3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүріп өтуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, көгалдандыру, күтіп ұстау, пайдалануды басқару жөніндегі жұмыстарды, авариялық көпірлерді күрделі жөндеуге арналған жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік сараптамадан өткізу, жол-құрылыс және мемлекеттік сараптамадан өту, көпірлерді күрделі жөндеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Республикалық маңызы бар автожолдарды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, ұстау, көгалдандыру, диагностика және аспаптық құралдармен тексеру | Авторлық қадағалауға, жер бөлуге, қозғалмайтын мүлікті тіркеу, жолдарды және жол құрылыстарын, көпірлерді, ғимараттарды, өндірістік базаларды күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға, материалдарды дайындауға, жарықтандыру құрылғысына, мемлекеттік және экологиялық сараптама жүргізуге, технологиялық қамтамасыз етуге, техникалық қадағалауға, көпірді сынауға, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шығындары мен залалдарын өтеуге, жұмыстар көлемдері ведомостарын таралымдауға, нормативтік құжаттарды әзірлеуге және өңдеуге арналған шығындар. 1. Жобалық-сметалық құжаттамаға және шарттарға сәйкес автожолдарды, көпірді, жол құрылыстарын, ғимараттарды және өндірістік базаларды күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу, жолды күрделі жөндеуге арналған жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу, жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу және жарықтандыру. 2. Сметалық есептерге және шарттарға сәйкес орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу. 3. Ақаулық ведомость пен шарттарға сәйкес республикалық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу, автомобиль жолдарын басқару, диагностика және аспаптық құралдармен тексеру, өндірістік базаларға орман алқаптарын қоса алғандағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына техникалық паспорттар мен тұрақты жер пайдаланудың мемлекеттік актілерін ресімдеу, нормативтік құжаттарды әзірлеу және өңдеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына арналған жол-жөндеу жұмыстарын жүргізу, соның ішінде:
1) 108 км автожолдарды және 10 көпірді күрделі жөндеу;
2) жолды күрделі жөндеуге арналған жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;
3) авариялық көпірді күрделі жөндеуге арналған жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;
4) құбырлар мен көпірлерді жөндеумен кемінде 1589 км орташа жөндеу;
5) ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау, көгалдандыру, диагностика, республикалық маңыздағы жолдарда автомобиль жолдарына және өндірістік кешендерге жер учаскелерін бөлуді ресімдеу.
Түпкі нәтижесі:
1) қауіпсіз және үздіксіз жүріп өтуді қамтамасыз ету;
2) жүктер мен жолаушыларды белгіленген жерге дейін жеткізу мерзімдерін қысқарту;
3) көлік-құрамдас бөліктік шығындарды қысқарту;
4) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы авариялық учаскелерді азайту;
5) республикалық маңызы бар жолдарда авариялық көпірлердің санын қысқарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
1) күрделі және орташа жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес конкурс өткізу;
2) қолданыстағы нормаларға сәйкес жолдарды жөндеу және күтіп ұстау сапасына бақылау жүргізу.
Уақтылығы: жасалған шарттардың талаптарына сәйкес қаржы жылының ішінде.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
173-ҚОСЫМША
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Су жолдарының кеме жүретін жағдайда
болуын қамтамасыз ету және шлюздерді ұстау»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3320865 мың теңге (үш миллиард үш жүз жиырма миллион сегіз жүз алпыс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 9-бабы; «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ішкі су жолдары туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 21 желтоқсандағы № 1429 қаулысы; «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 қаулысы; «Су объектілерін кеме жүзетін су жолдары санатына жатқызу ережесін және кеме жүзуі үшін ашық кеме жүретін су жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 105 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі су жолдарында кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: навигациялық жабдықтарды қою (алып тастау) және күтіп ұстау, түбін тереңдету (жер қарпу), түзету, түбін тазарту жұмыстарын орындау арқылы кеме жүрісінің кепілдендірілген көлемдерін қамтамасыз ету; кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын (шлюздерді) қауіпсіз жұмыс жағдайында күтіп ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Су жолдарының кеме жүретін жағдайда болуын қамтамасыз ету және шлюздерді ұстау | Павлодар облысы: Ертіс өзенінің ұзақтығы 634 км. учаскелерінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету; 1500 мың текше м. көлемінде түбін тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар; түбін тазалау жұмыстары - 5500 т; тазарту жұмыстары 188 текше метр; флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 12 (бірлік); орташа жөндеу 7 (бірлік); жабдықтау мүкәммалы мен мүліктерін жасау және жөндеу; мемлекеттік техникалық өзен жабдығын жаңғырту және жаңарту, соның ішінде: жабдық флоты (1 бірлік) Шығыс Қазақстан облысы: Шығыс Қазақстан СЖК: Ертіс өзенінің ұзақтығы 796 км. учаскелерінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету; 50 мың текше м. көлемінде түбін тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар; Ертіс және Қара Ертіс өзендерінің ұзындығы 469 км. учаскелерінде арналық жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу; Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерін күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жүргізу; Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерінің авариясыз жұмысын қамтамасыз ету және терроризмге қарсы іс-шаралар жүргізу; Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерін қорғау жабдықтарымен жарақтау жөніндегі іс шаралар; Шулба шлюзін пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның ескертулерін жою бойынша іс шаралар; флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 27 (бірлік); орташа жөндеу 4 (бірлік); жабдықтау мүкәммалы мен мүліктерін жасау және жөндеу; мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту, соның ішінде: жабдық флоты (2 бірлік) қосалқы флот (1 бірлік) бірінші этаптағы құрылысты жүргізу (жоспарлау, дайындық жұмыстары және құрылысты дайындау) жер караваны құрамында: өздігінен жүрмейтін жер снаряды (1 бірлік), мотозавозня (1 бірлік), қосалқы флот (4 бірлік) Семей СЖК: Ертіс өзенінің ұзақтығы 288 км. учаскелерінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету; 415 мың текше м. көлемінде түбін тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар; түзету жұмыстары 55 мың текше м.; флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 18 (бірлік); орташа жөндеу 6 (бірлік); жабдықтау мүкәммалы мен мүліктерін жасау және жөндеу; еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерге аттестация жүргізу жөніндегі іс шаралар; мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту, соның ішінде: карчекран (1 бірлік). Батыс Қазақстан облысы: Жайық өзенінің ұзақтығы 623 км учаскелерінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету; 240 мың текше м. көлемінде түбін тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар; түбін тазалау жұмыстары - 5200 т; Жайық өзенінің ұзындығы 120 км учаскелерінде арналық жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу; флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 19 (бірлік); орташа жөндеу 5 (бірлік); жабдықтау мүкәммалы мен мүліктерін жасау және жөндеу; мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту, соның ішінде: жүзу краны (1 бірлік). Атырау облысы: Жайық өзенінің ұзақтығы 333 км. учаскелерінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету; 500 мың текше м. көлемінде жер қарпу (түбін тереңдету) жөніндегі жұмыстар флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 8 (бірлік); жабдықтау мүкәммалы мен мүліктерін жасау және жөндеу. Алматы облысы: Іле өзені мен Қапшағай су қоймасында 330 км. учаскелерінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету; 33 мың текше м. көлемінде түбін тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар; Іле өзенінің ұзындығы 330 км учаскелерінде арналық жобалау- іздестіру жұмыстарын жүргізу; флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 4 (бірлік); жабдықтау мүкәммалы мен мүліктерін жасау және жөндеу; негізгі құралдарды сатып алу, соның ішінде: "Нива" автомобилі (1 бірлік); радиостанция (4 бірлік); дәнекерлеу трансформаторы (1 жиынтық); Жылжымалы дәнекерлеу агрегаты (1 жиынтық); Қарағанды облысы: Балқаш өзенінде 978 км. учаскесінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету; флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 4(бірлік); жабдықтау мүкәммалы мен мүліктерін жасау және жөндеу; негізгі құралдарды сатып алу, соның ішінде: "Нива" автомобилі (1 бірлік); құтқару шеңбері - 4 бірлік; навигациялық жабдық - 8 бірлік | Жыл бойы; дейін навигация кезеңінде | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
ұзындығы 3982 км су жолдары учаскелерінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету;
2838 мың текше м. көлемінде түбін тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар;
55 мың текше м. көлемінде түзету жұмыстары;
10700 тонна көлемінде түбін тазалау жұмыстары;
188 текше км. көлемінде тазалау жұмыстар;
Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерін ұстау және ағымдағы жөндеу;
Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерінің авариясыз жұмысын қамтамасыз ету және терроризмге қарсы іс-шаралар жүргізу;
Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерін қорғау жабдықтарымен жарақтау іс-шаралар;
Шульба шлюздерін пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның ескертулерін жою бойынша іс шаралар;
Ертіс, Қара Ертіс, Жайық, Іле өзендері және Қапшағай су қоймасының ұзындығы 1249 км учаскелерінде арналық жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;
флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 92 бірлік; орташа жөндеу 22 бірлік;
негізгі құралдарды сатып алу "Нива" автомобилі - 2 бірлік; дәнекерлеу трансформаторы - 1 жиынтық; жылжымалы дәнекерлеу агрегаты - 1 жиынтық; құтқару шеңбері - 4 дана; навигациялық жабдық - 8 дана; радиостанция - 4 дана;
мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту бойынша, соның ішінде:
жабдық флоты (3 бірлік);
карчекран (1 бірлік);
жүзу краны (1 бірлік);
қосалқы флоты (1 бірлік);
жоспарлау, дайындық жұмыстары және құрылысты бастау (1 этапы) жер караваны құрамында: өздігінен жүрмейтін жерснаряды (1 бірлік), мотозовозня (1 бірлік), қосалқы флот (4 бірлік).
Соңғы нәтиже:
кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты авариялық жағдайлар санының төмендеуі; кеме қатынасы су жолдарын қанағаттанарлықсыз күтіп ұстауға арыздардың болмауы.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
су жолдарының кеме қатынасы жағдайында болуын қамтамасыз ету және шлюздерді күтіп ұстау жөніндегі шығын 1 км-ге - 303,3 мың теңге;
Өскемен шлюзін күтіп ұстау шығыны - 148 393 мың теңге;
Бұқтырма шлюзін күтіп ұстау шығыны - 163 707 мың теңге;
Шулба шлюзін күтіп ұстау шығыны - 168 736 мың теңге.
Сапасы және уақтылығы:
алдыңғы жылға қарағанда тасымалданатын жүк көлемінің 40 % өсуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
174-ҚОСЫМША
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылғы арналған
«Әуе көлігі инфрақұрылымын дамыту»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4559907 мың теңге (төрт миллиард бес жүз елу тоғыз миллион тоғыз жүз жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы» 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 377 қаулысы; «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 632 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әуежайлар инфрақұрылымы объектілерін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық талаптармен сәйкестікке келтіру үшін Қазақстан Республикасы әуежайларының жердегі инфрақұрылым объектілерін жаңғырту және дамытуды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Әуе көлігі инфрақұрылымын дамыту | | | |
2 | | 005 | Ішкі көздер есебінен жобаны іске асыру | Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына 3-қосымшаға сәйкес сомалар шегінде әуе көлігі инфрақұрылымын дамытуға бағытталған мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру: 1) Ақтөбе халықаралық әуежайын қайта жаңарту. Аэровокзал. (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2005 жылғы 1 шілдедегі № 186-ЖІЖ бұйрығы); 2) Шымкент қаласының әуежайындағы әуеайлақты қайта жаңарту. (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 224- ЖІЖ бұйрығы). | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жұмыс кестесіне сәйкес Ақтөбе қаласындағы әуежайдың аэровокзал кешенін қайта жаңарту - жалпы ауданы 7888 шаршы метр, соның ішінде қолданыстағы аэровокзал ауданы - 5000 шаршы метр және жаңадан жобаланған ауданы - 2888 шаршы метр; Шымкент қаласы әуежайында ұшу-қону жолағын қайта жаңарту - ЖҰҚЖ ұзақтығы 3300 метр, жасанды жамылғылар ауданы 376901,7 шаршы метр.
Түпкі нәтиже: Қазақстанның транзит әлеуетін дамытуды қамтамасыз етуге, авиакомпаниялардың да және жолаушылардың да сапалы әуежайлық қызметтеріне өсіп отырған қажеттіліктерін қанағаттандыруға, әуежайлардың негізгі өндірістік қорларын қайта жаңарту және жаңарту есебінен ұшу қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтық авиация әуежайларының желісін құру; Қазақстан Республикасының әуежайлары арқылы жолаушылар ағынын және жүк ағынын ұлғайту; отандық және шетелдік авиакомпаниялар орындайтын халықаралық та және ішкі де ұшулардың географиясын ұлғайту; Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық нормаларға жауап беретін жердегі инфрақұрылым деңгейін көтеру.
Уақтылығы: жұмыстар жүргізу кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНжЕ) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының нормаларына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
175-ҚОСЫМША
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Азаматтардың жекелеген санаттарына жол жүру төлемдерінің
ұсынылған жеңілдіктері бойынша өткен жылдардың міндеттемелері»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3024 мың теңге (үш миллион жиырма төрт мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жеңілдік қызметтегі кәсіпорындардың несиелік берешегін өтеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Азаматтардың жекелеген санаттарына жол жүру төлемдерінің ұсынылған жеңілдіктері бойынша өткен жылдардың міндеттемелері | Жеңілдік қызметтегі кәсіпорындардың несиелік берешегін өтеу, соның ішінде: 1) АҚ "Семейавиа"; 2) ААҚ "Ертіс-Авиа"; 3) ЖШС "Қатынас". | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Жеңілдік қызмет көрсеткен кәсіпорындардың несиелік берешегін өтеу.
Түпкі нәтижесі: кәсіпорындардың жағдайларын жақсарту.
Уақтылығы: қаржыландыру жоспарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
176-ҚОСЫМША
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Әлеуметтік маңызы бар облысаралық бағыттар бойынша
темір жол жолаушылар тасымалдарын субсидиялау»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 9520554 мың теңге (тоғыз миллиард бес жүз жиырма миллион бес жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы» 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 145 қаулысы; «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысы; «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысы; «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 377 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы тұрғындарының темір жол тасымалдарына қажеттіліктерін қанағаттандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалдарын ұйымдастырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын жабу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Әлеуметтік маңызы бар облысаралық бағыттар бойынша темір жол жолаушылар тасымалдарын субсидиялау | Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес облысаралық және халықаралық қатынастарда жолаушы тасымалдарын жүзеге асыруымен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен әлеуметтік мәні бар облысаралық және халықаралық қатынастар бойынша жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру.
Соңғы нәтижесі: Қазақстан Республикасы тұрғындарының темір жол көлігімен тасымалдарға қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жолаушы тасымалдаушылардың шығындарын өтеуді және тұрғындардың темір жол көлігімен жүруге қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Уақтылығы: жыл бойы.
Сапасы: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-І бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесіне сәйкес жолаушыларға үздіксіз және қауіпсіз қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
177-ҚОСЫМША
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Көлік және коммуникация саласындағы қолданбалы ғылыми
зерттеулер» деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 108142 мың теңге (бір жүз сегіз миллион бір жүз қырық екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы; «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығы; «Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 қаулысы; «Қазақстан Республикасының халықаралық көлік дәліздерін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 сәуірдегі № 566 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 мамырдағы № 726 қаулысы; «Қазақстан Республикасы мемлекеттік көлік саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 801 қаулысы; «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 Қаулысы; «Отандық, өңірлік және жаһандық нарықтардың қажеттіліктеріне бағытталған зерттеулерді жүргізудің, орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада республикада дамытылуы мүмкін тауарлар мен қызметтер өндірісін айқындаудың 2007-2008 жылдарға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 487 қаулысы.