Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 мамырдағы № 565 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қыркүйектегі № 839 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1143 Қаулысымен күші жойылды
Акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызметін басқару мен бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық меншіктегі шектеулі серіктестіктерде мемлекеттің атынан акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 мамырдағы № 565 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 22, 283-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 184 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша жария мүдделі ұйымдардың (қаржылық ұйымдардан басқа) қағаз және электрондық жеткізгіштердегі қаржылық есептілігі | | жыл сайын, 15 қыркүйекке дейін |
»; |
2) реттік нөмірі 10-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 441 бұйрығына сәйкес нысандар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұлттық компаниялар мен ұйымдарды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының қағаз және электрондық жеткізгіштердегі көшірмелері»;
3) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-1 жолмен толықтырылсын:
«10-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 15 тамыздағы № 302 бұйрығына сәйкес нысандар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұлттық компаниялар мен ұйымдарды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есептердің қағаз және электрондық жеткізгіштердегі көшірмелері | | бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күннің ішінде |
». |
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |