5-бөлім. Отбасы мүшелерінің алименттік
қатынастары
17-тарау. Ата-аналармен балалардың алименттік
міндеттемелері
124-бап. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу жөніндегі міндеттері
1. Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды асыраудың тәртібі мен нысанын атааналар дербес айқындайды.
Ата-аналар осы Заңның 20-тарауына сәйкес өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасауға құқылы.
2. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырапбағуына алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады.
3. Ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмағанда, кәмелетке толмаған балалар асырап-бағуға алынбағанда және сотқа талап-арыз берілмегенде қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-анасынан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы талап қоюға құқылы.
125-бап. Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері
1. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бірін; екі балаға - үштен бірін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады.
2. Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.
126-бап. Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталатын табыстың және (немесе) өзге де кірістің түрлері
Ата-аналардың ұлттық және (немесе) шетел валютасымен алатын және осы заңның 125-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталып қалатын табысының және (немесе) өзге де кірісінің түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
127-бап. Кәмелетке толмаған балаларға тұрақты ақша сомасы түрінде алимент өндіріп алу
1. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу туралы келісімі болмаған жағдайда және ата-ананың табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлестік қатынаста алимент өндіріп алу мүмкін болмаған, қиындық тудырған немесе тараптардың бірінің мүдделерін айтарлықтай бұзатын жағдайларда, сот тұрақты ақша сомасында немесе сонымен бірге үлесте/осы Заңның 125-бабына сәйкес/және тұрақты ақша сомасында ай сайын өндіріп алынатын алимент мөлшерін белгілеуге құқылы.
Мұндай жағдайларға үнемі алынбайтын, өзгермелі табысы және (немесе) өзге де кірістері бар ата-аналардан не табысын және (немесе) өзге де кірістерін толығымен немесе ішінара заттай алатын ата-анадан алимент өндіріп алу жатады.
2. Тұрақты ақша сомасының мөлшерін сот баланың бұрынғы қамтамасыз етілу деңгейін мүмкіндігінше барынша сақтауды негізге алып, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мәнжайларды ескере отырып белгілейді.
3. Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса, алимент мөлшерін аз қамтамасыз етілген ата-ананың біреуінен екіншісінің пайдасына осы баптың 2-тармағына сәйкес ай сайын өндіріп алынатын және сот белгілейтін тұрақты ақша сомасы белгіленеді.
128-бап. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға алиментті өндіріп алу және пайдалану
1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент осы Заңның 125-127-баптарына сәйкес өндіріп алынады және балалардың қорғаншысына (қамқоршысына) немесе олардың патронат тәрбиешісіне төленеді.
2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу, емдеу мекемелері мен өзге де мекемелердегі балаларға ата-аналарынан өндіріп алынатын алимент сол мекемелердің шотына аударылады, онда әр балаға бөлек есептеледі.
Аталған мекемелер бұл соманы банкілерге салуға құқылы. Келіп түскен алимент сомасының айналысынан түскен кірістің елу проценті аталған мекемелердегі балаларды асырап-бағуға пайдаланылады. Бала мұндай мекемеден кеткен кезде оған төленген алимент сомасы және оның айналасынан түскен кірістің елу проценті уәкілетті банкте баланың атына ашылған шотқа аударылады.
129-бап. Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алимент алуға құқығы
1. Ата-аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап-бағуға міндетті.
2. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға алимент төлеу мөлшерін сот алимент төленетін кезде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынасында, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып белгілейді.
130-бап. Ата-аналардың балаларды асырап-бағуға арналған қосымша шығындарға қатысуы
1. Алимент төлеу туралы келісім болмағанда және ерекше мән-жайлар болғанда (кәмелетке толмаған балалардың немесе еңбекке жарамсыз кәмелетке толған көмекке мұқтаж балалардың ауыр науқастануы, мертігуі, оларға бөгде адамның бағып-күтуіне ақы төлеу қажеттігі және басқа да мән-жайлар) сот осы мән-жайлар туғызған қосымша шығындарды көтеруге әрбір ата-ананы қатысуға тарту мүмкін.
2. Ата-аналардың қосымша шығындарды көтеруге қатыстырылу тәртібі мен бұл шығындардың мөлшерін сот ата-аналар мен балалардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып ай сайын төленуге тиісті алимент төленетін кездегі айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынасында белгілейді.
3. Сот ата-аналарды нақты шеккен қосымша шығындарды өтеуге де, балаларды асырап-бағуға болашақта жасалуға тиіс қосымша шығыстарды өтеуге де қатысуға міндеттеуге құқылы.
131-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын асырап-бағу жөніндегі міндеттері
1. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті.
2. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртібімен өндіріп алынады.
3. Әрбір баладан өндіріп алынатын алимент мөлшерін сот ата-аналары мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынастарында белгілейді.
4. Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот, балаларының бәріне, олардың біреуіне немесе олардың бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, осы атаананың еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларының бәрін ескеруге құқылы.
5. Егер сот ата-аналардың ата-ана міндеттерін орындаудан жалтарғанын анықтаса, балаларының өздерінің еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағу жөніндегі міндеттерінен босатылуы мүмкін.
Балалары ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарына алимент төлеуден босатылады.
132-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына жасалған қосымша шығындарға қатысуы
1. Кәмелетке толған балалар ата-аналарына қамқорлық жасамағанда және ерекше мән-жайлар болғанда (ата-анасы ауыр науқастану, мертігу, оны бөгде адамның бағып-күткені үшін ақы төлеу, оны халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің интернат үйіне орналастыру қажет болғанда және т.с.с) кәмелетке толған балаларын сот осы мән-жайлар туғызған қосымша шығындарды көтеруге қатыстыруы мүмкін.
2. Кәмелетке толған балалардың әрқайсысының қосымша шығындарды көтеру тәртібі мен осы шығындардың мөлшерін сот осы Заңның 131-бабының 3, 4, 5-тармақтарының ережелері сақталған жағдайда ата-аналар мен балаларының материалдық және отбасы жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін ескере отырып белгілейді.
3. Қосымша шығындарды көтеру тәртібі мен бұл шығындардың мөлшері тараптардың келісуімен белгіленуі мүмкін.
18-тарау. Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-
зайыптылардың алименттік міндеттемелері
133-бап. Ерлі-зайыптылардың бір-бірін асырап-бағу жөніндегі міндеттері
1. Ерлі-зайыптылар бір-бірін материалдық жағынан қолдауға міндетті.
2. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент төлеуге қажетті қаражаты бар жұбайдан:
1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының;
2) жүкті кезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы әйелінің;
3) ортақ мүгедек баланы бағып отырған мұқтаж жұбайының бала он сегіз жасқа толғанға дейін;
4) ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып-күтіп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толғаннан соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар;
134-бап. Бұрынғы жұбайдың неке бұзылғаннан кейін алимент алуға құқығы
1. Алимент төлеуге қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге:
1) жүкті кезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы бұрынғы әйелінің;
2) ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып-күтіп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының;
3) неке бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының құқығы бар.
2. Алименттің мөлшері мен оны неке бұзылғаннан кейін бұрынғы жұбайына берудің тәртібі бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы келісім бойынша белгіленуі мүмкін.
135-бап. Ерлі-зайыптылардан және бұрынғы ерлі-зайыптылардан сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері
Ерлі-зайыптылардың (бұрынғы ерлі-зайыптылардың) арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда жұбайдан (бұрынғы жұбайдан) сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін ерлі-зайыптылардың (бұрынғы ерлі-зайыптылардың) материалдық және отбасы жағдайын, тараптардың бақа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі қолданылып жүрген есептік көрсеткішке еселенген қатынаста сот белгілейді.
136-бап. Жұбайды екінші жұбайды асырап-бағу жөніндегі міндеттен босату немесе бұл міндеттің мерзімін шектеу
1. Сот жұбайдың еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж екінші жұбайды асырап-бағу міндетінен босатуы немесе некеде тұрған кезеңде де, неке бұзылғаннан кейін де бұл міндетті белгілі бір мерзімге мынадай жағдайларда:
1) спирт ішімдіктеріне, есірткі заттарына, психотропты заттарға салынып кетуі салдарынан немесе қасақана қылмыс жасауы салдарынан көмекке мұқтаж жұбайы еңбекке жарамсыз болып қалған;
2) ерлі-зайыптылар некеде ұзақ тұрмаған;
3) алимент төлеуді талап ететін жұбайдың отбасында өзін лайықты ұстамаған жағдайларда шектеуі мүмкін.
2. Бұрынғы жұбайын асырап-бағу жөніндегі міндет мынадай жағдайларда:
1) көмек алуға құқығы бар жұбай жаңа некеге тұрғанда;
2) осы Заңның 134-бабына көзделген мән-жайлар жойылғанда сот шешімімен тоқтатылады.
19-тарау. Отбасының басқа мүшелерінің алименттік
міндеттемелері
137-бап. Ағалары мен апаларының өздерінің кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз, кәмелетке толған інілері мен сіңлілерін (қарындастарын) асырау жөніндегі міндеттері
Кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж інілері мен сіңлілерінің (қарындастарының) өз ата-аналарынан қаражат алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған ағалары мен апаларынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар. Еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған ағалары мен апаларына да, егер олар өздерінің еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларынан, жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, осындай құқық беріледі.
138-бап. Немерелерін асырап-бағу жөніндегі атасы мен әжесінің міндеттері
Өздерінің ата-аналарынан көмек алуы мүмкін болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған, көмекке мұқтаж немерелердің өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар әжесі мен атасынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар. Өздерінің жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған немерелерге де осындай құқық беріледі.
139-бап. Немерелердің атасын және әжесін асырап-бағу міндеті
Өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) қажетті қаражат ала алмаған жағдайда, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж аталар мен әжелер өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар кәмелетке толған немерелерінен сот тәртібімен алимент талап етуге құқылы.
140-бап. Тәрбиеленушілердің өздерін нақты тәрбиелеушілерді асырап-бағу міндеті
1. Кәмелетке толмаған балаларға нақты тәрбие беруді, асырап-бағуды жүзеге асырушы, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж адамдар, егер олар өздерінің кәмелетке толған, еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, олар өздерінің кәмелетке толған, еңбекке жарамды тәрбиеленушілерінен көмек беруді сот тәртібімен талап етуге құқылы.
2. Егер тәрбиелеушілер тәрбиеленушілерді бес жылдан аз уақыт асырапбағып, тәрбиелесе, сондай-ақ өздерінің тәрбиеленушілерінен тиісті түрде асырап-бақпаған және тәрбиелемеген болса, сот тәрбиеленушілерді нақты тәрбиеленушілерін асырап бағу жөніндегі міндеттен босатуға құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттер қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронатта болған адамдарға жүктелмейді.
141-бап. Өгей ұлдар мен өгей қыздардың өгей әкесін және өгей шешесін асырап-бағу жөніндегі міндеттері
1. Өгей ұлдар мен өгей қыздарын тәрбиелеп, асырап-баққан, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж өгей әке мен өгей шешенің, егер өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, осыған қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған өгей ұлдарынан немесе өгей қыздарынан асырап бағуды сот тәртібімен талап етуге құқылы.
2. Егер өгей әке мен өгей шеше өгей балалары мен өгей қыздарын бес жылдан аз уақыт тәрбиелеп, асырап-бақса, сондай-ақ олар өздерінің тәрбиелеу және асырау міндеттерін тиісті түрде атқармаса, сот өгей ұлдар мен өгей қыздарды өгей әкесі мен өгей шешесін асырап-бағу міндеттерінен босатуға құқылы.
142-бап. Отбасының басқа мүшелерінен сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері
1. Осы Заңның 139-141-баптарында аталған адамдарға алименттің мөлшері мен оны төлеу тәртібі тараптардың келісімімен белгіленуі мүмкін.
2. Тараптардың келісімі болмаған жағдайда сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін сот әрбір жеке жағдайда алимент төлеуші мен алушының материалдық және отбасы жағдайы мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін ескере отырып, алимент төлеген кезде қолданылып жүрген есептік көрсеткішке еселенген қатынаста белгілейді.
3. Егер отбасының алимент талап етуші мүшесін бір мезгілде бірнеше адам асырап-бағуға міндетті болса, сот олардың материалдық және отбасы жағдайына қарай әрқайсысының алимент төлеу міндеттерін орындауға қатысу мөлшерін белгілейді. Алимент мөлшерін белгілеу кезінде сот, алимент төлеуге міндетті барлық адамдардың бәріне, олардың біреуіне немесе олардың бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, сол адамдардың бәрін ескеруге құқылы.
20-тарау. Алимент төлеу туралы келісім
143-бап. Алимент төлеу туралы келісім жасау
Алимент төлеу (алименттің мөлшері, оны төлеуді шарттарымен тәртібі) туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушы адам арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған жағдайда осы адамдардың заңды өкілдері арасында жасалады.
144-бап. Алимент төлеу туралы келісімінің нысаны
1. Алимент төлеу туралы келісім жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға тиіс.
Алимент төлеу туралы келісімнің заңда белгіленген нысанының сақталмауы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 157-бабында көзделген салдарларға әкеп соғады.
2. Алимент төлеу туралы нотариат куәландырған келісім атқару парағының күшіне ие болады.
145-бап. Алимент төлеу туралы келісімді жасасу, атқару, өзгерту, бұзу және жарамсыз деп тану тәртібі
1. Алимент төлеу тәртібі туралы келісімді жасасуға, атқаруға, бұзуға және жарамсыз деп тануға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасасуды, атқаруды, бұзуды және жарамсыз деп тануды реттейтін нормалары қолданылады.
2. Алимент төлеу туралы келісім екі жақтың өзара келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу алимент төлеу туралы келісімнің өзі сияқты нысанда жасалуға тиіс.
3. Алимент төлеу туралы келісімді орындаудан біржақты бас тартуға немесе оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.
4. Тараптардың материалдық немесе отбасы жағдайлары елеулі өзгеріске ұшыраған жағдайда және алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу жөніндегі келісімге қол жетпеген кезде мүдделі тарап осы келісімді өзгерту туралы немесе бұзу туралы сотқа талап беруге құқылы. Алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу туралы мәселені шешкен кезде сот тараптардың назар аударарлық кез келген мүддесін ескеруге құқылы.
146-бап. Алимент алушының мүдделерін бұзатын алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тану
Егер алимент төлеу туралы келісімде көзделген кәмелетке толмаған баланы немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесін асырапбағу шарттары олардың мүдделерін айтарлықтай бұзатын болса, атап айтқанда, осы Заңның 147-бабы 2-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесінің заңды өкілінің, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы органның немесе прокурордың талап етуі бойынша сот тәртібімен мұндай келісім жарамсыз деп танылуы мүмкін.
147-бап. Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшері
1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшерін тараптар сол келісімде белгілейді.
2. Кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеу жөніндегі келісім бойынша белгіленетін алименттің мөлшері олардың сот тәртібімен алимент өндіріп алған жағдайда алатын алименттің мөлшерінен төмен болмауы керек (осы Заңның 125-бабы).
148-бап. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеудің әдістері мен тәртібі
1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеудің әдістері мен тәртібі сол келісіммен белгіленеді.
2. Алименттің алимент төлеуге міндетті адам табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлес есебімен; дүркін-дүркін төленіп тұратын тұрақты ақша сомасымен; бір жолғы төленетін тұрақты ақша сомасымен; мүлік беру жолымен, сондай-ақ келісімде қол жеткеніне қарай өзге де әдістермен төленуі мүмкін.
Алимент төлеу туралы келісімде алимент төлеудің түрлі әдістерін ұштастыру көзделуі мүмкін.
21-тарау. Алиментті сот тәртібімен төлеттіру
және өндіріп алу тәртібі
149-бап. Алиментті сот шешімімен өндіріп алу
Осы Заңның 124-142-баптарында аталған отбасы мүшелері алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
150-бап. Алимент алу үшін арыз беру мерзімдері
1. Алимент алуға құқығы бар адам, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, сотқа алимент өндіріп алу туралы арыз беруге құқылы.
2. Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап беріледі.
Егер сотқа арыз беруден бұрын асырап-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін.
151-бап. Ұйым әкімшілігінің алиментті ұстап қалу міндеті
Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орны бойынша ұйымның әкімшілігі нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде немесе атқару парағының негізінде алимент төлеуге міндетті адамның жалақысынан және өзге де кірісінен алимент алушы адам үшін ай сайын алимент ұстап қалуға және оны алимент төлеуге міндетті адамның есебінен алимент төлеуге міндетті адамға жалақының және өзге де кірістің төленген күнінен бастап үш күн мерзімнен кешіктірмей төлеуге немесе аударуға міндетті.
152-бап. Алимент төлеу туралы келісім негізінде алиментті ұстап қалу
Нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алимент осындай келісімнің және атқару құжаттарының негізінде ұсталып қалатын жалпы сома алимент төлеуге міндетті адам жалақысының және өзге де кірісінің елу процентінен асқан жағдайда да ұсталып қалуы мүмкін.
153-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орнын ауыстырғаны туралы хабарлау міндеті
1. Сот шешімі немесе нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келісім негізінде алиментті ұстап қалушы ұйымның әкімшілігі алиментті өндіріп алу жөніндегі шешім орындалатын жердегі сот орындаушысына және алимент алушы адамға алиментті төлеуге міндетті адамның жұмыстан босағаны туралы, сондай-ақ, өзіне белгілі болса, оның жаңа жұмыс орнын немесе тұратын жерін үш күн мерзім ішінде хабарлауға міндетті.
2. Алимент төлеуге міндетті адам сот орындаушысы белгілеген мерзімде соңғысына және алимент алушы адамға, жұмыс орнының немесе тұратын жерінің өзгергені туралы, ал кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеген жағдайда қосымша табысының немесе өзге де кірісінің болуы туралы хабарлауға тиіс.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған деректерді дәлелсіз себептермен хабарламаған жағдайда бұған кінәлі лауазымды адамдар және өзге де азаматтар әкімшілік жауапқа тартылады.
154-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның мүлкінен өндіріп алу
1. Алимент төлеу туралы келісіммен немесе сот шешімімен белгіленген мөлшерде алимент, сондай-ақ алимент бойынша берешек алимент төлеуге міндетті адамның табысынан және өзге де кірісінен өндіріп алынады, табысы және өзгеде кірісі жеткіліксіз болған жағдайда алимент сол алимент төлеуге міндетті адамның банктердегі шотындағы немесе банктік емес қаржы мекемелеріндегі ақша қаражатынан ұсталады. Бұл қаражат жеткіліксіз болған жағдайда ол алимент төлеуге міндетті адамның заң бойынша өндіріп алуға болатын кез келген мүлкінен өндіріліп алынады.
2. Алимент төлеуге міндетті адамның шотындағы ақша қаражатынан және оның өзге де мүлкінен алимент өндіріп алу заңдарда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
155-бап. Алимент бойынша берешекті белгілеу
1. Алимент төлеу жөніндегі келісім негізінде немесе атқару парағының негізінде өткен кезең үшін алимент өндіріп алу атқару парағы немесе нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келісім табыс етілгеннен бұрынғы үш жыл мерзім шегінде жүргізіледі.
2. Атқару парағы негізінде немесе нотариат куәландырған келісім негізінде алимент ұстау алиментті төлеуге міндетті адамның іздестірілуіне байланысты жүргізілмеген жағдайда, осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімге қарамастан және асырап-бағуға алимент төлеу белгіленген адамның кәмелетке толғанына қарамастан, алимент бүкіл кезең үшін өндіріп алынады.
3. Берешек мөлшерін сот шешімінде немесе алимент төлеу туралы келісімде белгіленген алимент мөлшерін негізге ала отырып, сот орындаушысы анықтайды.
4. Осы Заңның 125-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға төленетін алимент бойынша берешектің мөлшері алимент төлеуге міндетті адамның алимент өндіріп алынбаған кезеңдегі табысы мен өзге де кірісі негізге алына отырып анықталады. Егер алимент төлеуге міндетті адам осы кезеңде жұмыс істемеген болса немесе оның табысы мен өзге де кірісін куәландыратын құжат тапсырылмаса, алимент бойынша берешек сол берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа жалақы мөлшері негізге алына отырып анықталады. Егер берешекті бұлайша анықтау тараптардың бірінің мүддесіне елеулі түрде нұқсан келтірсе, онда мүддесіне нұқсан келтірілген тарап сотқа жүгінуге құқылы, ол тараптардың материалдық және отбасы жағдайын, басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып, берешекті тұрақты ақша сомасында анықтауы мүмкін.
5. Сот орындаушысының алимент бойынша берешекті анықтауымен келіспеген жағдайда кез келген тарап заңдарда көзделген тәртіппен сот орындаушысының әрекетіне шағымдана алады.
6. Алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-ананы іздестіру кезеңінде төленген, балаға заңдарда белгіленген ай сайынғы жәрдемақы сомалары сол ата-аналардан төленген сомалардың он процентін бюджет кірісіне есептеу арқылы өндіріп алынады.