Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының денсаулығын жақсарту үшін республикалық спорттық медицина және оңалту орталығына кемінде 5 дана медициналық жабдық және спортшылардың допингке қарсы зертханасына арналған құрғақ блоктық термостат, майсыз компрессор және масс-спектометр сатып алу. Алматы қ. Олимпиадалық даярлау орталығының спорттық-сауықтыру базасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Түпкі нәтиже: жоғары деңгейдегі спортшылар даярлау жүйесін жетілдіру. Ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында республиканың құрама командалары мүшелерінің халықаралық жарыстарда, соның ішінде Әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарында қысқы спорт түрлері бойынша Азия ойындарында, Орталық Азия ойындарында, Спартакиадаларда табысты өнер көрсетуі және материалдық-техникалық базаны жақсарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір спортшыны даярлауға және қатыстыруға кететін шығынның орташа құны - 1307,7 мың теңге.
Уақтылығы: республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының халықаралық деңгейдегі рейтингін арттыру және әлемдік спорт аренасында Қазақстан спортының беделін нығайту, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмір салты қағидаттарын енгізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
62-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Туризм мен спортты институционалдық дамыту»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 54600 мың теңге (елу төрт миллион алты жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2001 жылдың 13 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы; «Экономиканың басым секторларында пилот кластерлерін жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 663 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: туристік өнімді халықаралық нарыққа және мемлекет ішінде өткізу мақсатында интерактивтік технологияларды енгізу, Қазақстан және оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты тарату, туризм инфрақұрылымын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: туристік қызметтің әлемдік нарығына отандық туристік өнімді шығару, туризм индустриясына жаңаша технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Туризм мен спортты институционалдық дамыту | "Республикалық туристік ақпараттық-орталық" акционерлік қоғамының жарғылық қорын қалыптастыру. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: туристік өнімді халықаралық нарыққа және мемлекет ішінде өткізу үшін, Қазақстан және оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты тарату үшін "Республикалық туристік ақпараттық орталық" акционерлік қоғамының жарғылық қорын қалыптастыру.
Түпкі нәтиже: туристік саланы экономиканың кіріс саласына айналдыру, жоғары табысты туризм индустриясын құру, туристік қызметтердің халықаралық нарығында ұлттық турөнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және іске асыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: номинал құны 10 000 (он мың) теңгелік 5 460 дана көлемінде қосымша акция шығару.
Сапасы: туризм объектілерінің қызмет көрсетуін жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
63-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Туризм мен спорттың ақпараттық жүйесін құру және дамыту»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 50000 мың теңге (елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексі; «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 14-бабы; «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 11-бабы, «Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономикалық өсімге және халықтың еңбекпен қамтылуына жәрдемдесу үшін елдің туристік және спорттық кешендерін одан әрі дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: министрліктің біріккен ақпараттық жүйесі және порталын құру. Ақпараттық жүйені кең қолдану арқылы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Туризм мен спорттың ақпаратттық жүйесін құру және дамыту | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жүйесін жоба алдындағы тексеру; Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ақпараттық жүйесінің тұжырымдамасын әзірлеу; ақпаратттық жүйені құру үшін техникалық тапсырма әзірлеу; туризм және спорттың ақпараттық жүйесін әзірлеу; портал құру; есептеуіш инфрақұрылымның техникалық құралдарын сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Ақпараттық қауіпсіздікті, мемлекеттік қаржы мен мүлікті жедел басқаруды қамтамасыз ету, мемлекеттің экономикалық өсуін тұрақтандыруға ықпал ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының туризмі және спортының дамуын ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
64-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 11292 мың теңге (он бір миллион екі жүз тоқсан екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 8-бабы; «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 Заңы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысы; «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы әрекеттің тиімділігін одан әрі тарату жөніндегі жүйелердің негізгі буындарын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: есірткіні пайдаланудың алдын алу, республикалық деңгейде есірткіге қарсы спорттық іс-шаралар өткізу арқылы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру; дене шынықтыру мен спортты насихаттау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес | Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналған бұқаралық-спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және спорт және жер-жерлерде өткізу. Шайбалы хоккейден екі жас топтары арасында жарыстар ұйымдастыру. Қоғамдық орындарда көрнекі үгіт құралдарын (жарнамалық қалқандар, билбордтар, әдістемелік құралдар, буклеттер және т.б.) орнату жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру. Футболдан "Былғары доп" турнирін ұйымдастыру. Жазғы және қысқы президенттік көпсайыстан республика чемпионатын ұйымдастыру. Стритболдан, кіші футболдан, үстел теннисінен жасөспірімдер клубтары арасында жарыстар ұйымдастыру. "Жоңғария" Республикалық туристік саяхатын өткізу. "Туризм есірткіге қарсы" туристік слетін өткізу. Жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, жасөспірімдер мен жастар арасында бұқаралық спорттан республикалық жарыстар өткізу; жастардың есірткіге қарсы санасын қалыптастыру; есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыруға, салауатты өмір салтын уағыздауға бағытталған қазақ және орыс тілдеріндегі бейнероликтерді прокатқа шығару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен, спортпен және туризммен шұғылдануға тарту.
Түпкі нәтиже: қоғамдық иммунитетті қалыптастыру, есірткіге тәуелді адамдардың санын азайту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: республикалық бюджет қаражатын тиімді бөлу.
Уақтылығы: Белгіленген уақытта жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалуы.
Сапасы: Азаматтардың нашақорлықтың зиянын, есірткі заттарын пайдаланудан кейін болатын өкінішті салдарларды сезінуі, республикалық және өңірлік деңгейлерде есірткіге қарсы іс-шаралар өткізу арқылы және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, балалар мен жастарға арналған спорттық-бұқаралық және туристік іс-шаралар ұйымдастыру арқылы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру.