«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 22 тамыздағы № 235-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
| Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 22 тамыздағы
№ 234-ө өкімімен
Бекітілген
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар
туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі
Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
| Р/с N | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қараша- дағы № 1237 қаулысына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИСМ (жинақтау), ЭБЖМ | 2007 жылғы тамыз |
| 2. | Оператор компанияны айқындау ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИСМ (жинақтау), Қаржымині, ЭБЖМ | 2007 жылғы тамыз |
| 3. | Арнайы экономика- лық аймақтар мәселелері жөніндегі сарап- шылық кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИСМ (жинақтау), ЭБЖМ | 2007 жылғы тамыз |
| 4. | Жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағын- да қызметті жүзеге асыруға жіберу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі- нің бұйрығы | ИСМ (жинақтау), Қаржымині | 2007 жылғы тамыз |
| 5. | Арнайы экономика- лық аймақтардың қызметін регла- менттейтін құжаттарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі- нің бұйрығы | ИСМ | 2007 жылғы тамыз |
| 6. | Арнайы экономикалық аймақ туралы тұжырымдаманы, экономикалық негіздемені және ереженің жобасын жасау жөніндегі талаптарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі- нің бұйрығы | ИСМ (жинақтау), ЭБЖМ | 2007 жылғы тамыз |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
| ИСМ | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
| Қаржымині | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
| ЭБЖМ | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |