аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілердің жаппай тарауынан қорғау жүйесін құру;
ауыл шаруашылығы дақылдарының астығын сақтау;
елдің фитосанитариялық қауіпсіздігі және қолайлылығы;
республиканың эпизоотиялық қолайлылығы, ветеринарлық зертханалар және шекарадағы және көліктегі ветеринарлық-бақылау бекеттерінде малдың аса қауіпті ауруларының кіруіне және таралуына тойтарыс беретін қазіргі заманғы материалдық-техникалық базасының болуы;
ветеринария саласындағы заңнамалардың халықаралық стандарттарға, нормалар мен ережелерге үйлестірілуі және халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа диагностикалық тест-жүйесін енгізілуі;
ауыл шаруашылығы малдарының ауруы мен өлуінің азаюы;
ветеринариялық қызмет дамуы;
отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің техникалық кедергілерден тәуелсіз сатылуы;
отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін өсіру.
§ 4.2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін әзірлеу жүйесi
Мәселелер:
ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен шикізатты өңдеушілердің арасындағы өзара іс-әрекеттерінің жеткіліксіз дамуы;
ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірістің ұсақ тауарлы болуына байланысты сапасы төмендігі;
ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, әзірлеу және алғашқы қайта өңдеудің әлсіз инфрақұрылымы;
шикізатты жеткізуде көлік шығындарының жоғары болуы, соның нәтижесінде шалғай елді мекендердегі ауыл шаруашылығы шикізаттары қажет етілмейді;
ауыл шаруашылығы құрылымдары мен үй шаруашылықтарының сауда орындарына тікелей кіре алмауы;
делдалдар мен алып-сатарлардың басым бөлігі көлеңкелі түрде жұмыс істейді;
қолданыстағы жеміс-көкөніс сақтау қоймаларының сыйымдылығын пайдалану коэффициентінің төмендігі;
шикізат сатып алу үшін айналымдағы қаражаттың жеткіліксіздігі, банк кредиттерінің қымбаттылығы;
ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін салық жүктемесі деңгейі жоғары, атап айтқанда қосылған құн салығына;
ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның жыл ішіндегі теңгерілмегендігі.
Міндеттер:
қайта өңдеу кәсіпорындарын сапалы шикізатпен қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылығы өнімдерінің делдалдарының санын азайту және оны дайындау, сақтау, тасу және сату шығындарын оңтайландыру;
ауылды жерлердегі жұмыссыздық деңгейін төмендету және ауыл тұрғындарының табысын ұлғайту.
Шаралар:
ауыл шаруашылығы өнімдерінің шикізатын дайындау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі кооперативтерге жеңілдікпен кредит беру жолымен ауыл шаруашылығы құрылымдарын біріктіруді ынталандыру, сондай-ақ арнайы техникамен, тоңазытқыш және арнайы құрал-жабдықтармен жарақталған басқа да қызметтер көрсету;
өнімдердің тауарлық партиясын құру, сорттау және сатуды тиімді жағдайлармен қамтамасыз ету, өнімді өсіру және өткізу мәселелері бойынша кооператив мүшелеріне кеңес беру, маркетингтік ақпарат беру;
коммерциялық емес негізде сату, сақтау және қайта өңдеудегі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шикізатты өндірушілер мен қайта өңдеушілер мүддесін ортақтастыру;
мал сою, дайындау, мал шаруашылығы өнімдерін алғашқы қайта өңдеу және сақтау үшін арнайы құрал-жабдықтары бар өндірістік базалар желісін дамыту;
сату-сатып алу ұйымдары мен қайта өңдеу кәсіпорындары үшін қосымша құн салығы бойынша салық жүктемесін төмендету;
жеміс-көкөніс өнімдері аудандарында қолдағы жеміс-көкөніс сақтау қоймаларын және баздарын барынша іске қосу және оларды салу;
ауыл шаруашылығы өнімдерін ары қарай қайта өңдеу үшін тасымал бойынша шығынның бөлігін субсидиялауды жүргізу.
Күтілетін нәтижелер:
ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу рыногында бәсекелес орта құру;
ауыл шаруашылығы өнімдерінің бөлшектік бағасын бір мезгілде төмендету жағдайында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретін делдалдар мен алып-сатарлардың санын азайту;
өнімді дайындау, сақтау, тасу және сату шығындарын барынша азайту;
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмыспен қамтылу қуатын ұлғайту;
маусым аралық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаны тұрақтандыру;
ауыл шаруашылығы өнімдерінің және оның қайта өңдеу өнімдерінің сапасын көтеру.
§ 4.3. АӨК өнімдерін көтерме саудада сату
Негізгі проблемалар:
барынша пайда табу мақсатында бағаларға жасанды айла-шарғы жасайтын делдалдар мен алып-сатарлардың санының көптігі, олар көлеңкелі алаңда жұмыс істейді, салықтар төлемейді, ол сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының дамуына қолайлы алғышарт туғызады;
бағалық жасырын келісімдер фактілерін жоюдың және болдырмаудың нақты құқықтық тетіктерінің жоқтығы;
азаматтардың жеке ауласындағы ет-сүт және жеміс-көкөніс өнімдерін коммуналдық базарларға тікелей жеткізуінің әлсіз инфрақұрылымы "өндірушіден сату орнына дейін делдалсыз" қағидасын іске асыруға ықпал етпейді;
көптеген өңірлерде коммуналдық базарларда сату орны үшін төлеу құнының жоғарылылығы, ол сатылатын өнімнің бағасын арттырады;
коммуналдық базарлардың халық жиі орналасқан аудандардан алыстығы;
тасымал қиындықтарына байланысты ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің үздіксіз жеткізу жүйесінің жоқтығы;
ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу мен сатуды жүзеге асыруға арналған коммуналдық сату-сатып алу кәсіпорындарының жоқтығы;
республикада коммуналдық базарлар құру бөлігінде заң және нормативтік базаның жетілдірілмегендігі;
көтерме сауданы кең көлемде ұйымдастыру тәжірибесінің, жаңа міндеттер мен талаптарға толық жауап бере алатын көтерме сауданың инфрақұрылымының, тиісті кадрлар мен қазіргі заманғы биржалық және құралдардың жоқтығы;
тауар биржаларында кредиттік келісім-шарт және опциондарды айналымға салудың жеткіліксіздігі, ол қауіпті басқару және бағаны болжау жүйесін құруға кедергі келтіреді;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы "Тауарлық биржалар туралы" Заңының өзгерген экономикалық жағдайларға сәйкессіздігі және оның көптеген баптарының кейін қабылданған заң актілеріне қайшы келуі.
Міндеттер:
ауыл шаруашылығы өнімін көтерме сауданың өркениетті тетіктерін қалыптастыру есебінен сатуды өсіру;
ауыл шаруашылығы өндірушілерінің көтерме сауда алаңдарына қол жетімділігін арттыру;
делдалдар санын қысқарту есебінен инфляциялық процестерге тұрақты ықпал ету.
Шаралар:
ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және сақтау үшін қажетті инфрақұрылымдар құру және қалпына келтіру;
ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме (коммуналдық) рыноктарын (бұдан әрі - АШӨКР) жергілікті бюджеттерден АШӨКР жарғылық капиталын құруға қаражат бөлу жолымен ынталандыру, АШӨКР инфрақұрылымдарын жеңілдікпен кредиттеу, олардың қызметіне құнды реттеу;
тұрақты шикізат базасын қамтамасыз ету үшін АШӨКР өңірлік тауар өндірушілермен байланысын орнықтыруға ықпал ету;
"солтүстік-оңтүстік" принципі бойынша биржа алаңдарының қызметін атқаратын көтерме-бөлшек сауда базарларын ұйымдастыру;
көтерме сауда ұйымдарының ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алудың алдын ала шарт жасасуы жүйесін дамыту;
қолданыстағы нормативтік құқықтық базаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ олардың қызметін құру мен реттеуге және мөлдір баға құруды қамтамасыз ететін (күн сайынғы аукциондар өткізу және т.б.) АШӨКР көтерме сауданы ұйымдастырудың нормативтік құқықтық актілерін, үлгілі ережелерін әзірлеу;
АШӨКР құрудың мақсатқа сайлығы негіздемесін зерттеу және әзірлеу, сондай-ақ республиканың оларды құру қажетті өңірлерін анықтау;
тауарлық биржалар туралы заңнаманы жетілдіру;
онлайн режимінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің электрондық саудасын дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
делдалдар мен алып-сатарлардың санын азайту, бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің бөлшектік бағасын бір мезгілде төмендету жағдайында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кірістерін көбейтуге мүмкіндік береді;
өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді өткізу үшін жағдай туғызу;
импорттық тауарлардың рынокқа қысым жасауын төмендету және ауыл шаруашылығы өндірушілерінің әлемдік экспорттық рынокқа шығуына мүмкіндік беру;
республиканың негізгі өңірлерінде және дамыған коммуникациялық желілері және көлік қатынастары бар, Ресей, Қырғызстан және басқа елдермен шекаралық сауда жүргізе алу мүмкіндігі бар барлық облыс орталықтарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі көтерме рыноктарын ұйымдастыру;
биржалық тетік негізінде ұйымдасқан тауарлық рынокты құру;
экономиканың көлеңкелі секторын қысқарту.
§ 4.4. АӨК қаржылық және сақтандыру инфрақұрылымдары
Ауыл шаруашылығы өндірісіне ауылдық кредит серіктестіктері жүйесі (АКС) арқылы кредит беру және ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнесті дамыту
Мәселелер:
кредиттік қаражатқа қажеттіліктің тұрақты өсуі аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жеңілдікті кредит қаражаттарымен қамтамасыз ету бойынша аудандарды толық қамтымау;
егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын сатып алудың ыдыраңқылығына байланысты ауыл шаруашылығы өндірісінің рентабельділігінің төмендеуі және шығынның ұлғаюы;
ауылда ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы;
ауылдағы агро- және ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнеске кредит берудің балама нысандарының жеткіліксіздігі;
ауыл халқының ауылда жеке бизнесін ұйымдастыруға білімінің жеткіліксіздігі және қаражаттың жоқтығы.
Міндеттер:
ауылдағы кәсіпкерлік белсенділікті арттыру;
ауылда ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнесті дамыту;
жеңілдікті кредит ресурстарымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді кең қамту.
Шаралар:
ауылдық кредиттік серіктестіктер желісін кеңейту және оларға кредит беру үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ кредиттік ресурстарын ұлғайту;
ұсақ ауыл шаруашылығы құрылымдарын орта және ірі кәсіпорындарға құру жолымен өндіріс жүргізудің тиімділігін арттыру және оларға жеңілдікті кредит ресурстарын беру;
ауылдық кредит серіктестіктерінің қаржылық жағдайына жедел және тұрақты бақылауды жүзеге асыру;
ауыл халқына және АӨК субъектілеріне мемлекеттік ипотека және тұтыну кредиттерін енгізу;
кредиттік саясатты жүргізу және ауылдық кредит серіктестіктерінің қызметін басқаруды жүргізу бойынша ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу;
ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыру үшін жағдай жасау және ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнесті дамытуға кредиттік ресурс беру жолымен еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтижелер:
АҚС санын олардың санына деген қажеттілікті қанағаттандыруға дейін өсіру;
жеңілдікті кредит ресурстарымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қамтуды ұлғайту;
ауылдық инфрақұрылымдарды дамыту (сервис орталықтары, дайындау пункттері, ауыл шаруашылығы өнімін алғашқы қайта өңдеу, ауылдық сауда пункттерін кеңейту және т.б.);
қосымша жұмыс орындарын құру арқылы ауыл халқының еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету.
Астық қолхаттары жүйесi
Мәселелер:
астықты сақтау шарттары бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың тиімсіз жүйесі;
астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік берудің баламалы қорларының жоқтығы;
астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің капиталының жеткіліксіздігі.
Міндеттер:
астық қолхаттары жүйесін дамыту жолымен ауыл шаруашылығына инвестиция және кредиттік ресурстарды тарту.
Шаралар:
«Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры» АҚ жарғылық капиталын, астық қолхаттары бойынша кепілдік беру көлемін ұлғайту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа түрлеріне осы схеманы қолдануды кеңейту;
астық қолхаттарын есепке алудың онлайн режиміндегі электрондық жүйесін енгізу.
Күтілетін нәтижелер:
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді астық қолхаттары кепілімен кредиттеу көлемін астықты өндіруді жеке инвестициялар есебінен қаржыландыру үшін қажетті деңгейге дейін ұлғайту;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қазақстандық банктермен "арзан" қаржыландыру және астық қолхаттарына кепілдік беру есебінен шетелдік қаржы институттары желісі бойынша қол жетімділігі.
Ауылдық шағын кредит беру
Мәселелер:
жеке тұлғаларда ауылда жекеменшік бизнесін ашуға қаражатының жоқтығы;
ауыл халқының ауылда жеке бизнесін ұйымдастыруға және жүргізуге білімінің жеткіліксіздігі;
ауыл халқына шағын кредит беру жүйесін дамытуға терең мағыналы келудің жоқтығы;
ауыл халқын кәсіпкерліктің негізіне үйрету жүйесінің жоқтығы.
Міндеттер:
ауыл халқына қол жетімді кредит беру жүйесін қалыптастыру негізінде кәсіпкерлік белсенділікті дамыту.
Шаралар:
ауыл халқына шағын кредит беруді ұйымдастыруға мемлекеттік қаржы бөлу көлемін ұлғайту;
ауылда шағын кредит беру желісін дамыту;
экономикалық белсенді ауыл халқының қаржы-кредит ресурстарына қол жетімділігін жеңілдету;
ауыл халқын кәсіпкерліктің негізіне үйрету семинарларын өткізу.
Күтілетін нәтижелер:
шағын кредит берудің тұрақты және тиімді қызмет жүйесін қалыптастыру;
ауыл халқының кәсіпкерлік белсенділігін жақсарту есебінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу көлемін өсіру және ауылда экономикалық қызмет саласын кеңейту;
ауыл халқын кәсіпкерлік қызметке тарту жолымен ауылдағы кедейлік деңгейін төмендету және еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету.
Ауыл шаруашылығын сақтандыру
Мәселелер:
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жеке сақтандыру компанияларына сенбеуі;
ауыл шаруашылығы қатерін сақтандыру мәдениетінің төмендігі;
міндетті сақтандыру туралы заңнама талаптарын сақтандыру рыногына қатысушылардың сақтамауы;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сақтандыру компанияларынан алыстығы;
гидрометеостанциялардың (бекеттердің) жеткіліксіз желісі;
қолданыстағы заңнамадағы міндетті сақтандыру тетіктерінің жеке ережелерінің реттелмегендігі.
Міндеттер:
сақтандырудың түрлі схемаларын пайдалануға негізделген ауыл шаруашылығы өндірісін сақтандырудың тиімді жүйесін құру.
Шаралар:
«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңға өзгерістер енгізу;
метеостанциялардың (бекеттердің) санын ұлғайту;
«Өзара сақтандыру қоғамдары туралы» заң жобасын әзірлеу және ауылды жерде мемлекеттің қатысуымен өзара сақтандыру қоғамдарын құру.
Күтілетін нәтижелер:
инвестициялау кезінде қауіпті азайтудың кепілді факторы болып табылатын ауыл шаруашылығын сақтандырудың тиімді жүйесін құру;
халықтың сақтандыру рыногына сенімі;
мемлекеттің қатысуымен пилоттық өзара сақтандыру қоғамдарын құру.
§ 4.5. Ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету
Мәселелер:
агроөнеркәсіп субъектілері мен ақпараттық-консультативтік қамтамасыз ету жүйесіне қатысушылардың өзара іс-қимыл тетіктерінің жетілдірілмегендігі;
агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін ақпараттық қамтамасыз ету, оқытатын және консультация беретін қызметтер көрсетудің жеткіліксіздігі;
аграрлық секторға ақпараттық-маркетингтік және консалтингтік қызмет көрсететін компаниялардың қызметтері тар бағытты, ақпаратпен жеткіліксіз қамтамасыз етілген және өңірлік желілері жоқ;
бірыңғай ақпараттық жүйенің, мәліметтер базасының жоқтығы, республиканың аса кең аумағы, "Қазагромаркетинг" АҚ өңірлік бөлімшелерінің шалғайлығы және ауылды жерлерде ақпараттық технологияның жеткіліксіз дамуы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің "Қазагромаркетинг" АҚ дер кезінде ақпарат алуын қиындатады.
Міндеттер:
ақпараттық-маркетингтік қызметке қол жетімділікті кеңейту және агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің ақпараттық деңгейін көтеру жолымен агробизнестің қызмет ету тиімділігін қамтамасыз ету.
Шаралар:
агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін дамытуды реттейтін нормативтік құқықтық акті қабылдау;
ауылдық ақпараттық-консультациялық орталықтар базасында агробизнес жүргізудің негіздері бойынша оқыту семинарларын тұрақты өткізуді қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіп кешенін ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдау аясында өтеусіз берілетін "Қазагромаркетинг" АҚ ақпараттық-консультативтік орталықтарының желісі арқылы агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне берілетін ақпараттар мен қызмет тізбесін кеңейту;
агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық-маркетингтік жүйесінде "E-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешеннің салаларын басқарудың бір автоматтандырылған жүйесін құру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің онлайн режиміндегі электрондық коммерция жүйесін құру;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін пилоттық жоба аясында ауылдық округтер деңгейіне дейін дамыту;
өңірлік көрме-жәрмеңкелер іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.
Күтілетін нәтижелер:
аграрлық рынокқа қатысушылардың шынайы ақпарат алмасуын және тығыз өзара іс-әрекеттерін қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің ақпараттық деңгейін көтеру;
ауылдық жерлерде ақпараттық инфрақұрылымды жақсарту, жалпы алғанда ақпараттық және консалтингтік рыноктың ауылда дамуына қолайлы жағдай туғызатын, оның материалдық-техникалық базасын нығайту;
кәсіпкерлік құрылымдар арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың дамуына, ТМД және басқа елдердегі әріптестермен іскерлік байланыс орнауына ықпал ету жүйесін ұйымдастыру.
§ 4.6. АӨК саласын ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету
Мәселелер:
ғылыми-техникалық салада нормативтік құқықтық базаның жетілмегендігі;
ауыл шаруашылығы ғылымдарын (ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімінің 0,24 %), және кадр дайындауды республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру деңгейінің жеткіліксіздігі;
шектеулі қаржы қаражаттарының негізсіз кеңейтілген ғылыми бағыттарға бөлінуі;
агроөнеркәсіп кешені салаларының дамуын анықтаушы мамандықтар бойынша кадрлар дайындауды жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу ұйымдарының және оқу орындарының материалдық-техникалық базаларының жеткіліксіздігі;
аграрлық бағыттағы ғылыми мекемелердің инновациялық қызметтерінің төмен деңгейі және ғылым жетістіктерін өндіріске енгізудің оперативтік және тиімді икемді тетіктерінің жоқтығы;
ғылыми ұйымдардың бәсекелес сектор жұмыс істейтін өндірістік салаға негізсіз қатысуы, бұл ғылыми зерттеуге арналған бюджеттік қаражатты арнаулы емес өндірістік мақсаттарға аудару үшін жағдай тудырады;
аграрлық секторда ғылыми-консультациялық қызметтер көрсетудің ақпарат-сервис жүйесінің жетілмегендігі;
агроөнеркәсіп кешені салалары бойынша ғылыми-техникалық қазіргі заманғы әдебиеттерге мемлекеттік органдардың қол жетімділігінің жеткіліксіздігі;
аграрлық сектор үшін кадрлардың болуына және қажеттігіне жүйелі мониторинг болмауынан еңбек рыногында сұраныс пен ұсыныс арасында біліктілік-кәсіптік теңсіздіктің болуы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдары мен білім беру ұйымдарының арасында әлеуметтік әріптестікті салықтық ынталандыру тетіктерінің болмауы;
аграрлық сектор үшін мамандықтар бойынша кадрлар дайындаушы білім беру ұйымдарын бітірушілердің өндірістік-технологиялық тәжірибесінің жеткіліксіз болуы салдарынан олардың тәжірибелік дайындығының деңгейі төмен болуы;
мамандарды жұмысқа орналастыру деңгейінің төмендігі;
білім, ғылым және өндіріс арасындағы ықпалдастықтың нашарлығы.
Міндеттер:
АӨК салаларының тұрақты дамуына аграрлық ғылым үлесін арттыру, ғылыми жетістіктерді экономикалық айналымға енгізуді жеделдету, ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыру, инновациялық еңбектерді ынталандыру;
ғылыми еңбектерді коммерциялаудың тиімді инфрақұрылымдары негізінде аграрлық ғылымның беделін көтеру.
Шаралар:
ғылым, санаткерлік меншікті қорғау, ғылыми-зерттеу жетістіктерін экономикалық айналымға енгізу, инновациялық қызметті, халықаралық ынтымақтастықты дамыту саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың тетіктерін жетілдіру және көздерін молайту, ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын анықтау және қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын бөлу жүйесін жетілдіру үшін ұйымдық және экономикалық шаралар қолдану; зерттеулерді аграрлық өнеркәсіп өндірісінің басым бағыттарында шоғырландыру;
ғылыми ұйымдардың Жарғысына тиісті өзгерістер енгізу жолымен бәсекелес сектордың өндірістік процесіне олардың қатысуын шектеу;
аграрлық зерттеулерді дамыған елдердің деңгейіне жақындатып оларды қаржыландыруды кезең-кезеңмен жақсарту (2015 жылы бюджет қаражатын ауыл шаруашылығы ішкі жалпы өнімінің 2,5 % деңгейіне жеткізу); жеке меншік инвестицияларды, даму институттарының қаржысын, халықаралық ұйымдар гранттарын тарту;
ғылыми-зерттеу мекемелері мен білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын ары қарай жаңғырту;
ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу жүйесін және тетіктерін жасау;
агроөнеркәсіп кешені саласында ғылыми және инновациялық инфрақұрылымның (технопарктердің, ғылым-білім орталықтарының және т.б.) қазіргі заманғы элементтерін құру және қызметін қолдау;
аграрлық ғылымдар саласындағы ғалымдар мен мамандарды материалды және моральды қолдау;
Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан ғылыми-техникалық кітапхана ашу;
агроөнеркәсіп кешені салаларының дамуын қамтамасыз ететін білікті жұмысшылар мен мамандардың еңбек рыногындағы қажеттілігіне тұрақты мониторинг;
агроөнеркәсіп кешені салаларының дамуын қамтамасыз ететін мамандықтар бойынша оқу орындарын мемлекеттік бюджет есебінен бітіргендердің жұмысқа орналасуына тұрақты мониторинг;
агроөнеркәсіп кешенінің дамуын және еңбек рыногының қажеттіктерін ескеріп, мамандықтардың мемлекеттік классификаторларын жетілдіру;
республикалық және жергілікті бюджеттерден мемлекеттік гранттар мен кредиттердің есебінен кадрлар даярлаудың қажетті көлемін енгізу;
студенттер оқыту бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерді ынталандырудың тетіктерін әзірлеп енгізу;
алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы құрылымдары базасындағы шарттарға сәйкес студенттердің өндірістік тәжірибесін ұйымдастыру;
кәсіптік білім берудегі мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын, агроөнеркәсіп кешені салаларының мамандықтары бойынша оқу бағдарламасын және жоспарларын, оқулықтар мен оқу-әдістемеліктерін және оларды ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен келістіру тәртібін енгізу;
агроөнеркәсіптік кешен саласы үшін білікті жұмысшы кадрларын және техникалық мамандарын және қызмет көрсету жұмыстары үшін кәсіптік мектептер (лицейлер), колледждер желісін кеңейту;
оқу мекемелерін бітірушілерді, бірінші кезекте бюджет қаражаты есебінен оқығандарды мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру бойынша қажетті шаралар қолдану (тұрғын үй сатып алуға, жеке меншік қосалқы шаруашылық ашуға және т.б. жеңілдіктер беру);
аграрлық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының және ауылдық кәсіптік мектептердің (лицейлер) инженерлік-педагогтық кадрларының шет елдік жетекші ғылыми орталықтарда және оқу орындарында біліктілігін жетілдіру және тағылымдамадан өткізу;
жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу ұйымдары негізінде агроөнеркәсіптік кешен кадрларын қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру жүйесін жетілдіру.
Күтілетін нәтижелер:
агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың негізгі факторларының бірі ретінде аграрлық ғылымның қалыптасуы;
білім, ғылым және өндіріс арасындағы тығыз ықпалдастық;
ғылыми зерттеулерге қаражатты тұтас пайдалану, бюджеттік қаржыландыруды оңтайландыру, жекеменшік инвестициялар тарту, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру арқылы ғылыми ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын нығайту;
ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын агроөнеркәсіп кешенінің басымдықтарына және әлемдік ғылымның даму тенденцияларына сәйкес қалыптастыру және іске асыру;
материалдық-техникалық базаның жаңарту кезінде ғылыми және білім беру процестерінің нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру;
аграрлық секторда ғылыми-консультациялық қызметтер көрсетудің тиімді ақпарат-сервис жүйесін құру;
ғылыми-зерттеу ұйымдары, оқу орындары мен әртүрлі меншік түрлеріндегі ауыл шаруашылығы құрылымдарының өзара тиімді ынтымақтастығының тетігін жасау;
агроөнеркәсіп кешені салаларын, аграрлық бағыттағы ғылыми ұйымдар мен оқу мекемелерін бәсекеге қабілетті, жоғары білікті, кәсіби міндеттерін дербес және творчестволық тұрғыдан шешетін кадрлармен қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіп кешені кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру.
§ 4.7. Қызмет көрсету инфрақұрылымдарын және өнімдердің
қауіпсіздігі мен сапасын бағалау жүйелерін дамыту
жөніндегі іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету