3) дәрілік заттың әрбір атауын сатып алу үшін әрбір денсаулық сақтау ұйымы үшін (жергілікті және республикалық бюджеттерді қоса алғанда) өткен жылы бөлінген бюджет қаражатының мөлшері;
4) облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының мекен-жайлары көрсетілген дәрілік заттарды жеткізу кестесі;
5) дәрілік заттың әрбір атауы бойынша келесі жылға арналған қажеттілік есептемесі.
74-3. Өнім берушілерден дәрілік заттарды сатып алуды өткізу рәсімдерін Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттарды сатып алудың осы Ереженің 3-тармағында көзделген қағидаттарын, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдау қағидатын сақтай отырып, дербес белгілейді. Бұл ретте ондай дәрілік затты өндіруші не өндірушінің ресми өкілі мәртебесінің болуы әлеуетті өнім берушіні таңдаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттарға қойылатын талаптар осы Ереженің 4-тарауында көзделген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Бірыңғай дистрибьютор 2009 жылдың екінші жарты жылдығына дәрілік заттарды сатып алуды қоспағанда, қаржы жылы басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей, дәрілік заттарды тапсырыс берушіден дәрілік заттың әрбір атауы бойынша келесі жылға арналған қажеттілік есебінен тоқсан сайынғы қажеттіліктен кем болмайтын көлемде сатып алуды жүргізеді.
74-4. Тапсырыс берушілер жыл сайын, тиісті қаржы жылына арналған бюджет бекітілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьюторға келесі жылға арналған тізімде көзделген дәрілік заттар бойынша түпкілікті өтінімді ұсынады, онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) дәрілік заттардың атауы (халықаралық патенттелмеген атауларымен);
2) облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының, мекен жайларын көрсете отырып, дәрілік заттарды жеткізу кестесі;
3) дәрілік заттардың саны, ол алдын ала өтінімде көрсетілген дәрілік заттар санының 25 %-ынан (жиырма бес пайызынан) аспайтын мөлшерде ұлғайту немесе азайту жағына қарай өзгертілуі мүмкін.
74-5. Тапсырыс берушілер Бірыңғай дистрибьютордан дәрілік заттарды сатып алуды осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес Бірыңғай дистрибьютор мен Тапсырыс беруші арасындағы Дәрілік заттарды сатып алудың үлгі шартына сәйкес жасалған түпкілікті өтінім мен шарттардың негізінде жүзеге асырады.
5-бөлім. Қорытынды ережелер
75. Тендерді ұйымдастырушы дәрілік заттарды сатып алу туралы шарттың орындалуына енгізілген қамтамасыз етуді өнім беруші осы шарт бойынша өз міндеттемелерін шартта көрсетілген мерзімде толық және тиісінше орындағаннан кейін немесе, егер шартта бұл мерзім көрсетілмесе, өнім беруші міндеттемелерін толық орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
76. Егер өнім беруші шарт бойынша өз-міндеттемелерін орындамаса немесе тиісінше орындамаса (тауарларды жеткізіп беру мерзімдерін бұзу, сапасыз тауарлар беру, шарттың басқа да талаптарын бұзу) және/немесе шартта көзделген айыппұл санкцияларын төлемесе, онда тендерді ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарттың орындалуына өнім беруші енгізген қамтамасыз етуді ұстап қалады.
77. Тендерлік рәсімдерді өткізу кезінде тендерлік комиссия жіберген жолсыздықтар анықталған жағдайда, тендерді ұйымдастырушының басшысы тендерді жарамсыз деп тануға құқылы.
78. Ашылған тендерлік өтінімдер ықтимал өнім берушілерге қайтарылмайды. Банк кепілдігінің түпнұсқасы бұған жатпауы мүмкін, бұл ретте тендерді ұйымдастырушы осы құжаттың тендерді ұйымдастырушы куәландырған ксерокөшірмесін сақтауға тиіс.
79. Өткізілген сатып алу материалдары тендерді ұйымдастырушының тиісті іс номенклатурасында белгіленген тәртіппен сақталады.
Тегін медициналық көмектің
кепілді көлемін көрсету үшін
дәрілік заттар сатып алуды
ұйымдастыру мен өткізу ережесіне
1-қосымша
Алдағы болатын тендер туралы хабарландыру нысаны
____________________________________________________________мынадай
(тендерді ұйымдастырушының атауы)
тауарларды (тауарлардың қысқаша сипаттамасы және олардың құны көрсетілмеген саны (көлемі); (тендерді ұйымдастырушы сатып алынатын тауарлардың тізбесі, олардың саны және егжей-тегжейлі ерекшелігі тендерлік құжаттамада көрсетілген деп сілтеме жасауға құқылы) сатып алу бойынша тендер өткізу туралы хабарлайды.
Тауар жеткізілуі тиіс: (тауарларды жеткізу орны көрсетіледі).
Жеткізудің талап етілетін мерзімі_________
Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 200_ жылғы "____"
_________ №_____ қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің
кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесінің 7-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық ықтимал өнім берушілер жіберіледі.
Тендерлік құжаттама пакетін ж."____"____________ (тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқанға дейін 24 сағат бұрын уақыты мен күні көрсетіледі) қоса алғандағы мерзімде мына мекен-жай бойынша______________, №__________ бөлме сағат_____ -ден ____-ге дейін немесе мекен-жайы _____________ электрондық почта бойынша ықтимал өнім беруші тендерлік құжаттама төленгені туралы құжатты бергеннен кейін алуға болады.
Тендерлік құжаттама пакетінің құны ___________теңгені құрайды және_________ есепшотқа енгізіледі (тендерді ұйымдастырушының тиісті шоты көрсетіледі) (егер ақы төлеу көзделмесе, осы абзац алынып тасталады).
Ықтимал өнім берушілер тендерге қатысу үшін конверттерге жапсырылған тендерлік өтінімдерін (тендерді ұйымдастырушының атауы көрсетіледі) мекен-жай бойынша (толық мекен-жайы, бөлменің № көрсетіледі) табыс етеді (жібереді).
Тендерлік өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі (уақыты мен күні көрсетіледі) дейін.
Тендерлік өтінімдер салынған конверттер (уақыты мен күні көрсетіледі) мынадай мекен-жай бойынша (толық мекен-жайы, бөлменің № _____ көрсетіледі) ашылады.
Ықтимал өнім берушілер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы (қаланың коды мен телефон нөмірі көрсетіледі) телефон арқылы алуға болады.
Тегін медициналық көмектің
кепілді көлемін көрсету үшін
дәрілік заттар сатып алуды
ұйымдастыру мен өткізу ережесіне
2-қосымша
(Кімге)__________________________________________________________
(тендерді ұйымдастырушының атауы)
(Кімнен)_________________________________________________________
(ықтимал өнім берушінің атауы)
Тендерге қатысуға өтінім
(жеке және заңды тұлғалар үшін)
Оның алынғандығы осымен куәландырылатын__________________________
(тендердің атауы)
_________________________________________________________________
тендер өткізу жөніндегі тендерлік құжаттаманы қарай келіп,______
_________________________________________________________________
(ықтимал өнім берушінің атауы)
тендерлік құжаттамаға сәйкес мынадай лоттар бойынша тауарларды беруді жүзеге асыруды ұсынады:
_________________________________________________________________
(тауарлардың толық сипаттамасы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Осы тендерлік өтінім мыналардан тұрады:
1. ______________________________________________________________
2. ______________________________________________________________
3. ______________________________________________________________
4. ______________________________________________________________
5. ______________________________________________________________
6. ______________________________________________________________
7. ______________________________________________________________
8. ______________________________________________________________
9.______________________________________________________________ 10.______________________________________________________________
Мен (Біз), менің (біздің) тендерлік өтінімім(із) ұтып шықты деп танылған жағдайда,_________ күн ішінде тауарларды беруді бастауға және осы тендерлік өтінімде көрсетілген барлық тауарларды беруді (біздің) тендерлік өтінімім(із) ұтып шықты деп тану туралы Сізден хабарлама алған сәттен бастап ___________күн ішінде аяқтауға
(жазбаша)
міндеттенемін (міз).
Менің (біздің) тендерлік өтінімім(із) ұтып шықты деп танылған жағдайда, мен (біз) шарттың жалпы
сомасының _____________ пайызын
(жазбаша)
құрайтын сомаға сатып алу туралы шартты* орындауды қамтамасыз етуді енгіземін(міз).
Осы тендерлік өтінім тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап___________ күн ішінде қолданылады.
(жазбаша)
Сатып алу туралы шарт жасасқан сәтке дейін осы тендерлік өтінім оны ұтып шықты деп тану туралы Сіздің хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті шарт рөлін атқаратын болады.
______________ _____________________________
(Қолы, күні) (лауазымы, тегі, аты-жөні)
М.О.
__________________________________________________________ атынан
(ықтимал өнім берушінің атауы)
және тапсыруы бойынша тендерлік өтінімге қол қоюға барлық өкілеттігі бар.
_____________
* егер шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу тендерлік құжаттамада көзделген болса көрсетіледі.
Тегін медициналық көмектің
кепілді көлемін көрсету үшін
дәрілік заттар сатып алуды
ұйымдастыру мен өткізу ережесіне
3-қосымша
Ықтимал өнім берушінің тендерлік
өтінімінің бағалар кестесі
(ықтимал өнім берушінің атауы, әрбір лотқа жеке толтырылады)
Р/с № | Мазмұны | Тауарлардың атауы |
1 | 2 | 3 |
1 | Қысқаша сипаттамасы | |
2 | Шыққан елі | |
3 | Жасаушы зауыт | |
4 | Өлшем бірлігі | |
5 | Бірлік бағасы _____ __________ ____________________ ИНКОТЕРМС 2000 (жеткізілетін пункт) шартымен | |
6 | Саны (көлемі) | |
7 | Барлық бағасы = 5-жол х 6-жол | |
8 | Ықтимал өнім берушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кедендік баждарды, ҚҚС-ны және басқада салықтарды, төлемдерді және алымдарды төлеуге жұмсалатын барлық шығыстарды қоса алғанда________ ИНКОТЕРМС 2000 (жеткізілетін пункт) шартымен жалпы бағасы _____________ Ықтимал өнім беруші басқа да шығыстарды көрсетуге құқылы, оның ішінде: 8.1. 8.2. | |
9 | Шегерім ұсынылған жағдайда, оның мөлшері | |
10 | 9.1. 9.2. | |
Біз тендерлік құжаттамада айтылған Сіздің төлем шарттарыңызбен келісеміз. Төлемнің мынадай балама шарттарын
_________________________________________________________________
(егер мұндайлар бар болса, төлемнің балама шарттары санамаланады)
немесе басқа шарттарды (санамалау:) ____________________________)
ұсынамыз, бұл ретте _____________________________________________
(ақшалай мәнде жазбаша көрсетіледі)
________________________________ мөлшерде баға шегерімін береміз.
___________________________ ___________
(Лауазымы, тегі, әкесінің аты) (Қолы)
М.О.
Ескертпе: ықтимал өнім беруші 8-жолда көрсетілген жалпы бағаның құрамдастарын көрсетпеуі мүмкін, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны тендерлік комиссия ықтимал өнім берушінің барлық шығындарын ескере отырып, белгіленген ретінде қарайды және қайта қарауға жатпайды.
Тегін медициналық көмектің
кепілді көлемін көрсету үшін
дәрілік заттар сатып алуды
ұйымдастыру мен өткізу ережесіне
4-қосымша
Дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт
_____________________ _____ж. "___"_______
(орналасқан жері)
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын __________________________
(Тапсырыс берушінің толық атауы)
______________________________________________________ тұлғасында
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) бір тараптан
және ___________________________________________________________,
(Өнім беруші - тендер жеңімпазының толық атауы) бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын
_______________________________________________________ тұлғасында
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
_______________________________ негізінде әрекет ететін
жарғының, ереженің және т.б.)
екінші тараптан, Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесі мен ________ қаласында _______ ж."____ " ________№_______
сатып алу жөніндегі (тендердің атауы) тендердің қорытындыларының хаттамасының негізінде дәрілік заттарды сатып алу туралы осы шартты (бұдан әрі - шарт) жасасты және төмендегідей келісімге келді:
1. Тендерді ұйымдастырушы - (тендерді ұйымдастырушының атауы көрсетіледі) (тауарлардың қысқаша сипаттамасы) сатып алу туралы Тапсырыс беруші үшін конкурс жариялады және өнім берушінің сомасы (сомасы санмен және жазумен көрсетіледі) мөлшерінде (бұдан әрі - шарттың жалпы сомасы) осы тауарларды жеткізуге өнім берушінің тендерлік өтінімін қабылдады.
2. Осы шартта төменде санамаланған ұғымдардың мынадай түсіндірулері болады:
1) шарт - жазбаша нысанда бекітілген, барлық қосымшалары мен толықтыруларына тараптар қол қойған, сондай-ақ шартта сілтемелері бар барлық құжаттарымен Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
2) шарттың бағасы тапсырыс берушінің өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін шарт шеңберінде төлеуге тиіс бағаны білдіреді;
3) тауарлар - өнім беруші шарт шеңберінде тапсырыс берушіге жеткізетін тауарлар мен ілеспе қызметтер;
4) ілеспе қызметтер - осы шартта көзделген, тауарларды жеткізуді қамтамасыз ететін, мысалы, тасымалдау мен сақтандыруды және кез келген басқа қосалқы қызметтерді, мысалы, құрастыру, іске қосу, техникалық көмек көрсету, оқыту және басқа да осы тектес өнім берушінің міндеттерін қамтитын қызметтер;
5) тапсырыс беруші - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
6) өнім беруші - тапсырыс берушімен дәрілік заттарды сатып алу туралы жасасқан шартта шарт жасасушы агент ретінде әрекет ететін және шарт талаптарында көрсетілген тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
3. Төменде санамаланатын құжаттар мен онда айтылған шарттар осы шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
1) осы шарт;
2) сатып алынатын тауарлар тізбесі;
3) техникалық ерекшелік;
4) шартты орындауды қамтамасыз ету (бұл тармақша, егер тендерлік құжаттамада шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу көзделсе, көрсетіледі).
4. Өнім беруші сату мен жеткізуге, ал тапсырыс беруші тауарды саны мен сапасы осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, өнім берушінің тендерлік өтінімі мен тапсырыс берушінің (тендерді ұйымдастырушының) тендерлік құжаттамасына сәйкес қабылдап алуға және төлеуге міндеттенеді.
5. Төлем нысаны ___________________________________________
(аудару, қолма қол есеп айырысу, аккредитив және т.б.)
6. Төлемдердің мерзімі ______________________________________________________________________________________
(мысалы: тауарды бағдарланған пунктте қабылдағаннан кейін, немесе алдын ала төлем, немесе т.б. %)
7. Төлемнің алдындағы қажетті құжаттар:______________________________________________________
(шот-фактура немесе қабылдау-тапсыру актісі, немесе т.с.с.)
8. Осы шарттың шеңберінде жеткізілетін тауарлар, техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сай немесе олардан жоғары болуы тиіс.
9. Өнім беруші тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз, тапсырыс берушінің өзі осы шартты орындауға тартылған персоналдан басқа, кімге де болса шарттың қандай да бір ережелерін, сондай-ақ техникалық құжаттаманың, жоспарлардың, сызбалардың, нобайлар мен үлгілердің және тапсырыс беруші немесе оның атынан өзге тұлғалар ұсынған ақпараттың мазмұнын ашпауға тиіс. Көрсетілген аппарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті мөлшерде ғана ұсынылады.
10. Өнім беруші тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда санамаланған қандай да бір құжаттарды немесе ақпаратты, шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа, пайдаланбауға тиіс.
11. Техникалық ерекшелікте көзделсе, тапсырыс беруші немесе оның өкілдері тауарларға олардың техникалық ерекшелікке сәйкестігін растайтын, техникалық бақылау және/немесе сынақтар өткізе алады. Бұл сынақтардың барлық шығыстарын өнім беруші көтереді. Техникалық ерекшелікте тапсырыс берушіге тексеру мен сынақтың қандай түрлері қажет екені, сондай-ақ олардың қай жерде өткізілетіні көрсетіледі. Тапсырыс беруші осы мақсатқа арналған өзінің өкілдері туралы өнім берушіні жазбаша түрде және уақтылы хабардар етуі тиіс.
12. Техникалық бақылау мен сынақтар өнім берушінің немесе қосалқы мердігер(лер)дің аумағында, тауарларды жеткізу орнында және/немесе түпкі пунктінде өткізілуі мүмкін. Егер олар өнім берушінің немесе қосалқы мердігер(лер)дің аумағында өткізілсе, тапсырыс берушінің жағынан қандай да бір қосымша шығындарсыз, тапсырыс берушінің инспекторларына, сызбалар мен өндірістік ақпараттарды қолдану мүмкіндігін қоса алғанда, барлық қажетті қаражат беріледі және жәрдем көрсетіледі.
13. Егер техникалық бақылау мен сынақтардан өткен тауарлар техникалық ерекшелікке жауап бермесе, тапсырыс беруші олардан бас тарта алады және өнім беруші жарамсыз тауарды ауыстырады не тапсырыс беруші жағынан қандай да бір қосымша шығындарсыз, техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес қажетті өзгерістер енгізеді.
14. Жоғарыда аталған тармақтардың ешқайсысы өнім берушіні осы шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа міндеттемелерден босатпайды.
15. Өнім беруші тауарларды, оларды тендерлік құжаттамаға 1-қосымшада көрсетілген түпкі пунктке тасымалдау кезінде зақымдалудан немесе бұзылудан қорғайтын буып-түюін қамтамасыз етуі тиіс. Буып-түю тасымалдау кезіндегі, сондай-ақ ашық сақталғанда интенсивтік көтергіш-тасымалдық өңдеу мен экстремалдық температуралардың, пайда болған тұздар мен жауын-шашын әсерлеріне ешқандай шектеусіз шыдамды болуы тиіс. Буып-түйілген жәшіктердің габариттері мен олардың салмағын анықтаған кезде жеткізудің түпкі пунктінің алыстығы мен тауарлардың алып жүрудің барлық пункттерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуы ескерілуі қажет.
16. Жәшіктердің буып-түйілуі мен таңбалануы, сондай-ақ ішіндегі және сыртындағы құжаттама тапсырыс беруші белгілеген арнайы талаптарға қатаң сәйкес болуы тиіс.
17. Өнім беруші тауарларды жеткізуді сатып алынатын тауарлардың тізбесінде (1-қосымша) аталған тапсырыс берушінің шарттарына сәйкес төмендегідей жүзеге асырады:
а) шетелден жеткізілетін тауарлар үшін:
Өнім беруші тауарды жөнелткеннен кейін тапсырыс беруші мен сақтандыру компаниясын телекс немесе факс арқылы шарттың нөмірін, тауарлардың сипаттамасын, санын, кемені, коносамент нөмірі мен оның күнін, портты және жөнелту күнін, жүкті түсіру портын және т.б. қоса алғанда, тасымалдаудың барлық егжей-тегжейі туралы хабардар етуі тиіс. Өнім беруші тапсырыс берушіге мынадай құжаттаманы жіберуі тиіс:
1) тауарлардың сипаттамасы, саны, тауардың бірлік бағасы мен жалпы сомасы көрсетілген өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;
2) тасымалдау құжаттамасының түпнұсқасы мен 3 көшірмесі;
3) әрбір буып-түюдің мазмұны көрсетілген буып-түю парағының көшірмесі;
4) сақтандыру сертификатын;
5) даярлаушының немесе өнім берушінің кепілдік сертификаты;
6) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізілгені туралы куәлік, сондай-ақ өнім берушінің зауытында (егер мұндай болса) техникалық бақылау өткізілгені туралы есеп;
7) тауардың шығарылуы туралы сертификат.
Жоғарыда аталған құжаттарды тапсырыс беруші тауарлардың портқа немесе жеткізу пунктіне келгенге дейін ең болмағанда бір апта бұрын алуы тиіс және оларды алмаған жағдайда өнім беруші бұған байланысты барлық шығыстарға жауапты болады.
б) жергілікті тауарлар үшін:
1) тауарлардың сипаттамасы, саны көрсетілген, тауарлардың бірлік бағасы мен жалпы сомасы бар өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;
2) тасымалдау құжаттамасы, теміржол түбіртегі немесе автокөліктік жүк түбіртегі;
3) дайындаушының немесе өнім берушінің кепілдік сертификаты;
4) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізілгені туралы куәлік, сондай-ақ өнім берушінің зауытында (егер мұндай болса) техникалық бақылау өткізілгені туралы есеп;
5) тауардың шығарылуы туралы сертификат.
18. Шартқа сәйкес жеткізілетін тауарлар, олардың жасалуына, сатып алынуына, тасымалдануына, сақталуына және жеткізілуіне байланысты теңгеде (немесе еркін айырбасталатын валютада) толық сақтандырылуы (қажетті сақтандыру түрі көрсетіледі) тиіс. Сақтандыру полисінде тапсырыс беруші өнім берушімен бірге сақтандыру компаниясынан өтемақы алатын тарап ретінде аталуы тиіс.
19. Әскери іс-қимылдар мен ереуілдерге байланысты қауіп-қатерлерді қоса алғанда, "барлық қатерлерден" сақтандыру кезінде сақтандыру "қоймадан қоймаға дейінгі" шарт сомасының 110%-ы мөлшерінде болуы тиіс.
20. Өнім беруші тауарларды тендерлік құжаттамаға 1-қосымшада көрсетілген бағыт пунктіне дейін жеткізуі тиіс. Бұл тауарларды бағыт пунктіне дейін тасымалдауды өнім беруші жүзеге асырады және төлейді, ал бұған байланысты шығыстар шарттың бағасына кіргізіледі.
21. Тендерлік құжаттамада көрсетілген қызметтерді өнім беруші осы шарттың шеңберінде орындауы тиіс.
22. Қосалқы қызметтердің бағалары шарттың бағасына кіргізілуі тиіс.
23. Тапсырыс беруші өнім берушіден өнім беруші дайындайтын немесе сататын қосалқы бөлшектер туралы мынадай ақпарат, атап айтқанда, тапсырыс беруші өнім берушіден сатып алу үшін таңдап алатын және кепілдік мерзімі асқаннан кейін қолданатын қосалқы бөлшектердің құны мен номенклатурасын талап ете алады.
24. Өнім беруші өзінің қосалқы бөлшектерді өндіруін тоқтатқан жағдайда:
а) тапсырыс берушіге қажетті мөлшерлерде қажетті сатып алуды жүргізуге мүмкіндік беру үшін оны алдағы өндірістің жабылуы туралы алдын ала ескертуге;
б) қажет болған жағдайда, өндіріс тоқтатылысымен тапсырыс берушіге жоспарларды, сызбаларды және қосалқы бөлшектердің техникалық құжаттамасын тегін беруге тиіс.
25. Өнім беруші, егер шартта өзгеше көзделмесе, шарт шеңберінде жеткізілген тауарлардың жаңа болуына, пайдаланылмағандығына, жаңа үлгідегі немесе конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы модификацияларын көрсететін сериялық үлгілері екендігіне кепілдік береді. Өнім беруші бұдан әрі осы шарт бойынша жеткізілген тауарлар конструкциясына, материалдарына немесе жұмысына байланысты, жеткізілген тауарлар тапсырыс берушінің елі үшін әдеттегі жағдайларда қалыпты пайдаланған кезде ақаулары болмайтынына кепілдік береді. Тапсырыс беруші ұсынған техникалық ерекшелікке қатаң сәйкес өнім беруші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақаулар пайда болған жағдайда, өнім беруші оның (тапсырыс берушінің) техникалық ерекшелікте жіберген қателіктері үшін жауапты болмайды.
26. Бұл кепілдік тауарлардың барлық партиясы немесе нақты жағдайға байланысты оның бөлігі жеткізілгеннен және оларды шартта көрсетілген соңғы бағытының пунктінде қабылдап алғаннан кейін ______________________________________ күн ішінде күшінде болады.
(талап етілетін кепілдік мерзімі көрсетіледі)
27. Тапсырыс беруші осы кепілдікке байланысты барлық наразылықтары туралы өнім берушіні жедел түрде жазбаша ескертуге тиіс.
28. Өнім беруші осындай ескерту алғаннан кейін жарамсыз тауарларға немесе оның бөлшектеріне тапсырыс беруші жағынан қандай да бір шығыстарсыз неғұрлым жедел жөндеу жүргізуге немесе ауыстыруға тиіс.
29. Егер өнім беруші ескертуді алып, тапсырыс беруші талап еткен мерзімдерде ақау(лар)ды түзетпесе, тапсырыс беруші басқа да шарт бойынша тапсырыс берушінің өнім берушіге қатысты иелене алатын құқықтарына қандай да бір зиянын тигізбей, өнім берушінің есебінен ақауларды түзету жөнінде қажетті санкциялар мен шаралар қолдана алады.
30. Өнім берушіге жеткізілген тауарлар үшін төлем осы шарттың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімдерде жүргізіледі.
31. Тапсырыс берушінің шартта көрсеткен бағалары өнім берушінің тендерлік өтінімінде көрсетілген бағаларына сәйкес келуі тиіс.
32. Шарттың құжаттарына, екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, ешқандай ауытқулар немесе өзгерістер (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, жөнелту, буып-түю әдісі, жеткізу орны немесе өнім беруші ұсынатын қызметтер және т.б.) енгізуге болмайды.
33. Егер кез келген өзгеріс құнның немесе шарт бойынша тауарлардың қандай да бір бөлшегін жеткізу үшін өнім берушіге қажетті мерзімдердің төмендеуіне әкелетін болса, онда шарттың бағасы немесе жеткізу кестесі, немесе екеуі де тиісті түрде түзетіледі, ал шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Осы баптың шеңберінде түзетулер жүргізуге өнім берушінің барлық сұраулары тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өнім беруші өкім алғаннан кейін 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
34. Өнім беруші осы шарт бойынша тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз өзінің міндеттерін толықтай да, бөлшектеп те біреуге тапсырмауға тиіс.
35. Өнім беруші тапсырыс берушіге, егер бұл тендерлік өтінімнің құжаттарында айтылса, осы шарт шеңберінде жасасқан барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынуы тиіс. Қосалқы мердігерлердің болуы өнім берушіні шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.