Түпкі нәтиже: ақпарат кеңістігінде мемлекеттің қатысуын кеңейту, «Қазақстан» РТРК АҚ, «Егемен Қазақстан» РГ АҚ мен «Казахстанская правда» РГ АҚ-ның үлесінде мемлекеттің қатысуын нығайту. «Қазақстан» РТРК АҚ, «Егемен Қазақстан» РГ АҚ мен «Казахстанская правда» РГ АҚ-ның жарғылық міндеттерін сапалы орындау үшін материалдық-техникалық базаны жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: «Қазақстан» РТРК АҚ-ның номиналды құндылығы 10 000 (он мың) теңгені құрайтын 250 000 дана етіп, «Егемен Қазақстан» РГ АҚ-ның номиналды құндылығы 1 000 (мың) теңгені құрайтын 300 000 дана етіп, «Казахстанская правда» РГ АҚ-ның номиналды құндылығы 1 000 (мың) теңгені құрайтын 300 000 дана етіп акцияларын қосымша шығару.
Уақтылығы: жоспарланған іс-шараларды уақытында өткізу.
Сапасы: әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сапалы телерадиобағдарламалар шығаруды көбейту, сондай-ақ халықты нақты ақпаратпен қамтамасыз ету. Теледидар және радио бағдарламаларының техникалық сапасын жоғарлату, «Қазақстан» РТРК АҚ, «Егемен Қазақстан» РГ АҚ мен «Казахстанская правда» РГ АҚ-ның материалдық базасының техникалық жаңартуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
83-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік мәдениет ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру
және оларды қайта даярлау»
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 109368 мың теңге (бір жүз тоғыз миллион үш жүз алпыс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің шығармашылық кәсіби деңгейін жоғарылату арқылы мәдениет саласының дамуына жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік мәдениет ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету; нарық экономикасы талаптарының өсуіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы құрылымдық өзгерістерге сәйкес қызметкерлердің теориялық білімін, кәсіби шеберлігін жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | Мемлекеттік мәдениет ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау | Мемлекетте мәдениет ұйымдары кадрларының біліктілігін мәдениет пен өнер саласының негізгі бағыттары бойынша арттыру және қайта даярлау жөніндегі қызметтерін сатып алу. Мәдениет қызметкерлерін және К.Байсеитова атындағы Ұлттық опера және балет театры мамандарын шет елдерде тәжірибеден өткізу. | Ақпан -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің ел ішінде - 690 адамның теориялық және практикалық білімдерін жаңартуы, кәсіптік дағдыларды қалыптастыруы және бекітуі:
- тарихи-мәдени мұра 172 адам;
- мәдени-бос уақыт жұмыстары 172 адам;
- театр-концерт қызметі 172 адам;
- кітапхана ісі 174 адам.
Мамандарды шет елдерде тәжірибеден өткізу 40 адамнан аз емес.
Түпкі нәтиже: мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің білімі мен кәсіби шеберлігін арттыру арқылы қоғамның рухани байлықтары мен мәдени мұраларын сақтап қалу.
Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қажеттілігінің 2,9% қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік мәдениет ұйымдарының бір қызметкерін оқытуға кететін шығынның орташа құны:
- ел ішінде 25,5 мың теңге;
- шет елдерде 2 294 мың теңге.
Уақтылығы: жоспарланған шараларды оқу жоспарына сәйкес орындау.
Сапасы: мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби білімін және шеберлігін арттыру және тереңдету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
84-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Алматы қаласының бюджетіне республикалық бюджеттен берілген
2007 жылы мәдениет ұйымдарының жұмыс істеуіне арналған ағымдағы
нысаналы трансферттер»
деген 022 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 130632 мың теңге (бip жүз отыз миллион алты жүз отыз екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 31-бабы; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың рухани және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілген мәдениет ұйымдары қызметін үйлестіру және тиімді басқару.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 022 | | Алматы қаласының бюджетіне республикалық бюджеттен берілген 2007 жылы мәдениет ұйымдарының жұмыс істеуіне арналған ағымдағы нысаналы трансферттер | Ағымдағы мақсатты трансферттерді аудару. Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілген 5 мәдениет ұйымының қызметін қамтамасыз ету: Жастардың рухани және мәдени қажеттіліктерін өтеуге, жас ұрпақтың әлеуметтік бейімделуі мен мамандыққа икемделуіне көмек көрсетуге бағытталған мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүргізуге Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасын; Әдебиеттер сатып алу. Балалар мен жасөспірімдер арасында білім таратуға, балаларға кітапханалық-библиогра фиялық қызмет көрсетуге, олардың бойына моральдық-этикалық дағдыларды, оқу мәдениетін, ұлтжандылық пен ұлтаралық қатынастар мәдениетін сіңіруге С.Бегалин атындағы балалар кітапханасын; Әдебиеттер және негізгі құралдар сатып алу. Әдебиеттің біртуар қайраткерлері Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық мұрасын анықтау, сақтау, зерттеу және насихаттауға байланысты шараларды жүзеге асыруға бағытталған С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің Әдеби мемориалды мұражай кешенін; Негізгі құралдар сатып алу. Халықтық саз аспаптарын зерттеу және насихаттау, анықтау, жинау, комплектілеу, сақтаумен байланысты шараларды жүзеге асыруға Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейін; Театр өнері саласындағы мемлекеттік мәдениет саясатын жүзеге асыруға бағытталған сахналық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге Қуыршақ театрын. Негізгі құралдар сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Алматы қаласы әкімдігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 5 мәдениет ұйымын жергілікті бюджетке беру: Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы, С. Бегалин атындағы балалар кітапханасы, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің Әдеби мемориалдық музей кешені, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Қуыршақ театры.
Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының кітап қорын толтыру үшін - 3415 дана сатып алу.
С. Бегалин атындағы балалар кітапханасының кітап қорын толтыру үшін - 5000 дана, арнайы көшірме аппаратын, музыка орталығын, принтер - 2 дана, дыбыстық аппаратура, компьютерлер - 3 комплект сатып алу.
С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің Әдеби мемориалдық мұражай кешеніне компьютер, тұрмыстық техника 7 бірліктен кем емес, көшірме аппарат, орындық - 48 дана, кондиционер - 4 дана сатып алу.
Қуыршақ театрына театр креслоларын сатып алу.
Түпкі нәтиже: мемлекеттік қызмет көрсету деңгейінің оны алушыларға жақындауы.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Алматы қаласының халқын мәдени қызмет көрсетумен толығымен қамту.
Уақтылығы: 5 мәдениет ұйымын ағымдағы мақсатты трансферттермен уақтылы қамтамасыз ету.
Сапасы: мәдениет мекемелерін басқару әдістерін жетілдіру және мәдениет инфрақұрылымын жергілікті деңгейде оңтайландыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
85-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мәдениет объектілерін дамыту»
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 370000 мың теңге (үш жүз жетпіс миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамытудағы бағдарламаны бекіту туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) Әл-Фараби этномәдени орталығы мен кесенесін салу, Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыстың кесенесін және Каир қаласында (Египет Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыстың мешітін қайта жаңғырту және Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыс пен Әл-Фарабиге мүсінтас ескерткіштерін орнату жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» 2006 жылғы 8 тамыздағы № 221-ө өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет объектілерін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мәдениет инфрақұрылымын дамыту; еліміздің ұлттық мәдени игілігін тарихи-мәдени мұра саласында тиімді пайдалану.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 | | Мәдениет объектілерін дамыту | Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы құрылысын жүргізу (Технико-экономикалық негіздемеге Мемлекеттік сараптаманың 17.08.2005ж. № 2-83/05 қорытындысы); Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданында "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы құрылысын жүргізу (Технико-экономикалық негіздемеге Мемлекеттік сараптаманың 17.05.2005 ж. № 2-84/05 қорытындысы); Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) "Әл-Фараби" этномәдени орталығы мен кесенесін салуды бастау (этномәдени орталығын және кесенесін салу үшін тұрғын үй жайларды бұзу, бұзғаны үшін өтемақы төлеу, құрылыс алаңын дайындау); Каир қаласында (Египет Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыс мешітін қайта жаңғырту; Құрылыстың жүру барысына техникалық қадағалау жүргізу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- ұзындығы 2 км және ені 1 км болатын территориядағы айрықша материалдық мәдениет ескерткіштерін сақтау;
- орталық учаскедегі 40 және перифериядағы 30 - ежелгі қорғандар кешенін сақтау;
- 60 жұмыс орнын құру;
- геологиялық зерттеулер жүргізу;
- негізгі холл; қонақ күтуге арналған зал; Әл-Фараби шығармашылығына арналған зал; жай және электрондық кітапхана орны; көрме залы; мешіт; ерлерге және әйелдерге арналған жуынатын орын; ерлерге және әйелдерге арналған медициналық пункт; жатын бөлмелері; әкімшілік бөлім; дәріхана; тіршілікті қамтамасыз етуге арналған орын; электрмен жарықтандыру; компьютерлік техникамен және құрал-жабдықтармен жарақталған бейнезал; араб және қазақ тілдерін оқытуға арналған дәрісхана салу.
Түпкі нәтиже: айрықша материалдық мәдениет ескерткіштерді сақтау, кешенді жүйелеу негізінде ежелгі қорғандар кешенін сақтау, тарихи-мәдени ескерткіштерді танымалдандыру және зерделеу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жобаларды іске асырудың тиімділігін талдау нәтижесі бойынша анықтау.
Уақтылығы: іс-шараларды бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес атқару.
Сапасы: республика халқының мәдени-рухани деңгейін арттыру және Қазақстанның айрықша тарихи-мәдени мұраларымен әлемдік қауымдастықты таныстыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
86-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін
дамыту жөніндегі ақпараттық жүйелер құру»
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 948440 мың теңге (тоғыз жүз қырық сегіз миллион төрт жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі; «Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік тілдің жүйесін жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
- мемлекеттік тіл мәртебесін кеңейту және нығайту;
- іс-қағаздарында мемлекеттік тілдің негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
- шетелде тұратын отандастарды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық қорғау мен қолдаудың мемлекеттік жүйесін жасау;
- ҚР электрондық үкіметінің веб-сайтында қазақ тілін жүзеге асыру және толық қолдау;
- мемлекеттік басқару жүйесінде мемлекеттік тілді ендіру үшін қажетті жағдайлар құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту жөніндегі ақпараттық жүйелер құру | Қолданбалы сервистер әзірлеу және құру; аппараттық және базалық қамтамасыз ету бағдарламаларын сатып алу; қазақ терминологиясын жетілдіру бойынша бағдарламалар жасау; қазақ тіліне қолдау көрсетудің веб-порталын құру; кешенді электрондық сөздіктер әзірлеу. Түсіндірме, жиілік, орфографиялық, сөзжасам, тұрақты сөз тіркестері сөздіктерін шығару және бейімдендіру; электрондық кітапханалар мен оқытудың электронды бағдарламалар жүйесін әзірлеу; мәтінді бір шрифтік графиктен екіншісіне қайта кодтау жүйесін әзірлеу (кириллица, латиница, арабица). | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: іске асырылатын қолданбалы тілдік сервис (электронды қызмет) сенімді және масштабты ИТ-инфрақұрылым, қазақ тіліндегі мәтіндердің сәйкестілік мәселелерін шешу мүмкіндігін туғызатын қазақ терминологиясы бойынша бағдарламалар, мемлекеттік тіл саясаты бойынша қажетті ақпараттық материалдар мен тілді үйренуге арналған әдістемелік қорын қамтитын қазақ тіліндегі веб-портал, терминологиялық, салалық қостілдік электронды сөздіктер, мемлекеттік тілді оқытуға арналған электронды бағдарламалар, әдебиет пен мұрағаттық құжаттардың алғашқы нұсқасында қолдану мүмкіндігін беретін электронды кітапхана, әр түрлі шрифттермен терілген қазақ тіліндегі мәтіндерді қайта кодтау.
Түпкі нәтиже: мемлекеттік тіл саясатының тиімді іске асырылуы.
Уақтылығы: бекітілетін мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттарда белгіленген мерзімдеріне сәйкес.
Сапасы: қазақ тілінің инфрақұрылымының сапалы дамуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
87-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 25579 мың теңге (жиырма бес миллион бес жүз жетпіс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8-бабы; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 «2006-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресудің стратегиясы туралы» Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 «2006-2008 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу бағдарламасы туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» жөнінде қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы нашақорлық пен есірткі бизнесіне тиімді қарсыласуды әрі қарай тарату бойынша жүйенің негізгі буындарын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: есірткіні теріс пайдаланудың алдын алу, республикалық деңгейде нашақорлыққа қарсы спорт шараларын өткізу жолымен қоғамдық иммунитетті қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты насихаттау, жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, спорттың көпшілік қатынасқан түрлері бойынша жасөспірімдер мен жастар арасында республикалық жарыстарды өткізу, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсыласу жөніндегі аймақтық комиссиялардың жұмысы, жастардың нашақорлыққа қарсы сана сезімін қалыптастыру, әлеуметтік нашақорлыққа қарсы иммунитетті, салауатты өмір салтына табынушылықты қалыптастыруға, нашақорлыққа алып келетін факторлар туралы жастардың білімін арттыруға бағытталған «Хабар», «Ел-Арна», «Қазақстан» телеарналарында «Есірткісіз өмір», «Есірткі - бұл еш жаққа апармайтын жол», «Есірткісіз спорт» атты бейнероликтерін қазақ және орыс тілдерінде жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес | Мемлекеттік тілде және орыс тілінде теледидар бағдарламаларын шығару және тарату. Мемлекеттік тілде және орыс тілінде радио бағдарламаларын шығару және тарату. Мемлекеттік тілде және орыс тілінде бейнероликтерін шығару және көрсету. Республикалық газеттерде материалдарды басып шығару. | Жыл бойында | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Теледидар бағдарламаларын және бейнероликтерді шығару және «Қазақстан», «Хабар», «Ел-Арна» телеарналарында көрсету, жастар арасында нашақорлыққа қарсы насихат жүргізу жөнінде деректі фильмді жасау және көрсету, республикалық баспа басылымдарында материалдарды шығару, республикалық БАҚ өкілдерін, осы бағытта жұмыс істейтін сарапшыларды шақырып, нашақорлыққа қарсы насихаттың негізгі бағыттарын талқылау жөнінде семинарлар, тренингтер мен конференцияларды өткізу.
Тікелей нәтиже: «Нашақорлыққа қарсы насихат» тақырыбы бойынша 1 тренинг-семинарлар өткізу; «Нашақорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру барысында бұқаралық коммуникация арналарының рөлі» тақырыбы бойынша бір дөңгелек үстелді өткізу; «Нашақорлықты таратуға барысына қарсы күресуде БАҚ пен қоғамның орны» тақырыбы бойынша 2-ші ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізу; «Қазақстан», «Хабар», «Ел-Арна» телеарналарында 12 бағдарламаны шығару және көрсету; 2 тілдегі 7 ролик;
«Қазақстан», «Хабар», «Ел-Арна» телеарналарында 5 сағат бойы көрсету; жастар арасында нашақорлыққа қарсы насихат жүргізу жөнінде 1-ші деректі фильмді жасау және көрсету; 50 баспа басылымын және басылған беттерін шығару.
Халықтың сана сезімінде нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы нашақорлықпен күресу мәселелерінің бетін ашу.
Түпкі нәтиже: нашақорлыққа тәуелді адамдар санын азайту және нашақорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір тренинг-семинарды өткізу бойынша орта есеппен алған шығындар - 2000,0 теңгені құрайды, 1 ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізу бойынша шығындар - 2000,0 теңгені құрайды, бір "дөңгелек үстелді" өткізу бойынша шығындар 1946,6 теңгені құрайды.
Телеарналардағы теледидар бағдарламасын бір сағат көрсетудің құны:
«Хабар» - шығару - 152946 теңге, орналастыру - 128707 теңге;
«Ел-Арна» - шығару - 124846 теңге, орналастыру - 65667 теңге;
«Қазақстан» - шығару - 125870 теңге, орналастыру - 130504 теңге;
«Қазақ радиосы» - шығару - 62935 теңге, орналастыру - 62477 теңге.
Уақытылығы: жоспарланған іс-шараларды уақытында өткізу.
Сапасы: азаматтардың нашақорлықтың, есірткі қолдану салдарының зиянды екенін түсінуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
88-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 393000 мың теңге (үш жүз тоқсан үш миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметті» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
- «Ұлттық мұра» тақырыбы бойынша Қазақстанда таратылатын ақпараттық ресурстардың іздеу жүйесін электрондық түрде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін интеграцияланған ұлттық ресурстарды құру және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Yкіметінің және басқа да министрліктердің, сондай-ақ архивтердің, мұражайлардың, қорықтардың, кітапханалардың, ғылыми мекемелердің, ұлттық мәдени бірлестіктердің, шығармашылық кеңестердің, киноиндустрияның және т.б. сайттарын біріктіру;
- ақпаратттық теңсіздік мәселесін шешу және ақпаратты алу және тұрғылықты мекен-жайы мен әлеуметтік жағдайына байланыссыз туған тілін, мәдени қызметтерін қолдану бостандығы құқын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
- жалпы ұлттық мәдени кеңістікті нығайту, ел аймақтары арасында мәдени алмасуды кеңейту;
- ғаламдық ақпараттық желіге ұлттық мәдениетті интеграциялау;
- тұтас және жеке аспектілер бойынша Қазақстанның тарихы, мәдениеті, жағрафиясы, саясаты жөнінде жалпы білімдерді таратуға бағытталған, коллекцияларды қалыптастыру;
- ғылыми жұмыскерлер мен дайындығы жоғары деңгейлі мамандарды, соның ішінде жалпылама гуманитарлық пәндер саласындағы мамандарды тақырыпты (пәнді) терең оқытуға ықпал ету;
- тек оқу материалын ғана емес, сонымен бірге қажетті қосымша әдебиеттерді ұсыну арқылы ресми және бейресми білім беруге қолдау көрсету;