Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі
2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 49 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 24 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгі тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 28-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегi 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар:
1) Бағдарламада белгiленген iс-шаралардың тиесілі әрi уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн;
2) жылына бір рет 20 қаңтарға Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Бағдарлама iс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жыл сайын 20 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарлама iс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Есiмовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 24 қаңтардағы
№ 49 Қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Ресрубликасында
Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі
2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама
Астана, 2005
1.Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы
күрес жөнiндегі 2005-2015 жылдарға арналған
бағдарлама
Әзiрлеу үшiн "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға
негіздеме арналған экологиялық қауiпсiздігі тұжырымдамасын
iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған
iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы
3 ақпандағы N 131 қаулысы (28-тармақ)
Негізгі Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
әзiрлеушi министрлігі
Мақсаты Қазақстан Республикасының аумағындағы
шөлейттену процесін тоқтата тұру және болдырмау.
Мiндеттер Бiрiншi кезеңде (2005 - 2007 жылдар):
жұтаған жерлердi түгендеу және бағалау;
шөлейттенуге қарсы күрес проблемалары
бойынша шешiмдердi қабылдау процесiне халықтың
барлық топтарының қатысуын қамтамасыз ету және
хабардар ету;
жерлердi қалпына келтiру немесе олардың
жұтауының алдын алу жөніндегі пилоттық жобаларды
әзiрлеу және iске асыру;
екiншi кезеңде (2008-2010 жылдар):
ресурстық базаны сақтауды және қалпына
келтiрудi қамтамасыз ететiн тұрақты жер
пайдаланудың нормативтiк талаптары мен
экономикалық тетiктерiн әзiрлеу және енгізу;
халықаралық экологиялық конвенцияларды
тұтастырылған iске асыруды қамтамасыз ету;
шөлейттену және құрғақшылықтың терiс әсер ету
процесiнiң көлемдерiн қысқарту және дамуының
алдын алу;
үшiншi кезеңде (2011-2015 жылдар):
мемлекеттің экономикалық және әлеуметтiк
дамуында шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегі
шаралардың ықпалдасуы;
жерлердiң шөлейттену процестерiн тоқтата тұру
және алдын алу және олардың қолайлы және тұрақты
жай-күйiн қолдау.
Қаржыландыру Барлығы 2005-2007 жылдарға - 3135,85
көздерi млн.теңге, оның iшiнде:
республикалық бюджеттен 122,2 млн.теңге:
2005 жыл - 34,31 млн. теңге;
2006 жыл - 40,73 млн. теңге;
2007 жыл - 47,16 млн. теңге.
Халықаралық гранттар 3013,65 млн. теңге:
2005 жыл - 826,675 млн. теңге;
2006 жыл - 1133,975 млн. теңге;
2007 жыл - 1053 млн. теңге.
Барлық көздер бойынша қаржыландыру көлемi
тиiсті жылға бюджеттi қалыптастыру кезiнде
нақтыланатын болады.
Бағдарламаны iске асырудың одан кейiнгi
кезеңдерiн қаржыландырудың көлемi тиiстi жылға
iс-шаралар жоспарын дайындау кезiнде айқындалатын
болады.
Күтілетiн Бiрiншi кезеңде (2005-2007 жылдар):
нәтижелер шөлейттенуге ұшыраған жерлерге түгендеу және
жай-күйiне бағалау жүргiзiлетiн;
жерлердi қалпына келтiру немесе олардың
жұтауының алдын алу жөніндегі пилоттық жобалар
iске асырылатын;
шөлейттенуге қарсы күрес проблемалары
бойынша шешiмдердi қабылдау процесiнде халықтың
барлық топтарының қатысуын қамтамасыз ету және
ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргiзiлетiн болады.
Екiншi кезеңде (2008-2010 жылдар):
жерлердiң шөлейттенуi және жұтауының алдын
алу жөніндегі iс-шаралар iске асырылатын;
тұрақты жер пайдаланудың нормативтiк
талаптары мен экономикалық тетiктерi әзiрленетiн
болады.
Үшiншi кезеңде (2011-2015 жылдар):
жерлердiң шөлейттену процесi тоқтатыла
тұратын және оның алдын алынатын әрi олардың
қолайлы және тұрақты жай-күйiн сақтау үшiн жағдай
жасалатын болады.
Iске асыру 2005-2015 жылдар
мерзiмi 1 кезең - 2005-2007 жылдар
2 кезең - 2008-2010 жылдар
3 кезең - 2011-2015 жылдар
2. Кiрiспе
Қазақстан Республикасындағы шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегі конвенция бойынша Қазақстанның өзiне қабылдаған мiндеттерi шеңберiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысымен бекітілген, 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Экологиялық қауiпсiздiгі тұжырымдамасын іске асыру жөнiндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 28-тармағын орындау мақсатында әзiрлендi.
Шөлейттену - жаһандық экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблеманың айқын көрiнiсiн бiлдiредi. XXI ғасырда, Жер халқы санының ұлғаймалы өсуi, өнiмдi ауыл шаруашылығы жерлерiнiң көлемдерiн iс жүзінде толық игеру және қоршаған ортаға техногендiк жүктеменiң өте зор ұлғаюы аясында шөлейттену көптеген елдер үшiн табысты әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгi қатерi болуы мүмкiн.
Сондықтан, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрi - БҰҰ) 1994 жылғы 17 маусымда Париж қаласында (Франция) "Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегі конвенциясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 17 шiлдедегі Заңымен бекiтілген Шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегі конвенция қабылданды және қол қою үшiн ашық.
Аумағының көп бөлігі жеткілiксiз ылғалдану аумағында орналасқан Қазақстан үшiн шөлейттену проблемасы өте көкейкестi болып табылады. Қазiргі уақытта, елдiң үштен екiсi шөлейттену процесiнiң әртүрлі деңгейiне ұшыраған.
Бағдарлама шөлейттенудің негізгі себептерiмен күрестi ұйымдастыру және оның салдарларын жою жөнiндегі негiзгі құжат болып табылады. Онда бірiншi кезектi және превентивтік iс-шаралардың кешенiн қамтитын iс-әрекеттердiң себептерi мен басымды бағыттарына терең талдау жасалған.
3. Проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясының (бұдан әрі - Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенция) айқындауына сәйкес - шөлейттену "климаттың өзгеруі мен адам қызметiн қоса алғанда, әр түрлi факторлардың iс-әрекетi нәтижесiнде құрғақ, жартылай құрғақ және қуаңшылық субгумидтік аудандардағы жерлердiң жұтауы".
Табиғи және антропогендiк факторлар Қазақстандағы шөлейттенудің себептерi болып табылады.
Қазақстандағы шөлейттену процесiнiң дамуына ықпал ететiн негізгi табиғи фактор құмдардың (30 млн.га-ға дейiн) және сортаңданған жерлердiң (127 млн. га) кең таралуына алып келетiн климаттың құрлықтылығын және құрғақшылығын, су ресурстарының кедейлігі мен бөлуiнiң біркелкiлiгін айқындайтын елдiң iшкi құрлықтық жағдайы болып табылады. Жерлердің жұтау процестерiн дамыту үшiн жағдай, құрғақшылықтың әсерi кезiнде топырақ құраудың маусымдық ерекшелiктерiн бұзу кезiнде жасалады. Сондай-ақ топырақ-өсiмдiк жамылғысының әлсiз жинақылығы және оның серпiндiлiгi шөлейттенудің алғы шарты болып табылады. Қазақстанның бұл табиғи ерекшелiктерi антропогендiк әсер етулерге табиғи ортаның әлсiз тұрақтылығымен белгілi (қолда бар деректер бойынша елдiң шамамен 75% аумағы экологиялық тұрақсыздандырудың жоғары қатерiне ұшыраған).
Қазақстандағы шөлейттену процестерiнiң туындауына және дамуына алып келетiн антропогендiк факторлар, ең алдымен шаруашылық қызметiнiң мынадай түрлерiмен байланысты: малды жаю; егін шаруашылығы; жер қойнауын әзiрлеу; өнеркәсiптiк, әскери және азаматтық объектiлердi, суландыру және желiлiк құрылғыларды салу және пайдалануға беру. Шөлейттену сондай-ақ, орманды жоспарсыз жаппай кесудiң, мал азығы мен отынға бұталар мен жартылай бұталарды шабудың, орман және дала өрттерiнiң, жүйесiз рекреацияның, елдi мекендер аумағында қоқыстарды ұйымдастырудың, топырақтардың және улы заттармен жер асты суларының ластануының, көлiктiң әсер етуiнiң нәтижесi болып табылады.
Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенцияда қабылданған өлшемдерiне сәйкес айқындалған Қазақстанда шөлейттенудiң басты тұрпаты мыналар болып табылды: өсiмдiктердiң жұтауы; топырақтың сулы және желдi эррозиясы; топырақтың сортаңдануы және қарашiрiнсiзденуi; топырақтың, грунт және жерасты суларының химиялық ластануы; жердiң және гидрологиялық режимнiң техногендiк бұзылуы.
Өсiмдiк жамылғысының жұтауы - бұл ормандардың, жайылымдық жерлер мен шабындықтардың жұтауы түрiнде көрiнiс беретiн шөлейттенудің ең көп тараған және сырттай айқындалатын процесi.
Республиканың есептiк ормандылығы орман жамылғыларына сексеуiлдi орманжайылымдарын және бұталар тоғайын қоса алған кезде 4,6%-ды құрайды, орман құрамына тек ағаштарды қоса алған кезде нақты ормандылық 2,3%-ды құрайды.
Соңғы он жыл iшiнде орманжайылымының жұтауына 0,52-ден 0,47 дейiн, яғни 10%-ға кемiген, олардың тығыздылығының төмендегенiн көрсетедi. Ормандылықтың төмендеуi және жасанды орман өсiру көлемiнiң қысқаруы Қызылқұм, Мойынқұм, Сарыесiк - Атырау және басқа да массивтердiң басым шөлейт бөлiгiнде жайылымдардың азуы мен жұтауының өсуiне алапатты қауiп төндiредi.
Соңғы 40 жылдың iшiнде қылқан жапырақты ормандардың өнiмдiлiгi 7% кемiген, майқарағай ағаштарының ауданы 13% кемiген, Кендi және Оңтүстiк Алтай ормандарында ағаштардың жұтауы неғұрлым байқалады. Жоңғар және Iле Алатауында өсетiн алма ормандарының ауданы 24% қысқарды.
Шөлдi өзендердiң алабындағы ормандар өте қатты жұтауда. Осы ормандардағы өзен ағыстарын реттеу нәтижесiнде топырақ ылғалдылығы кемiгендiктен түрлердiң қажетсiз өзгеруiне әкелiп соғуда. Мысалы, Оңтүстiк Қазақстан облысының Шардара ауданындағы Сырдария өзенiнiң алабында тұранға ағашының шамамен үштен бір бөлiгi шыңғылдың қажетсiз бұталарына айналды.
Жайылымдар мен шабындықтардың жұтауы. Тың жерлердi жаппай жырту Қазақстанның дала экожүйесiне неғұрлым керi және кешендi әсерiн тигiздi.
Жайылымдықтарды жыртқан сайын, малды өнiмдiлігі төмен жерге ығыстырған, сонымен бірге мал басын көбейту салдарынан қалған тың жай-күйіндегі жайылымдардың жүктемесi ұлғайды. Құнарлы жерлердiң басым бөлiгiн жырту, көл маңы етегі және қазаншұңқырларының ылғалды сор шалғындарын қоса алғанда малды өнiмдiлiгi аз, кәрiзденбеген, сортаң аумаққа ығыстырды және жинақтады.
Барынша жұтауға, ауылды жерлерге, шалғайдағы малшаруашылығына, сиыр сауу құрылымдарына және құдықтарға iргелес жайылымдар ұшыраған.
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгінiң деректерi бойынша 2004 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 188,9 млн. га-дан соңғы дәрежелi жұтауға 26,6 млн. га жеткен, ол күштi және өте күштi шөлейттенгенiн көрсетедi. Республиканың орманды-дала және дала аймақтарында жерлерiнiң 34,8 млн. га жерiн жайылымдар құрайды, оның 5,6 млн. га өте қатты жұтаған. Жайылымдардың жұтау процесiнiң өсу үрдiсi байқалуда.
Қазақстанның 5,0 млн. га ауданында шабындықтар бар. Шөлейттену салдарынан шабындықтардың ауданы қысқаруда, оларды улы өсiмдiктердiң басуы, бұталардың көбеюiнде, шалғындық өсiмдiктердiң ресурстық қана емес, сонымен қатар, суды реттейтiн рөлi де толық немесе жартылай жойылуында көрiнiс бередi.
Топырақтың жел және су эррозиясы. Қазақстанда топырақтың жел эррозиясымен туындаған шөлейттену далалы, құрғақ далалы, жартылай шөлейттi және шөлейттi ландшафтарды қамтыған. Жел эрозиясының әсерiнен топырақтың жұқа бөлшектерiнiң ұшып кетуi және топырақтың құмдануы болады. Егістік жерлердiң желмен үрленген қабатында қарашiрiннiң құрамы азаяды, сiңiрiп алу көлемi қысқарады, карбонаттылығы көбейедi, агрохимикалық және сулы-физикалық қасиеттерi нашарлайды.
Бүгiнгі таңда Қазақстанда егістiк жерлерде дефляцияның зияндығының әлсiздiгiне оның қысқаруына байланысты болжау жасауға болады. Алайда, республикамыздың қуаңшылық аймақтарында, әсiресе қатты жұтаған жайылымдарда жер эррозиясының күшею қауiптiлігі бар.
Суармалы жерлердi кеңейту жөніндегі бағдарламаны iске асыру барысында суландыруға сорғытылмаған және тұздалған топырақтардың ауқымды алқаптары тартылды. Көлемдi суландырудағы өңiрлердiң су және экологиялық проблемаларының басты себебi болып жетiспеушiлiк емес, осындай табиғи жағдайдағы басқа елдерде судың үлестік шығыстарынан орташа алғанда, бір табан жоғары тұратын, суды үнемсiз пайдалану болып қалуда. Бұл суды тасымалдаудың қарабайыр технологияларымен, экономикалық ынталандырудың және оны үнемдеу дәстүрiнiң болмауымен белгіленедi.
Зop сүзгi шығындары мен суғарудың үнемсiз емес нормалары қайталама тұзданудың, батпақтанудың және су эрозиясының негiзгi себебiне айналды, ал кәрiздi сулардың төгіндiсi өзендердiң тыңайтқыштармен, пестицидтермен ластануына және жоғары минералдануына алып келдi. Алапаттың салдары Әмудария, Сырдария және Iле өзендерiнiң ластануы мен су балансының бұзылуына әкелдi. Олардың ықпалы Балқаш және Арал өңiрiнiң экологиялық және экономикалық проблемалар кешенiне де әсерiн тигiздi.
Арал өңiрiндегі экологиялық шиеленiс осы ғасырдың ең қайғылы оқиғаларының бірi болып табылады. Шөл орталығында орналасқан теңiз қоршаған өңiрлердiң табиғи-климаттық және экологиялық жағдайына қолайлы әсер еткен және Арал өңiрiнiң кең аумағында ылғалдылықтың реттеушiсi, оңтүстiк шөлдерден келетiн аңызақ желдерден қорғаушы болды. Теңiз жоғары биологиялық өнiмділiкке ие болды, маңызды балық шаруашылығы, аң шаруашылығы, көлiк және рекреациялық мәнi болды.
Әмудария мен Сырдария өзендерiнiң су ресурстарын суғаруға экстенсивтi пайдалану нәтижесiнде теңiз екi су қоймасына - Yлкен және Кiшi Аралға бөлiндi. Өзендердiң күзгi жайылуы қысқарды, тоғай және қамыс тез майды, фауна мен флораға бай көптеген теңiз маңы көлдерi құрғап қалды, құмды шөлдердiң шекарасы кеңейдi, климаттың құрғақшылығы күшейдi, ауаның ылғалдылығы 10-18% азайды, аязсыз кезеңнiң ұзақтығы 30-35 күнге қысқарды. Сортаңдану және батпақтану нәтижесiнде ғана Сырдария өзенiнiң бассейнiнде жыл сайын ауыл шаруашылығы айналымынан суғарылатын жерлердiң 10-15% шығады. Жайылымдардың өнiмдiлiгi 2-3 есе азайды және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгi қысқарды.
Арал қасiретiнiң әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық салдарлары зор. Арал өңiрi аудандарында төтенше санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалыптасты және мұнда соңғы 15-20 жылда жұқпалы аурулар, әсiресе, iш сүзегi, туберкулез, вирусты гепатит, сондай-ақ онкологиялық аурулар ұлғайды.
Осындай проблемалар Балқаш маңы өңiрiнде де туындауы мүмкiн.
Гидрографиялық желiнi жаппай реттеудiң төтенше терiс салдары болды. Малды суару және жеткiлiксiз гидрологиялық негiздерсiз суғарылатын жайылымдарда дақылдарды суғару мақсаты үшiн өзен қазаншұңқырлары мен шағын өзендердiң сағаларында жайылмалы ағыстың біраз бөлiгiне кедергi келтiретiн көптеген бөгендер, тоғандар, апандар салынды. Резервтегi судың біраз бөлiгі ұтымды пайдаланылды, қалғаны - сүзгі және жерасты ағысына ағу салдарынан жоғалды. Көптеген көлдер кеуiп қалды, қалғандарында - олардың шаруашылық-ауыз су, балық шаруашылығы және рекреациялық маңызы құнсызданып, судың минералдануы біраз артты. Жерүстi ағысының біраз бөлiгiн жоғалтқан көлдер мен шағын өзендерде судың өзiн өзi тазарту процесi әлсiредi және коммуналдық және өнеркәсiптiк ластаушылардың шоғырлануы өстi.
Ретке келтiрiлген өзендерде қарқынды су жайылуларының қысқаруы жайылма экожүйелердiң жұтауына: жайылма топырақтарының сортаңдануына, құнарлы шабындықтардың өнiмділігінiң жоғалуына, тоғай ормандарының қысқартуына алып келдi.
Топырақтың дегумификациялануы және сортаңдануы. Барлық жайылымдық жерлер мен жайылымдарда дегумификация процесi тiркелген. Қарашiрiндiнiң азаюы егiндi нелiктен шығару жолымен қоректi заттарды қалпына келтiрiлмейтiн шығарылуымен байланысты. Суғарылатын топырақта қарашiрiндiнi жоғалту өзен атырауларында ағысты реттеу және қоршаған аумақтардың шөлейттенуi, сондай-ақ ирригациялық эрозия нәтижесiнде болуда.