Түпкі нәтиже: Республикалық спорт объектілерін салу велосипед спортынан жоғары дәрежелі спортшылардың, олимпиадалық спорт түрлері бойынша және шаңғы спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спортшылардың даярлығы үшін, халықтың қыс мезгілінде белсенді демалуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жоғары рентабельді индустрия құру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: инвестициялық жобаларды іске асырудың тиімділігіне бағалау жүргізудің негізінде анықталатын болады.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес орындалған жұмыс кесіміне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
56-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 81866 мың теңге (сексен бір миллион ceгіз жүз алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: халық арасында ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамытуға жағдай жасау, дене шынықтыру-спорт бірлестіктерінің және спорт клубтарының жұмысын жандандыру, ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамытуды бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау | Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен күнтізбелік спорттық іс-шараларға қатысу және өткізу ("Ақ бидай" ауыл ойындары, ТМД мемлекеттерінің халықаралық спорт ойындары, Параолимпиадалық ойындар). Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне арналған халық спорты ойындарын өткізу. Ел ішінде және шет елдерде ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын насихаттау. Ұлттық спорт түрлері бойынша спортшылар мен жаттықтырушыларды спорттық құрал-жабдықпен және киіммен қамтамасыз ету. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша кемінде 10 оқу-жаттығу жиынын, 42 республикалық жарыс өткізу және 20 халықаралық жарысқа қатысу.
Түпкі нәтиже: халықтың әртүрлі жіктерін ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарымен шұғылдануға тарту арқылы салауатты өмір салтын енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 іс-шараға жұмсалатын шығынның орташа құны - 1137 мың теңге.
Уақтылығы: республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес бұқаралық және ұлттық спорт түрлері бойынша іс-шаралар өткізу.
Сапасы: ұлттық спорт түрлерін дамыту және халық арасында оны кеңінен таныту арқылы Қазақстан Республикасының беделін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
57-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Спорт саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 40000 мың теңге (қырық миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 20-бабы; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2006 жылғы Туриндегі (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегі (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиадалық ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны-қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық спорт аренасында жоғары нәтижелерге қол жеткізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Тамақтанумен, медико-биологиялық және қалпына келтіру дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми-әдістемелер ұсынымдар әзірлеу, жаттықтырудың жаңаша әдістері арқылы спортшылар ағзасының функционалдық мүмкіндігін арттыру. Ғылыми негізде жаттықтыру және жарыс жүктемелерінің, демалудың, тамақтанудың, сондай-ақ қалыпқа келтіру, жұмысқа қабілеттілікті арттыру және спортшылар ағзасының функционалдық резервін жұмылдыру құралдарының қатаң балансталған жүйесін жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Спорт саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | Спорт саласында 4 тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізу: 1) орта тау, биік тау және жасанды гипоксия жағдайларында спортшыларды дайындаудың тиімді әдістемесінің әзірлемесі; 2) Қазақстан Республикасы құрамаларының кейбір мамандандырылған спортшыларының тамақтануын ұтымдандырудың және олардың тамағына биологиялық белсенді қоспаларды пайдаланудың негіздемесі; 3) Пекин қаласындағы XXIX жазғы Олимпиада ойындарына элиталық спортшыларды психологиялық дайындау; 4) Қазақстан Республикасының жоғары білікті спортшыларының спорт жарақатының және ауыруының алдын алу мен төмендету. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 4 тақырып бойынша ғылыми зерттеу жүргізу:
1) «Орта тау, биік тау және жасанды гипоксия жағдайларында спортшыларды дайындаудың тиімді әдістемесін әзірлеудің негіздемесі» орта тау, биік тау және жасанды гипоксия жағдайларында оқу-жаттығу жиындарын өткізу, спорт жүктемесін жоспарлау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленетін болады;
2) «Қазақстан Республикасы құрамаларының кейбір мамандандырылған спортшыларының тамақтануын ұтымдандырудың және олардың тамағына биологиялық белсенді қоспаларды пайдаланудың негіздемесі» аталған топ спортшыларына арналған тамақтану нормалары және функционалдық тамақтану өнімдері мен тамаққа арнайы биологиялық белсенді қоспаларды қолдану жөнінде ұсынымдар әзірленетін болады;
3) «Пекин қаласындағы XXIX жазғы Олимпиада ойындарына элиталық спортшыларды психологиялық дайындау» спортшылардың психо-эмоционалдық және дене жай-күйін, олардың денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті ұсынымдар әзірленетін болады;
4) «Қазақстан Республикасының жоғары білікті спортшыларының спорт жарақатының және ауыруының алдын алу мен төмендету» - жоғары білікті спортшылардың спорт жарақаты мен ауыруының алдын-алу және олардың денсаулығын сақтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірленетін болады.
Түпкі нәтиже: спорт саласында қызмет көрсетумен қамтамасыз етудің тұрақты дамитын жүйесі қалыптастырылады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір ғылыми жобаны іске асыруға қажет шығынның орташа құны 10 000 мың теңге.
Уақтылығы: ғылыми жобалардың уақтылы әзірленуін қамтамасыз ету. Жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалуы.
Сапасы: жоғары білікті спортшыларды дайындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
58-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік сыйлықтар»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 169 мың теңге (бір жүз алпыс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Жазушы Сейдахмет Бердіқұловты мәңгілік есте қалдыру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 желтоқсандағы № 1363 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: спорт және дене шынықтыру туралы үздік жарияланымдары үшін журналистерді ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: спорт және дене шынықтыру туралы үздік жарияланымдары үшін журналистерге мемлекеттік сыйлық төлеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Мемлекеттік сыйлықтар | Yш сыйлықты тапсыру үшін дипломдар әзірлеу, сондай-ақ байқауды ұйымдастыру және спорт пен дене шынықтыру туралы үздік жарияланымдары үшін үздік журналистерге сыйлықтар төлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: дене шынықтыру туралы жарияланымдары үшін үздік журналистерге арналған 3 мемлекеттік сыйлықтарды төлеу.
Түпкі нәтиже: жарияланған ең үздік еңбектері үшін журналистерді, Қазақстан Республикасының спорт саласындағы көрнекті өкілдерді ынталандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 мемлекеттік сыйлыққа төленетін орташа шығынның құны - 56,3 мың теңге.
Уақтылығы: жоспарланған мемлекеттік сыйлықтарды төлеуді қамтамасыз ету.
Сапасы: бұқаралық ақпарат құралдары қайраткерлеріне мемлекеттік қолдауды күшейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
59-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне спорт
объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1418903 мың теңге (бір миллиард төрт жүз он сегіз миллион тоғыз жүз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: спорттың инфрақұрылымын дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттерi | Тізбе бойынша және "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің соманың шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген смета-жобалау құжаттамаларына сәйкес мына іс-шараларға дене шынықтыру және спорт объектілерін дамытуға облыстық бюджеттер, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне арналған нысаналы трансферттерді аудару: 1) Астана қаласында теннис кортын салу; 2) Алматы облысы Талдықорған қаласы Жансүгіров көшесінде орналасқан спорт сарайын салу (24.11.06ж. № 7-637/06 Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); 3) Қызылорда облысы Арал қаласында спорттық-сауықтыру кешенін салу (30.01.2006 ж. № 13-14/06 ТЭН бойынша Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы). | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының, Алматы және Қызылорда облысының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Астана қаласында теннис кортын, Алматы облысы Талдықорған қаласында мұзды сарайын, Қызылорда облысы Арал қаласында спорттық-сауықтыру кешенін салу жөніндегі жұмыс көлемін орындау.
Түпкі нәтиже: тұрғындардың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету үшін спорт объектілерін іске қосу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жобаларды іске асырудың тиімділігін талдау нәтижелері бойынша.
Уақтылығы: жұмыс өнімділігінің кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
60-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 536068 мың теңге (бес жүз отыз алты миллион алпыс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 4 , 9 , 10, 11, 14,16-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тартымды туристтік объект ретінде Қазақстанның беделін арттыру және бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құруға байланысты туристік кластерді дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: туризм индустриясын дамыту үшін қолайлы инвестициялық климат тудыру; ұлттық турөнімді қалыптастыру және оның сапасының әлемдік деңгейге сай болуын қамтамасыз ету; туризм индустриясына жаңаша технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді енгізу; Қазақстанның халықаралық туристік беделін нығайту мақсатында ірі халықаралық ic-шараларды ұйымдастыру және оларға қатысу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру | Туристік саланы дамыту мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізу; туризмді дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік материалдар әзірлеу және басып шығару; Қазақстан Республикасында шетелдік жетекші туристік операторлар мен БАҚ өкілдері үшін ақпараттық турлар өткізу; Қазақстанның туристік болашағы туралы жарнамалық-ақпараттық материалдарды шетелдік БАҚ-та өндіру және шығару; Іле-Балқаш регатасын өткізу; "Сарқылмас саяхат" қазақстандық туристік жәрмеңкесін (жылжымалы) өткізу; Еуропаға арналған Халықаралық туристік комиссияның кезекті отырысына Қазақстанның қатысуы; Халықаралық туристік ұйымның Бас Ассамблеясының XVII сессиясына Қазақстанның қатысуы; Берлин қаласындағы (Германия) "ІТВ", Лондон қаласындағы (Англия) "WTM", Токио қаласындағы (Жапония) "JATA", Сеул (Оңтүстік Корея) қаласындағы "КОТҒА" халықаралық туристік көрмелеріне қатысу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) республиканың туристік болашағын таныту мақсатында бес халықаралық туристік көрмеге қатысуды қамтамасыз ету;
2) ішкі туризмді дамытуға және шетелдік туристерді тартуға жәрдемдесу мақсатында үш ішкі туристік іс-шара өткізу;
3) Қазақстан туризмі туралы ақпараттық вакуумды жою мақсатында туристік мүмкіндіктер туралы жарнамалық және ақпараттық-анықтамалық өнімдерді 88 000 данада басып шығару, туристік әлеует туралы бейнематериалдарды әлемдік арналарда жылына 299 рет эфирге шығару;
4) Еуропаға арналған Халықаралық туристік комиссияның кезекті отырысына және Халықаралық туристік ұйымның Бас Ассамблеясының XYII сессиясына Қазақстанның қатысуы;
5) туристік саланы дамыту мәселелері бойынша кемінде 2 семинар-кеңес өткізу.
Tүпкі нәтиже:
1) туристік қызмет көрсетулердің халықаралық нарығында бәсекеге қабілетті ұлттық туристтік өнімді жетілдіру және іске асыру;
2) әлеуетті туристердің Қазақстанның мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру;
3) жергілікті халық пен шетелдік азаматтардың арасында туристік мүмкіндіктерді таныту;
4) Қазақстанның оң туристік беделін қалыптастыру;
5) семинар-кеңестер кезінде туризм саласындағы мамандарды оқыту және тәжірибе алмасу;
6) экономикалық өсімге және халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу үшін елдің туристік кешенін одан әрі дамыту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1) Қазақстанның халықаралық туристік көрмелерге қатысуын қамтамасыз етуге кететін орташа шығыс - 43041 мың теңге;
2) бір ішкі туристік іс-шараны өткізуге кететін орташа шығыс - 6801 мың теңге;
3) туризмді дамыту мәселелері бойынша бір ақпараттық-анықтамалық материалды әзірлеуге және басып шығаруға кететін орташа шығыс - 0,4 мың теңге;
4) Қазақстанның туристік әлеуеті туралы жарнамалық-ақпараттық материалды шетелдік БАҚ-та бір рет эфирге шығаруға кететін орташа шығыс - 544 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: аталмыш бюджет бағдарламасы шеңберінде 2007 жылы іс-шараларды іске асыру Қазақстанның халықаралық туристік оқиғаларға қатысуға байланысты жұмысын жалғастыруға және күшейтуге, өзіндік іс-шаралар өткізуге және туризм саласына инвестициялар мен жеке капиталды тарту үшін жағдайлар туғызуға мүмкіндік береді.
Сапасы: туризм үшін тартымды ел ретінде Қазақстанның туристік беделін нығайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
61-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Жоғары жетістіктер спортын дамыту»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4237255 мың теңге (төрт миллиард екі жүз отыз жеті миллион екі жүз елу бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2 , 4 , 8 , 15, 18, 25, 30-баптары; «Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы № 774 қаулысы; «Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2006 жылғы Туриндегі (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегі (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиадалық ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу және халықаралық спорт аренасындағы Қазақстан Республикасының беделін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларына олимпиадалық резерв даярлау, республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарға қатысуы, республика құрама командаларын ұйымдық медициналық қамтамасыз ету, халық арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау және патриоттық тәрбие беру, құрама командалар спортшыларының шеберлігін арттыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, спортшылар мен жаттықтырушыларға әлеуметтік қолдау көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Жоғары жетістіктер спортын дамыту | Спорт түрлерінен халықаралық деңгейдегі спортшылар мен спорт резервін даярлау, спорттың түрлері бойынша республикалық жарыстар, оқу-жаттығу жиындарын өткізу және халықаралық жарыстарға қатысу (Азия, Еуропа, Әлем чемпионаттары және Әлем кубоктары, VI қысқы Азия ойындары, ҚР біріншіліктері, кубоктары, Достастық елдерінің халықаралық спорт жарыстары және басқа да халықаралық турнирлер); ұлттық штаттық командаларды материалдық қамтамасыз ету, спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының мүшелерін ресми халықаралық жарыстарға қатысу кезінде бір мәрте сақтандыру. Спорт түрлерінен жетекші спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын, соның ішінде шет елдерден жаттықтырушыларды келісім-шарт негізінде жұмысқа тарту. Жоғары жетістіктер спортын насихаттау. "Жыл спортшысы" Республикалық конкурсын өткізу. Олимпиадалық спорт түрлерінен КСРО және Қазақстан Республикасы құрама командаларында болған және кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар спортшыларды және жаттықтырушыларды - олимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлерін, әлем чемпионатының жеңімпаздарын заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде өмір бойы материалдық қамсыздандыру. Спортшыларды диспансерлік қадағалау және емдеу. Спорт түрлерінен спортшыларға, республикалық құрама командалардың мүгедектеріне медициналық консультативтік кеңес беру. Спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысушыларға медициналық қызмет көрсету. Спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысушыларды қамтамасыз етуге белгіленген нормаларды есепке ала отырып, фармакологиялық қалпына келтіру құралдарын, витаминдерді және белоктық-глюкозалық препараттарды, сондай-ақ халықаралық және республикалық спорт жарыстарының қарсаңында ағзадағы анаболик-стероидтердің және пептидті гормондардың болуын анықтау үшін тесттен өткізуге арнайы жабдықтар, химиялық реактивтер мен медикаменттер сатып алу. Жазғы және қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталықтарында олимпиада резервін даярлау. Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарының спортшыларын құрал-жабдықпен және киіммен қамтамасыз ету. Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының командаларына алынған спортшыларға арналған спорттық құрал-жабдықтар және жабдықтар сатып алуға Ұлттық штаттық командалар дирекциясына күрделі трансферттер аудару. Республикалық спорттық медицина және оңалту орталығына және Медициналық құрал-жабдықтарды алуға арналған допингке қарсы зертхана үшін арнайы жабдықтар сатып алуға, Республикалық олимпиадалық даярлау орталығына негізгі құралдар сатып алу үшін күрделі трансферттер аудару және Алматы қ. Олимпиадалық даярлау орталығының спорттық-сауықтыру базасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары мүшелерінің қысқы Азия ойындарында спорттың 10 түрінен және басқа халықаралық спорттық іс-шараларда орта есеппен спорттың 64 түрінен қатысу. Орта есеппен 677 оқу-жаттығу жиынын, 360 республикалық жарыс өткізу және спорт түрлерінен 480 халықаралық жарысқа қатысу.
Жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарын қоса алғанда халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін даярлау. Кемінде 2560 адамды, республика құрама командалары спортшыларын диспансерлік қадағалау және емдеу.
Спорт түрлерінен республиканың ұлттық құрама командаларын сапалы ұйымдастыру мақсатында Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы үшін автокөлік (шағын автобус, автомобиль), кемінде 52 дана спорттық құрал-жабдықтар сатып алу.
Олимпиадалық спорт түрлерінен КCPO және Қазақстан Республикасы құрама командаларында болған және кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар спортшыларды және жаттықтырушыларды - олимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионатының жеңімпаздарына - кемінде 110 адамға заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде өмірлік материалдық қамсыздандыру төлеу.
Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарында спортшыларды даярлауды жақсарту үшін кемінде 6 дана спорттық құрал-жабдық, синхронды жүзуге арналған музыкалық аппаратура - 1 дана, қарда жүру құралы - 1 дана, ретракт - 1 дана, автокөлік - 1 дана, тұрмыстық және кеңселік құрал-жабдық сатып алу. Спортшыларды велоспорт, бокс, күрес және атлетикадан олимпиадалық даярлықтың мамандандырылған орталықтарында даярлауға жағдайлар жасау үшін автокөлік (4 автобус, 4 автомобиль), кемінде 80 дана спорттық құрал-жабдық, велоспорттан, бокс, күрес және атлетикадан олимпиадалық даярлық орталықтарында дайындық жағдайларын жасау үшін тұрмыстық және кеңсе жабдықтарын сатып алу.