсiмдiктердiң қайталама сортаңдануы, ауыз сумен жабдықтау жағдайының нашарлауы. Пайдалы қазбаларды өндiрудiң және ұқсатудың кәсiпорындары, химиялық және улы қалдықтары бар басқа да өндірістер, мал шаруашылығы кешендерi, қала агломерациялары және т.б. неғұрлым үлкен ластануды құрайды.
Техногендiк шөлейттену. Қазақстандағы индустриалдық өндiрістi дамыту және пайдалы қазбалар кен орындарын әзiрлеу көлiк және инженерлiк инфрақұрылымды салумен, су және жер ресурстарының жедел алынуымен және ластануымен, экожүйелерге тiкелей және жанама терiс әсер етумен сүйемелдендi. Осы әсер етудiң түрлерiмен қатар, техногендiк шөлейттену процестерiне әуе бассейнiне улы заттардың шығарындылары біраз әсер еттi, тiптен, өсімдiктерге улы өнеркәсiптiк шығарындылардың тiкелей әсер ету жағдайы да байқалған.
Автожолдар жүйесi де техногендiк әсерiн тигiзуде. Республикада олардың жалпы қашықтығы шамамен 100 мың км, оның жартысы қатты жамылғымен қамтылған, яғни 1 км аумаққа жалпы пайдаланудағы 0,036 км жол келедi, ал қатты жамылғымен - 0,017 км. Автокөлiк үшiн жолсыз учаскелердiң жалпы қолжетiмдiлiгi кезiнде олардың өте сирек желісі ретсiз қозғалысқа алып келдi, оның нәтижесiнде тұрақты емес жолдар шөлейттенудiң маңызды факторларының бірiне айналды.
Қоршаған ортаға әсер көрсететiн желiлiк инфрақұрылымның өзге түрлерiнен темiржолдарды, мұнай және газ құбырларын, жоғары вольтты электржелiлерiн атап өту қажет.
Техногендiк шөлейттенудiң ерекше нысандары қазiргi уақытта, республиканың 6% аумағын алып жатқан, ғарыш, әскери және бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағының шегiнде көрiнiс бередi. Бұл ретте, олардың әсер ету аймағы егер, оған зымырандардың ұшу трассасын енгiзсе, біраз ұлғаяды. Жерлердi тiкелей алып қоюды қоспағанда, полигондардың терiс әсер етуi атмосферада жанбаған зымыран бөлшектерiнiң фрагменттерiнiң және басқа да ұшу аппараттары бөлшегiнiң құлауында, ұшыру орындарында және құлаған бөлшектердiң маңында аса улы зымыран отынының төгiлулерiнде, оттегi жануының зор көлемдерiнде және зымыранды ұшыру сәтiнде озон қабатының бұзылуында көрiнiс бередi.
Шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде өзендер мен су қоймаларының гидрологиялық режимiнiң бұзылуы бірқатар қолайсыз салдарлармен iлесе жүрдi. Өзендердiң көптеген учаскелерiнде өзен суларының жайылмаға шығуы азайды немесе толық тоқтады, жер үстi және жер асты суларының гидравликалық байланысы әлсiредi, олардың деңгейi төмендедi. Мұның бәрi жайылмалардың шөлейттенуiне, ағынсыз көлдердiң құрғауына және сортаңдануына әсер еттi. Сырдария мен Iле сияқты iрi өзендерiнiң атыраулары шөлейттенуге ұшырады. Бұл өзендердiң атырауларында көл жүйелерi алып жатқан аумақтар қысқарды, өсiмдiктер мен топырақ жұтады, балық қорларын молайтуға арналған жағдай нашарлады, жануарлар әлемiнiң түрлерi өзгердi. Арал теңiзi мен Балқаш көлiнiң экожүйелерiнде үлкен терiс өзгерістер болды. Арал мен Балқаш түбiнiң жалаңаштануы және су деңгейiнiң төмендеуi салдарынан жел эрозиясына ұшыраған аумақтар көбейдi.
Шөлейттенудiң негiзгi терiс салдарларының бірi болып түрлердiң жергіліктi популяцияларының толық жойылуы есебiнен де және олардың мекен ету ортасы мен санының азаюы есебiнен де әрi фитоценотивтiк белсендiлiк және репродукциялық қабiлетiнiң төмендеуiнен де болатын биоәртүрлiлiктiң жұтауы болып табылады.
Шөлейттенуге алып келетiн антропогендiк факторлардың әсерiнен республиканың жануарлар әлемi біраз өзгерістерге ұшырады. Жер үстi және топырақ насекомдарының, өрмекшi тәрiздiлердiң, құстардың, сүт қоректiлердiң және басқа да жануарлардың фаунасы өте қатты зиян шектi. Республиканың солтүстiк облыстарындағы аймақтық дала фаунасының шамамен 80% аумағы жойылған. Осындай ұқсас жағдай Тянь-Шаньның далалық белдеуiнде және оның тау етегiнде де қалыптасқан, онда фитофаг-жәндiктердiң көптеген түрлерi, өсiмдiктердi тозаңдандыратын жабайы аралардың, жыртқыш және паразиттік буын аяқтылардың, ұсақ құстардың, бауырымен жорғалаушылар мен сүт қоректілердiң көптеген түрлерi жоғалды. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Тарбағатай тауларының бөктерiнде, сондай-ақ Тауқұм, Мойынқұм, Сарыесiк-Атырау және басқа да шөлдерде малды көп жаюдан жануарлардың көптеген түрлерi мекен ету ортасын қысқартты (оның iшiнде бірегей түрлерi), сандары Қазақстанның "Қызыл кiтабына" енуiне үмiткерге айналды.
Iрi өнеркәсiптiк қалалардың маңындағы, әскери полигондардың аумағындағы және пайдалы қазбаларды өндiру аудандарындағы фаунада үлкен өзгерістер болды.
Шөлейттену процесi өсiмдiктердiң жұтауына біраз әсер еттi.
Солтүстiк шөлейттерде қыстақтардың, кенттердiң маңында және мал айдайтын трассалар бойында, орта және оңтүстiк шөлейттерде артық мал жаюды қоспағанда дербес артық мал жаю байқалуда, өсiмдiк жамылғысының бұзылуы техногендiк әсер етулермен және реттелмейтiн жол желісімен байланысты болды.
Көптеген жылдар бойына Қазақстан ормандары қарқынды жұтауға ұшырап келедi. Солтүстiк-Батыс Қазақстанда бұл ең алдымен жайылмалы ормандарға, шөлейт аймақтарда сексеуiлге ормандарына, таулы аудандарда - қылқан жапырақты ормандарға қатысты болды. Солтүстiк Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауының таулы ормандардың түрлерiнiң ауысуы мен шекарасының өзгеруi байқалуда.
Шабындық өсiмдiктерiнiң шөлейттенуi қарқынды процесінің қатты антропогендiк прессiн тудырды. Әсiресе Iле, Сырдария және Шу өзендерiнiң атырауларында және жайылмаларының төменгi бөлiктерiнде шабындық өсiмдiктерiнiң қатты өзгерістерi болды. Мұнда жоғары өнiмдi қамысты қауымдастықтар толық жұтаған.
Шөлейттену бірқатар экономикалық және әлеуметтiк салдарларға алып келдi, оның iшiнде:
өсiмдiк өнiмдерiнiң түсiмдiлігі мен жалпы өнiмiнiң азаюы;
мал басының және мал шаруашылығы өнiмдiлiгiнің азаюы;
аграрлық саласының экспорттық әлеуетiнiң азаюы;
тамақ және жеңiл өнеркәсiптiң дамуының тоқтауы;
аграрлық және ұқсату секторларынан салық қаражаттарының бюджетке түсуiнiң жедел азаюы.
Статистикалық деректер аграрлық саланың экономикасындағы терiс үрдiстердi көрсетедi. Олар негiзiнен, ауыр көп деңгейлi реформалаумен және қайта құрылымдаумен белгiлi, алайда, шөлейттену процесi республиканың барлық аумағы бойынша ресурстардың өнiмдiлiгiне дербес терiс таңба қалдырады, ал дамыған шөлейттену өңiрлерiнде экономикалық шиеленiстiң басымды себебi болып табылады.
Шаруашылық жүргiзудiң жаңа нысандарының қалыптаспағандығы, жайылымды мал шаруашылығы жүйесiнiң бұзылуы, техникалық және қаржы құралдарының жеткiлiксiздiгi жұмыссыздық пен кедейлiктi ұлғайтады.
Терiс әлеуметтiк-экономикалық процестер өз кезегiнде шөлейттену процесiн күшейтедi.
Қазақстандағы қазiргі әлеуметтік жағдай мынадай жағдаймен байланысты, шөлдi аумақтарда орналасқан облыстардан халықтың жыл сайынғы көшiп кетуi жүздеген мың адамдарға жетедi. Экологиялық теңбе-теңдiктiң бұзылуы және мекен ету ортасының жұтауы салдары болып табылатын халықтың төмен тұрмыс деңгейi, тойып тамақтанбау, жеткiлiксiз медициналық қызмет көрсету, пайдалануға жарамсыз ауыс су, шаңды және тұзды борандар халық денсаулығы жай-күйiнiң тез нашарлауына, демографиялық қолайсыздықтың алғы шарты болып табылатын халықтың өсуiнiң азаюына алып келдi.
Шөлейттенуге ұшыраған өңiрлерде балалар өлiмi өте жоғары деңгейде. Экологиялық-санитарлық қысым балалардың дамуындағы жалпы дамымай қалудың, қан аздығының, туа бiткен ауытқушылықтардың, жүйке аурулары, жүрек-қан-тамырлары жетiспеушiлігінiң негiзi болып табылады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның негiзгi мақсаты Қазақстан аумағындағы шөлейттену процесiн тоқтата тұру және алдын алу болып табылады.
Қойылған мақсатты iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
бірiншi кезеңде (2005-2007 жылдар):
жұтаған жерлердi түгендеу және бағалау;
шөлейттенуге қарсы күрес проблемалары бойынша шешiм қабылдау процесiнде халықтың барлық тобын хабарландыру және қатысуын қамтамасыз ету;
жерлердi қалпына келтiру не олардың жұтауының алдын алу бойынша үлгілік жобаларды әзiрлеу және iске асыру;
екiншi кезеңде (2008-2010 жылдар):
ресурстық базаның сақталуын және қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн тұрақты жер пайдаланудың нормативтiк талаптарын және экономикалық тетiктерiн әзiрлеу және енгізу;
халықаралық экологиялық конвенцияларды шоғырландырған iске асыруды қамтамасыз ету;
шөлейттену процесінің көлемдерiн қысқарту және құрғақшылықтың терiс әсер етуiнің алдын алу;
үшiншi кезеңде (2011-2015 жылдар):
мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк дамуында шөлейттенуге қарсы күрес бойынша шаралардың ықпалдасуы;
жерлердiң шөлейттену процесiн тоқтата тұру және алдын алу және олардың оңтайлы және тұрақты жай-күйiн қолдау.
5. Бағдарламаның негізгi бағыттары және
iске асыру тетiгi
Бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттарда жүзеге асырылатын болады:
табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану саясатын қалыптастыру;
табиғи ресурстарды сақтаудың және шөлейттенуге қарсы күрестiң әлеуметтік-экономикалық аспектiлерiн әзiрлеу;
шөлейттенуге қарсы күресті ғылыми және ақпараттық қолдау, насихаттау;
шөлейттенуге қарсы күрес мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастық және аралас конвенцияларды шоғырландыру;
жергiлiктi мемлекеттік органдардың, жер пайдаланушылардың, шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметiн үйлестiру.
Бағдарламаның мақсатына қол жеткізудiң негiзгі шарты экология мен экономиканың проблемаларын үйлестіруге негізделген табиғат пайдалануды тиiмдi басқару жүйесiн жетiлдiру болып табылады.
Шөлейттенуге қарсы күрес процесiнде адам қызметiнiң мынадай салдарларын жою жөнiндегі шараларды қабылдау қажет: топырақтың тозуы, жайылымға қарқынды жүктеме, орманды жаппай кесу және дұрыс емес ирригация әдiстерi. Сонымен бірге, осы құбылыстың туындауының негізгi әлеуметтiк-экономикалық себептерi назар аударуды талап етедi.
Қоғамның тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуына қол жеткізудiң мемлекеттік стратегиясы елдiң шаруашылық және өзге де шешiмдердi қабылдау кезiнде экологиялық басымдықтарды ескеру қабiлетiне негiзделедi. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиiмдi саясатты жүзеге асыру үшін республикалық, облыстық және жергіліктi деңгейлерде табиғат пайдаланудың нормативтік-құқықтық қаржы-экономикалық негіздерiнiң қазiргi талаптарына сәйкес келетiн табиғат қорғау заңнамасының жаңа жүйесiн құруды және пайдалануға берудi талап етедi.
Осыған байланысты, шөлейттену мен құрғақшылық процестерiнiң физикалық, биологиялық және әлеуметтік-экономикалық аспектiлерiн қамтитын кешендi тәсiлдi әзiрлеу қажет. Атап айтқанда, елдiң тұрақты даму саясатына кедейшiлiкпен күрес, шөлейттенуге қарсы күрес және құрғақшылықтың салдарларын азайту жөніндегі iс-шаралардың ықпалдасуын күшейту қажет.
Бағдарлама ресурстық базаны сақтауды және (немесе) қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн ресурстарды теңгермелі пайдалану және экономикалық қызметтi күшейту жөніндегі басқарудың барлық деңгейiнде қолайлы жағдайды жасауға бағытталған.
Бағдарламаны кезең-кезеңмен iске асыру әрбір кезеңге тиiстi iс-шаралар жоспарын әзiрлеудi көздейдi.
5.1. Табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану
саясатын қалыптастыру
Табиғат ресурстарын тұрақты пайдаланудың саясатын қалыптастыру мынадай iс-шараларын көздейдi:
1) бірiншi кезеңде (2005-2007 жылдар):
Қарағанды облысы Шет ауданында қуаң жерлердi басқару жөніндегі жобаны iске асыру;
Қазақстан аумағының шөлейттену процестерiне ұшырауын бағалау және шөлейт және жұтаған жерлердiң 1:1000000 масштабында карталарын жасау;
Қазақстан Республикасы табиғи-шаруашылық жүйесiнiң шөлейттенуге қарсы күрестiң экологиялық кестесiнiң ландшафтық қамтамасыз етуiн әзiрлеу және енгізу;
жұтаған жерлерде биологиялық әралуантүрлiлiктi зерттеу және бағалау;
ауылшаруашылығы пайдалануындағы жерлердiң шөлейттену қарқынын төмендету;
жайылымды ұтымды пайдаланудың жүйесiн жетiлдiру, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан және Алматы облыстарында шөлейттену процестерiнiң алдын алу мақсатында егiлмелi жайылымды жасау;
Қызылорда облысында қайталама тұздалған топырақты қалпына келтiру және суғару жөніндегі пилоттық жобасын әзiрлеу және iске асыру;
"Орталық Азияның экоөңiрлеріндегі биоәртүрлiлiктi ұзақ мерзiмдi сақтау үшiн ЭКОНЕТ құру" жобасын iске асыру;
"Қорғалатын аумақтардың буферлiк аймақтарындағы жерлердi басқару (Солтүстiк Қазақстан)" пилоттық жобасын iске асыру;
Мойынқұм құмының жағдайында жұтауға және шөлейттенуге ұшыраған жайылым аумақтарын қалпына келтiру бойынша технологияларды әзiрлеу;
2) екiншi кезеңде (2008-2010 жылдар):
жұтаған жайылымдардың ошақтарын табу, таптап тастау аймақтары мен деңгейi бойынша оларды жiктеу, жайылымға паспортты әзiрлеу және мал санын және жайылымдық жүктеменi реттеу;
жайылымды қорғайтын сексеуiл ормандарын, егiлмелi жайылымдарды және пiшендердi жасау, жайылым айналымын енгізу;
3) үшiншi кезеңде (2011-2015 жылдар):
жер ресурстарын ұтымды пайдаланудың қолданыстағы техникалық нормаларын және ережелерiн сақтау;
жер пайдаланулардың агроорманмелиорациясы;
олардың қалпына келу әлеуетiне байланысты жайылымдарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
жерлердiң өнімділiгiн қалпына келтiру бойынша жаңа технологиялық жобаларды iске асыруға қатысу.
5.2. Табиғи ресурстарды сақтаудың және шөлейттенуге
қарсы күрестiң әлеуметтік-экономикалық аспектілерiн әзiрлеу
Табиғи ресурстарды сақтау және шөлейттенуге қарсы күрестiң әлеуметтiк-экономикалық аспектiлерiн әзiрлеу мынадай iс-шараларды көздейдi:
1) бірiншi кезеңде (2005-2007 жылдар):
шөлейттену мен кедейлiктiң экономикалық, саяси және демографиялық факторларын зерттеу; жергілiктi деңгейде тұрақты дамудың тетiктерiн әзiрлеу;
Қазақстанның шөлейт аудандарында фермерлiк шаруашылықтарды жүргiзудің оазистiк жүйелерiн құру;
Арал өңiрiндегі елдi мекендерде шаң-тұзды жауып кету процестерiнiң алдын алу;
мемлекеттік емес (RIOD-Қазақстан торабы) ұйымдар үшiн шөлейттенуге қарсы күрес бойынша шағын гранттар бағдарламасын iске асыру;
2) екiншi кезеңде (2008-2010):
шағын фермерлiк шаруашылықтардың қалыптасу процесiн қолдау;
шөлейттену және жерлердiң жұтауы, қоршаған ортаны қорғау мәселелерiнде жергілiктi қауымдастықтардың хабардар болу деңгейiн арттыру;
жерлердiң жұтауына қарсы күрес жөнiндегі iс-шараларды қамтитын табиғи ресурстарды басқару, қорғау және молайту бойынша iс-шараларды қаржыландырудың экономикалық тетiгiн жетiлдiру (жердi, суды, орманды және жайылымдарды пайдаланушылар мен меншiк иелерiнiң, сондай-ақ табиғи ресурстарды ластағаны және жұтағаны үшiн табиғат пайдаланушылардың барлық ауыл шаруашылығы субъектiлерiнiң экономикалық жауапкершілiгiн көздеу);
жалға алушылардың және меншiк иелерiнiң пайдалануындағы жұтаған ресурстарды оңалту жөнiндегі барлық деңгейдегi бюджеттік бағдарламаларға iс-шараларды енгізу;
қолданыстағы нормативтiк-құқықтық кесiмдердi жүйелендiру;
экологиялық заңнаманың тиiмділігін арттыру жөнiндегі шараларды айқындау;
шөлейттенуге қарсы күресті қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғаудың әлемдiк қауымдастығы таныған қағидаттарын есепке алу кезiнде, әлемнiң негiзгi өнеркәсiптi дамыған мемлекеттерiнiң заңнамасымен ұқсас экологиялық заңнаманы үйлестiру;
3) үшiншi кезеңде (2011-2015 жылдар):
әлеуметтiк-экономикалық, демографиялық, энергетикалық, ақпараттық мәселелердi қамтитын табиғат қорғау iс-шараларын жоспарлау жүйесiн жетiлдiру;
шөлейттенуге қарсы күрестiң барлық аспектiлерiн реттеу.
5.3. Шөлейттенуге қарсы күрестi ғылыми және
ақпараттық қолдау, насихаттау
Шөлейттенуге қарсы күрестi ғылыми және ақпараттық қолдау, насихаттау мынадай iс-шараларды iске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады:
1) бірiншi кезеңде (2005-2007):
тұрақты жер пайдалану үшiн қоршаған орта туралы ақпарат мониторингiн және басқару жүйесiн құру;
Арал өңiрi халқының денсаулығы жай-күйiне шөлейттену процесiнiң әсер етуiн бағалау;
өзен экожүйесiнiң атырау және алабы учаскелерiнiң жұтау және шөлейттену процестерiнiң жай-күйiне талдау жүргiзу және зерттеу;
халықты экологиялық таза өнiммен қамтамасыз ету және шөлейттену процестерiнiң алдын алу үшiн ауыл шаруашылығын тұрақты жүргiзудiң ғылыми әдiстерiн әзiрлеу;
ғарыш ақпаратын пайдалана отырып, шөлейттену мониторингiнiң тұжырымдамалық негiзiн әзiрлеу;
шөлейттенуге қарсы күрес аспектiлерi бойынша халықты ақпараттандыруды ұзақ мерзiмдi кампанияны ұлттық деңгейде жүргiзу;
Солтүстiк Қазақстан үшiн атмосфералық және топырақтың құрғақшылығы мониторингi жүйесiн әзiрлеу және бидай өндiрудiң табиғи қатерiн бағалау;
2) екiншi кезеңде (2008-2010 жылдар):
Мемлекеттік ақпараттық жүйеге (МАЖ) бірiккен шөлейттенудiң кешендi мониторинг жүйесiн құру;
жұтаған табиғи ресурстарды iрi көлемдi картографиялық түгендеу;
жайылымдарды ұтымды пайдалану бойынша бұрын әзiрленген жобаларды түзету және қайта құрылымдау;
фитомелиоративтiк қондырғылар және шөлейттенген аумақтарды фитомелиорациялау, егiстiк айналымынан шығару және өнiмдiлiгi аз және жұтаған жерлердi шалшықтың басып кетуi;
отандық өндiрiстi дамытуға және пестицидтердi формуляциялауға жәрдемдесу;
шөлейттену процестерiне экологиялық моделдеуге, жүйелік талдауға және болжауға, сондай-ақ шөлейттенумен күрестiң нақты әдiстемелерi мен тәсiлдерiн әзiрлеуге ауылшаруашылық, физика-математикалық, химиялық, геологиялық, техникалық ғылым өкiлдерiн кеңiнен қатысуға тарту;
ғылыми-зерттеу институттарының өңiрлiк және халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастықта жүргізілетiн шөлейттенуге қарсы күрес және құрғақшылықтың салдарын жеңiлдету бойынша техникалық және ғылыми зерттеу жұмыстарының әлеуетiн ұлғайту;
оқытылатындардың даму және қызығушылықшылары деңгейлерiне сәйкес келетiн оқытатын материалдарды пайдалана отырып, ауыл шаруашылығында жергiлiктi халықты экология негіздерiне оқыту;
фермерлер мен экономиканың әртүрлі салаларындағы жұмысшылар үшiн семинарлар өткізу, университеттердегі тренингтер мен пiкiрталастар;
шөлейттенуге қарсы күрес мәселелерi бойынша халыққа кеңес беру және ақпараттандыру үшiн қоғамдық комитеттердi құру;
3) үшiнші кезеңде (2011-2015 жылдар):
экологиялық проблемалар бойынша халықтың құлағдар болуын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын күшейту және пайдалану. Шөлейттену процестері бойынша қоғамдық пiкiрдi жұмылдыру;
құқықтық және нормативтік актiлердi әзiрлеуге және шөлейттену мәселелерi бойынша ақпаратқа халықтың қол жетiмділігі;
барлық деңгейдегі білім беру мекемелерi үшiн оқыту бағдарламалары мен материалдарын әзiрлеу;
шөлейттенуді болдырмаудың әдiстерi және күрес жөніндегі брошюраларды, ақпараттық материалдарды жариялау және тарату.
5.4. Шөлейттенуге қарсы күрес мәселелерi бойынша
халықаралық ынтымақтастық және аралас
конвенцияларды шоғырландыру
Халықаралық ыңтымақтастық дүниежүзiлiк қауымдастықтан ғылыми-әдістемелік техникалық және қаржылық көмек алу мүмкiндігін ашып бередi, сол арқылы шөлденуге қарсы күрестi жүргiзу процесiнiң дамуына қосымша тыныс бередi.
Халықаралық ынтымақтастықты бекіту мақсатында мынадай іс-шаралар iске асырылатын болады:
1) бірiншi кезеңде (2005-2007 жылдар):
трансшекаралық экожүйелердiң тепе-теңдiк сақтауға бағытталған мемлекетаралық іс-шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру;
Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі орталықты құру;
2) екiншi кезең (2008-2010 жылдар):
шөлейттенуге қарсы күрес бойынша әдiстердiң және технологиялардың дүниежүзiлiк тәжiрибесiн талдау және бейiмдеу;
Орталық Азиядағы Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі іс-қимылдың субөңiрлiк бағдарламасы, Таулы аумақтарды тұрақты дамыту жөніндегі iс-қимылдардың өңiрлiк жоспары, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі iс-қимылдардың өңірлік жоспары шеңберіндегі шөлейттенумен күрес бойынша ынтымақтастықты күшейту;
Азиядағы Тақырыптық бағдарламалық желiнiң шеңберіндегі өңiрлiк ынтымақтастық;
Шөлейттенумен күрес жөнiндегі конвенция, Биологиялық алуантүрлiлiк туралы конвенция, Климаттың өзгеру жөніндегі үлгілік конвенция бойынша стандарттарды және өзге де бірлескен деректердi, индикаторларды әзiрлеу, ақпаратты жинаудың келісілген есептiлiгi мен рәсiмiн, объектiлер мен проблемаларды түгендеу әдiстемесiн құру;
3) үшiншi кезеңде (2011-2015 жылдар):
аралас конвенциялар бойынша үлгілiк жобаларды iске асыру, одан кейiнгi практикалық, эксперименталдық (әдiстемелiк) және демонстрациялық (ақпараттық-насихаттық) мақсаттарды iске асыру;
Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенцияны iске асыру үшiн техникалық, сараптамалық және қаржылық қолдау түрiнде сыртқы ресурстарды жұмылдыру.
5.5. Жергiлiктi мемлекеттік органдардың, жердi
пайдаланушылардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң
және үкiметтiк емес ұйымдардың қызметiн үйлестiру
Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі жергiлiктi мемлекеттік органдардың, жер пайдаланушылардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметiн үйлестiру мақсатында мынадай iс-шаралар iске асырылатын болады:
1) бірiншi кезеңде (2005-2007 жылдар):
Шөлейттенумен күрес жөніндегі конвенцияның мақсаты және рөлi, Бағдарламалардың мiндеттерi бойынша халықты ақпараттандыруды жүргiзу;
жергілікті мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, табиғат пайдаланушылар мен жұртшылықтың қатысуымен шөлейттенумен күрес бойынша қоғамдық акцияларды, iс-шараларды ұйымдастыру және жүргiзу;
Шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегі конвенция тарап елдерiнiң мемлекеттік емес ұйымдарымен отандық мемлекеттік емес ұйымдардың өзара байланысын орнатуға жәрдемдесу;
шөлейттену процестерi туралы ақпарат алуды жүргізу;
екiншi кезеңге арналған Қазақстан Республикасында шөлейттенумен күрес жөнiнде бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралардың жоспарын әзiрлеу;
үшiншi кезеңге арналған Қазақстан Республикасында шөлейттенумен күрес жөнiнде бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралардың жоспарын әзiрлеу;