табынның өз төлінен өсуін жақсарту;
сиырлардың өнімділігі сүтті 2008 жылы 5,5 млн. тоннаға дейін өндірудің жалпы көлемі кезінде 2500 килограммға дейін артады;
2008 жылы ет пен ет өнімдерінің экспорты 10 мың тоннаға дейін, сүт - 100 мың тоннаға дейін өседі, импорттың көлемі 161 мың тоннаға дейін, құс еті - 79 мың тоннаға дейін, жұмыртқа - 100 млн. данаға дейін айтарлықтай қысқарады;
сатылатын малдың сапасын көтеру;
жалпы табында асыл тұқымды малдың үлесін арттыру;
отандық өндірілген мал шаруашылығы өнімінің ішкі рыногын толық қамтамасыз ету.
22-кесте. Мал шаруашылығы өнімін өндірудің ұсынылатын көлемі
Жылдар | Сүт | Ет |
барлығы | сиыр | шошқа | қой | жылқы | құс еті |
2006 | 4913 | 813,0 | 365,2 | 213,0 | 114,0 | 68,5 | 48,0 |
2007 | 5159 | 868,0 | 385,0 | 228,0 | 121,0 | 73,0 | 55,0 |
2008 | 5468 | 930,0 | 410,0 | 244,0 | 129,0 | 77,5 | 63,0 |
кестенің жалғасы
Жұмыртқа, дана | Қой жүні | Тері шикізаты, мың дана |
ірі | ұсақ |
2650,0 | 32,0 | 2370,0 | 6430,0 |
2860,0 | 34,5 | 2404,0 | 6650,0 |
3100,0 | 37,0 | 2425,0 | 6850,0 |
§ 2.2. Мал шаруашылығы өнімін өндіру мен қайта өңдеудi
техникалық жарақтандыруды арттыру
Мәселелер:
өнімді өндіру мен қайта өңдеудің қарабайыр және ескірген технологиясы, сондай-ақ техниканың моральдық және табиғи тозуы;
кәсіпорындарда өндірісті елеулі жетілдіруге қаражаттың болмауы;
өнімді өндіру мен қайта өңдеу процестерін механикаландыру мен автоматтандыру деңгейінің төмендігі;
кредит беру кезінде және өтімді кепілдікті қамтамасыз етудің болмауынан пайыздық ставка жоғары болғандықтан екінші деңгейдегі банктердің кредиттік қаражатына қолдың жетпеуі;
қойларды механикаландырылған қырқу, дайындау және жемшөппен қамтамасыз ететін сервис орталықтарының болмауы.
Міндеттер:
мал шаруашылығы өнімін өндіру процестерін механикаландыруды өсіру негізінде еңбектің өнімділігін арттыру;
мал шаруашылығы өндірісіне сервистік қызмет көрсету жүйесін құру;
технологиялық процестер мен жабдықтарды жетілдіруді жеделдету;
мал шаруашылығының қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы машиналары мен механизмдеріне қажеттілігін қанағаттандыру.
Шаралар:
арнайы технологиялық жабдықтарды (сауатын және тоңазытатын жабдықтар, азықтандыруға және жемшөп беруге арналған жабдықтар), көліктік құралдарды, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын алғашқы қайта өңдейтін ықшам цехтарды сатып алуға осындай кооперативтерге жұмсақ кредиттерді беру жолымен ұсақ тауар өндірушілерді кооперативке біріктіруге ықпал ету;
мал шаруашылығы өнімін өндіру мен қайта өңдеудің технологиялық процестерін жетілдіру;
мал тұқымын асылдандыру ісі үшін криогенді және технологиялық жабдықтардың өндірісін ұйымдастыру;
лизингке берілетін ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтардың номенклатурасын кеңейту;
мамандандырылған бордақылайтын алаңдарды, сондай-ақ жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған, сауыны жоғары табындары бар сүтті-тауарлы фермаларды ірі қалалардың маңайына құруды ынталандыру;
арнайы жабдықтардың қаржылық лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу;
ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының лизингісіне мемлекет бөлетін қаражатты ұлғайту.
Күтілетін нәтижелер:
мал шаруашылығы өнімін өндірудің технологиялық процестерін жетілдіру;
лизингке тұтасымен қол жеткізілуін арттыру;
өндіріс ресурстарын ұтымды пайдалану және еңбек өнімділігін өсіру;
агросервис саласында кәсіпкерлікті дамыту.
§ 2.3. Мал шаруашылығы мен балық шаруашылығындағы
кластерлік басымдық негізінде сатылас және деңгейлес
ықпалдасқан өндірісті құру
Қостанай облысындағы сүт кластері, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кластерлік әлеуеттерді дамыту
Мәселелер:
ішкі рыноктың жеткіліксіз сыйымдылығы;
өнеркәсіптік қайта өңдеуге жарамды шикізатының жетіспеушілігі, оның сапасының төмендігі;
жеңілдетілген қаржыландырудың болмауы (мысалы, жабдықта қайта инвестицияланатын кәсіпорындар үшін);
мемлекеттік техникалық реттеудің жетілдірілмегендігі (декларацияланбаған импорт және басқалары);
заңнама базасының жетілдірілмегендігі;
экспорттаушы компаниялар үшін жеңілдіктің және импорт үшін тосқауылдың болмауы;
кластерге әлеуетті қатысушылардың өзара әрекетінің әлсіздігі және олардың кластерлік дамытудың артықшылығынан болатын пайда туралы ақпараттану деңгейінің төмендігі;
өндірістің ұсақ тауарлығы және осындай жағдайда ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асырудың қиындығы.
Міндеттер:
Қостанай облысында бәсекеге қабілетті экспортты бағдарлы сүт кластерін құру, басқа өңірлерде кластерлік бастамшылықты дамыту.
Шаралар:
мал шаруашылығы бойынша орташа және ірі субъектілерді құру және осы үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарының және бюджеттік субсидиялардың қаражаттарын кешенді пайдалану;
Қостанай облысының әр селолық округында жануардың түрлерін аудандастыру бағыты бойынша базалық шаруашылықты құру;
облыстық бюджет қаражатынан асыл тұқымды мал бастарын сатып алуды субсидиялау;
жұқпалы аурулы малдарды залалсыздандыру ережесін сақтамағаны үшін иелерден заңнама деңгейінде құқықтық жауапкершілікті талап ету;
машинамен сауу және оның бастапқы салқындатылған сүтті жинау пунктерін ұйымдастыру шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылайтын лабораториялық базаларды, олардың техникалық қайта жарақтандыруын дамыту;
қазіргі технологиямен құрама жем зауытын салуға инвестицияларды тарту;
жемшөп өндіру жөнінде өңірлік бағдарламаны әзірлеу;
жеке ауладағы мал басы үшін қолдан ұрықтандыратын қосымша пункттерді ашу.
Күтілетін нәтижелер:
табынның құрылымында жоғары өнімді асыл тұқымды мал бастарын және мал шаруашылығында қарқынды және өнеркәсіптік технологиялар бойынша жұмыс істеп жүрген шаруашылық үлестерін арттыру;
эпизоотиялық қолайлылық, өнімді өткізу рыногына кедергісіз шығу;
жеке секторда малдың төлдеуі мен өнімділігінің шығуын ең жоғары арттыру.
Атырау облысындағы балық кластерi
Мәселелер:
балық аулайтын флоттың, балықты қайта өңдейтін салалардың материалдық-техникалық базасының қанағаттандырылмайтын ахуалы, балық өнімдерін қайта өңдейтін қазіргі заманғы технологияларының болмауы;
қайта өңдейтін қуаттылықтың нашар дамуынан шағын балықтарға сатып алу бағасының төмендігі;
балық шаруашылығы учаскелерін балық шаруашылығы кәсіпорындарына бекітудің қысқа мерзімді сипаты;
балық ресурстарын қорғау және өсімін молайту жөніндегі жұмыстардың деңгейі төмен;
майшабақтар, тікенді балықтар, шабақ балықтар және теңіз итбалықтары (теңіз балық аулау шаруашылығы) үшін аулаушы және қайта өңдеуші қуаттылықтың болмауы;
кластерге әлеуетті қатысушылардың өзара әрекетінің әлсіздігі және олардың кластерлік дамытудың артықшылығынан болатын пайда туралы ақпараттану деңгейінің төмендігі;
консервілеу өндірісінің нашар дамуы;
жаңа мұздатылған балық өнімі экспортының, сондай-ақ терең емес қайта өңделген өнімнің елеулі үлесі;
балық өнімін пайдаланудың тұтыну нормасымен салыстырғанда - 14 кг, жан басына шаққандағы тұтыну көрсеткіші төмен - 3,8 кг;
білікті мамандармен қамтамасыз етілудің жетіспеушілігі.
Міндеттер:
Атырау облысында бәсекеге қабілетті балық кластерін құру;
ішкі рыногтың қажеттілігін қанағаттандыру және жоғары өнімді тауарлы балық шаруашылығы дамыту негізінде балық өнімінің экспортын арттыру.
Шаралар:
балық ресурстарын аулауды ұлғайту, оның ішінде шабақ балықтарды және балықтардың басқа да шағын түрлерін;
консервіленген балық өнімін шығару саласында жоғары технологияларды енгізу;
терең қайта өңдеу өндірісін ынталандыру;
жергілікті маңызы бар перспективалы су айдындарында балық өнімін өндірудің балама, бәсекеге қабілетті әдістерін енгізу;
балық өнімінің маркетингісін жақсарту және балықшылар мен балықтарды қайта өңдеушілердің өткізу рыногына қол жетуін жеңілдету;
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында кейіннен Қазақстанның басқа да өңірлерінде шамамен 238 көлге су айнасының аумағы орташа 600 га дейін болатын көл-тауар, тоғандық және басқа да мамандандырылған шаруашылықтарды аумағы 143 мың га құру;
республиканың су айдындарында балықтардың бағалы түрлерінің кәсіпшілік санын қалыптастыру;
ұзақ мерзім негізінде балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерін) бекіту жолымен балық саласына инвестицияларды тарту, сондай-ақ балық ресурстарын қорғау және өсімін молайту жағдайын жақсарту.
Күтілетін нәтижелер:
балықтарды, итбалықтарды аулауды және қайта өңдеуді арттыру, оларды ары қарай қайта өңдеу, балық шаруашылығын дамыту мүмкіншілігін кеңейту;
терең қайта өңделген өнімнің экспортын ұлғайту;
қалтарыстағы айналымды қысқарту, бюджетке салықтардың түсуін ұлғайту;
балықты және балық өнімін жан басына шаққандағы тұтыну көрсеткіштерін арттыру;
салалардың табыстылығын және халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру;
балық ресурстарын қорғау және өсімін молайту жай-күйін жақсарту.
§ 2.4. Мал шаруашылығы өнімінің азық-түлік рыноктарын
реттеу тетігi
Мәселелер:
мал шаруашылығы өніміне бағаны қалыптастырудың маусымдық сипаты;
сатып алу операциясын созуға әкеп соғатын сатып алу басқыншылықтарын реттеу саласындағы заңнаманың жетілмеуі;
мал шаруашылығы өнімін сатып алу жолымен бағаның маусымдық секіруіне ықпал ету үшін "Мал өнімдері корпорациясы" АҚ қаржылық қаражатының жетіспеушілігі;
көлікпен тасымалдауға жоғары тарифтер, арзан көлік коридорының болмауы;
ауыл шаруашылығы өнімі экспортының шикі сипаты;
бордақылау және малдарды экспортқа ұйымдастырылған түрде жөнелту бойынша инфрақұрылымның болмауы;
малдардың карантинді экспортты алаңдар арқылы міндетті өтуі жөнінде және оны экспорттау кезінде қажетті ветеринариялық диагностикалық және профилактикалық (карантиндік) іс-шараларды жүргізуде импорттаушы-елдердің талаптарды сақтамауы;
ауыл шаруашылығы шикізатын дайындау, сақтау және бастапқы қайта өңдеу жөніндегі пунктердің желілерінің болмауы, оның ассортимент, көлем және өнеркәсіптік қайта өңдеуге жарамдылық дәрежесі бойынша сапасы төмен және жетіспеушілігі.
Міндеттер:
мал шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу инфрақұрылымын дамыту;
интервенциялық тетіктер арқылы ауыл шаруашылығы рыногын реттеу тиімділігін арттыру.
Шаралар:
мал шаруашылығы өнімін сатып алу жөніндегі операцияларды "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңды реттеуден алып тастау;
мал шаруашылығы өнімі тізбесін және мемлекеттік сатып алу операцияларын жүргізу тетігін айқындау;
мал шаруашылығы өнімін экспортқа шығаруды кеңейту үшін "Мал өнімдері корпорациясы" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту;
мал шаруашылығы өнімінің әлеуметтік мәні бар түрлері бойынша сатып алу операциялары және азық-түлік интервенцияларын мемлекеттік бюджет қаражаты арқылы жүргізу;
мал шаруашылығы өнімін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және сату жөніндегі инфрақұрылымды дамыту;
мал бордақылау және жетілдіру алаңдарын, сондай-ақ экспортты карантинді алаңдарды салу (2-сурет);
ТМД елдерінің және алыс шетелдердің рыноктарына тірі малды және етті экспорттаудың қазіргі заманғы жүйесін ұйымдастыру арқылы шығу;
кедендік-тарифтік реттеу шарасын әзірлеу және іске асыру, әсіресе құс шаруашылығы саласында;
ауыл шаруашылығы өнімі мен оның қайта өңдеу өнімдерін өткізу рыноктарын кеңейту бойынша Қазақстан Республикасының шетел мекемелерін активтендіру.
2-сурет. Экспортты карантинді алаңдар
Күтілетін нәтижелер:
ішкі бағаны тұрақтандыру және мал шаруашылығы өніміне инфляция деңгейін төмендету;
халық үшін мал шаруашылығы өнімінің қол жетімдігін қамтамасыз ету;
мал мен еттің экспорттық көлемдерін ұлғайту және олардың импорт көлемдерін төмендету;
қазіргі бордақылау алаңдарын ұйымдастыру жобасын іске асыру жыл сайын жалпы сомасы 7 млн. АҚШ доллары болатын 100 мыңнан астам қой басын, сомасы 1,2 млн. АҚШ доллары болатын 400 тонна қой етін экспорттауға мүмкіндік береді.
§ 2.5. Мал шаруашылығы өнімін өндірудің экологиялық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Мал шаруашылығында агробизнестің экологиялық қауіпсіздігін қамтамсыз ету үшін мынадай шаралар көзделеді:
мал шаруашылығы өнімін сатып алу пункттерін ұйымдастыру үшін экологиялық қолайлы жерлерде орналасқан оңтайлы орындарды анықтау;
«Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заңды әзірлеу және қабылдау, мұнда жайылымның құнарсыздануы бақыланатын елді мекендердің маңайында малдарды жайып бағудың шектеулі шаралары көзделуі керек;
сүттің және оның қайта өңдеу өнімдерінің, сапасы мен қауіпсіздік лабораторияларының материалдық-техникалық базасын құру;
жаңа технологиялар бойынша жүзеге асырылатын мал шаруашылығы өнімін өндіру мен қайта өңдеуге мониторинг жүргізу;
экологиялық таза өнімдерді өндіруді қамтамасыз ететін мал шаруашылығы шикізатын қайта өңдеген кезде пайдаланылатын технологиялық жабдықтардың жобаларын комиссиялық іріктеу;
мал шаруашылығы шикізатын дайындау бойынша пункттердің аумақтарын көркейту және санитариялық тазалау;
эпизоотиялық қолайлылықты қамтамасыз ету және малдан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігіне ветеринариялық бақылау деңгейін көтеру.
§ 2.6. Мал шаруашылығы мен балық шаруашылығы өнімдерін
өндіру мен қайта өңдеуді дамыту жөніндегі іс-шараларды
қаржылық қамтамасыз ету
23-кесте. Қаржылық қамтамасыз ету*
млн. теңге
| Іс-шара | 2006 жыл | 2007 жыл | 2008 жыл |
1. | Мал шаруашылығы өнімнің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау | 1000,0 | 5218,0 | 7980,0 |
2. | Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдау | 1891,1 | 2335,8 | 2311,0 |
3. | Мал шаруашылығы өніміне сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүргізу үшін ресурстар бөлу | - | 4840,0 | 6840,0 |
4. | "Мал өнімдері корпорациясы" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту жолымен мал шаруашылығы өнімінің экспорттық әлеуетін дамыту | 1500,0 | 6000,0 | 5500,0 |
5. | Мал шаруашылығы субъектілері үшін технологиялық жабдықтардың және арнайы техниканың лизингі | 500,0 | 1000,0 | 1000,0 |
6. | Мал шаруашылығы субъектілері үшін технологиялық жабдықтардың және арнайы техниканың қаржылық лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу | - | 500,0 | 500,0 |
7. | Балық өнімін қайта өңдеуді және тауарлы балық шаруашылығын дамытуды қолдау | - | 301,8 | 316,9 |
8. | Балық пен басқа су биоресурстарының өсімін молайту және ұтымды пайдалану жөнінде іс-шараларды жүргізу | 623,2 | 1289,0 | 400,3 |
9. | Балық запастарын бағалау бойынша кешенді зерттеулердің мемлекетаралық бағдарламаларына қатысуды қаржыландыру | 20,0 | 41,1 | 43,2 |
10. | Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдарының инспекторлық құрамын кәсіптік дайындауды сапалы жақсарту | 1,5 | 1,5 | 1,5 |
11. | Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары бойынша көл-тауар балық шаруашылығын ұйымдастыруға жәрдемдесу | - | 62,0 | - |
| Барлығы | 553,8 | 21589,2 | 24892,9 |
* Іс-шараларды республикалық бюджеттен қаржыландыру бойынша ұсынылған қаражаттардың көлемдері және тиісті жылға республикалық бюджетті қалыптастырған кезде нақтылауға және түзетуге жатады
§ 3. Отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту
§ 3.1. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамытудың
негізгі бағыттары
Мәселелер:
ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсіпорындарының айналым қаржысының шектеулілігі және инвестицияның жеткіліксіздігі;
жинақтау материалдар, энерготасушылардың және т.б. импортқа тәуелділігінің жоғарылылығы;
машина жасау кәсіпорындарының құрал-жабдықтарының және өндіріс технологиясының тозуы (моральдық және табиғи);
білікті кадрлардың жеткіліксіздігі;
техникалық сипаттамалары республиканың табиғат-климаттық жағдайларына сай келмейтін ауыл шаруашылығы техникаларының импорты;
жаңа ғылыми терең және инновациялық технологиялардың әлсіз дамуы;
қазіргі заманғы ғылыми-техникалық және өндірістік инфрақұрылымның жоқтығы.
Міндеттер:
отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Шаралар:
ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамытудың басым бағыттарын анықтау және қолдау;
ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсіпорындарында сапаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу;
отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсіпорындарының технологиялық қайта жарақтануына мемлекеттік қолдау көрсету;
ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсіпорындарына ауыл шаруашылығы техникаларын және құрал-жабдықтарын игеруге екінші деңгейдегі банктерден берілетін кредиттер бойынша проценттік ставкаларын субсидиялау;
өндірісті ұйымдастыру, оның ішінде шетелдік ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсіпорындарымен бірлесе;
бәсекеге қабілетті өнімдер өндіруге бағытталған инновациялық жобаларды іске асыруға инвестиция тарту (кең қамтылған егін егу және жинау техникалары), даму институттарымен инвестициялау тетіктерін жетілдіру;
инфрақұрылым құру және дамыту: машина-сынау станцияларын, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау ғылыми-зерттеу институттарын, құрастыру-технологиялық бюроларды, салааралық технологиялық парктерді;
жөндеу-технологиялық және диагностикалық құрал-жабдықтар өндірісін ынталандыру;
ауыл шаруашылығы машиналарын жасау үшін білікті кадрлар даярлау.
Күтілетін нәтижелер:
машина жасау кәсіпорындарының өндірістік қорын жаңарту және қазіргі заманғы технологияларды енгізу;
ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-құрастырушылық, білім беру, өндірістік ұйымдар күшін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамытуда кәсіпкерлік ортаны біріктіру;
номенклатураны кеңейту және ауыл шаруашылығы машиналарының бәсекеге қабілетті шығарылымының көлемін ұлғайту.
§ 3.2. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту
шараларын қаржылық қамтамасыз ету
24-кесте. Қаржылық қамтамасыз ету*
млн. теңге
| Іс-шаралар | 2006 жыл | 2007 жыл | 2008 жыл |
1. | Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсіпорындарына ауыл шаруашылығы техникаларын, тораптарын, агрегаттарды, олардың қосалқы бөлшектеріне және құрал-жабдықтарын өндіруге екінші деңгейдегі банктерден берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын (мүдделерін) субсидиялау | - | 900,0 | 1500,0 |
2. | Отандық және шетелдік ауыл шаруашылығы машиналары өнімдерін сынақтан өткізу және міндетті сертификаттау | - | 100,0 | 100,0 |
3. | Мемлекеттік техникалық инспекциясын арнайы бұйыммен қамтамасыз ету (техпаспорт, мем. тіркелген нөмірі, тракторист-машинист куәлігі) | 63,3 | 63,3 | 63,3 |
| Барлығы | 63,3 | 1063,3 | 1663,3 |
* Іс-шараларды республикалық бюджеттен қаржыландыру бойынша ұсынылған қаражаттардың көлемдері және тиісті жылға республикалық бюджетті қалыптастырған кезде нақтылауға және түзетуге жатады
§ 4. Қызмет көрсету құрылымын және өнімнің қауіпсіздігін
және сапасын бағалау жүйесін дамыту
§ 4.1. АӨК өнімдерінің сапасын бақылау және қаупін
бағалау жүйесін жаңарту және нығайту, техникалық реттеудi
жетілдіру
Мәселелер:
Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжам әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемені материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етудің әлсіздігі, сондай-ақ оның филиалдары желісінің тарлығы;
өсімдік карантині бойынша білікті кадрлардың жеткіліксіздігі, АШМ аумақтық басқармаларының өсімдік карантині бойынша инспекторларын, сондай-ақ шекаралық фито-санитариялық пункттер мен бекеттерін материалдық-техникалық, нормативтік-әдістемелік және анықтама-ақпараттық жарақтандырудың әлсіздігі;
карантинге жататын өнімдерді тексеру үшін өңірлерде стационарлық, арнайы зертханалардың жоқтығы, олардың өсімдіктер карантині бойынша жүйелікпен жинақталынуының жеткіліксіздігі;
тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді, сондай-ақ пайдаланылмаған пестицидтердің ыдысын көму үшін арнайы сақтау оймаларының (көмбелер) жоқтығы;
аса қауіпті ауру бойынша оның ішінде малдың бруцеллезі, туберкулезі және лейкозы бойынша қолайсыз пункттерінің барлығы;
елді мекендерде арнайы мал сою пунктерінің (алаңдарының) санының жеткіліксіздігі;
ветеринарлық препараттарды стандарттау және сертификаттау бойынша мемлекеттік ғылыми-бақылау орталығының жоқтығы;
ветеринарлық зертханалардың техникалық жарақтануының халықаралық стандарттарға сәйкессіздігі;
халықаралық талаптарға және нормаларға сәйкес ветеринарлық мақсаттар үшін отандық биологиялық және фармацевтикалық өндірістің жоқтығы;
ауыл шаруашылығы малдарын ұстауда зоогигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптардың сақталмауы;
ветеринарлық қызметтің деңгейінің төмендігі, ветеринарлық мамандардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің нашарлығы.
Міндеттер:
малдан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
АӨК өнімдерінің сапасын бақылау және қауіпсіздігін бағалаудың қазіргі заманғы тиімді жүйесін құру;
фитосанитариялық қолайлы ахуалды қамтамасыз ету;
республиканың ветеринариялық-санитарлық, эпизоотиялық қолайлы ахуалын қамтамасыз ету;
отандық ауыл шаруашылығы өнімдері үшін халықаралық саудада техникалық кедергілерді алып тастау;
халықтың және АӨК субъектілерінің ветеринариялық қызметтегі қажеттілігін қанағаттандыру.
Жалпы шаралар:
АӨК саласындағы заңнаманы техникалық реттеу саласындағы талаптармен сәйкестендіру;
генетикалық модифицияланған өнімдерді өндіру және айналымын реттеудің нормативтік-құқықтық базасын құру;
сапа бақылау және қауіпті бағалау саласында мамандарды жаппай оқыту және қайта мамандандыру;
ауыл шаруашылығының шикізаттарын қайта өңдеу кәсіпорындарын және азық-түлік өнеркәсіптерінің зертханаларын қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру.
Фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы шаралар:
аса қауіпті зиянды организмдерді анықтауды зерттеу көлемін ұлғайту;
жыл сайын 3 млн. га алаң айналасында аса қауіпті зиянды организмдермен күрес жүргізу;
тұқымдар мен гербицидтерді уландыру құнын арзандату;
"Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжам әдістемелік орталығы" мемлекеттік кәсіпорынының штат санын ұлғайту;
жыл сайын 1200 мың га алаңда карантиндік объектілерді табуға зерттеу жүргізу, 180 мың га аса алаңда олардың таралу ошақтарын бөлшектеу және жою;
өсімдік карантині бойынша шекаралық (пункттер) бекеттер үшін арнайы құрал-жабдықтар, ұйымдастыру техникасын және басқа құралдарды сатып алу;
ҚР АШМ облыстық, қалалық, аудандық аумақтық басқармаларын және өсімдік карантині бойынша шекаралық бекеттерін 200 бірлік санында мемлекеттік инспекторлармен толықтыру;
тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді, сондай-ақ пайдаланылмаған пестицидтердің ыдысын көму үшін арнайы сақтау қоймаларын (көмбелер) салу.
Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы шаралар:
арнайы сауықтырудың, емдеу препараттарының және жоғары сезімділікті диагностикалық тесттердің жаңа құралдарын енгізу;
эпизоотиялық ошақтарды зерттеу және оларға эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу;
бәсекеге қабілетті ветеринарлық препараттар өндіру және халықаралық талаптарға сәйкес олардың сапасын бақылау мақсатында ветеринарлық препараттарды сертификаттау және стандарттау жөнінде мемлекеттік ғылыми-бақылау орталығын құру;
ветеринарлық зертханаларды халықаралық талаптарға және ДСҰ СФС шараларына сәйкес материалдық-техникалық қайта жарақтау;
ветеринария саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді халықаралық стандарттарға, басшылықтар мен ұсынымдарға сәйкес үйлестіру;
ауылдық округтерді арнайы мал сою пунктерімен (алаңдарымен) және мал көмбелермен қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылығы малдарын ұстауда зоогигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтау;
материалдық-техникалық базаны және шекарадағы және көліктегі ветеринариялық-бақылау бекеттерін жақсарту;
АӨК қайта өңдеу салаларында өндірістік бақылау бөлімшелерін құру арқылы мал шаруашылығы өнімдері мен шикізаттарының ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
ветеринария саласындағы кәсіпкерлік субъектілері көрсететін ауыл шаруашылығы малдарын диспансерлеу, бірдейлендіру және басқа ветеринариялық өңдеу бойынша ветеринариялық қызметті кеңейту;
ветеринариялық зертханалардың мамандарын оқытуды және біліктілігін көтеруді қамтамасыз ету;
ветеринария саласындағы заңнамаларды халықаралық стандарттарға, нормалар мен ережелерге үндестіру және халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа диагностикалық тест-жүйесін енгізу;
Қазақстан Республикасы аумағына басқа мемлекеттерден малдың аса қауіпті және экзотикалық ауруларының кіруіне тойтарыс беру.
Күтілетін нәтижелер:
фитосанитариялық ахуал туралы толық және шынайы ақпарат;