Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 14 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 наурыздағы № 302 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті функцияларын, өкілеттіктерін және мүлкін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) бере отырып таратылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Агенттік туралы ереже;
2) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген таратылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетінің штат санының лимиті мен шығыстары заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттікке беріледі деп белгіленсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 мамырдағы
№ 438 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) ғарыш қызметі саласындағы орталық атқарушы органдардың қызметіне басшылықты және заңнамада көзделген шекте оны салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің органдарында және банктерде заңнамаға сәйкес бюджеттік және валюталық шоттары болады.
Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілеттік берілсе, Агенттіктің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.
4. Агенттіктің заңды мекенжайы: Астана қаласы, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс.
5. Агенттіктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі» мемлекеттік мекемесі.
6. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
7. Агенттіктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен өз функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, ондай қызметтен түскен»кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Агенттіктің негізгі міндеттері
8. Агенттіктің негізгі міндеттері:
1) ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде ғарыш саласындағы қызметті үйлестіру мен мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасында мақсатты ғарыш жүйелерін, жер үсті ғарыш инфрақұрылымы, оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерін, ғарыштық зерттеулер мен технологияларды, кадрлық әлеуетті қамтитын ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту;
4) ғарыштық технологиялар мен қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасау;
5) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық базасын құру;
6) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік техникалық қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;
7) ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
8) өз құзыреті шегінде «Байқоңыр» кешенін Ресей Федерациясына жалға беру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру болып табылады.
3. Агенттіктің негізгі функциялары
9. Агенттіктің стратегиялық функциялары:
1) ғарыш саласын қалыптастыру мәселелерін қоса алғанда, ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу;
2) ғарыш қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде нормативтік құқықтық актілер мен ұсыныстар әзірлеу;
3) белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде халықаралық шарттар дайындау және қол қою болып табылады.
10. Агенттік заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік саясатты іске асыру саласында:
мақсатты ғарыш жүйелерін, жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін, ғарыштық технологияларды құруды және дамытуды, еліміздің экономикасы салаларының, қорғанысы және ұлттық қауіпсіздігі мүдделері үшін ғарыш техникасын стандарттауды және сертификаттауды;
ғарыш қызметі саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының»Байқоңыр» кешені жөніндегі халықаралық шарттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да халықаралық шарттарды орындау жөніндегі қызметін үйлестіруді және ғарыш қызметі саласындағы тиісті халықаралық ұйымдар мен институттардың қызметіне қатысуды;
Қазақстан Республикасындағы ғарыш инфрақұрылымы және ғарыш техникасы мен технологияларының әлемдік үрдісінің жағдайын талдауды және болжауды;
ғарыш қызметі саласында жұмыс істейтін заңды тұлғалардың қызметін талдауды;
ғарышкерлерді даярлауды ұйымдастыруды және үйлестіруді, ғарыш қызметі саласында кадрлар даярлауды және қайта даярлауды;
ғарыш қызметі саласында жұмыс істейтін мемлекет қатысатын ұйымдардың басқару органдарында мемлекеттің мүдделерін өз құзыреті шегінде білдіруді;
«Байқоңыр» кешенінің ұйымдастыру және өзге де шаруашылық мәселелерін өз құзыреті шегінде шешуді;
өз құзыреті шегінде ғарыш кеңістігін пайдалану жөніндегі қызметті лицензиялауды;
ғарыш объектілерінің тіркелімін жүргізу;
2) мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі бақылау саласында:
«Байқоңыр» кешені бойынша ғарыш қызметі саласындағы халықаралық шарттар талаптарының орындалуын бақылауды;
ғарыш қызметі саласындағы заңнаманың орындалуын бақылауды.
4. Агенттіктің құқықтары
11. Алға қойылған міндеттерді шешу және өз функцияларын жүзеге асыру үшін Агенттік заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдар мен заңды тұлғалардан
Агенттікке жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
2) ғарыш қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің
жобаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізуге;
3) қызметі ғарыш кеңістігін зерттеуге және пайдалануға байланысты халықаралық ұйымдарда мемлекеттің мүдделерін білдіруге, сондай-ақ ғарыш қызметі саласындағы шетел мемлекеттерінің ұйымдарымен келіссөздер жүргізуге және келісімдер (шарттар) жасасуға;
4) ғарыш саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарды және өзге де ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізуге;
5) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік материалдар әзірлеуге;
6) консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқа құруға;
7) өзінің қарамағындағы республикалық меншік ұйымдарындағы
акциялардың мемлекеттік пакеттерін және мемлекеттік қатысу үлестерін
иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға;
8) өзінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органы функцияларын жүзеге асыруға құқығы бар.
5. Агенттіктің мүлкі
12. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ құны Агенттіктің теңгерімінде көрсетілген өзге де мүлік есебінен қалыптасады.
13. Агенттікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
14. Агенттіктің, егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, смета бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған, өзіне бекітіп берілген мүлікті өздігімен иеліктен айыруға немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайлар мен шекте мүлікке иелік ету құқығы беріле алады.
6. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
15. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Төрағаның Агенттік төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметтерге тағайындайтын және қызметтерден босататын үш, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.
16. Агенттік төрағасы Агенттіктің қызметіне басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде ведомстволық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асырады әрі Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді.
17. Бұл мақсатта Агенттік төрағасы:
1) Агенттіктің бұйрықтарын шығарады;
2) өз орынбасарларының және Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері
басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) Агенттіктің қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын заңнамаға сәйкес қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде Агенттіктің құрылымы мен штаттық кестесін бекітеді;
5) мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Агенттіктің атынан
заңнамаға сәйкес өкілдік етеді;
6) Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
7) Агенттіктің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен
көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығарады;
9) Агенттік алқасының және ғылыми-техникалық кеңесінің жұмысын ұйымдастырады және олардың отырыстарында төрағалық етеді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
18. Агенттік төрағасының жанынан Агенттіктің алқасы мен ғылыми-техникалық кеңесі, сондай-ақ сандық, дербес құрамдары мен ережелерін Агенттік төрағасы бекітетін өзге де консультативтік-кеңесші органдар құрылады.
7. Агенттікті қайта құру және тарату
19. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 мамырдағы
№ 438 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
1. «Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)
2. «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)
Мемлекеттік мекеме
«Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі
Акционерлік қоғамдар
1. «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы
2. «Ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электро-магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» акционерлік қоғамы
3. «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 мамырдағы
№ 438 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне, лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 2 жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі».
2. «Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 қаңтардағы № 27 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 2, 9-құжат):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі «Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.».
3. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті» деген бөлім және реттік нөмірі 470-185-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» деген бөлімдегі реттік нөмірі 470-199-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 533, 534-жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
533 «Инфракос» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу құқығында) Байқоңыр қаласы
534 «Астрофизикалық зерттеулер орталығы»
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы».
4. «Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы Мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 мамырдағы № 477 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 15, 134-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссияның құрамында:
«Жантаев Жұмабек Шәбденамұлы - Қазақстан Республикасы Білім ғылым министрлігі Астрофизикалық зерттеулер орталығының бас директоры» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Жантаев Жұмабек Шәбденамұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры».
5. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитетіне» деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне»;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 282-1-жолмен толықтырылсын:
«282-1. «Ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электромагниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» АҚ;
«Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 278-жол алынып тасталсын.
6. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) дайындау жөніндегі нұсқаулық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 1996 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 570-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) дайындау жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақтың төртінші абзацындағы, 3-тармақтың екінші абзацындағы және 4-тармақтың бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне» және «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне» және «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Заңды және жеке тұлғаларға ғарыш кеңістігін пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы № 431 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Заңды және жеке тұлғаларға ғарыш кеңістігін пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру ережесінде:
7-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
12-тармақта:
«Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төраға;» деген жол алынып тасталсын;
«Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары;» деген жол алынып тасталсын;
мына:
«Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы;»;
«Жантаев Жұмабек Шәбденамұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Астрофизикалық зерттеулер орталығының бас директоры;»;
«Батырғажин Азамат Байқуанышұлы -«Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, төраға;»;
«Жантаев Жұмабек Шәбденамұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі» Астрофизикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;»;
«Батырғажин Азамат Байқуанышұлы -«Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті;».
9. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
4-тармақтың 2), 3) тармақшалары алынып тасталсын;
5-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
1-тармақта:
екінші абзацтағы «және аэроғарыш қызметі» деген сөздер «қызмет» деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы абзац алынып тасталсын;
10-тармақта:
1) тармақшаның төртінші абзацындағы «және аэроғарыш қызметі, ғарыш кешенін дамыту» деген сөздер «қызмет» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшаның екінші, үшінші және төртінші абзацтарындағы «және аэроғарыш қызметі», «және аэроғарыштық өнім», «аэроғарыштық қызмет,» деген сөздер алынып тасталсын.
10. «Салыққа жатпайтын түсімдерді өндіріп алуға жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы № 1303 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген салыққа жатпайтын түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесінде:
«жауапты» деген сөзден кейін «және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 8-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі».
11. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 648-құжат) қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
12 «Көлік және коммуникация» функционалдық тобында:
4 «Әуе көлігі» кіші функциясында:
мынадай бюджеттік кіші бағдарламаларымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі алынып тасталсын:
«225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі»
042 «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі»
043 «Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін даярлау»
047 «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»;
9 «Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер» кіші функциясында:
мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламаларымен және кіші бағдарламаларымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
«601 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі»
001 «Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
001 Орталық органның аппараты
007 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
008 Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайларын және құрылыстарын күрделі жөндеу
009 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жабдықтау
017 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету
003 «Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін даярлау»
005 «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жарғылық капиталын
ұлғайту"
006 «Сенім артқан агенттер қызметіне ақы төлеу»
008 «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі»
100 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу»
101 «Өкілдік шығындарға арналған қаражат есебінен іс-шаралар өткізу»
105 «Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау»
109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу»;
13 «Басқалар» функциялық тобында:
9 «Басқалар» кіші функциясында:
мынадай бюджеттік бағдарламаларымен бірге бюджеттік бағдарламалар әкімшісі алынып тасталсын:
«225 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі»
054 «Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын» «Байқоңыр» кешенінің объектілері мен мүлкін түгендеу және қайта бағалау»;
мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламасымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
«601 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі»
007 «Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын»»Байқоңыр» кешенінің объектілері мен мүлкін түгендеу және қайта бағалау».
12. «Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген реттік нөмірі 12-жолда:
3-бағанда:
«387» деген сандар «347» деген сандармен ауыстырылсын;
«204» деген сандар «194» деген сандармен ауыстырылсын;
«Аэроғарыш комитеті 40» деген жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-жолмен толықтырылсын:
«21. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі 40».
13. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген 3-бөлімде:
«Аэроғарыш комитеті» деген кіші бөлім және «Байқоңырбаланс 15» деген жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15-бөліммен толықтырылсын:
«15 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Байқоңырбаланс 15».
14. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: