2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
183-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қазавиализинг» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1874425 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз жетпіс төрт миллион төрт жүз жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «ҚазАвиаЛизинг» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 мамырдағы № 601 қаулысы; «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 632 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүкке қызмет көрсету сапасын арттыру және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Қазавиализинг» АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайту; кейіннен Қазақстан Республикасының әуежайларына операциялық және (немесе) қаржылық лизингке берумен арнайы техниканы сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | "Қазавиализинг" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту | Арнайы техниканы орталықтандырып сатып алуды қамтамасыз ету үшін»"Қазавиализинг" АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайту | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кейіннен Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары мен әуежайларына операциялық және (немесе) қаржылық лизингке берумен әуе кемелеріне қызмет көрсету және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнайы техниканы сатып алу.
Түпкі нәтиже: әуе кемесіне, жолаушыларға, багажға, жүкке қызмет көрсету сапасын жақсарту және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Уақтылығы: іс-шаралар бағдарлама паспортында белгіленген мерзімде орындалады.
Сапасы: халықаралық азаматтық авиация ұйымының нормаларына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
184-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жүйелі ішкі авиатасымалдарды субсидиялау»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 642000 мың теңге (алты жүз қырық екі миллион теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 9-бабы; «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы; «Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 тамыздағы № 915 қаулысы; «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 632 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласын Қазақстанның облыс орталықтарымен және ірі қалалармен әуе бойынша қосу, орташа статистикалық тұтынушылар үшін әлеуметтік маңызы бар рейстер бойынша авиакөлік қызметтеріне қол жеткізілімдігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: орташа статистикалық тұтынушы үшін жүйелі ішкі авиатасымалдарға авиакөлік қызметтеріне қол жеткізілімдігін субсидиялау көлемін кезең-кезеңмен төмендетуге бағытталған икемді тариф жүйесін жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Жүйелі ішкі авиатасымалдарды субсидиялау | Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ережелерге сәйкес ішкі авиабағыттар бойынша тұрақты авиатасымалдарды субсидиялау: Астана-Тараз-Астана; Астана-Семей-Астана; Астана- Жезқазған-Астана; Астана-Петропавл- Астана; Астана-Павлодар- Астана; Астана-Талдықорған-Астана; Астана-Қостанай- Астана. | жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласын Қазақстанның облыс орталықтарымен және ірі қалаларымен қосатын 7 авиабағыт бойынша тұрақты авиатасымалдарды қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: ішкі бағыттарда тұрақты жолаушылар ағынын қамтамасыз ету және орташа өлшенген жолаушылар сыйымдылығын 65-70 пайыз дейін ұлғайту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жоспарлы сыйымдылық есебінен бір авиабағытқа субсидияның орташа жылдық көлемі 100,0 млн. теңгені құрайды.
Уақтылығы: уәкілетті органдар бекіткен кестеге сәйкес 7 авиабағыт бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асыру.
Сапасы: жолаушыларға қызмет көрсету ережесіне сәйкес сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
185-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Су көлігі инфрақұрылымын дамыту»
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 158310 мың теңге (бір жүз елу сегіз миллион үш жүз он мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: теңіз және ішкі су көлігі кемелеріне қауіпсіз және үздіксіз қызмет көрсету үшін қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін су көлігі инфрақұрылымын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: су көлігін дамыту және функциялауды қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ Каспий теңізі Түпқараған шығанағының жағалау айдынында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | Су көлігі инфрақұрылымын дамыту | "Маңғыстау облысы Түпқараған шығанағында кемелер қозғалысын басқару жүйесін құру" жобасын бекітілген технико-экономикалық дәйектемеге сәйкес (2005 жылғы 16 мамырдағы № 164-І ТЭД жобасына экономикалық зерттеу бұйрығы) іске асыру. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Маңғыстау облысы Түпқараған шығанағында кемелер қозғалысын басқару жүйесін құру бойынша жұмыс көлемін орындау:
жалпы ауданы 153,76 шаршы метр навигациялық мұнараны;
жалпы ауданы 28,8 шаршы метр КҚБЖ ОБ контейнерін;
жалпы ауданы 15,14 шаршы метр АДЭС контейнерлік модулін;
жалпы ауданы 2,25 шаршы метр метеостанция мачтасын;
жалпы ауданы 2,25 шаршы метр толқын өлшеуішті салу.
Түпкі нәтиже: су көлігі инфрақұрылымын дамыту үшін объектілерді пайдалануға беру.
Уақтылығы: жұмыс өндірісі кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
186-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне көліктік инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы
даму трансферттері» деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 54599914 мың теңге (елу төрт миллиард бес жүз тоқсан тоғыз миллион тоғыз жүз он төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры мен Қазақстан Республикасы арасындағы Ертіс өзеніне салынатын көпір құрылысының жобасы бойынша Қарыз туралы 1997 жылғы 12 наурыздағы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 мамырдағы Заңы; «Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1019 Жарлығы; «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; «Ертіс өзеніне салынатын көпірдің жобасын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 тамыздағы № 1212 қаулысы; «Астана қаласының инженерлік инфрақұрылымын және жолдарын 2010 жылға дейін дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1190 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы; «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін автомобиль жолдарын қалпына келтіру және дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 028 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көліктік инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері | Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес мынадай іс-шаралар бойынша "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкес сома шегінде автомобиль жолдарын дамытуға бағытталған мақсатты трансферттерді аудару: Алматы қаласында метрополитеннің салу (2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 7-588/2004; 2004 жылғы 5 қаңтардағы № 7- 3/2004 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Алматы қаласында Рысқұлов даңғылы мен Кудерин (Розыбакиев) көшесінің қиылысында көлік айырымын салу (2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 7-652/05 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Алматы қаласында Сейфуллин және Жансүгіров көшесі мен Рысқұлов даңғылының қиылысында көлік айырымын салу (2005 жылғы 4 қарашадағы № 7-563/05 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Алматы қаласында Рысқұлов даңғылы мен Бөкейханов көшесінің қиылысында көлік айырымын салу (2006 жылғы 4 қаңтардағы № 7-2/06 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Астана қаласында Есіл өзені арқылы өтетін К-1 автожол көпірімен Сол жағалаудың орталығы-Абылай хан даңғылы магистральды автожолын (N12, № 13 көшелерінің магистральды автожолы) салу; Астана қаласында Сарыарқа көшесінің № 23-тен № 36 аралығының құрылысы (құрылыс комплекспен Гастелло көшеге қарай) (2005 жылғы 21 маусымдағы № 2-361/05 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Астана қаласында А.Иманов және Л.Гумилев көшелері ауданындағы көлік айырығының құрылысы (2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 2-855/05 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Астана қаласында Есіл өзені арқылы Қабанбай батыр даңғылы бойындағы көпірді қайта қалпына келтіру (Рамстор ауданы); Астана қаласында Сарыарқа көшесінен бастап Бөгенбай даңғылының Солтүстік объезіндегі 3-участокке дейін, Угольная көшесімен қиылысатын жол айрықты қайта қалпына келтіру (2006 жылғы 20 қарашадағы № 2-618/06 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Астана қаласында Сарыарқа көшесінің № 4 көшеден № 23 көшеге дейін учаскесін құрылысын салу (2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 2-741/04; 2005 жылғы 21 маусымдағы № 2-361/05 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Астана қаласында Есіл өзенінің М-2 жаңа автожол көпірінің құрылысы (2005 жылғы 24 маусымдағы № 2-368/05 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Астана қаласында Есіл өзенінің М-3 автожол көпірінің құрылысы (2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 2-721/04 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Астана қаласында Гастелло көшесінің N19 қиылысында көлік жолдарының айрығының құрылысы; Астана қаласында Гастелло көшесінің N19 қиылысында көлік айырығының құрылысы; Астана қаласында Гастелло көшесінің N12-№ 1 және N2-N19 көшесі учаскілеріндегі құрылысы (2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 2-677/03 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Астана қаласында М-2 көпірінен Ақбұлақ өз. участоктегі Гастелло көшесі кұрылысы; Астана қаласында Ақбұлақ өз.Гастелло көшесі бойындағы көпір (2006 жылғы 5 қазандағы № 2-526/06 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Астана қаласында Сары Арқа көшесінен»"Солтүстік айналма жол» көлік торабына дейінгі Бөгенбай даңғылын қалпына келтіру" IV-V телім - Угольная көшесінің қиылысындағы екі деңгейлі көлік торабының соңынан»Астана қаласын айналып» өтетін автомобиль жолындағы көлік торабына дейін (2005 жылғы 22 шілдедегі № 2-471/05 және 2005 жылғы 16 қарашадағы № 2-657/05 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Астана қаласында Манас көшесінен бастап № 12 көшеге дейінгі N41 көшені салу; Астана қаласында Манас көшесінен бастап № 12 көшеге дейінгі N42 көшені салу; Күмісбеков көшесінен бастап Астана қаласының Солтүстік-батысын айналып өткенге дейінгі учаскедегі Тілендиев даңғылын қайта жаңарту; Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында Ертіс өзені арқылы өтетін көпір салу; Атырау қаласында Орал өзені арқылы өтетін көпір өткелін салу (2006 жылғы 16 наурыздағы № 2-128/06 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Ақмола облысында "Мәдениет Мариновка" автожолына шыға бере»"Петровка - Каменка-Острогорка" автожолын қайта жаңарту (2006 жылғы 29 мамырдағы N19/176-2006 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Ақтөбе облысында Ойыл - Қара ой автожолындағы Дайра (Жекендісай) өзені арқылы өтетін көпір өткелін қайта жаңарту (2006 жылғы 17 ақпандағы N6-69/06 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Ақтөбе облысында Хромтау темір жол станциясына кіреберісті салу (2006 жылғы 3 наурыздағы N6- 111/06 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Алматы облысында "Талдықорған-Текелі", 0-13 км автомобиль жолын қайта жаңарту (2006 жылғы 24 қазандағы N7-554/06 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Шығыс Қазақстан облысында»Риддер қаласының айналма жолы автомобиль жолын салу, 0-13,4 км (2005 жылғы 30 қарашадағы N9-774/05 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Жамбыл облысында Қаракемер-Қарасай батыр»автомобиль жолын салу, 0-28,8 км (2006 жылғы 24 наурыздағы N10-98 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Қарағанды облысында "Просторное-Жарық-Ақсу-Аюлы-Ақтоғай-Балқаш»автомобиль жолын қайта жаңарту, 255-265 км 2006 жылғы 21 қыркүйектегі№12- 210/06 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Қарағанды облысында "Қарағанды-Шахтинск-Есенгелді-Щербаковский-Киевка автомобиль жолын қайта жаңарту, 106-113 км (2006 жылғы 21 қыркүйектегі N12-209/06 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Қостанай облысында Федоровка- Ленин-Вишневка» жалпы пайдаланымдағы автожолын қайта жаңарту, 0-86 км (2005 жылғы 26 қазандағы N2-724/05 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Қостанай облысында Қойбағар-Қарасу- Севостополь»жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолын қайта жаңарту, 0-63 км (2006 жылғы 17 ақпандағы № 2-84/06 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Қостанай облысында Қарасу Үлкен Чураковка» жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолын қайта жаңарту, 0-114,09 (2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 2-962/05 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Қостанай облысында "Ұзынкөл-Сарыкөл» жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолын қайта жаңарту, 0-79 км (2005 жылғы 29 желтоқсандағы N2-963/05 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Қызылорда облысында«М 32 Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Бөген КНА-9 автомобиль жолын қайта жаңарту, 0-68 км (2006 жылғы 30 қазандағы N13-307/06 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Маңғыстау облысында Қызан-Ақшымырау автомобиль жолын салу (2006 жылғы 30 наурыздағы № 15-086/06 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Павлодар облысында Ивановка- Трофимовка автожолын қайта жаңарту, 74-80 км (2006 жылғы 18 наурыздағы N16-118/06 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Павлодар облысында Шақат-Восточное-Шалдай автожолын қайта жаңарту, 82-86 км (2006 жылғы 18 наурыздағы № 16-117/06 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Солтүстік Қазақстан облысында "М-51 -Петерфельд-Новокаменка-А-16» КТ-1 автожолын қайта жаңарту, 34 км (2006 жылғы 6 қарашадағы N17-699/26 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысында "Дербісек-Сарыағаш шипажайы-Арыншы" автожолының 31 км-дегі Келес өзені арқылы өтетін көпір өткелін салу (2006 жылғы 17 наурыздағы N18-104/2006 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысында Үшбұлақ кентінің жанындағы Келес өзені арқылы өтетін көпірді салу (2006 жылғы 17 наурыздағы N18-102/2006 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысында "Шымкент-Туетас- Сарыбұлақ" ОК-37 автомобиль жолын қайта жаңарту (2006 жылғы 17 наурыздағы N18-105/2006 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
| | | | Оңтүстік Қазақстан облысында "Қаратөбе-Ғ.Мұратбаев" автомобиль жолын қайта жаңарту, 0-8 км (2006 жылғы 16 тамыздағы № 18-389/2006 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысында Р/Д А-15 "Бозсу-Құйған-Қияжол" автомобиль жолын қайта жаңарту, 0-8 км (2006 жылғы 16 тамыздағы № 18-386/2006 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысында Р/Д А-2 "Алматы-Ташкент Қызыл-Сарқырама ауылына кіреберіс автомобиль жолын қайта жаңарту, 0-8,6 км (2006 жылғы 16 тамыздағы № 18-387/2006 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысында OК-50 "Достық-2 ауылына кіреберіс автомобиль жолын қайта жаңарту, 3-7 км (2006 жылғы 16 тамыздағы № 18-385/2006 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысында ОК-50 "Қазақстанға 20 жыл ауылына кіреберіс" автомобиль жолын қайта жаңарту, 0-5 км (2006 жылғы 16 тамыздағы N18-384/2006 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысында ОК-52 "Қапланбек-Жібек жолы»автомобиль жолын қайта жаңарту, 4-10,5 км (2006 жылғы 15 тамыздағы № 18-377/2006 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысында ОК-50 "Дербісек-Сарыағаш шипажайы-Қанағат-Арыншы" автомобиль жолын қайта жаңарту, 41-56 км (2006 жылғы 16 тамыздағы № 18-388/2006 ТЭН мемлекеттік сараптамасының қорытындысы); | | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу, Алматы қаласында метрополитен құрылысының бірінші кезегін салу бойынша орындалған жұмыстар көлемі.
Түпкі нәтиже: автомобиль жолдарының желісін дамыту үшін объектілерді пайдалануға енгізу.
Уақтылығы: жұмыстарды жүргізу кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНжЕ) сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
187-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратын ұстау»
деген 030 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 334440 мың теңге (үш жүз отыз төрт миллион төрт жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратын республикалық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1202 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Transport tower» ғимаратына (бұдан әрі - Ғимарат) шаруашылық қызмет көрсету, мемлекеттік қызметкерлер үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ғимаратқа техникалық және шаруашылық қызмет көрсету, жылумен, суық су, ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелеріне профилактикалық жұмыстарын жүргізу, Үкіметтік байланыс кабелін өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 030 | | "Transport tower" әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратын ұстау | Ауданы 32294 шаршы метр ғимаратты, соның ішінде: электртехникалық жабдықтарды, инженерлік желілер мен коммуникацияларды, желдеткіштің сору-шығару жүйесін, өрт қауіпсіздігін, өрт сигналын беру мен түтінді жоюды, сыртқы және ішкі желілері бар автоматты телефон станциясын ұстап тұру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; сыртқы инженерлік желілерге қызмет көрсету; суық-жылумен жабдықтау, ыстық және суық сумен жабдықтау жүйесінің профилактикалық жұмыстарын жүргізу, лифтілер жұмысы; Ғимаратты күзету; Ішкі үй-жайлары мен ғимараттың қасбетін, сондай-ақ оған жапсарлас аумақты таза ұстау, Ғимаратты санитарлық өңдеу, аумақтан қоқыс пен қарды әкету, оны абаттандыру, терезелерді және витраждарды жуу және ғимараттың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін басқа да қажетті жұмыстар; кіруді бейнебақылау жүйесі, конференция залдарындағы дыбыс күшейткіш жүйелері, көрсетілген жүйелерді қосалқы бөлшектермен және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету; ғимаратты күтіп ұстау бойынша жабдықтаушы функциясын орындау, ғимаратқа шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, ғимаратты сақтандыру. Ғимаратқа шаруашылық қызмет көрсету үшін қажетті тауарларды сатып алу. Қазандықагрегаттарды, лифттерді, энергожүйелерді тексеруге қатысты сұрақтарды шешу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасын ың Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Мемлекеттік қызметті пайдаланушылар: мемлекеттік қызметкерлер.
Тікелей нәтиже: ауданы 32294 шаршы метр ғимаратты күтіп ұстау, ғимараттың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлер үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау мақсатында ғимаратқа профилактикалық жөндеу жұмыстарын, инженерлік, санитарлық жұмыстарды, көгалдандыру мен абаттандыруды уақтылы жүргізу.
Түпкі нәтиже: ғимараттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлер үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: республикалық бюджет қаражаттарын тиімді шығындау.
Уақтылығы: жыл бойы.
Сапасы: техникалық нормаға сәйкес.