- кеңейтілген білім шеңберінде бірреттік сипаттағы ақпаратпен тұтынушылықты қанағаттандыру қажеттілігі;
- дәстүрлі кітапханалық қорды электрондық түрдегі құжаттармен кеңейту және жеке тұлғалардың қолжазбаша және құнды кітаптарына сақтандыру қоры қызметін орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 116 | | Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту | Порталға шығарылатын, жұмыстарды бақылау мен үйлестіру механизмін анықтайтын құжаттарды іріктеу, белгілеу және сипаттау бойынша бірлескен жұмыс бағыттарын, мазмұны мен графиктерін айқындау жөнінде жұмыс тобын құру; Ғылыми ынтымақтастықты ұйымдастыру; Порталға арналған бағдарламалық қамсыздандыруды жасау немесе сатып алу; Электрондық құжаттарды іріктеу, белгілеу және сипаттау; Құжаттарды сипаттаудың жалпы стандарттарын, форматтарын, әдістемелерін және әдістерін жасау; Қажетті техникалық құралдарды сатып алу; Ақпараттық жүйені сатып алу; Порталда ресурстарды орнату және оны әкімшілендіру; Порталды жылжыту және жариялау; "Желтые страницы Казахстана" (қазақстандық сайттар каталогы) журналын шығару, "электронды үкімет" порталында журналдың электрондық үлгісін орналастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- «Ұлттық мұра» ақпараттық-танымдық веб-порталды ендіру тұжырымдамасын жасау;
- «Ұлттық мұра» ақпараттық-танымдық веб-порталды құру және өзектендіру;
- «Қазақстан Кітапханасы» мемлекеттік кітапханалық қорды қалыптастыру тұжырымдамасын жасау;
- «Қазақстан Кітапханасы» мемлекеттік кітапханалық қорын Интернет қызметтерімен қалыптастыру;
- техникалық құралдарды сатып алу;
- ақпараттық жүйені сатып алу;
- веб-порталды әзірлеу;
- «Желтые страницы Казахстана» (қазақстандық сайттар каталогы) журналын шығару, «электрондық үкімет» порталында журналдың электрондық үлгісін орналастыру.
Түпкі нәтиже: елде жалпы ақпараттық-мәдени кеңістікті құру, оны іске асыру барысында ақпараттық ресурстарды сипаттайтын жалпы стандарттарды, мәліметтермен алмасу форматтары, жалпы әдістемелері мен әдістері жасалады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: веб-порталды құруға кеткен орташа шығын - 191 500 мың теңге.
Уақтылығы: іс-шараларды бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес атқару.
Сапасы: Интернет желісін қазақстандық сегментпен ақпараттық толтыру және оқуға деген тұрғындардың ынтасын қалыптастыру.