20. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат, 2007 ж., № 10, 69-құжат):
13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Он сегіз жастан асқан білім алушы азаматтардың асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар.».
21. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., №10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат):
6-баптың 1-тармағындағы «(арнаулы орта)» деген сөздер («орта білімнен кейінгі») деген сөздермен ауыстырылсын.
22. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14-құжат; 202-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат):
1) 3-тараудың тақырыбы мемлекеттік тілде өзгеріссіз қалады;
2) 16-бапта:
тақырыбындағы өзгерістің мемлекеттік тілдегі нұсқасына қатысы жоқ;
бірінші бөліктегі «мекемелерін» деген сөз «ұйымдарын» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
«орта, арнаулы орта және жоғары» деген сөздер «бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Мемлекеттік те, мемлекеттік емес те оқу орындарында» деген сөздер «Білім беру ұйымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 17-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мемлекеттік тілде өзгеріссіз қалады.
23. «Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 341-құжат; 2001 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 285-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 6, 76-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат):
29-2-баптың 2) тармақшасының екінші абзацындағы «орта кәсіптік және жоғары кәсіптік» деген сөздер «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын.
24. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №13; 195-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 23, 922-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 24, 153-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат;):
83-баптың 1-тармағындағы «арнаулы орта» деген сөздер «орта білімнен кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
25. «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 23; 430-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 5-құжат, 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат):
1) 71-баптың 3-тармағындағы «мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін» деген сөздер «мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беретін ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 101-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «мектепке дейінгі білім беру, жалпы білім беру» деген сөздер «мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беретін ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын.
26. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., №4, 34-құжат; 2004 ж., №23, 140, 142-құжаттар; 2007 ж., №2, 18-құжат):
12-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) білім беру ұйымдарының;».
27. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4; 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат, 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат):
12-бапта:
тақырыбында және бірінші абзацында «Экономика,» деген сөзден кейін «білім,» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 36) тармақшамен толықтырылсын:
«36) бюджет қаражаттары есебінен өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеуді, кешенді тестілеу мен тестілеудің басқа да түрлерін өткізу кезінде пайдаланылатын тестілердің мазмұнын және олардың дұрыс жауаптарының кодтарын ашатын мәліметтер.»;
20-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 12-бабының 36) тармақшасында көзделген мәліметтерді құпияландыру мерзімі жыл сайын тестілердің мазмұнын және оларға дұрыс жауаптардың кодтарын қалыптастыру сәтінен бастап тестілеу рәсімі аяқталғанға дейін белгіленеді.».
28. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 8; 238-құжат; № 23; 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат):
1) 4-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);»;
2) 7-баптың 12-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) - 3,9 айлық есептік көрсеткіш;».
29. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 10, 69-құжат):
28-баптың 2-тармағындағы «жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бітірген» деген сөздерден кейін «жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар» деген сөздермен ауыстырылсын.
30. «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және Жасөспірімдер үйлері туралы» 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 21, 385-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 1-баптың 1-тармағындағы, 2-баптың 1-тармағындағы, 3-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы, 7-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі, 16-баптың 1-тармағындағы «жалпы және кәсіптік» деген сөздер «бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары» деген сөздермен ауыстырылсын.
2) 18-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі:
«білім беру мекемелері» деген сөздер «білім беру ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«орта» деген сөз «бастауыш, негізгі орта және жалпы орта» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 36-баптың 3-тармағындағы «кәсіби» деген сөз «техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі немесе жоғары» деген сөздермен ауыстырылсын;
31. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; 2007 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 21 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 31-баптың 1-тармағының 19) тармақшасындағы «орта» деген сөз «бастауыш, негізгі орта және жалпы орта» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 33-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «мектепке дейінгі, орта, бастауыш кәсіптік білім беру мекемелеріне» деген сөздер «мектепке дейінгі ұйымдарға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда)» деген сөздермен ауыстырылсын.
32. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат, № 17-18, 76-құжат, 2006 ж., № 3, 22-құжат, № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар, № 3, 20-құжат, № 8, 52-құжат, № 9, 67-құжат):
1) 1-баптың 20) тармақшасындағы «магистратура мен аспирантураны» деген сөздер «магистратураны» деген сөзбен ауыстырылсын.
2) 9-баптың 1-тармағының 2-1) тармақшасындағы «бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру бағдарламарын» деген сөздер «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 11-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «жоғары және орта кәсіптік» деген сөздер «орта білімнен кейінгі және жоғары» деген сөздермен ауыстырылсын.
33. «Ғылым туралы» 2001 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 15-16, 226-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат):
1) тармақша 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бапта:
14) тармақшадағы «ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми дәрежелерін,» деген сөздер «магистрдің, философия докторының (РһD), бейіні бойынша доктордың академиялық дәрежелерін,» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) тармақшада «ғылым кандидаты немесе ғылыми докторы ғылыми дәрежесін» деген сөздер «магистрдің немесе философия докторының (РһD) немесе бейіні бойынша доктордың академиялық дәрежесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-баптың 2-тармағындағы «Орта кәсіптік немесе жоғары кәсіби» деген сөздер «Орта білімнен кейінгі немесе жоғары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-бапта:
4-тармақтағы «ғылым кандидаты» деген сөздерден кейін «, философия докторы (РһD)» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы «ғылым кандидаттарына» деген сөздерден кейін «және философия докторларына (РһD)» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 17-баптың 7-3) тармақшасындағы «ғылым кандидаттарына, ғылым докторларына,» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақша 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 18-баптың 5), 6), 7), 13), 15) тармақшалары алып тасталсын;
6) 28-баптың 2-тармағындағы «Нысаналы аспирантураға» деген сөздер «Магистратураға» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 29-бапта «аспирантура» деген сөз «магистратура» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақша 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың академиялық дәрежелер мен ғылыми атақтар алуларына құқықтары бар.
Жоғары білікті ғылыми және педагог кадрларды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу, академиялық дәрежелер беру және оларға ғылыми атақтар беру тәртібін ғылым саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2. Академиялық дәреже берілген немесе ғылыми атақ берілген адамдарға нысанын Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
Шет мемлекеттер берген академиялық, ғылыми дәрежелерді беру немесе ғылыми атақтарды беру туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану ғылым саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.».
34. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004, № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат):
2-баптың 1-тармағының екінші абзацындағы «магистратура мен аспирантураны» деген сөздер «магистратураны» деген сөзбен ауыстырылсын.
35. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат; 2004, № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат):
25-баптың 5-тармағындағы «жалпы орта» деген сөздер «бастауыш, негізгі орта және жалпы орта» деген сөздермен ауыстырылсын.
36. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат):
12-баптың 3-тармағының екінші абзацындағы «орта кәсіптік» деген сөздер «орта білімнен кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын.
37. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., №7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат):
13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жоғары, орта оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіби ветеринариялық білімі бар адамдардың ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар».
38. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 152-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 4-баптың 4) тармақшасындағы «мектепке дейінгі арнаулы» деген сөздерден кейін «тәрбие мен оқытудың» деген сөздермен толықтырылсын; 6-баптың 1) тармақшасындағы «арнаулы мектепке дейінгі» деген сөздер «мектепке дейінгі арнаулы тәрбие мен оқытудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жалпы» деген сөз «бастауыш, негізгі орта, жалпы орта» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 9-баптың 4-тармағының 4) тармақшасындағы «кәсіби» деген сөз «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 11-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлігіндегі:
«мектепке дейінгі білімді» деген сөздер «мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жалпы» деген сөздер тиісінше «орта» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте «үйде» деген сөзден кейін «жеке және тегін» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кемтар балаларға техникалық және кәсіптік білім беру арнаулы білім беру ұйымдарында, арнаулы түзеу ұйымдарында жүзеге асырылады.»;
5) 15-бапта:
1-тармақта:
5) тармақшадағы «тегін» деген сөзден кейін «мектепалды және жалпы орта» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы «кәсіптік» деген сөз «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта «гранттары мен кредиттерін» деген сөздер «гранттарын» деген сөзбен ауыстырылсын.
39. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат):
1) 15-бапта:
1-тармақтағы «орта білім, бастапқы кәсіби», «орта кәсіби және жоғары кәсіби» деген сөздер тиісінше «бастауыш, негізгі орта және жалпы орта», «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта «бастапқы кәсіби» деген сөздер «техникалық және кәсіптік» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 18-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «жалпы орта және бастапқы кәсіптік», «орта және жоғары кәсіптік» деген сөздер тиісінше «бастауыш, негізгі орта және жалпы орта», «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары» деген сөздермен ауыстырылсын.
40. «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., №21, 176-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., №7-8, 23-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №15, 92-құжат):
10-баптың 5-тармағында «арнаулы» деген сөз алып тасталсын.
41. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат):
22-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «жалпы орта, бастауыш кәсіби білім беретін оқу орындарының орта кәсіби және жоғары кәсіби білім беретін күндізгі оқу нысанында» деген сөздер «орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында» деген сөздермен ауыстырылсын.
42. «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 70-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат):
1) 1-баптың 16) тармақшасындағы «орта кәсіби» деген сөздер «орта білімнен кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 46-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «ғылым кандидаты мен» деген сөздер «ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) және» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 48-бапта:
3-тармақтағы «орта» деген сөз «орта оқу білімнен кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру резидентураны, магистратураны және докторантураны қамтиды. Резидентурада оқыту ережелерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
5-тармақта:
«Денсаулық» деген сөздің алдынан «5.» деген цифрмен толықтырылып, «орта» деген сөз «орта білімнен кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кәсіби» деген сөз алып тасталсын;
4) 49-бапта:
1-тармақтағы «орта» деген сөз «орта білімнен кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта «, ординатурадағы, аспирантурадағы» деген сөздер алып тасталсын.
43. «Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №2, 8-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат.):
3-баптың 7) тармақшасындағы «кәсіби» деген сөз алып тасталсын.
44. «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» 2004 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 13, 73-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат):
7-баптың 8) тармақшасындағы және 11-баптың үшінші бөлігіндегі «орталық атқарушы» деген сөздер «уәкілетті» деген сөзбен ауыстырылсын.
45. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат):
17-баптың 9) тармақшасының төртінші абзацындағы «орта кәсіптік» деген сөздер «орта білімнен кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын.
46. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 95-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат):
1) 5-баптың 5) тармақшасындағы «тегін орта» деген сөздер «тегін негізгі орта, жалпы орта» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-бапта:
2) тармақшадағы «жалпы орта білім және бастауыш кәсіптік», «тегін жоғары және орта кәсіптік» деген сөздер тиісінше «негізгі орта, жалпы орта», «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында» деген сөздер «орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «мемлекеттік білім кредиті мен студенттік кредитті» деген сөздер «білім беру грантын» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақшадағы «кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беретін» деген сөздер «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы «бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік және қосымша кәсіптік білім беруді» деген сөздер «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-баптың 2-тармағында:
2) тармақшадағы «студенттер мен оқушылар» деген сөздер «білім алушылар» деген сөздермен ауыстырылсын.
6) тармақшадағы «орта кәсіптік» деген сөздер «орта білімнен кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 11-баптың 2-тармағында:
1) тармақшадағы «мемлекеттік білім гранттары мен мемлекеттік білім кредиттерін» деген сөздер «білім беру гранттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «жалпы білім беретін мектептерде» деген сөздер «орта білім беретін ұйымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын.
47. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат):
13-баптың 1-тармағындағы «орта» деген сөз «бастауыш, негізгі орта және жалпы орта» деген сөздермен ауыстырылсын.
48. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат):
29-бапта:
1-тармақтағы «жалпы орта» деген сөздер «бастауыш, негізгі орта, жалпы орта» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «орта кәсіптік және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарына» деген сөздер тиісінше «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «гранттары менмен несиелерін» деген сөздер «гранттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «жоғары оқу орындарында, орта кәсіптік оқу орындарында оқитын, білім беру ұйымдарында» деген сөздер тиісінше «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта «орта» деген сөздің алдындағы «жалпы» деген сөз алып тасталсын .
49. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 14, 60-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат):
1) 1-баптың 13) тармақшасындағы «жалпы орта, бастауыш және кәсіптік орта» деген сөздер «жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын»;
2) 10-баптың 2-тармағында:
3) тармақшадағы мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
4) тармақшадағы «кәсіптік» деген сөз алып тасталсын.
3) 11-бапта:
1-тармақтағы «жалпы орта, бастауыш кәсіби және орта кәсіби» деген сөздер «жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «орталық атқарушы» деген сөздер «уәкілетті» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 13-баптың 1-тармағындағы «жалпы орта, бастауыш кәсіби және орта кәсіби білім беру» деген сөздер «жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 14-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы «кәсіби» деген сөз алып тасталсын;
6) 27-бапта:
3-тармақтағы: