Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы №1194 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 тамыздағы №727 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 148 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы №1194 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №45, 493-кұжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Байланыс операторлары үшін байланыс операторларының телекоммуникация желілерін жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне жергілікті деңгейде, аймақішілік және қалааралық деңгейлерде, қалааралық және халықаралық деңгейлерде қосу және телефон трафигін (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық, ұялы операторлардың желісінен (-не) өткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартта:
тақырыбында және одан әрі мәтін бойынша «телефон трафигін (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық, ұялы операторлардың желісінен (-не)» деген сөздер «қосатын байланыс операторларының телефон трафигін қосылатын байланыс операторларының (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық) желісінен (-не), ұялы операторлардың, ІР-телофония (Интернет-телефония) операторларының желісіне (-не)» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«ұялы операторлардың желісінен (-не)» деген сөздерден кейін «ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін» сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтағы «және ұялы байланыс операторларының желісінен (-не) телефон трафигін» деген сөздер «,ұялы байланыс операторларының желісінен (-не) телефон трафигін және ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтағы «10 (он)» деген сөздер «30 (отыз)» деген сөздермен ауыстырылсын;
25-тармақтың 2) тармақшасындағы «11» деген сандар «10» деген сандармен ауыстырылсын;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Шартта реттелмеген басқа да барлық өзара қатынастар Тараптар арасында жеке шарттарда және (немесе) қосымша келісімдерде ескеріледі.»;
45-тармақтағы «жергілікті, қалааралық және халықаралық трафик пе Тараптар желілерін пайдаланушылар генерациялайтын ұялы операторларды желісінен (-не) трафик» деген сөздер «жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон трафигі, Тараптар желілерін пайдаланушылар генерациялайтын ұялы операторлардың желісінен (-не) телефон трафигі және ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигі деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.МӘСІМОВ |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 22 тамыздағы №727 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылгы 28 қарашадағы №1194
қаулысымен бекітілген
Суды магистральдық құбыр жолдары және (немесе) арналар арқылы беру
жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған үлгі шарт
______________________ 200 жылғы “ ”
(шарттың жасалған орны)
бұдан әрі, Қызмет беруші деп аталатын___________________
_________________________________________________атынан
(суды магистральдық құбыр жолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметті ұсынатын табиғи монополия субъектісінің атауы)
________________________________негізінде әрекет ететін
____________________________________ бір тараптан және
(лауазымы, Т.А.Ә. )
бұдан әрі тұтынушы деп аталатын________________________
___________________________________________________________
(тұтынушының деректемелері, құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, берілген күні мен берген орган)
атынан ____________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
екінші тараптан, бұдан әрі Тараптар деп аталатын мына төмендегілер туралы осы Үлгі шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.
1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы - жекеменшік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша иеленушілердің арасындағы магистральдық құбыр жолы және (немесе) арна жүйесінің элементтерін бөлу сызығы;
пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы - Тараптардың келісімімен белгіленетін жүйелер элементтерін пайдаланғаны үшін міндеттер (жауапкершілік) белгісі бойынша магистральдық құбыр жолы және (немесе) арна жүйесінің элементтерін бөлу сызығы. Осындай келісім болмаған жағдайда пайдалану жауапкершілігінің шекарасы теңгерімдік тиесілілігінің шекарасы бойынша белгіленеді;
магистральдық құбыр жолы және (немесе) арна-суды бас тоғаннан таратушыларға дейін (суды магистральдық құбыр жолынан және (немесе) арнадан су пайдаланушылар топтарына жеткізу) жеткізуге арналған гидротехникалық құрылыстар кешені;
төлем құжаты - оның негізінде төлем жүргізілетін қызмет берушінің құжаты (есептеу құралы көрсеткіштерінің негізінде жасалған шот, хабарлама, түбіртек, ескерту шоты);
тұтынушы - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
тарифтің шекті деңгейі - орташа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге бекітілетін тарифтің ең жоғары шамасы;
есептеу құралдарын тексеру - есептеу құралдарының жай-күйін зерттеу, техникалық талаптарға сәйкес келетіндігін айқындау және растау, олардың көрсеткіштерін жазып алу, сондай-ақ пломбалардың болуы мен тұтастығын зерттеу мақсатында қызмет берушінің өкілі орындайтын операциялар жиынтығы;
есептеу құралы - заңнамада белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген суды коммерциялық есептеуге арналған техникалық құрылғы;
есеп айырысу кезеңі — қызмет көрсеткені үшін тұтынушымен есеп айырысу жүргізілетін айдың бірінші күнінің 00-00 сағатынан бастап соңғы күнінің 24-00 сағатына дейінгі бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі ретінде Шартта айқындалған кезең;
уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
қызмет беруші - суды магистральдық құбырлар және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді ұсынатын (көрсететін) заңды немесе жеке тұлға.
2. Шарттың мәні
2. Шарттың талаптарына сәйкес қызмет беруші тұтынушыға сапаға қойылатын мынадай талаптарға жауап беретін және төменде келтірілген көлемдерде:
Қызметтің сапасына талаптар | Жылдық көлем, мың текше м. |
Барлығы, оның ішінде | І тоқсан | ІІ тоқсан | ІІІ тоқсан | ІV тоқсан |
| | | | | |
| | | | | |
(магистральдық құбыр жолының және (немесе) арнаның атауы)
магистральдық құбыр жолы және (немесе) арна арқылы суды беру жөнінде қызметтер көрсетуге (бұдан әрі - қызметтер) міндеттенеді.
3. Тұтынушы қызметті қабылдауга және Шарттың талаптарына сәйкес уақтылы төлем жасауға, сондай-ақ осы Шартта көзделген техникалық талаптарды орындауға міндеттенеді.
3. Қызметтер көрсетуді ұсыну шарттары
4. Тұтынушыға қызмет көрсету магистральдық құбыр жолының және/немесе арнаның _______________км учаскесінде жүргізіледі. (учаскенің атауы)
5. Шарт тұтынушымен онда магистральдық құбыр жолының және (немесе) арнаның жүйелеріне (бұдан әрі - жүйелер) қосылған қажетті жабдық болған кезде жеке тәртіппен жасалады.
Заңнамада көзделген жағдайларда тұтынушы Шартты жасасу жөніндегі өзінің өкілеттіктерін үшінші тұлғаға беруге кұқығы бар.
6. Пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы есептеу тораптарының алдындағы бұрудың басында орнатылған ысырмалар болып табылады.
7. Қызметтер беруді тоқтату:
1) авариялық жағдайда не азаматтардың өміріне және қауіпсіздігіне қауіп төнген;
2) қызмет берушінің жүйелеріне өз бетімен қосылған;
3) есеп айырысу кезеңінен кейінгі екі айдың ішінде қызметтер көрсету үшін төлем жасалмаған;
4) қызмет берушінің өкілдерін есептеу құралдарына бірнеше рет жібермеген;
5) құбыр жолдарына дезинфекция жүргізу қажет болған жағдайларда;
6) заңнамада және Тараптардың келісімінде көзделген басқа да жағдайларда жүргізіледі.
Осы тармақтың 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда қызмет беруді тоқтатқанға дейін кемінде бір ай бұрын тұтынушы хабардар етіледі.
8. Шарттың 7-тармағының 1) тармақшасында қызметтер беруді қалпына келтіру ескерілген жағдайда, қызмет беруші туындаған бұзушылықтарды қалпына келтіргеннен кейін жүргізіледі.
Шарттың 7-тармағының 2) тармақшасында ескерілген жағдайда тұтынушыны қосу қызмет берушінің жүйелеріне заңсыз қосылғаны үшін айыппұл төленгеннен, қызмет беруші жүйелеріне қосылуға арналған техникалық талаптарды орындағаннан және қосылу үшін төлем жасағаннан кейін жүргізіледі.
Тұтынушыға Шарттың 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген бұзушылықтар үшін қызметтер ұсынуды тоқтатқан жағдайда қосу борышты өтегеннен және қосу үшін ақы төлегеннен кейін жүргізіледі. Қосу құны уәкілетті органмен келісіледі.
Бастапқы қосқаны үшін ақы алынбайды.
4. Қызметтердің құны және оған ақы төлеу тәртібі
9. Осы Шарт бойынша ұсынылған қызметтер үшін ақы төлеу уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шекті деңгейлері бойынша жүргізіледі.
10. Ақы төлеуді тұтынушы, егер Тараптар келісімінде өзгеше көзделмесе, нақты ұсынылған қызметтердің мөлшері үшін ай сайын төлем құжатының негізінде есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 25 күніне дейінгі мерзімде жүргізеді.
5. Қызметтерді босату мен тұтынуды есепке алу
11. Босатылған қызметтің мөлшері белгіленген тәртіппен тексеруден өткен есептеу құралының көрсеткіштері арқылы анықталады. Құралдар ________________________________________________________________________________________
(учаскенің (құбыр жолының) атауы)
_______бастап________дейінгі кезеңге _______орнатылған.
12. Тұтынушыны қызмет берушінің рұқсатымен есептеу құралдарынсыз уақытша тікелей қосуға жол беріледі. Мұндай жағдайда босатылған қызметтің мөлшерін қызмет беруші тұтыну нормалары бойынша есеп айырысу жолымен белгілейді.
13. Тұтынушының кінәсі болмай есептеу уақытша бұзылған кезде қызметтер көрсеткені үшін есеп айырысу өткен есеп айырысу кезеңінің орташа тәуліктік шығысы бойынша жүргізіледі.
14. Тұтынушының кінәсінен көрсетілген қызметті есептеу көлемін бұзу фактілері анықталған жағдайда, қызмет беруші қызметті тұтыну көлемдеріне соңғы тексеру жүргізген сәттен бастап анықталған күнге дейін, бірак екі айдан аспайтын, тәуліктің 24 сағаты ішінде ол жұмыс істеген кезде, құбыр жолының және (немесе) арнаның есептеу торабына дейін толық өткізу қабілеттігінің есебінен қайта есеп айырысу жүргізуге құқылы.
6. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
15. Тұтынушы:
1) белгіленген сападағы, оның денсаулығына қауіпсіз, оның мүлкіне зиян келтірмейтін және Шарттың талаптарына сәйкес қажетті мөлшерде қызметтерді алуға;
2) қызмет берушінің заңнамаға қайшы келетін әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне уәкілетті органға және (немесе) сот тәртібімен шағымдануға;
3) қызметтерге арналған тарифтің (бағаның, алым ставкасының) немесе оның шекті деңгейінің жобасын талқылау үшін өткізілетін жария тыңдауларға қатысуға;
4) қызмет берушіден қызметтер көрсетуді тиісінше ұсына алмау салдарынан өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды; толық көлемде өтеуді, сондай-ақ моральдық зиянды өтеуді заңнамада белгіленген тәртіппен талап етуге;
5) мемлекеттік стандарттарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қызметтерді ұсынған жағдайда қызметтердің құнын қайта есептеуді талап етуге;
6) егер қызмет беруші белгіленген тәртіппен шот бермесе, алынған қызмет үшін ақы төлеуді жүргізбеуге;
7) қызмет берушіні бұл туралы бір айдан кешіктірмей жазбаша хабардар еткен жағдайда ұсынылған қызметке толық ақы төлеген кезде Шартты біржақты тәртіппен бұзуға қүқығы бар.
16 Тұтынушы:
1) қызметті беру айдың алдындағы айдың 15 күнінен кешіктірмей қызмет берушіге қызмет көрсетуге арналған айлық өтінім ұсынуға;
2) есептік тоқсан басталғанға дейін 45 күннен кешіктірмей жоспарланған айлық көлемдерге бөле отырып қызмет берушіге, қызмет көрсетуге тоқсандық өтінім ұсынуға;
3) ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен кешіктірмей қызмет берушіге келесі күнтізбелік жылға қызмет көрсетуге арналған жылдық өтінімді;
4) қызмет берушіні осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген айлық, тоқсандық немесе жылдық өтінімдерді беру мерзімдерінен кешіктірмей алдағы айлық, тоқсандық немесе жылдық кезеңде қызмет берушіге қызметті тұтыну ниеттерінің жоқтығы туралы жазбаша хабардар етуге;
5) Шарттың талаптарына сәйкес ұсынылған қызметтерге уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
6) қызмет беруші белгілеген техникалық талаптарды орындауға;
7) қызмет берушіге қызметтерді пайдалану кезінде туындаған құрылыстың жүйелері мен есептеу құралдарының жұмысындағы ақаулар туралы, ал жүйелердің құрылыстары бұзылған кезде - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті органдарға, өртке қарсы қызметке, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке және қоршаған ортаны қорғау қызметіне дереу хабарлауға;
8) қызмет беруші өкілдерінің көрсеткіштерді жазып алу, жүйелердің, құралдар мен жабдықтардың техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін бақылау үшін есептеу құралдарына қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
9) қызметтерді тұтыну кезінде техника қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтауға;
10) есептеу құралдарының дұрыстығын тұрақты бақылауға, есептеу тораптарындағы, ысырмалардағы, бұру желілеріндегі және оның аумағында орналасқан және Қызмет беруші пломба салған өзге құрылғылардағы пломбалардың тұтастығы мен сақталуын қамтамасыз етуге, оның қарамағындағы немесе қызмет көрсетудегі пайдаланылып отырған сумен жабдықтау жүйелерінің сақталуын, тиісінше техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
11) қызмет берушіні қызметті тұтыну көлемдерінің барлық болжанып отырған өзгерістері туралы хабардар етуге міндетті.
7. Қызмет берушінің құқықтары мен міндеттері
17. Қызмет беруші:
1) тұтынушы заңнамаға сәйкес сақтауға міндетті техникалық талаптарды белгілеуге;
2) қызметтерге арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін олардың қолданысы кезеңінде уәкілетті орган бекіткен тәртіппен төмендетуге;
3) нәтижесінде қызмет беруші шығындарының құны өсетін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайда қызметтер ұсынуға арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен көтеруге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептеу құралдарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге және тексерулерді ұйымдастыруға;
5) ұсынылған қызметтер үшін уақтылы және толық көлемде ақы алуға;
6) есептеу кұралдары көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру үшін өз өкілінің (куәлігі болған кезде) тұтынушының өкілімен бірлесіп бас тоғанның құрылысына қол жеткізуіне;
7) егер ол магистральдық құбыр жолының және (немесе) арнаның немесе оның инфрақұрылымының қосымша қуатын салуды талап етпесе, Шарттың 2-тармағында көзделгеннен артық қызметтің қосымша көлемдерін мүмкіндігін қарауға кұқығы бар.
18. Қызмет беруші:
1) Шарттың талаптарына сәйкес тұтынушыға қызметтерді уақтылы және үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етуге;
2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес қызметтердің құралдарын сатып алуға және орнатуға;
3) ұсынылатын қызметтердің есебін жүргізуге және сапасы мен мөлшерін бақылауға, қызметтер ұсынудың бұзушылықтарының алдын алу және жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға;
4) нәтижесінде қызмет беруші шығындарының құны кемитін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайда, көрсетілген өзгерістер қолданысқа енгізілген күнінен бастап, ұсынылатын қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың деңгейлерін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен төмендетуге;
5) тұтынушыға есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 10 күніне мерзімде ұсынылатын қызметтерге ақы төлеуге арналған төлем құжатын ұсынуға;
6) тұтынушыларды тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларын немесе олардың шекті деңгейлерінің өзгеруі туралы оларды қолданысқа енгізгенге дейін отыз күннен кешіктірмей хабардар етуге;
7) тұтынушының негізделген талаптары бойынша ұсынылатын қызметтердің сапасы мен көлемін 24 сағаттың ішінде қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауға;
8) тұтынушыны қызметті беруді тоқтатуға байланысты магистралдық құбыр жолдарында және (немесе) арналарда жоспарлы-ескерту және жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы 24 сағат бұрын ескертуге міндетті. Бұл ретте қызмет беруші тұтынушыға қызметті беруде 24 сағаттан асатын үзілістерге жол бермеуге міндеттенеді.
9) тұтынушының жүйелерін, есептеу құралдарын қарау кезінде, сондай-ақ есептеу құралдарының көрсеткіштерін алған кезде қызметтік куәлігін көрсетуге;
10) тұтынушыны қызметті көрсету көлемдерінің барлық болжанып отырған өзгерістері туралы хабардар етуге міндетті.
8. Тараптарды шектеу
19. Тұтынушыға:
1) қызмет берушінің келісімінсіз жүйелер мен есептеу құралдарының құрылыстарын қайта жабдықтауға;
2) қызметтердің қолда бар есептеу схемасын бұзуға тыйым салынады.
20. Қызмет берушіге:
1) теріс пиғылды тұтынушылардың қызметтерді пайдаланған көлеміне ақы төлемеуіне байланысты адал тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудан бас тартуға;
2) ұсынылған қызмет үшін уәкілетті орган белгілегеннен артық ақы алуға;
3) тұтынушыдан тиісті төлем құжаттарын ұсынбай қызметтерге ақы төлеуді, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер үшін алдын ала ақы төлеуді талап етуге;
4) мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді талап етуге тыйым салынады.
21. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтін не өзге де түрде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын әрекеттер жасауға тыйым салынады.
9. Тараптардың жауапкерлішігі
22. Жабдықты тиісінше ұстау үшін жауапкершілік оның меншік иесіне жүктеледі және теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекаралары бойынша айқындалады.
23. Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, кінәлі тарап екінші тарапқа келтірілген залалдың орнын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толтырады.
24. Ұсынылған қызметтер үшін төлемнің мерзімі өткен жағдайда, тұтынушы Шартқа сәйкес (Шарттың 27-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасынан аспайтын мөлшерде осы сомаларды төлеу күніне қолданылатын, әрбір мерзімі өткен күн үшін, бірақ негізгі борыштың сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейді.
Қызмет кешіктіріп және сапасыз ұсынылған жағдайда, қызмет беруші Шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасынан аспайтын мөлшерде көрсетілмеген қызметтің сомасынан осы сомаларды төлеу күніне қолданылатын тұрақсыздық айыбын төлейді.
Тұрақсыздық айыбының мөлшерін белгілеу тұтынушымен Шарт жасасқан кезде жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбын есептеудің басталу мерзімі, егер Тараптардың келісімімен өзгеше ескерілмесе, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 26 күні болып табылады.
25. Егер қызмет беруші үшін тұтынушыға қызмет берушімен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кінәсінен қызметті ұсынуы мүмкін болмаса, тұтынушы алдында қызмет беруші жауапты болады.
26. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеу Тараптарды Шарт бойынша міндеттемлерді орындаудан босатпайды.
27. Тараптардың келісімі бойынша тұтынушыға ол жазбаша өтініш жасаған кезде, өсімпұл есептеу жөніндегі мерзім ұзартылуы мүмкін.
10. Форс-мажорлық мән-жайлар
28. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл форс-мажорлық мән-жайлардың, яғни еңсерілмес күш мән-жайларының (табиғи апаттың немесе болжау немесе алдын алу мүмкін емес өзге де мән-жайлардың), сондай-ақ әскери іс-қимылдардың, ереуілдер мен шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамауға әкелетін басқа да жағдайлардың салдарынан болса, жауапкершіліктен босатылады.
Еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде бір-бірін бұл туралы тиісті уәкілетті ұйым растаған форс-мажорлық мән-жайлардың басталған күні мен сипаттамасын нақтылайтын жазбаша түрдегі хабарламаны кейіннен бере отырып не почтамен жіберу арқылы хабардар етеді.
Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмес күш мән-жайларының әрекет ету мерзіміне, бірақ осындай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.
Егер еңсерілмес күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын алдын ала хабарлаған кезде Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.
11. Жалпы ережелер және дауларды шешу
29. Тараптар өздерінің кұқықтық қатынастарында Шартты және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
30. Шарт (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі казынашылығының аумақтық органдарында тіркеледі және ол тіркелген сәттен бастап күшіне енеді)__________бастап күшіне енеді.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұтынушылар үшін Шарттың қолданыс мерзімі, егер Тараптардың келісімімен өзгеше көзделмесе, мерзімсіз болып табылады, ал мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
31. Шарттың талаптарын бұзу немесе өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен жүргізіледі.
32. Тараптардың арасындағы келісімге қол жеткізбеген жағдайда, даулар мен келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.
33. Шарт Тараптарда сақталатын және бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 данада жасалады.
34. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгі Шарттың нормаларына қайшы келмейтін басқа талаптармен толықтырылуы мүмкін.
35. Шартта ескерілмеген Тараптар арасындағы қатынастар қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледі.
11. Тараптардың деректемелері
Қызмет беруші: Тұтынушы: