____________________ ___________________
____________________ ___________________
____________________ ___________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 22 тамыздағы №727 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 28 қарашадағы №1194 қаулысымен
бекітілген
Телефон (кәбілдік) кәрізін байланыс операторларына пайдалануға беруге арналған үлгі шарт
____________________ 200_ жылғы “__”________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрі Жалға беруші деп аталатын____________________ _________________________________________________атынан
(субъектінің атауы)
_________________________________ негізінде әрекет ететін
_____________________________________бір тараптан және
(лауазымы, Т.А.Ә.)
бұдан әрі Оператор деп аталатын________________________
(субъектінің қызметтерін тұтынушының атауы)
атынан _____________________________________________
негізінде әрекет ететін_________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
екінші тараптан, бұдан әрі Тараптар деп аталатын мына төмендегілер туралы осы Үлгі шартты (бұдан әрі — Шарт) жасасты.
1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
рұқсаттама-жүктелім - Оператордың пайдалануына берілген телефон (кәбілдік) кәрізінде салынған байланыс кәбіліне жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге Жалға берушінің жазбаша келісімі;
телефон (кәбілдік) кәрізі - байланыс кәбілдерін салуға, монтаждауға және оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған жерасты құбыр жолдары мен құдықтарының жиынтығын білдіретін кәбілдік кэріз;
уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Шарттың мәні
2. Шарт Жалға беруші телефон (кәбілдік) кәрізін Операторға онда байланыс кәбілдерін салуға және оны Шартқа сәйкес пайдалануға берген кездегі Тараптардың өзара қарым-қатынастарын айқындайды.
3. Шарт Оператормен жеке тәртіппен жасалады.
3. Телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру шарттары
4. Жалға беруші телефон (кәбілдік) кәрізін нормативтік-техникалық актілерге және стандарттарға сәйкес пайдалануға береді.
5. Оператор Шарт бойынша берілген телефон (кәбілдік) кәрізін үшінші тұлғалардың пайдалануына беруге құқылы емес.
6. Телефон (кәбілдік) кәрізінің пайдалануға берілген арналарының орналасқан схемасы және олардың арна/км ұзақтығы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оның қосымшасында көрсетіледі.
7. Оператордың байланыс кәбілі Жалға беруші Операторға берген техникалық шарттарға сәйкес телефон (кәбілдік) кәрізін жалға беретін бөлігінде салынуға тиіс.
8. Телефон (кәбілдік) кәрізінің құбыр жолын қосымша салу бойынша жұмыстарды орындау қажет болған жағдайда, Оператор Жалға берушінің келісімімен соңғыға осы жұмыстардың орындалуына ақы төлей алады.
4. Тараптардың міндеттері
9. Жалға беруші:
1) Оператордың кінәсінен емес болған, Операторға пайдалануға берілген телефон (кәбілдік) кәрізінде авария болған жағдайда, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған телефон (кәбілдік) кәрізі жұмысында анықталған авариялар мен бұзушылықтар туралы екіжақты хаттаманың негізінде авариялардың себептерін жою бойынша барлық қажетті шаралар қабылдауға;
2) Оператордың кінәсінен емес туындаған, Оператордың пайдалануына берілетін телефон (кәбілдік) кәрізінің барлық ақаулары мен зақымдануларын жоюға;
3) байланыс Операторының пайдалануына берілген телефон (кәбілдік кәрізінде салынған байланыс кәбілін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге Операторға рұқсаттама-жүктелім беруге;
4) Операторға кәбіл салу мүмкіндігі берілген телефон (кәбілдік) кәрізіне келтірілген кез келген зақымдану, авария туралы Операторды дереу хабардар етуге және мүмкіндігінше телефон (кәбілдік) кәрізінің одан арғы бұзылу немесе зақымдану қаупінің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға;
5) Операторға телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге есепті айдың 25 күніне дейін шот беруге;
4) Оператор Жалға берушінің телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалану процесінде туындаған өзге де мәселелерді шешуге міндетті.
10. Оператор:
1) рұқсаттама-жүктелім болған кезде Оператордың пайдалануына берілетін телефон (кәбілдік) кәрізінде кез келген жұмыстар жүргізуге;
2) Шартқа сәйкес телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалану бойынша қызметтерге уақтылы ақы төлеуге;
3) Оператордың пайдалануына берілген телефон (кәбілдік) кәрізін, оның мақсатына сәйкес пайдалануға;
4) Жалға берушінің жазбаша келісімімен ғана телефон құдықтарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге;
5) Операторға кәбіл салу мүмкіндігі берілген телефон (кәбілдік) кәрізіне келтірілген кез келген зақымдану, авария туралы Жалға берушіні дереу хабардар етуге және мүмкіндігінше телефон (кәбілдік) кәрізінің одан арғы бұзылу немесе зақымдану қаупінің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
5. Өзара есеп айырысулар тәртібі
11. Телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін Тараптардың арасындағы есеп айырысулар уәкілетті орган бекіткен тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) сәйкес жүргізіледі.
12. Телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) болмаған кезде, төлемақы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
13. Операторға телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі қызметтерге берілген қосымша қызметтердің құны Шарттың тиісті қосымшасында көрсетілуге тиіс..
14. Телефон (кәбілдік) кәрізін беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) өзгерген жағдайда, Жалға беруші Операторды жаңа тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) енгізілгенге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабардар етеді.
15. Егер Оператор өзгерген тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануды жалғастыруға келісім бермесе, ол бұл туралы Жалға берушіні тарифтердің өзгергені туралы хабарламаны алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде хабардар етуге міндетті.
Мұндай жағдайда Жалға беруші пайдалануды жалғастырудан бас тарту туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейін немесе ол болмағанда телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі қызметтер көрсетуді тоқтатуға құқылы.
16. Телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеуді Оператор Жалға беруші берген шоттың негізінде ай сайын телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беру жөніндегі қызметтерді алған айдың бірінші күнінен бастап, бірақ есептіден кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей жүргізеді.
17. Оператор Шарт бойынша төлемді үш айдан астам мерзімге кешіктірген жағдайда, Жалға беруші Шарт бойынша қызметтер көрсетуді тоқтата тұруға құқылы.
18. Шартты бұзғанға дейін реттелмеген қаржылық өзара қарым-қатынастар, ол бұзылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
6. Тараптардың жауапкершілігі
19. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.
20. Телефон (кәбілдік) кәрізінің жұмысында Оператордың кінәсінсіз кез келген бұзушылықтар және (немесе) ол бос тұруы туындаған жағдайда, бос тұруы кезеңіне төлемақы алынбайды.
21. Шартқа сәйкес төлем мерзімдері бұзылған жағдайда, Оператор Жалға берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін осы сомаларды төлеу күні қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,5 есе қайта қаржыландыру ставкасына сүйене отырып, бірақ негізгі борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейді.
22. Егер Оператор Жалға берушінің телефон кәрізіне нұқсан келтірсе, оның нәтижесінде Жалға беруші залал шексе, Оператор тікелей залалдардың толық құнын өтейді.
23. Егер Жалға беруші Оператордың телефон кәрізіндегі байланыс кабеліне нұқсан келтірсе, оның нәтижесінде Оператор залал шексе, Жалға беруші тікелей залалалдардың толық құнын өтейді.
24. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелердің кез келгенін бұзған жағдайда, тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) төлеу және тікелей залалдар мен шығыстарды өтеу осы Шарт бойынша тиісті міндеттемелерді тиісінше орындау міндетінен босатпайды.
7. Форс-мажор
25. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмес күш мән-жайларының салдарынан болып табылса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда, Тараптардың бір де біреуі залалды өтеуге құқығы жоқ. Бұл жағдайда, Тараптардың кез келгенінің талабы бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың бір де біреуі еңсерілмес күш мән-жайлары басталғанға дейін Шарт бойынша туындаған міндеттемелерден босатылмайды.
26. Егер осындай мән-жайлардың кез келгені Шартта белгіленген мерзімде міндеттемелерді орындауға тікелей әсер етсе, онда бұл мерзім тиісті мән-жайдың әрекет ету уақытына ұзартылады.
27. Форс-мажордың туындау себебі бойынша міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
28. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты міндеттемелерді орындау бойынша жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайға сілтеме жасау құқығынан айырады.
Форс-мажор мән-жайларына сілтеме жасайтын Тарап оларды растайтын Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органының құжатын ұсынады.
29. Форс-мажор 3 айдан астам жалғасқан жағдайда, Тараптардың кез келгені басқа Тараптың атына жолданған алдын ала жазбаша хабарламамен Шартты бұза алады.
8. Шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту мен бұзу тәртібі
30. Шарт 20___“___”_____бастап күшіне енеді және Шартты бұзудың болжанып отырған мерзіміне дейін 30 күнтізбелік бұрын Жалға берушіге жолданған Оператордың жазбаша хабарламасы бойынша бұзылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың барлық қаржылық міндеттемелері Шарттың бұзылатын күніне дейін толық көлемінде орындалуы тиіс.
31. Жалға беруші Шартты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттың шешімі бойынша және Шарттың 15-тармағында көзделген жағдайда бұзуға құқылы.
32. Тараптардың келісімі бойынша Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар Шарттың ережесіне қайшы келмеуге тиіс, қосымша келісім түрінде ресімделеді, Тараптардың уәкілетті өкілдері қолдарын қояды және Тараптардың мөрлері басылады.
9. Дауларды шешу
33. Тараптар келіссөздер жолымен барлық дауларды реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.
34. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.
Тараптар Шартты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұзуға құқылы.
35. Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген Тараптардың қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
36. Шарт бойынша Тараптар бір-біріне жолдайтын барлық хабарламалар және (немесе) хабарлар, егер олар жазбаша түрде жасалса, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса және тапсырыс хатпен немесе курьерлік қызметпен жіберілсе немесе оларды алғандығы туралы белгімен Тараптардың шартта көрсетілген мекен-жайлары бойынша қолына берілсе, күшінде болады және жеткізілді деп саналады.
37. Хабарламаларды және (немесе) хабарларды, егер хабар және (немесе) хабарлама жедел шешім қабылдауды талап ететін шұғыл сипатта болса (байланыс әрекетінің тоқталуы, профилактикалық жұмыстар, авариялық жағдайлар туындаған жағдайда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және т.б.), Шарттың 36-тармағында көрсетілген тәртіппен кейіннен жолдай отырып, факс арқылы жіберуге жол беріледі.
38. Хабарламаны және (немесе) хабарды алынған күн болып факс арқылы жолданған күн немесе хабарламаны және (немесе) хабарды алушы Тарап - адресатқа жеке табыс еткен күн саналады. Егер хабарламада және (немесе) хабарда өзгеше көрсетілмесе, алуы бойынша хабарлама және (немесе) хабар (немесе) хабар жеткізілді деп есептеледі.
39. Тараптар бір-бірін өз атауының, заңды мекен-жайының орналасқан жерінің және Шарттың талаптарын орындауға қажетті өзге де деректемелерінің өзгергені туралы жедел хабардар етеді.
40. Шарт Тараптарда сақталатын және бірдей заң күші бар 2 данада жасалады.
10. Тараптардың деректемелері
Жалға беруші: Оператор:
_________________ _____________________
_________________ _____________________