Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің қарсаңында Қазақстан Республикасы бойынша үш айдан асатын салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы (болуы) туралы бірінші басшының не басшының орынбасарының қолы қойылып, осы салық органының мөрі басылып расталған анықтамасының түпнұсқасы;
конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің қарсаңында ықтимал өнім берушінің банктің (банктердің) алдында үш айдан асатын мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы бірінші басшының немесе тиісті растама болған кезде оны алмастыратын тұлғаның және бас бухгалтердің қолы қойылып, банктің (банктердің) мөрі басылған банктің (банктердің) анықтамасының түпнұсқасы (егер ықтимал өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, бұл анықтама осындай банктердің әрбірінен ұсынылады);
мамандардың біліктілігі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген олардың болуы және саны туралы мәліметтер;
өнімді ұсыну және оны Қазақстан Республикасының аумағында сату құқығына өндірушінің немесе оның Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің (өкілінің) сенімхатының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
егер ықтимал өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, осы ықтимал өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес және салық есебінде жоқ екендігі туралы Қазақстан Республикасының салық органы анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес ұсынылған, ілеспе қызметтердің құнын қоса алғанда, берілетін дәрілік заттардың түпкі бағасын құрайтын, ықтимал өнім берушінің барлық нақты шығындары қамтылуы тиіс ықтимал өнім беруші ұсынған баға кестесі;
4) мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері берген дәрілік заттарды сақтау мен тасымалдау үшін жағдайдың болуын, қажет болған кезде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары берген "суықтық тізбегінің" болуын тексеру актісі;
5) тауарлардың шыққан тегі мен сапа сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері немесе дәрілік заттардың бірінші партиясымен көрсетілген сертификаттардың берілуі туралы кепілхат;
6) техникалық ерекшеліктер;
7) ұсынылатын ілеспе қызметтер;
8) тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;
9) тендерлік құжаттамаға сәйкес ұсынылуы үшін қажетті басқа да құжаттар.
36. Дара кәсіпкер болып табылатын ықтимал өнім берушінің тендерлік өтінімінде мыналар қамтылуға тиіс:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерге қатысуға арналған өтінім және жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
2) өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар:
ықтимал өнім берушінің дәрілік заттарды көтерме саудада сатуға құқығын растайтын лицензиялардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін, тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің қарсаңында ықтимал өнім берушінің банктің (банктердің) алдында үш айдан асатын мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы бірінші басшының қолы қойылып, банктің (банктердің) мөрі басылған банктің (банктердің) анықтамасының түпнұсқасы (егер ықтимал өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, бұл анықтама осындай банктердің әрбірінен ұсынылады);
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің қарсаңында Қазақстан Республикасы бойынша үш айдан асатын салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы (болуы) туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, осы салық органының мөрі басылған анықтамасының түпнұсқасы;
мамандардың біліктілігі, мамандықтар бойынша жұмыс өтілі көрсетілген олардың болуы мен саны туралы мәліметтер;
өнімді ұсыну және оны Қазақстан Республикасының аумағында сату құқығына өндірушінің немесе оның Қазақстан Республикасындағы ресми өкілдігінің (өкілінің) сенімхатының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес бағаның кестесінде ұсынылған және берілетін дәрілік заттардың түпкі бағасын құрайтын ықтимал өнім берушінің барлық нақты шығындарын қамтитын ықтимал өнім беруші ұсынған баға;
4) дәрілік заттардың шыққан тегі мен сапа сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері немесе тауарлардың бірінші партиясымен көрсетілген сертификаттардың берілуі туралы кепілхат;
5) мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері берген дәрілік заттарды сақтау мен тасымалдау үшін жағдайдың болуын қажет болған кезде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының "суықтық тізбегінің" болуын тексеру актісі;
6) техникалық ерекшеліктер;
7) ұсынылатын ілеспе қызметтер;
8) тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;
9) тендерлік құжаттамаға сәйкес ұсынылуы үшін қажетті басқа да құжаттар.
37. Ықтимал өнім беруші тендерлік өтінімді табыс етудің мерзімі өткенге дейін өзінің тендерлік өтінімін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Ықтимал өнім берушінің тендерлік өтінімді кері қайтарып алу туралы хабарламасы жазбаша нысанда, бірақ тендерлік өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімінен кешіктірмей тендерді ұйымдастырушыға жіберілуге тиіс.
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді.
38. Тендерлік өтінімді ықтимал өнім беруші тігілген түрде, нөмірленген беттерімен ұсынады және соңғы беті мөрмен куәландырылады.
Тендерлік өтінімнің техникалық ерекшелігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің қолымен және мөрімен расталған) және кепілді қамтамасыз ету түпнұсқасы тендерлік өтінімге бөлек тіркеледі.
39. Ықтимал өнім беруші түпнұсқадан басқа «Түпнұсқа» және «Көшірме» деп көрсете отырып, тендерлік өтінімнің бір көшірмесін ұсынады. Олардың арасында алшақтық болған жағдайда түпнұсқаға басымдық беріледі.
Тендерлік өтінімнің түпнұсқасы мен көшірмесі мөрленуге немесе өшпейтін сиямен жазылуға және ықтимал өнім беруші қол қоюға тиіс.
Тендерлік өтінімде, ықтимал өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болған жағдайларды қоспағанда, жол арасында ешқандай қосу, өшіру немесе қосып жазу болмауға тиіс.
40. Ықтимал өнім беруші тендерлік өтінімнің түпнұсқасы мен әрбір көшірмесін оларға «Түпнұсқа» немесе «Көшірме» деген белгі салып, әртүрлі конверттерге салып мөрлейді. Бұл конверттерде ықтимал өнім берушінің атауы мен заңды мекен-жайы көрсетілуге тиіс. Бұдан кейін конверттер сыртқы конвертке салынып мөрленеді. Ішкі және сыртқы конверттер:
1) тендерлік құжаттамада көрсетілген мекен-жай бойынша тендерді ұйымдастырушыға жіберілуге;
2) «__________________ сатып алу жөніндегі тендер» және________________________________________________________________
(тендердің аты) (»конверттерді ашудың тендерлік құжаттамада көрсетілген күні мен уақыты)
дейін ашуға болмайды» деген сөздер жазылуға тиіс.
8-тарау. Тендерлік өтінімді кепілді қамтамасыз ету
41. Ықтимал өнім беруші тендерлік өтінімді табыс ету кезінде тендерлік құжаттамада көзделген тәсіл мен жағдайда оның тендерлік өтінімінде ұсынылған сатып алынатын дәрілік заттардың құнының үш пайызы мөлшерінде бір мезгілде кепілді қамтамасыз етуді енгізеді.
42. Тендерлік өтінімді кепілді қамтамасыз ету:
1) банкте орналастырылатын ақша кепілі;
2) банк кепілдігі түрінде берілуі мүмкін.
Ықтимал өнім беруші тендерлік өтінімді кепілді қамтамасыз етуді ақша кепілі түрінде тендерді ұйымдастырушының тиісті шотына енгізеді.
43. Тендерлік өтінімді кепілді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімнің әрекет ету мерзімінен көп болмауға тиіс.
44. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік өтінімді кепілді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлар болған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) тендердің жеңімпаз(дар)ын қоспағанда, тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі өткен;
2) тендерлік өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін ықтимал өнім беруші тендерлік өтінімді кері қайтарып алған;
3) тендерлік құжаттаманың талаптарына жауап бермейтін ретінде тендерлік өтінім қабылданбаған;
4) басқа ықтимал өнім беруші тендердің жеңімпазы болып танылғанда;
5) тендердің жеңімпазы анықталмай сатып алу рәсімі тоқтатылғанда қайтарып береді.
45. Тендерлік өтінімді кепілді қамтамасыз ету, егер ықтимал өнім беруші:
1) тендерлік өтінімді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді өзгерткен немесе кері қайтарып алған;
2) тендердің жеңімпазы болып анықталған, бірақ дәрілік заттарды сатып алу туралы шартты уақтылы жасаспаған жағдайда тендерлік өтінімді және оны қамтамасыз етуді ұсынған ықтимал өнім берушіге қайтарылмайды.
46. Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын ықтимал өнім берушілер, тендерлік өтінімді ұсынған кезде бір мезгілде тендерлік құжаттамада көзделген нысанда, тәсілмен және шарттарда өздерінің тендерлік өтінімдерінде ұсынылған сатып алынатын дәрілік заттар құнының бір жарым пайызы мөлшерінде тендерлік өтінімді кепілдемелік қамтамасыз етуді енгізеді.
9-тарау. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу
47. Тендерлік өтінімдер салынған конверттер тендерлік құжаттамада көрсетілген уақытта, мерзімде және орында ашылады.
Ықтимал өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде қатысуға құқылы.
48. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде тендерлік комиссияның хатшысы қатысып отырған тұлғаларға тендерге қатысып отырған ықтимал өнім берушілердің атауы мен мекен-жайын, олар ұсынған бағаны, жеткізу шарттары мен төлемді, егер олар құжатпен көрсетілсе, тендерлік өтінімдерді кері қайтарып алуды және өзгертуді, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты хабарлайды және бұл ақпаратты тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына тіркейді.
10-тарау. Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру
49. Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде:
1) тендерлік комиссия ықтимал өнім берушілерден олардың тендерлік өтінімдеріне байланысты тендерге қатысу үшін қарауды, бағалауды және өтінімдерді салыстыруды жеңілдетуге байланысты түсіндірулер сұратуға құқылы;
2) тендерлік құжаттаманың талаптарына жауап бермейтін тендерлік өтінімді осы талаптарға сәйкес келтіру үшін сауалдар, ұсыныстар немесе толықтырулар жасауға жол берілмейді.
50. Тендерлік комиссия, егер:
1) ықтимал өнім беруші біліктілік талаптарына сай келмесе;
2) ықтимал өнім беруші тендерлік құжаттамада көзделген нысанда, көлем мен шарттарда тендерлік өтінімді кепілді қамтамасыз етуді енгізбесе;
3) осы тендерлік өтінім тендерлік құжаттаманың талаптарына және осы Ереженің 39-тармағында белгіленген талаптарға жауап бермесе;
4) тендерге қатысуға жіберілген ықтимал өнім берушілердің тендерлік өтінімінің бағасы осы дәрілік заттарды сатып алу үшін бөлінген сомадан артық болса;
5) тендерге қатысуға жіберілген ықтимал өнім берушінің тендерлік өтінімінің бағасы демпингті болып табылса, тендерлік өтінімді қабылдамайды.
51. Тендерлік комиссия тендерді тұтас алғанда немесе қандай да бір лоты бойынша өтпеді деп таниды, егер:
1) тендерге қатысуға біліктілік талаптарын қанағаттандыратын кемінде екі ықтимал өнім беруші тендерлік өтінім ұсынса;
2) барлық берілген тендерлік өтінімдер тендерлік құжаттаманың талаптарына жауап бермейтін ретінде қайтарылған болса;
3) тендерге қатысуға өтінімді тек бір ғана ықтимал өнім беруші берген болса, тендерді өтпей қалды деп таниды. Тендерлік өтінім салынған конверт ашылмаған күйінде ықтимал өнім берушіге қайтарылады.
52. Егер тендер тұтас алғанда немесе қандай да бір лоты бойынша өтпеді деп танылса, тендерді ұйымдастырушы қажет болған жағдайда тендерлік шарт мазмұнын өзгертеді және қайтадан тендер өткізеді.
Тұтас алғанда немесе қандай да бір лоты бойынша қайтадан тендер өткізу қажет болған жағдайда тендерді ұйымдастырушы тендерлік өтінімдерді қабылдау аяқталатын күнге дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялайды.
53. Егер тендерде барлық ықтимал өнім берушілердің бағалары сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кетсе, тендерді ұйымдастырушы сатып алынатын дәрілік заттардың көлемін азайту туралы шешім қабылдауға және тендерде ұсынылған бағаларды ескере отырып, осы Ережеге сәйкес сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
54. Тендерлік комиссия тендерге қатысу үшін қабылданған тендерлік өтінімдерге баға береді және оларды салыстырады және тендерлік құжаттамада көрсетілген өлшемдерді ескере отырып, мыналарды қоса алғанда, ең төменгі баға негізінде жеңіп шыққан өтінімді айқындайды:
1) сатып алынатын дәрілік заттардың сапасы;
2) жеткізу мерзімдері;
3) төлем шарттары;
4) ықтимал өнім берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігі;
5) білікті персоналдың болуы;
6) дәрілік заттарды сақтау шарттарын қанағаттандыратын үй-жайлардың болуы;
7) ықтимал өнім берушілерді - отандық тауар өндірушілерді қолдау.
55. Тендерлік комиссия жеңімпаз тендерлік өтінімді анықтау кезінде отандық тауар өндірушінің - ықтимал өнім берушінің тендерлік өтінімінің бағасын шартты түрде жиырма пайызға азайтады.
56. Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде тендердің қорытындыларын шығарады.
57. Тендерлік комиссия тендер қорытындылары шығарылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде қатысқан барлық ықтимал өнім берушілерге тендер нәтижелері туралы хабарлайды.
Хабарламада мынадай ақпараттар болуы тиіс:
1) тендерде сатып алынған дәрілік заттардың атауы;
2) тендер жеңімпазының атауы мен орналасқан жері;
3) дәрілік заттардың бірлік бағасы туралы, сондай-ақ тендер жеңімпазы ұсынған дәрілік заттардың жалпы құны туралы мәліметтер.
11-тарау. Тендер қорытындылары туралы хаттама
58. Тендер арқылы сатып алуды жүзеге асырған кезде тендерлік комиссия тендердің қорытындылары туралы хаттама ресімдейді, онда мынадай ақпарат болуға тиіс:
1) сатып алынатын дәрілік заттардың атауы және қысқаша сипаттамасы;
2) тендерлік өтінімдерді табыс еткен ықтимал өнім берушілердің атауы мен орналасқан жері;
3) тендерлік өтінімдерді табыс еткен ықтимал өнім берушілердің біліктілік деректері;
4) әрбір тендерлік өтінімнің бағасы және басқа да негізгі жағдайлары;
5) тендерлік өтінімдерді бағалаудың мазмұны және оларды салыстыру;
6) тендерлік өтінімдер қабылданбаған жағдайда - оларды қабылдамау негіздері;
7) әрбір лот бойынша тендердің жеңімпазының атауы мен орналасқан жері және жеңімпаз анықталған шарттар;
8) егер тендер нәтижесінде жеңімпаз анықталмаса, тендерлік комиссияның мұндай шешім қабылдауға негіздемесі;
9) тендерлік құжаттамаға түсіндіруді беру туралы сауалдардың, оларға қайтарылған жауаптардың қорытылған мазмұны, сондай-ақ тендерлік құжаттамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың қорытылған мазмұны;
10) дәрілік заттарды сатып алу туралы шартқа қол қойылуға тиіс болған мерзім (тендер жеңімпазы хабарламаны алған сәттен бастап бес күнтізбелік күннен аспайды);
11) сарапшыларды тарту туралы ақпарат;
12) сатып алу үшін бөлінген сома.
59. Тендерге қатысқан ықтимал өнім берушінің жазбаша талабы бойынша оған тендердің қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесі беріледі.
Тендерге қатысқан ықтимал өнім беруші азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен тендердің қорытындыларына шағымдана алады.
3-бөлім. Дәрілік заттарды сатып алу туралы шарт жасасу тәртібі
60. Тендерлік өтінімді жеңімпаз деп тану туралы жазбаша хабарламаны және қол қойылған шартты тендерді ұйымдастырушы осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік заттарды сатып алу туралы тендердің қорытындысы шыққан күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде ықтимал өнім берушіге жібереді.
Дәрілік заттарды сатып алу туралы шарт, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, оған тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
61. Тендердің жеңімпазы оның тендерлік өтінімін жеңіп шықты деп тану туралы хабарламаны және дәрілік заттарды сатып алу туралы шарттың жобасын алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде шартқа қол қояды немесе тендерді ұйымдастырушыны келіспеушіліктер туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.
62. Егер тендер жеңімпазы деп танылған ықтимал өнім беруші дәрілік заттарды сатып алу туралы шартқа осы Ереженің 61-тармағында белгіленген мерзімдерде қол қоймаса, тендерді ұйымдастырушы жеңімпаздың ұсынысынан кейін ұсынысы Ереженің 54-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкес артықшылығы бойынша екінші болып табылса, тендерге басқа қатысушымен дәрілік заттарды сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы, ол тендердің қорытындылары туралы хаттамамен расталады.
63. Дәрілік заттарды сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа (бағасын төмендетуді қоспағанда) өнім берушіні таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертуі мүмкін қандай да бір өзгерістер және/немесе жаңа талаптар енгізуге жол берілмейді.
Өнім берушіні таңдау үшін негіз болған сапа, көлем және басқа да талаптар өзгермейтін жағдайда дәрілік заттарды сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа бағасын төмендету бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Тендерді ұйымдастырушы сатып алу туралы шартқа қол қойғанға дейін шарттың бағасын төмендету мақсатында тендердің жеңімпазы болып табылған ықтимал өнім берушімен келіссөздер жүргізуге құқылы. Ықтимал өнім беруші мұндай төмендетуге келіспеуге құқылы, бұл ретте тендерді ұйымдастырушының дәрілік заттарды сатып алу бойынша тендердің жеңімпазы болып танылған ықтимал өнім берушімен шартқа қол қоюдан жалтару құқығы жоқ.
Егер дәрілік заттарды сатып алу туралы шартты орындау үдерісінде сатып алынатын ұқсас тауарлардың бағалары төмендеу жағына өзгерген жағдайда, осы тармақтың ережелері ескеріле отырып, тендерді ұйымдастырушы мен өнім берушінің екі жақты келісімі бойынша дәрілік заттарды сатып алу туралы шартқа тиісті өзгерістер енгізілуі мүмкін.
12-тарау. Дәрілік заттарды сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу тәртібі
64. Дәрілік заттарды сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету:
1) банкте орналастырылатын ақша кепілі;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген банктік кепілдік түрінде белгіленуі мүмкін.
Ықтимал өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ақша кепілі түрінде тендерді ұйымдастырушының тиісті шотына енгізеді.
Дәрілік заттарды сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін тендерді ұйымдастырушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, шарттың жалпы сомасының үш пайызынан бес пайызына дейінгі мөлшерде белгілейді.
65. Егер тендерлік құжаттамада тендерді ұйымдастырушы атынан,
мемлекеттік мекеме шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуді ақша
кепілі түрінде көздеген жағдайда, олар тендерді ұйымдастырушының тендерлік құжаттамада көрсетілген тиісті кодына енгізіледі.
66. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мазмұнын, нысанын және енгізілу талаптарын осы Ережеге сәйкес тендерді ұйымдастырушы анықтайды, тендерлік құжаттамада көрсетіледі және дәрілік заттарды сатып алу туралы шартта айтылады.
67. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші шартқа тараптар қол қойғаннан кейін, егер бұл шартта өзгеше көзделмесе, он жұмыс күні ішінде енгізеді.
4-бөлім. Сатып алуды өзге тәсілдермен жүзеге асыру тәртібі
13-тарау. Сатып алудың көлемі айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын дәрілік заттарды сатып алу
68. Егер біртекті дәрілік заттарды сатып алудың жылдық көлемі құндық мәнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда өнім берушілерден ұсыныстар сұрату пайдаланылады.
69. Сатып алынатын дәрілік заттар осы Ереженің 10-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
70. Ұсыныстар сұратуды пайдаланып, құқылы айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын дәрілік заттарды сатып алуды қолдану мақсатында қаржы жылы ішінде дәрілік заттардың біртекті түрлерін сатып алудың жылдық көлемін бөліктерге бөлшектеуге жол берілмейді.
71. Тапсырыс беруші (тендерді ұйымдастырушы) кемінде екі өзара аффилиирлендірілмеген ықтимал өнім беруші арасында жазбаша ұсыныс сұратады және барлық түскен ұсыныстарды қарайды.
Әрбір ықтимал өнім беруші жазбаша түрде ресімделуі тиіс бір ғана баға ұсынысын береді.
Сатып алуға қатысу үшін ықтимал өнім беруші осы Ережедегі 7-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Дәрілік заттарды сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші (тендерді ұйымдастырушы) ең төмен баға тапсырыс берушінің (тендерді ұйымдастырушының) ұсынған талаптарына сәйкес келетін дәрілік заттарды ұсынған ықтимал өнім берушімен жасасады.
14-тарау. Бір көзден сатып алу және оны қолдану шарттары
72. Бір көзден сатып алу - бұл тендерді қолданбай сатып алу тәсілін білдіреді, мынадай жағдайларда ғана жүргізіледі:
1) тендерді жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, тендер екі мәрте өтпеді деп танылғанда;
2) баламалары болмаған кезде дәрілік зат бір өнім берушіде ғана болғанда;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен туындаған төтенше жағдайлар жариялау салдарынан осы дәрілік заттардың тендер өткізу мүмкіндігін жоққа шығаратын жедел қажеттіліктер туындағанда;
ҚР Үкіметінің 2009.31.03 № 448 Қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4) дәрілік заттардың қалдықтары болмаған кезде тендердің қорытындылары шығарылғанға дейінгі кезеңге күн сайын және (немесе) апта сайын қажеттілікке дәрілік заттарды сатып алуды жүзеге асыру қажет болғанда.
73. Бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші (тендерді ұйымдастырушы) ықтимал өнім берушіден:
1) осы ықтимал өнім беруші ұсынып отырған бағаның барлық қажетті негіздемелерін;
2) ықтимал өнім берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын осы Ереженің 7-тармағында белгіленген құжаттарды сұратады.
74. Бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші (тендерді ұйымдастырушы) хаттама жасауға тиіс, онда мынадай ақпараттар:
1) бір көзден сатып алу әдісін қолданудың негіздемесі;
2) сатып алынатын дәрілік заттардың қысқаша сипаттамасы;
3) дәрілік заттарды сатып алу туралы шарт жасалатын ықтимал өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы қамтылуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2009.31.03 № 448 Қаулысымен бөлім 14-1 тараумен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
14-1-тарау. Дәрілік заттарды Бірыңғай дистрибьютордан сатып алу
74-1. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тапсырыс берушілерді дәрілік заттармен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс берушілермен алдын ала келіскеннен кейін жыл сайын бірінші қыркүйектен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьютордан келесі жылға сатып алынуға тиіс дәрілік заттардың тізімін (бұдан әрі - тізім) бекітеді.
74-2. Тапсырыс берушілер жыл сайын тізім бекітілген күннен бастап жиырма күнтізбелік күннен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьюторға келесі жылға арналған алдын ала өтінімді ұсынады, онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) дәрілік заттардың атауы (халықаралық патенттелмеген атауларымен);
2) өткен жылы пайдаланылған дәрілік заттардың нақты саны;