Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 918 Қаулысы
ҚР Үкіметінің2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық және жергілікті бюджеттерді атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде:
88-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«88-1. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы шешімімен анықталатын астықты көктемгі-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерінде біржолғы төлемдермен жүзеге асырылады.
Мал шаруашылығы өнімнің мемлекеттік ресурстарын қалыптастыруды жүзеге асыру кезінде мал шаруашылығы өнімінің мемлекеттік ресурстарын басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымға ақша қаражатын аудару тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалатын сома мөлшерінде біржолғы төлемдерден жүзеге асырылады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |