116. Қару мен патрондарды әкелу (әкету) рұқсаттарының бланкілері қатаң есептегі құжат болып табылады және реттiк нөмiрлерiнiң қойылумен баспаханада дайындалады. Дайын бланкiлер қару мен патрондарды әкелу (әкету) рұқсаттарын беру есепке алу кітабына тіркеледі.
117. Әкелiнетін (әкетілетiн) қарудың әр данасы кеден пунктінде тексерiледi. Ол туралы деректер әкелiнетiн (әкетiлетiн) қару мен патрондарды есепке алу журналына енгiзiледi және қорытылған мәліметтер ай сайын Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiне ұсынылады.
Ескерту. Әкелiнетiн (әкетiлетiн) патрондар туралы деректер журналға: жарақталған патрондар саны бойынша, ал оқ-дәрi - салмағы бойынша жазылады.
19. Шетелдiк құқық қорғау органдарының арнаулы қызметтерi мен
әскерилендiрiлген ұйымдары қызметкерлерiнiң жауынгерлiк
қол атыс қаруын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу
және Қазақстан Республикасынан әкету тәртібі
118. Жауынгерлiк және жедел қызметтiк мiндеттердi шешу үшiн жауынгерлiк қол атыс қаруы мен суық қарудың бірлі жарым даналарын Қазақстан Республикасынан әкетудi және Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттік органдары мен олардың бөлiмшелерiнiң (бұдан әрi - Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құрамалар, арнаулы органдар) әскери қызметшiлерi және қызметкерлерi қаруды алып жүру құқығын растайтын құжат пен әкетiлетiн (әкелiнетiн) қару жазылған iссапар куәлiгiнiң негiзiнде жүзеге асырылады. Аталған құжат iссапар куәлiгiнiң көшiрмесiмен бiрге Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктiнде орналасқан кеден органына ұсынылады. Іссапар куәлiгiнiң көшiрмесiн кеден органының қызметкерi түпнұсқасымен салыстырғаннан кейiн нөмiрлiк мөр басу арқылы куәландырады және ол әкетiлетiн (әкелiнетiн) қарудың кедендiк ресiмделуiн жүзеге асырған кеден органының iсiнде қалады.
119. Қазақстан Республикасына шақыру бойынша немесе қызметтiк тапсырмаларды орындауына байланысты келген шетелдiк құқық қорғау органдары, арнаулы қызметтерi мен әскерилендiрiлген ұйымдары қызметкерлерiнiң жауынгерлiк қол атыс қаруын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуi мен Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуi тиiстi Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құрамалар, арнаулы органдар басшыларының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
120. Рұқсатта шетелдiк құқық қорғау органдары, арнаулы қызметтерi мен әскерилендiрілген ұйымдары қызметкерлерiнің тегi, аты, әкесiнiң аты, қарудың типi (маркасы), нөмiрi және калибрі, әкелiнетiн қарудың әрбiр бірлігiне арналған оқ-дәрiлердiң саны көрсетiледi. Рұқсатқа тиiстi Қарулы Күштердiң, басқа әскерлер мен әскери құрамалардың, арнаулы органдардың басшысы немесе оның орнындағы адам қол қояды. Рұқсатты және оның көшiрмесiн қабылдаушы тараптың өкiлi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктiнде орналасқан кеден органына ұсынады.
121. Рұқсатты және оның көшiрмесiн кеден органының қызметкерi оларды салыстырғаннан кейiн нөмiрлiк мөр басу арқылы куәландырады және ол әкелiнетiн қарудың кедендiк ресiмделуiн жүзеге асырған кеден органының iсiнде қалады. Қаруды Қазақстан Республикасына әкелу кезiнде кеден органы растаған рұқсаттың түпнұсқасы қаруды әкету кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктiнде орналасқан кеден органына ұсынылады және оның iсiнде қалады.
122. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген қару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
123. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану тәртібін бақылауды Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттік органдары мен олардың бөлiмшелерi жүзеге асырады.
20. Атыс тирлерi мен стендiлерiн ашуға рұқсат
берудiң тәртібі
124. Ұйымдар атыс тирлерi мен стендiлерiн iшкi iстер органдарының рұқсаттары бойынша, маңындағылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шарттары сақталған жағдайда ашады.
125. Шағын калибрлi қарудан атуға арналған ашық тирлердi елдi мекендерге 2 шақырымнан жақын қашықтықта, ал iрі калибрлi қарудан атуға арналған тирлердi - 6 шақырымнан жақын қашықтықта жабдықтауға тыйым салынады.
Жартылай ашық тирлердi қалаларда және қала үлгiсіндегі кенттерде орналастыруға тыйым салынады.
126. Атыс аймағының сыртқы қоршаулары мен оқтарды ұстап қалу құрылғыларының сипатына қарай нысана ату спортына арналған құрылыстардың бiрнеше үлгiлерi: бiрнеше ашық тирлерден тұратын атыс алаңдары-кешендерi; көлденең және бүйiрiнен ұстап қалатын қалқандар көзделмеген оқ өтпейтiн қабырғалары мен төбесi бар жабылған (жабық) тирлер; оқ өтпейтiн қабырғалары және төбесiнде көлденең ұстап қалатын қалқаны бар жартылай ашық тирлер; оқ қабылдағыштары және бүйiрiнде топырақ үйiндiлерi мен қажеттi қауiпсiздiк аймақтары бар ашық жер учаскелерi белгiленген.
127. Тирдiң, атыс алаңының немесе атыс-аңшылық стендiсiнiң пайдаланылу жарамдылығы iшкi істер органдарының, өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының өкілдерi жасаған актiлерде айқындалады.
128. Атыс қаруы мен патрондарды Астана және Алматы қалаларында, облыс орталықтарында, аудандарға бөлiнетiн iрi өнеркәсiптi қалаларда орналасқан спорт қоғамдарының қарамағындағы спорттық-атыс клубтарындағы, балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептеріндегі тирлердегi iшкi iстер органдарының орталықтандырылған күзет пультiне тартылған немесе орталықтандырылған бақылау пультiне қосылған бiрнеше шепті күзету белгі беру құралдары бар, жұмыс уақытында белгi беру құралдары ажыратылған кезде қарулы күзет қойылатын және әкiмшiлiк қатаң өткізу режимi жүзеге асырылатын, осы Ереженің 7-9-тармақтарының талаптарына жауап беретін арнайы жабдықталған қоймада сақтауға жол берiледi. Тир үй-жайының күзетi ондағы қарудың сақталуын қамтамасыз ету, атыс қаруын иелену мақсатындағы шабуылға тойтарыс беру үшін қойылады және қызметтік қарумен (тапаншалармен немесе револьверлермен) қаруланады.
129. Өткізу және объект iшіндегі режим жөніндегі нұсқаулықты тир әкiмшiлiгi күзетiлетiн объект ерекшелiктерiн ескере отырып әзiрлейдi, ол аумақтық iшкi iстер органымен келісiледi және жоғары тұрған ұйымның басшысы бекiтедi. Тирге өткізу режимi кіру мен шығудың, қаруды, патрондарды және басқа материалдық құндылықтарды алып кірудiң, алып шығудың, (әкетудiң) қатаң тәртібін орнатуды көздеуi керек. Объект iшіндегі режим тир жұмысының iшкi тәртібін сақтауды (қызметкерлердiң жұмыс уақытының режимiн, қаруды, патрондарды беру мен тапсырудың тәртібін, тұрақты және бiр жолғы материалдық рұқсаттамалар енгізудi) қамтамасыз ететiн iс-шараларды қамтиды. Өткізу және объект iшіндегі режимдi қамтамасыз ету мақсатында атыс тирiне (атыс галереясына) кіру есiктерi берiк iлмекпен, электр қоңыраумен және көру саңылауымен жабдықталады. Қызметкерлерді, атқыш-спортшыларды тирге өткізу кiлттер мен құжаттарды сақтауға арналған қажеттi жәшiктермен, рұқсаттамалардың, нұсқаулықтардың, секциялардағы сабақ кестелерiнiң және тағы басқаларының үлгiлерi бар стендтермен жабдықталатын бақылау-өткізу пунктi арқылы жүргiзiледi.
130. Атыс галереясы мен қару-жарақ бөлмесi, егер олар бiр ғимаратта орналасқан болса, қосалқы үй-жайлардан (оқу сыныптарынан, демалыс бөлмелерiнен, жаттықтырушылардың кабинеттерi мен шаруашылық үй-жайлардан) болат торлы қалқандармен ажыратылады. Бұл қалқандар ұдайы құлыппен жабылатын торлы есiктермен жабдықталады және сүргiленедi немесе пломба салынады. Қалқандар диаметрi кемiнде 15 мм болатын болат шыбықтардан жасалады. Торлы қалқандар шыбықтары көлемi 150 х 150 мм-ден аспайтын тор көз құрып, олардың әрбiр қиылысқан жерi дәнекерленедi. Тор шыбықтарының ұштары қабырғаға, төбеге, еденге кемiнде 80 мм тереңдiкке бекітілiп, бетонмен құйылады.
131. Атыс арасындағы үзiлiс кезінде атыс галереяларында, тирлерде атыс қаруын сақтауға, сондай-ақ қару мен патрондарды атыс шебiнде қадағалаусыз қалдыруға тыйым салынады.
132. Тирде, атыс алаңында, атыс-аңшылық стендiнде спорттық қаруды ашуға, сақтауға және пайдалануға рұқсат беру үшiн олардың орналасқан жерi сипатталатын ұйым басшысының өтiнiшi негiз болып табылады. Өтiнiште, сондай-ақ жауапты адам туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен жерi, тұрғылықты мекен-жайы) көрсетiледi. Оған қаруға қол жеткізу мүмкіндігі бар адамдардың тiзiмi, қару мен патрондар сақталатын үй-жайдың күзетi туралы мәлiметтер қоса берiледi. Өтiнiшке ашылатын тирдiң, атыс алаңының, атыс-аңшылық стендiнің сызба-жоспары, жабдықтардың сипаттамасы, сондай-ақ олардың пайдалануға жарамдылығы туралы комиссия қорытындысы қоса тiркеледi.
133. Тир мен стендті ашуға рұқсатты ішкі істер органдары тек қана олардың басшылары атына үш жыл мерзімге береді.
134. 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 мм-ге дейін пневматикалық қарудан атуға арналған тирлер ішкі істер органдарының рұқсатынсыз жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 05.04.02 ж. № 407 қаулысымен 1-қосымша алып тасталды
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
2-қосымша
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының аумағында инкассацияны жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлерiн қаруландыру үшiн белгіленген қару мен оның патрондарының түрлерi, үлгiлерi, модельдерi, саны
Қару:
1. Ақшалай түсiмдердi инкасса. Әрбiр инкассаторға 1
циялау мен құндылықтарды тапанша немесе револьвер
тасымалдауды жүзеге асыратын Инкассаторлар бригадасына
инкассация қызметiнiң қызмет. (3-5 адам) 1 винтовка
керлерi (инкассаторлар) немесе карабин немесе
жекелей атуға қайта
жасалған автомат немесе
инкассаторлар командасына
(10-15 адам) 6 винтовка
немесе карабин немесе
жекелей атуға қайта
жасалған автомат
2. Инкассация қызметiнің ақшалай Әрбiр жүргiзушiге 1 тапан.
түсiмдердi инкассациялау мен ша немесе револьвер
құндылықтарды тасымалдауға
арналған арнайы автомобиль.
дерiнің жүргізушілерi
3. Қару резервi Әрбiр 10 бірлік қаруға
1 бiрлік
Оқ-дәрiлер:
P/c № | Қарудың атауы | Патрондардың саны (дана) |
инкассаторлар, инкассациялауға жарақталған арнайы авто. мобильдердің жүргiзушiлерi | қару бірлігінің азаймайтын қоры | жылдық шығын: |
бір адамға практика. лық атыс. тар үшін | қару бірлігіне атылыс тексеруі үшін |
1 2 3 4 | Жекелей атуға қайта жасалған автомат Винтовка, карабин Тапанша Револьвер | 30 (1 оқжатарда) 15 (оқтізерлерде) 16 (2 оқжатарда) 14 (қорапта) | 60 30 32 28 | 10 10 12 12 | 8 8 8 8 |
Ескерту. Қарудың атылысын тексеруге арналған оқ-дәрiлердi басқа мақсаттарға жұмсауға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасының екiншi дәрежелi банктерi
мекемелерiнiң қызметкерлерiн қаруландыру үшiн белгiленген
қару мен оның патрондарының түрлерi, үлгiлерi,
модельдерi және саны
ҚАРУ:
1. Қазақстан Республикасының Операциялық бөлікке 1 тапанша
банк бөлiмшелерi операциялық немесе револьвер
бөлiктерiнiң қызметкерлерi
2. Қазақстан Республикасының 1 тапанша немесе револьвер
банк бөлiмшелерiнiң қойма
меңгерушiлерi (кассирлерi)
3. Қазақстан Республикасының Бөлімшеге 1 тапанша немесе
банк бөлiмшелерiнiң револьвер
қызметкерлерi
4. Ақша мен бағалы заттарды Жүргізушіге 1 тапанша
тасымалдауға арналған арнайы немесе револьвер
автомашиналардың жүргiзушiлерi
5. Ақша тасымалдауларын жүзеге Қызметкерге 1 тапанша
асырушы операция-касса немесе револьвер
қызметкерлерi
6. Қазақстан Республикасының Бағыныстағы мекеме
банк бөлiмшесіндегі қару қызметкерлерiнiң қарулануында
резерві болатын қару данасы
санының 10%
0Қ-ДӘРIЛЕР:
№ р/р | Қарудың атауы | Патрондардың саны, дана |
қару бірлігінің азаймайтын қоры | жылдық шығын: |
1 адамға практикалық атыстар үшін | қару бірлігін тексеру үшін |
1 Тапанша 8 8 4 2 Револьвер 7 8 4 |
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
4-қосымша
ҚР Үкіметінің 05.04.02 ж. № 407 қаулысымен 4-қосымша жаңа редакцияда
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 4-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметкерлерi пайдаланатын
қызметтiк қарулардың және оларға патрондардың
үлгiлерi, моделдерi және саны
1. Жеке күзетшiлердiң, жеке күзет ұйымдары, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлiмшелерi, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң қару-жарағы.
Жеке күзетшiлер, жеке күзет ұйымдарының, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар күзет бөлiмшелерiнiң, мемлекеттік органдар ведомстволық күзет бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi 1 постыға 1 қару бірлігi есебiнен қаруланады.
Сыртқы постыдағы күзетшi ұзын ұңғылы тегiс ұңғылы оқпен атылатын қарумен қаруланады.
Iшкi постыдағы күзетшi қысқа ұңғылы тегiс ұңғылы оқпен атылатын қарумен қаруланады.
Күзеттiң барлық түрлерi үшiн қарудың резервi - әр 10 бірлікке қарулануда бар 1 қару бірлігi.
Тегiс ұңғылы қаруға арналған патрондар № 7, 8 бытырамен оқталады немесе азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілеттi орталық атқарушы органының нормаларына сәйкес келетiн жарақаттық әрекеттегi патрондар пайдаланылуы мүмкiн.
Ауысымға шыққан жеке құрамға әр қару бірлігiне 10 патроннан берiледi.
2. Жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың өндiру, қайта өңдеу, сақтау және тасымалдау процесiнде қымбат бағалы металлдар мен алмастардың сақталуы, темір жол және әуе көлiгiн бағалы және қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде, электр станцияларын, жылу электр орталықтарын және электр беру желiлерiн, жарылғыш және улы заттар, радиоактивтi материалдар қоймаларын (сақтау орны), мемлекеттік материалды резервтер қоймаларын (сақтау орны) күзету жөніндегі мiндеттердi орындайтын күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң қару-жарағы.
Қару-жарақтың нормалары
Күзет бөлiмшесiнiң қызметкерлерi | Қарудың түрі |
винтовка, карабин | тапанша, револьвер |
Қару-жараққа патрондардың нормалары
| Қарауылға нарядқа тұрған күзет бөлiмшесiнiң жеке құрамы қамтамасыз етiледi | Қару бірлігiне патрондардың азайтылмайтын қоры | Патрондарды бiр жылда жұмсау |
1 қызметкерге оқу мақсаты үшін | 1 ұңғы қарудың атылуын тексеру үшiн |
Винтовкаға 15 патрон 60 10 8 (1938/44 ж.ж. (оқпанда) үлгiдегi карабин Тапаншаға 2 магазинде 32 12 8 16 патрон Револьверге 14 патрон 28 12 8 (қорапта) |