Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 27 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
№ 549 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі
ведомствоаралық комиссиясының құрамы
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі, төраға |
Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары |
Баймұратов Әбілхан Есенұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті директорының орынбасары, хатшы |
Шабдарбаев Амангелді Смағұлұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Мұхаметжанов Бауыржан Әлімұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Балиева Зағипа Яхянқызы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі |
Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
Храпунов Виктор Вячеславович | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрі |
Мәйірманов Қажымұрат Нұрғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары |
Супрун Виктор Васильевич | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
№ 549 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізімі
1. «Қазақстан Республикасы радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 мамырдағы № 709 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1752 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 ақпандағы № 195 қаулысының 1-тармағының 1)тармақшасы.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 және 2002 жылғы 21 мамырдағы № 543 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 қазандағы № 1124 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 34, 373-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 және 2002 жылғы 21 мамырдағы № 543 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 қыркүйектегі № 915 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 36, 370-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 және 2002 жылғы 21 мамырдағы № 543 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 ақпандағы № 121 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 5, 68-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 684 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 324-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 және 2002 жылғы 21 мамырдағы № 543 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 342 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.